Жылқы туралы слайд (презентация)

Презентация тақырыбы: Жылқы (ат) туралы қазақша. Слайд барлығы 15 беттен тұрады. Ғылыми жобаға арналған тегін слайд. Презентация мазмұны: Ат туралы қысқаша мәлімет, жылқыдан жасалатын тағамдар мен өнімдер соның ішінде қымыз бен етке баса назар аударылады. Жылқының түрлері, жылқының өмір сүру мерзімі және төлдері туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар презентация ішінде жылқы туралы қызықты мәліметтер мен деректер бар. Слайдты тегін жүктеу үшін (скачать бесплатно) төмендегі «Жүктеу / Скачать» батырмасын басыңыз.

Ат туралы слайд беттерінен үзінді суреттер:

Ат төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп.
Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар деп аталады. Жылқы сымбатты жануар.

Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.

Жылқының сезу қабілеттерінен гөрі естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 – 185 см, салмағы 60 – 1500 кг болады.

Жылқылар әдетте бір айғыр бастайтын бірнеше биеден тұратын үйірге жиналады. Көбінесе жазық далада тұрады; ерекше сипаттары — үлкен жылдамдық пен сақтылық.

   Жүктеу / Скачать

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *