Жасуша құрылысы слайд (презентация)

Бұл слайд жасуша туралы анықтама және оның құрылысы туралы мәліметтер береді. Жалпы жасуша кез-келген тірі организмнің ең кіші бөлігі болып табылады. Презентация беттерінен жасушаның қанша бөліктен және қандай қызмет атқаратыны жайлы мағлұмат алуға болады. Жасуша сөзін алғаш болып 1665 жылы Гук ашқан. Жасушаның маңызды бөлігі цитоплазма туралы және оның құрамы туралы деректер келтірілген. Слайд көптеген көрнекі суреттер мен диграммалар арқылы оқушының нақты білім алуына көмектеседі. Жасушаның құрылысы кейбір формаларда әр түрлі және күрделі болып келеді. Сол себепті жеке-жеке бөліктерімен таныс болған жөн. Соңындағы сілтеме бойынша слайдты көшіріп алуға болады.

Біздің ағзамыздың қаншалықты күрделі жаралғанын елестету үшін, оның құрылысын сатыға теңеп, сонымен өрлеп көрейік. Ең төменгі басқыш — молекулалық деңгей, мұнда біздің денемізде алуан түрлі заттардың химиялық түрленуі жүріп жатады. Органикалық заттардан (нәруыздар, майлар, көмірсулар) жасушалардың құрылымы түзіледі. Әртүрлі жасушалардан ұлпалар құралады, ұлпалардан мүшелер құралады. Ортақ міндеттерді орындайтын мүшелер жүйелерге бірігеді (тыныс алу, асқорыту, зәр шығару және басқалары). Ал қиялдағы сатының ең жоғарғы басқышында ағзаның өзі тұр.

Ағзамыздағы өте кішкентай тірі құрылымдар — жасушалар. Осы туралы слайд жалпы айтқанда, солардың әрекетінің арқасында ғана тірі жүру мүмкіндігіміз бар, сондықтан жасушаны тіршілік тірегі деуге болады. Көлемінің өте кішілігіне қарамастан, әрбір жасушаның құрылысы тым күрделі. Ол сыртқы ортадан жасуша мембранасы деген қабықпен бөлінген. Қабықтың іші қоймалжың сұйықтық — цитоплазмаға толы, цитоплазмада органеллалар — жасушаның «ішкі мүшелері» орналасқан. Мысалы, митохондриялар — «энергетикалық станциялар», эндоплазмалық желі-көлік жүйесі, рибосомалар нәруыздарды синтездейді.

   Жүктеу / Скачать

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *