Статистика бойынша Қазақстанда 1993 жылы — 1648, 2002 жылы — 1967 адам өлтіру болған. 1993 жылы — 2137, ал 2002 жылы — 2186 адам ауыр дене жарақатын алған. 1994 жылы Оңтүстік Кдзакстан облысында 112 адам, оның ішінде Сарыағаш ауданында 7 адам қасақана адам өлтіргендері үшін сотталған.
Социологиялық зерттеу мәліметтерінің талдауына қарағанда, адам өлімінің 42%-ында виктимдік, ал 25,3%-ыңда заңға қарсы мінез-құлық орын алған. Мұндай қорытындыға Н.Ф.Кузнецова да келіп отыр.
Адам өлтіру, денеге жаракат салу, бұзакылық көбіне саябақ, дискотека, клуб, кафе, мейрамхана сияқты көпшілік орындарда, көшеде жасалынады. Оған әдетте табанасты туындаған жағдай себеп болады, елеулі басараздық болмайды, жанжалдың немен бітерін алғашында болжау қиын. Мас күйде болу, көбіне қылмыстың жасалуына әкеп соғады. Көптеген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, қылмыскердің кармағына ілінетіндер, негізінен, аздап болса да ішімдік ішкендер. Ішімдік — болашақ кұрбанның сақтану, қарсыласу, өз мінез-құлқына бақылау жасау қабілетін азайтады, арандатушылық әрекетке итермелеп тұрады. Ол ешнәрседен қайтпайды, ешқандай қылықтан жіміркенбейді. Арғы жағынан «түрт шайтаны» итермелеп тұрған соң ішіп алған адам табанасты, ойланбай әрекет жасайды, сонымен кылмысқа барады.
Бұл жерде кімнің қылмыскер, кімнің кұрбан болатыны белгісіз. Мысалы, даугер, ұрысты бастаған адамның өзі таяқ жеп, жәбірленуші болып қалуы мүмкін. Осыған байланысты неміс ғалымы, криминолог Ф.Бауэрдің айтқанымен келіспеуге болмайды, ол былай дейді: «кімде-кім өмірде кеудемсоқ, сотқар болса, басқаларға тиісіп, қорлайтын болса, әркімге ілінісіп қалыптан тыс мінез көрсетсе, күндердін күні өзінен басым басқа біреуден зәбір шегуі сөзсіз».
Мұндай жағдайларда кейде құрбанның тұлғасын қылмыскердің тұлғасынан айыру киын, кейбір қылмыстық әрекеттердің даму барысында олар өзара орын ауыстыруы мүмкін: шабуыл жасаған құрбан болып, корғанушы кылмыскерге айналып кетеді. Кұрбанның мінез-кұлкын зерттеу қылмыстың алдын алу үшін қажет.
Милан қаласында 1985 жылы өткен қылмыскерліктің алдын алу және заң бұзушылар мәселесі жөніндегі БҰҰ конгресі қабылдаған жұмыс кұжатында «виктимологиялық алдын алу шараларына» — «кылмысқа әкеп соғатын жағдайларды болдырмауға бағытталған күш-жігер» деп түсініктеме береді. Бұл дегеніміз — виктимологиялық алдын алу шараларынын басты мақсаттарының бірі — қылмысқа апарып соғуы мүмкін жағдайларды, сондай-ақ мінез-құлық түрлерін өзгерту болып табылады. Алдын алу жұмыстарының бұл бағыты көптеген Батыс елдерде ойдағыдай қолданыс табуда: қылмыс болатындай немесе оған итермелейтіндей жағдайларда жәбірленушінін мінез-кұлкына ықпал жасайтын шаралар ойластырылып, жүзеге асырылады. Жапонияда, мысалы, «қалалық ауылдар» деген кұрылған, онда дау-дамайдың, жанжалдың, зан бұзушылықтың алдын алу үшін бір шағын ауданның тұрғындары өзара топтасқан.
Міне, осындай шаралардың аркасында көптеген елдерде соңғы кездері қылмыстык қауіптің азайғандығы байқалады. Жәбірленушінің теріс мінез-құлық көрсетуінің салдарынан болған адам өлімі, денеге жарақат салу сияқты қылмыстық істердің материалдарын зерттеудің нәтижелерін талдасақ, өздеріне қарсы кылмыс жасалған кезде ішімдік немесе есірткі пайдаланып мас күйінде болған жәбірленушілер саны 57,1% екен. Сол жәбірленушілердің 30,6%-ы (жалпы санды алғанда) қылмыс жасалардың алдында кейін сотталған адамдармен бірге ішімдік (есірткі зат) қабылдаған.
Осы тектес қылмыстан жәбірленгендерге сауал койғанда да (арнайы жасалған бағдарлама бойынша) жоғарыдағыға ұксас деректер алынды: өздеріне қарсы қылмыс жасалғанда олардың 60%-ы мас күйде болған, ал 32,3%-ы қылмыс жасалардың алдында кейін сотталған адаммен бірге ішімдік ішкен. Н.А. Барановскийдің мәліметтері бойынша, зорлыкпен жасалынған ауыр қылмыстардың 36%-ында жанжалға апаратын жағдайлар жәбірленушінің өзінің кінәсінен туындаған.
Мас күйіндегі адамның қарсыласу қабілеті төмендейді, сондықтан оған қарсы күш көрсету оңай. Мұндай адамдар кездейсоқ және күдікті таныстықты тез жасасады, жанжалға, төбелеске ұйытқы болады. Ішімдік адамның делебесін қоздырады, оны жанжалға итермелеп тұрады: жаман пиғылмен біреуге тиіскісі келіп тұрады, өзін-өзі тежеуінің нашарлағанынан ол ұстамдылығын жоғалтады.
