Пайдалы қазбалар туралы ілім

Пайдалы қазба кенорындары туралы ілім кен ісінің практикалық мәселелерімен тығыз байланысты. Кенорындар геологиясын білуге оларды ұтымды игеру де негізделеді. Осы себепті бұл пән экономикада үлкен мәнге ие. Шын мәнінде, кез келген кенорын еңбек пен кен өндірісінің нысаны болып табылады. Пайдалы қазбалардың қоры, кен денелерінің жатыс жағдайы мен морфологиясы кенорындарды ашу мен өндіру тәсілін таңдауда негізгі рөл атқарады. Аталған факторлармен қатар, пайдалы қазбалар мен оларды сыйыстырушы тау жыныстардың қасиеті және құрылысы, олардың тектоникалық бұзылғандығы мен жарыңшақтылығы өндіріс жүйесін, минералдың шикізатты өндірудің технологиялың сұлбасын, кен үңгімелерін жылжытудың бағыттарын, оларды қазу мен бекітудің тәсілдерін таңдауға әсер етіп, жер қойнауынан пайдалы қазбаларды айырып алудың толықтығын анықтайды.

Пайдалы қазбалардың заттық ңүрамы, ңүрылымы мен бітімі өндірілген минералдық шикізатты өңдеу технологиясын таңдау үшін өте маңызды. Пайдалы қазбалардың кеңістікте таралу заңдылыңтарын білу шикізатты өңдеу тиімділігін оны бөлектеп өндіру арқылы арттыру, пайдалы қазбаның сапасын өндіру кезінде бағыттап қалыптастыру үшін қажет. Пайдалы қазбалардың және оларды сыйыстырушы таужыныстардың құрамын, құрылымы мен қасиеттерін, кенорындардың тектоникасын, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайларын түбегейлі зерттеу, минералдық шикізат өндірудің жаңа технологиялық тәсілдерін іздестіру мен енгізу үшін төтенше маңызды. Мысалы: жер астында балқыту (күкіртті), жерастылық шаймалау (мыс, уран, минералдық тұздар), қатты жанғыш қазбаларды жер астында газға айналдыру (көмір, жанғыш тақтатас), т.б. Сонымен, пайдалы қазба кенорындарының жаралу жағдайлары мен өзгеруін білу және оларды физикалықхимиялық модельдеу болашаңта жасанды кенорындар жасауға және оларды қалыптастыратын табиғи үдерістерді басқаруға мүмкіндік береді.

Пайдалы қазбаларды зерттеу әдістері. Кенорындарды зерттеудің түпкі мақсаты олардың экономикалың мәнін анықтауға мүмкіндік беретін геологиялық-өнеркәсіптік бағалау болып табылады. Бұл мақсатқа пайдалы қазба денелерінің геологиялық жатыс жағдайлары мен морфологиясын, заттың құрамы мен құрылымдық-бітімдік ерекшеліктерін, кенорындардың генезисін анықтау арқылы ғана жетуге болады. Пайдалы қазбаларды зерттеу әдістері далалық және зертханалық түрлерге бөлінеді.

Далалық зерттеулер тұтас кенорынның немесе оның жекелеген бөлікшелерінің геологиялық-құрылымдық жағдайын анықтау, жатындардың пішінін, өлшемдерін, құрылысы мен құрамын бағалау, олардың таужыныстармен арақатынасын білу үшін жүргізіледі. Далалың зерттеулер кезінде геофизикалық деректерді кең пайдалану арқылы түбегейлі геологиялық карталау орындалады. Геологиялық барлау жұмыстарының негізінде кенорындарға өнеркәсіптік баға беріледі, олардың гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайлары анықталады.

Зертханалық зерттеулер пайдалы қазбалардың құрамын, құрылысы мен технологиялық қасиеттерін түбегейлі зерттеуге бағытталған. Кеннің заттық құрамын үлкейткіш микроскопты пайдалану арқылы минералогиялық және петрографиялық зерттеулер бойынша нақтылайды, химиялық құрамын химиялық және спектрлік талдау жүргізіп анықтайды. Арнайы зерттеу әдістерін (рентген-қүрылымдық, термикалық, люминесценттік, т.б.) минералдардың құрамы мен құрылысын дәл диагноздау үшін қолданады. Пайдалы қазбалардың технологиялық қасиеттерін бағалау физикалық-техникалық және физикалық-химиялық сынақтар көмегімен жүргізіледі. Жер қойнауындағы минералдық шикізаттың мөлшері мен сапасын бағалауда математикалық әдістер, олардың ішінде ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика, қазіргі компьютерлік технологиялар маңызды рөл атқарады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *