Желі өнімдердің концепциясы

Тұтынушылар үшін ақпараттық өнімнің құндылығы, жəне тиісінше оның коммерциялық сəттілігі оның қолданушының талабын қаншалықты қанағаттандыратына байланысты. Жəне де алынған ақпарат қолданушылардың ақпараттық үлгілерінің аясында қабылданғандықтан, əлі ақпарат болатын алғашқы мəлімет ретінде қабылданады. Əрине коммерциялық ақпараттарды өндірушілер өздерінің үлгілерінде тұтынушылардың үлгілерін ескеруге тырысады. Бірақ та қолданушылар мен өндірушілердің ақпараттық үлгілері ешқашан толығымен бірдей бола алмайды, себебі − қолданушылар əдетте оларға керек ақпарат жөніндегі түсініктерін нақты ақпараттық үлгілерге рəсімдемейді, ал бұл өнім концепциясында бұл түсініктердің есепке алынуына кедергі келтіреді; − егер де бұл үлгілер болса да, онда, біріншіден өндіруші олар туралы білмеуі немесе оларды дұрыс қабылдамауы мүмкін, ал екіншіден бұл үлгілер əртүрлі қолданушыларда бір — бірімен сəйкес келмеуі мүмкін. Өндірушінің жəне қолданушының ақпараттық үлгілерінің сəйкес келмеуі, ақпараттық өнімде жасалғанына қарағанда қолданушыға мəліметтер басқа көлемде жəне құрылымда керектігінде көрініс табады. Дəстүрлі ақпараттық технологияларда бұндай сəйкессіздік дағдыда. Мəліметтер қоры ақпараттық өнім ретінде. Ақпараттық қызметтер тек мəліметтер қоры компьютерлік немесе компьютерлік емес формада болған жағдайда ғана пайда болады.

Мəліметтер қоры тиесілі қызметтермен ақпараттық қызмет дайындалғанда дерекнама жəне жартылай фабрикат болып табылады. Мəліметтер қоры, бұлай аталмаса да, компьютерлік кезеңге дейін кітапханаларда, мұрағаттарда, қорларда, анықтама бюроларында жəне басқа да осындай ұйымдарда болатын. Оларда оқиғалар, құбылыстар, объекттер, процестер, басылымдар жəне т.б. туралы əр түрлі мəліметтер болады. Компьютерлер пайда болғаннан бері сақталатын мəліметтер қорының көлемі айтарлықтай көбейді жəне сəйкесінше ақпараттық қызметтердің шеңбері кеңейді.

Ақпараттық тауарлар мен қызметтерді жүйелендіру үшін мəліметтер қорын қолдану позициясынан оларды библиографиялық жəне библиографиялық емес деп бөлуге болады. Библиографикалық мəліметтер қоры құжаттар, рефераттар мен аннотациялар туралы екінші ретті ақпаратты құрайды. Библиографиялық емес мəліметтер қоры көпетеген түрде болады: − анықтамалық, əртүрлі объекттер мен құбылыстар туралы ақпаратты құрайды, мысалы, адрестер, қозғалыс кестелері, телефондар жəне т.б.; − толық мəтін, алғашқы ақпаратты құрайды, мысалы, мақалалар, журналдар, брошюралар жəне т.б.; − сандық, мөлшерлік сипаттамалар мен объектілер мен құбылыстардың параметрлерін құрайды , мысалы, химиялық жəне физикалық мəліметтер, статистика; − мəтіндік сандық, объектілердің суреттемелері мен олардың сипаттамаларын құрайды, мысалы, өнеркəсіптік өнімдер, фирмалар, мемлекеттер бойынша жəне т.б.; − қаржылық, банктермен, биржалармен, фирмалармен ұсынылатын қаржылық ақпаратты құрайды; − заңды, салалар, аймақтар, мемлекеттер бойынша құқықтық құжаттарды құрайды.

Мəліметтер қоры негізгі ақпараттық өнім болу үшін екі шарттың орындалуы керек: 1) мəліметтер біршама біртұтас бүтін болу керек, яғни тұрақты сыныптамалық қағида бойынша сұрыпталу қажет; 2) сəйкес ақпаратық өнімдерге қолданушылардың белгілі бір санының қолжетімділігі ұйымдастырылуы керек. Мəліметтер банктеріне қолжетімдік белгілі бір жабдық, бірақ көбінесе қолданушыға сеанстан кейін табылған ақпаратқа өндеу жүргізуге мүмкіндік беретін персоналды компьютерлер немесе басқа интеллектуалды терминалдар бола алатын, қолданушының терминалынан жүзеге асырылады. Телекоммуникациялық желі. Локальды есептеуіш желілердің олардың айналасымен интеграциясы кезінде маңызды рөлге телефон желілері ие болады. Осындай желінің бірінші ретті құрылғысы телефон аппараты біршама интегралданған болып келе жатыр жəне қолданушыны жеткілікті кең мүмкіндіктер спектрімен қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар фирмаларының ұсынатын мүмкіндіктері ақпараттық мəдениет деңгейінен немесе осы қызметтерді қолданушылардың қаржылық мүмкіндіктерінен айтарлықтай асып түседі.

