Кейбір өсуді реттеуші заттар организмнің өзінде түзіледі, сондықтан оларды фитогормондар дейді. Оларға ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер, абсциз қышқылы (АБҚ) жатады. Өсу процесіне әсер ететін химиялық жасанды қосылыстарды өсуді реттеуші химиялық заттар деп атайды. Өсімдіктің өсуі кезіндегі клетканың созылу фазасы физологиялық активті қосылыстар — ауксиндер қатынасында өтеді. 1939 жылы Н.Г.Холодныйдың зерттеу жұмысының нәтижесінде колеоптиль ұшында өсуге өсер ететін зат бар екендігін анықтап, оны ауксин деп атайды. Ауксиндер тамыр ұшына да жиналады, ол қышқыл формуласы — С18Н3205. Ауксиндер химиялық табиғаты жағынан индолил — 3 — сірке қышқылы. Өсімдіктерде ол триптофан амин қышқылынан түзіледі. Бұдан алдымен индолилпирожүзім қышқылы пайда болад.
Кейін келе жүгері тұқымының ұрық бөлімінде ауксинге ұқсас қосылыс табылып, оны ауксин «б» деп атайды (формуласы С18Н30О4). Жақын жылдары зең саңырауқұлақтар денесінен гетероауксин (С10Н9О2К) табылды, оны /3 — индолил сірке қышқылы (ИСҚ) деп те атайды. Ауксиндер сабақ пен тамыр ұшында синтезделіп, морфологиялық жоғарғы мүшелерден өсуші мүшелерге келеді. Өсімдік тозаңында да ауксин көп кездеседі. Ауксиндердің химиялық құрамы анықталғандықтан, қазір оны қолдан синтездейді. Ауксиндермен өндеу нәтижесінде өсімдіктің эмбриональды ұлпаларының өсуі, тамыр байлауы ұлғаяды, өсімдіктің гүлдеу мерзімі бұрын басталады.
Кезінде Ч. Дарвин колеоптил үшы қабылдаған фототропикалық тітіркенудің организмнің негізгі бөлігіне берілуі белгілі бір материалдық фактор арқылы жүреді деген ұйғарғымға келген болатын. Дарвиннің осы қағидасына сүйене отырып, кейбір биологтар өсімдіктегі барлық зат алмасу процесінің өзгеруін осы ауксиндердің қызметіне байланысты, бағынышты, яғни барлық мүше пайда болу процестерін бағыттап отыратын арнаулы өсу заттары бар деген пікірді кең таратты. Мысалы, неміс ғалымы Сакс, голланд ғалымы Вент (ризокаллин, каулокаллин, филлокаллин), М.Х. Чайлахян, неміс ғалымы Габерланд (кесілген жерде тоздың пайда болуы некрогормин бөлініп, оның клетка бөлінуіне әсер етуіне байланысты). Кейін жарақаттанған клеткадан дикарбон қышқылы СООН СН = (СН2)8— СООН бөлінді. Бұл зат травмотин қышқылы деп аталады, бірақта оның клетканың бөлінуіне қандай әсер ететіндігі әлі белгісіз.
Ал, шындығында өсу органикалықзатты биосинтездеудің барлық комплексіне тәуелді, соның нәтижесі. Тірі организмдегі зат алмасу процесі куат алмасуымен байланысты болғандықтан, өсу куат қайнары — тыныс алумен байланысты. Тыныс алуда түзілген көптеген тұрақсыз аралық өнімдер есебінен клеткада бірқатар биологиялық синтездер жүреді. Міне, осының ішінде жоғарыда аталған физиологиялық активті қосылыстар да түзіледі. Демек, өсімдіктің өсуі биологиялық айналыс нәтижесінде түзілген ферменттердің, витаминдердің және ауксиндердің де активтілігіне байланысты.
Сөйтіп, ауксиндер барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерде және төменгі сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінде, сондай-ақ бактерияларда да түзіледі. Кейінгі жылдары зерттеушілер мұнай құрамынан НРВ — өсімдіктің өсуіне әсер ететін (өсуді 2-3 есе тездететін) физиологиялық активті қосылыста бөліп алды. Ол мұнай стимуляторы ауыл шаруашылығына ендіріліп, пайдаланылуда. Күнделікті тіршілік — өмір қазір ғалымдар алдына ауылшаруашылық өсімдіктерінен мол өнім алу жолдарын іздестіру керек екендігін мақсат етіп қоюда. Ауыл шаруашылығының тек өсімдіктер саласында ғана емес, сол сияқгы мал шаруашылығында да өсуді реттеуші заттар кеңінен қолданылуда.
Гиббереллиндер. Жапон ғалымы Куросава 1926 жылы Gibberella саңырауқұлағы өсірілген ортаның сүзілген тұнбасының күріш пен жүгері өскіндерінің өсуіне әсері бар екендігін анықтады. Одан кейін сол елдің ғалымдары Ябута мен Сумики одан әрі тәжірибе жұмыстарын жалғастырып саңырауқұлақ өскен ортадан заттарды бөліп алып, химиялық қүрамын анықтап, оларды гиббереллиндер деп атады. Бұл фитогормон кейін жоғары сатыдағы өсімдіктерден де табылды. Соңғы кездегі мәліметтерге сәйкес гиббереллиндердің 60-тан аса түрі белгілі. Олардың молекулалық құрылыстары өте ұқсас, құрамында 19 немесе 20 көміртегі атомдары бар екі алты мүшесі және екі бес мүшелі сақиналардан тұратын дитерпиноидтар.