Есірткіге мас болғанда да осындай мінез көрсетеді. Польша заңгері Б. Хльест өзінің «Өлтіру генезисіндегі жәбірленушінін рөлі» атты кітабында өздерінің мінез-құлкы мен әдеттеріне карай кұрбан болуға бейім тұрған жәбірденушілерді топтастырады. Маскүнемдерді, жезөкшелерді және дөрекі, ұстамсыз мінез көрсететін арам ниетті адамдарды ол «кінәлі бейімділік»тобына біріктіреді.
Белгілі американдық криминолог Ф.Г. Джас өзінің «Өлтіру және оның себептері» деген зерттеуінде өз мінез-құлыктарымен өздеріне карсы жасалынатын әрекетке арандатушы болатын, яғни «өзін өлтіруді ұсынатын» адамдардың белгілі бір тобы болады деп жазды. Мысалы, психиатр А. Бухановский мынандай тәжірибе жасаған: машинада келе жатып, түнде көшеде 12 жасар баланы көреді. Одан «Темекі тартасын ба?» — деп сұрайды. Ол келіседі. «Мен темекіні тастап едім, — дейді Бухановский, — үйге жүр, қанша бар бәрін саған берейін». Бала машинаға отырады, доктор оны полиция бөлімшесіне алып келеді. «Мыналарға тым болмаса мектепте түсіндіріп айтпайсындар ма», — дейді. Келесі күні бала кешегі жерде тағы тұрған көрінеді.
«Кінәлі емес бейімділік» тобына ол өздерінің ерекше кәсібіне (кассирлер, такси жүргізушілер, сатушылар, полиция қызметкерлері, т.б.) және экономикалық жағдайларына байланысты құрбан болатын адамдарды, сондай-ақ қылмыс жасауға қолайлы кезде «қолға түсіп қалған» кездейсоқ адамдарды жатқызады. Дене жарақатын алып жәбір шеккен немесе өлтірілген адамдардың, сондай-ақ зорланған жәбірленушілердің жас көрсеткіштерінің әртүрлі сандық сипаты бар. Зорлаудан жәбір шеккендердің негізінен жас қана емес, сонымен қатар олардың өлтірілгендерден, дене жарақатынан жәбір көргендерден жас жағынан қанша кіші екендігін мына тенеуден анық көреміз; бірінші категориядағы жасы толмағандардың (56%) өзіндік үлесі екіншіге қарағанда (14%) 4 есе жоғары; «ересек» жастағы топта — 18-ден 24-ке дейін — бірінші (34%) екіншіге қарағанда (12%) 3 есеге жуық жоғары; орта жастағы топта (25-тен 39-ға дейін) зорлаудан жәбір шеккендерге (44,8%) қарағанда 9 есе аз, ал егде және кәрі жастағы бірінші топтың үлесі (5%) екіншіге қарағанда (29,2%) 6 есе аз.
Кылмыскер табанасты келіп калған жағдайда тез полицияға хабарлау үшін және керек болған жағдайда дерігер шақыру үшін телефонды түнде ұйықтайтын бөлмеде ұстау керек.
Оқталсын, окталмасын — каруды әркашанда оқталған деп ойлау керек. Қалжыңмен болса да каруды адамға карай көздемеу керек және оны баскаға да істетпеу керек. Мұндай шек коюға кылмыстық хрониканың фактілері негіз болады. Бұған онша мән бермегендер өмірде көп опық жеді.
Егер сіз қарулы кылмыскердің талабын орындауға келіссеңіз, өз-өзіңізді байсалды ұстаңыз. Онымен әңгімелесуге, катыгездігінің бетін кайтаруға тырысыңыз. Оның түр-түсін, киімін, сөйлеу мәнерін, т.б. есте сақтаңыз. Қылмыскердің дене жарақатын салатын құрал ретінде пайдалануы мүмкін заттарды көрінетін және жақын жерде сақтамаңыз.
Демалыста жүргеніңізде ресторанда, барда бола калсаңыз — өзіңіздің жүретін жолыңыз, алып жүрген заттарыңыз жайында сөз козғамаңыз. Сонда ғана сіз мүлкіңізге, мүмкін өзіңіздің денсаулығыңыз немесе өміріңізге төнген кауіптен құтыласыз. Ешқандай ұсынысқа елпеңдемеңіз, сақ болыныз.
Кейбір қылмыскерлер өз құрбанын жарнама беттеріндегі хабарландыру бойынша таңдайды. Олар қымбат зат сататын адамдарды іздейді. Бір хабарландырудағы мына сөз менің есімде калыпты: «Бейне аппаратураларды сатып алушылардан сақтаныңыз! Газеттегі хабарландырумен бірге үйіңізге кайғы-қасірет келуі мүмкін».
Өзінің шетелдік бейне аппаратурасын сатқысы келетіндігі жайында газетке хабарландыру берушілерді өз өлім үкіміне кол коюшылар деуге болады.
Газет немесе неше түрлі жарнама агенттіктері арқылы, не өз тарапыңыздан хабарландыру іліп, қымбат бағалы заттарыңызды, үй мүліктерін сататыныңызды хабарласаңыз — өзіңізді үйден қай уақытта табуға болатындығын айтпаңыз, себебі сіз жоқта ол заттарыңызды ұрылардың өздері-ақ алып кетуі мүмкін.