Соңғы жылдары байланыс құралдарының төменгі деңгейін құрастыруда ұялы телефон аппараттарын қолданумен байланыс белгілі бір рөлге ие. Бұл аппараттар да жіберу жəне өңдеу жүйелерімен интеграцияны қамтамасыз ететін, көпфункционалды болып келе жатыр, мысалы құрамында миникомпьютерлер жəне факстар бар.

Бірінші желілер магистралды арналарға бірігеді, олардың даму деңгейіне біріншіден аймақаралық, ұлттық жəне жаһандық ақпараттық желілер мүмкіндіктері байланысты. Көптеген интернационалды жəне транснационалды компаниялар өздері үшін жаһандық ақпараттық желілер жасады, себебі бұны олардың негізгі қызметі қажет етті (банкаралық есептеулер, жүк жəне жүргінші тасымалдаулар, теледидар мен байланыс жүйелері, көптеген өнеркəсіптік өндірістер жəне т.б.). əр түрлі компаниялардың ақпараттық жүйелері бір бірімен кооперирленді. Осылай коллективті қолданыстағы ақпараттық жүйелер пайда болды. Қазіргі кезде коллективті қолданыстағы жаһандық жүйе Интернет өте танымал жəне дамыған. Желі негізінде, араларындағы байланыс қолжетімді байланыс арналарымен қамтамасыз етілетін, серверлер жүйесі. Интернет бүкіл əлемді қамтитын жаһандық компьютерлік желі. Бүгінгі таңда Интернет 150 мемлекеттен астам 15 миллионға жуық абонентке ие. Ай сайын желі көлемі 7-10% артады. Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу жəне түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен жəне ең танымал желі.

Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Internet – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мəлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге жəне тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады. Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URLмекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттер жиынтығы. Əрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы – URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http://www.атауы.үйшік. Веб-сайттың атауы оны сəйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы – http://www.akorda.kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекенжайы – http://www.government.kz.). Үйшік Internet желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (.kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ua – Украина, .uk – Ұлыбритания, .fr – Франция жəне т.б.) немесе қызмет саласын (.com – коммерциялық ұйымдар, .org – коммерциялық емес ұйымдар үшін, .edu – білім беру қор көздеріне арналған, т.с.с.) білдіреді. Желі қатысушыларының ортақ пайдалануы үшін бөлінген компьютер сервер деп аталады.

Электронды пошта Интернет желісінің ең кең тараған қызметі. Қазіргі кезде электронды поштада 20 миллион адамда өзінің адресі бар. Хатты электронды пошта арқылы жіберу жай поштадан əлдеқайда арзан. Содан басқа, электронды поштамен жіберілген хат бірнеше сағатта жетеді, ал жай хат бірнеше күнде жетуі мүмкін. Бұл қызмет қолданушылардың видеографикалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, ең қарапайым жағдайда пернетақта мен модемды қосуға арналған арнайы адаптермен телевизоры бар қолданушы алыстанған хост ЭВМ-да орналасқан ақпараттық өнімдерге интерактивті қолжетімдікке ие болады. Видеомəтін негізінде, ақпараттық іздеу қабілеттіктері жоқ жəне тұтынушылық пен ойын — сауық сипаттағы ақпаратпен қызығатын, қатардағы қолданушыға бағытталған (мысалы, телефон анықтамалары, жергілікті жəне спорттық жаңалықтар, видеоойындар жəне т.б.). Видеомəтіннің ақпараттық өнімдері қолданушылар арасында аса танымал мəтіндік мəліметтер қорлары мен əр түрлі ойындар болып келеді. Видеомəтіннің ақпараттық өнімдері қолданушыларға ақпараттық өнімдерге интерактивті қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Авторлық сілтеме:
Бабажанова Ж.А. Б12 Ақпараттық экономика. Оқу-əдістемелік құралы. — Астана: ЕҰУ АББ, 2011. — 127 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *