Өсімдіктің өсу процесі

Өсімдіктің өсу процесі сыртқы орта жағдайлары мен өсудің ішкі жағдайларының қатынасынан тұрады. Жасыл өсімдік денесінде зат алмасуы, фотосинтез және тыныс алу нәтижесінде тек қана бірнеше түрлі қоректік қосылыстар түзіліп қана қоймай, сонымен қатар бірнешелеген физиологиялық белсенді (витаминдер, ферменттер, гормондар) қосылыстар түзіледі. Физиологиялық белсенді қосылыстар өсімдік тіршілігі үшін маңызды қызмет атқарып, аз мөлшерде пайдаланылады. Өсімдік денесіндегі қоректік қосылыстар мен физиологиялық белсенді заттар аралығын айыру мүмкіншілігі жоқ. Себебі бүған мысал ретінде витаминдерді алуға болады. Витаминдер әрі қоректік қызмет атқарса, әрі физиологиялық белсенді қосылыстар қатарына енеді. Көптеген микроорганизмдердің өсуі витаминдерді пайдалану нәтижесінде өтеді. Кейбір ашытқы саңырауқүлақтар витамин В1-дің жартысы-пиримидинді түзіп, витамин молекуласының қалған жарты бөлімі — тиозолды синтездемейді. Ондай саңырауқүлақтың қоректік ортасына қолдан тиазолды енгізу арқылы витамин — В1 дің синтезделуін   тездетуге болады.

Алғашқы рет өсімдіктің өсуіне қоректік қосылыстардан басқа, физиологиялық белсенді заттардың қажеттілігі өсімдіктен бөліп алынған тамыр үшын қолдан дайындалып, стерилденген қоректік қоспада өсіру нәтижесінде анықталады. Өсімдіктің тамыры — гетеротрофты
қоректенетін мүше. Оның себебі өз бетінше өсімдік тамыры күн сәулесін қабылдап, су және С02 молекулаларынан денесінде қоректік қоспалар түзе алмайды. Тамырдың кесіндісін өсіру үшін даярланған қоректік қоспада қажетті минералды түздар және қорек ретінде пайдаланатын көмірсулы қосылыс — сахароза болуы керек. Бұндай қоспада : жүгерінің, бүршақтың, күнбағардың және т.б. аналық өсімдіктерден бөлініп алынған тамыр ұшы жақсы өседі. Бірақ, белгілі уақыт өткеннен кейін ол тамыр ұшы өзінің өсуін тоқтатады. Ондай өсуі тоқтаған тамырды жаңа қоректік қоспаға отырғызсақ, қайта өседі де, бірнеше қоспадан кейін қанша жаңа қоспаға көшіргенмен өспейді. Алғашқы бірнеше қоспаларға көшіру кезінде тамыр үшы денесіндегі аналық өсімдіктен келген физиологиялық белсенді зат таусылғанға дейін өсіп, ол зат таусылысымен қанша жаңа қоспаға көшіргенмен де өспеген. Бұдан бірінші рет өсімдік тамырының өсуі үшін минерал және қор (сахароза) заттардан басқа активті заттың қажеттілігі анықталады. Ондай өсімдік тамырының өсуіне қатынасатын қосылыс — жоғарыда аталған витамин В1 (тиамин). Тамыр үшын өсіру үшін даярланған қоректік қоспаға (1:10000000 қатынасындай) өте аз мөлшерде тиаминді қосу нәтижесінде тамыр үшы өсімдіктен бөліп алмағандай жақсы өседі. Стерилді қоректік қоспада тамыр көп уақыт үздіксіз өседі. Уайт деген зерттеуші тамыр үшын, қоректік қоспаны әр 10 күн сайын жаңартып отырып, 500 күнге дейін өсірген. Қоректік қоспада тамырдың өсу қарқындылығы, аналық өсімдіктен бөліп алынбағандай, күн тәулігіне 7 мм-ге артып, өсіп отырған. Кейбір өсімдіктердің тамыр үшының өсуі үшін қоректік қоспада тиаминнен басқа да ерекше заттардың болуын қажет етеді. Мысалы: томаттың тамыры өсу үшін қоректік қоспаға тиаминнен басқа пиридоксин, ал томаттың кейбір сорттары және мендуана өсімдігі тиамин, пиридоксин және никотин қышқылының болуын тілейді. Көпшілік бұршақ тұқымдас (бұршақ, жоңышқа және беде) өсімдіктердің тамыры өсу үшін қоректік ортада тиамин әрі никотин қышқылының болуын талап етеді.

Тиамин өсімдіктің жапырақ алақандарында синтезделіп, сабақтың тірі тканьдары арқылы жылжып, тамырға келеді. Егер өсімдіктің сабағын сақина салып, қабығын алып тастасақ, тиамин тамырға жете алмай сабақ қабығының төменгі бөліміне көп мөлшерде жиналады. Жапырақ алақанында тиаминнің синтезделуі үшін күн жарығының маңызы үлкен. Толық қараңғылықта өсімдік денесінде тиамин түзілмейді. Этиолданған және көлеңкеде өскен өсімдіктің тамырының жетілмеуі тиаминнің жетіспеуінен болады. Пиридоксин де жапырақ алақандарында жарық қабылдау нәтижесінде синтезделеді. Тиамин, пиридоксин және никотин қышқылы да В витаминінің тобына енеді. Бұл заттар ферменттердің простетикалық тобын қүрайды. Тиамин — карбоксилаза ферментінің кобөлшегі. Никотин қышқылы тыныс алуға қатынасатын дегидраза ферментінің қүрамына енеді. Тиамин, пиридоксин және никотин қышқылдары жоқ жағдайда меристема клеткалары бөлінбей, тек клетканың көлемі артады. Сондықтан бұл қосылыстар клеткалардың бөліну гормоны деп аталады.

Өсімдіктерден бөлініп алынған бөлшек кесінділерін немесе өсімдіктің жеке мүшелерін қолдан даярланған қоректік қоспада өсіру кезінде тамырдан басқа да өсімдік мүшелері физиологиялық активті заттарды қажет ететіндігі анықталды. Егер жоғарыда аталған қоректік қоспаны даярлап, бүршақтың жапырағын отырғызсақ, ондай жапырақ әлсіз өседі. Енді ондай қоректік қоспаға бүршақ тұқымының немесе жетілген жапырақ езіндісін қоссақ, өсімдіктен бөлініп алынған жапырақ қалыпты жағдайда өскендей, жақсы өседі. Кейінгі кезде түқым қүрамынан ондай қосылыстар бөліп алынып: пуриннің туындылары — аденин және гипоксантин екендігі анықталды. Бұл физиологиялық белсенді заттар нуклеин қышқылы мен бірнеше түрлі ферменттер қүрамына енеді.

Аденин барлық жетілген жапырақ, тамыр, т.б. мүшелерде өте аз мөлшерде синтезделеді. Аденин — бұршақ өсімдігі жапырағының өсуі үшін қажетті қосылыс болса, ол астық тұқымдас өсімдіктер жапырағына еш әсерін тигізе алмайды. Бұған қарағанда әртүрлі өсімдіктердің жапырағы өсу үшін әртүрлі белсенді қосылыстар түзілетіндігі анықталды. Өсімдік жемістері де өзінің өсуінде физиологиялық активті заттарды қажет етеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *