Орталық жүйке жүйесі нейрондар жиынтығынан құрылған. Нейрон дегеніміз – жүйке жүйесінің бірлігі болып саналатын дендрит пен аксон бөліктері бар жүйке тіні. Орталық жүйке жүйесі жұлын мен бас миға бөлінеді. Бұл жүйенің ең басты қасиеті – рефлекс (қарсы жауап деген сөз). Рефлекс – орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркенулерге беретін күрделі жауабы. Әрбір рефлекстің өзіне тән рефлекторлық доғасы болады.
Рефлекторлық доға дегеніміз – рефлекстің жүріп өтетін жолы. Бұл доға бес буыннан құралған:1) тітіркенуді қабылдайтын рецепторлар; 2) тітіркенуді орталыққа жеткізетін афференттік(сезгіш) жүйке талшықтары; 3) жүйке орталығы (ендірме нейрон); 4) қозуды орталықтан эффекторға жеткізетін эфферентті қимыл жүйке талшықтары; 5) эффектор – жауап беретін мүше. Эффектор рөлін без, не болмаса бұлшық ет атқарады. Рефлекс түзілу үшін рефлекторлық доғаның барлық буындары тұтас болып қатысуы шарт. Өзінің пайда болуы жағынан рефлекстер шартсыз және шартты түрде болып екіге бөлінеді. Шартсыз рефлекс дегеніміз – тура пайда болатын рефлекстер, ал шартты рефлекс – тұрақсыз, жүре пайда болады.
Жұлын мен мидың құрылысы мен қызметі
Жұлын ақ және сұр заттардан құралған. Ақ зат шет жағына, ал сұр зат өзектің ортасында көбелек тәріздес орналасқан. Жұлын мен жұлын өзегінің арасында ликвор( сұйық зат) бар. Ликвор құрамында 0,02% ақуыз, 0,06%глюкоза болады. Ликвор қорғаныс қызметін атқарады, қоректік зат, осмостық қысым мөлшерін сақтайды.
Жұлынның сұр заты мал денесінде дорсальді, вентральді, және бүйірлі мүйіздерге бөлінеді. Ақ зат бағаналарға бөлінеді. Жұлында соматикалық және вегетативтік орталықтар орналасқан. Жұлынның өткізгіш жолдары жоғары шығатын және төмен түсетін болып екіге бөлінеді. Жұлын, біріншіден, бас миын мал денесінің шеттеріндегі жүйке талшықтарымен жалғастырады.
Бас миының қызметі
Артқы ми. Артқы миға сопақша ми, варолив көпірі және мишық жатады. Сопақша ми жұлынды бас миымен жалғастырады. Сопақша мида өміп сүруде ерекше орын алатын реттегіш орталықтар орналасқан: 1) ас қорыту орталықтары; 2)тыныс алу орталықтары; 3) дүрек-қан тамырлары орталықтары.
Мишық. Орталық жүйке жүйесіне қондырма ретінде орналасқан. Мишық организмнің күрделі қозғалыстарының координациясын реттейді. Ол варолиев көпірі арқылы ми жарты шары қыртысымен байланысады. Мишық вегетативтік құбылыстарға да әсер етеді. Қозған жағдайда көздің қарашығы кеңейіп, артериялардың қысымы көтеріліп, пульс жиіленіп, шаршаған бұлшық еттердің қабілеті қалпына келеді.
Орталық ми. Орталық миға төрт төмпешік, қызыл ядро мен қара субстанция жатады. Орта ми көру рефлекстері мен дыбыс рефлекстерін басқарады және дененің тонусын ұстап тұрады, түзілетін рефлекстерді реттейді.
Аралық миға гипоталамус, талямус пен эпиталямус жатады. Гипоталямус гипофмзбен байланысады. Эпиталямуста иіс сезім орталығы мен эпифиз орналасқан. Аралық мида ақуыз, май, көмірсулар, су мен тұздар алмасуының орталықтары және жылу бөлу орталығы орналасқан.
Ретикулярлы формация дегеніміз – жұлында, талямус пен гипоталямуста орналасқан торлы зат. Ретикулярлық формация – реакциялар селекторы. Егер ол реакцияға қосылмаса,онда осы реакцияға жауап болмайды.
Жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі
Вегетативтік деген сөз өсімдіктің тамырланып өніп-өсуін көрсетеді. Вегетативтік жүйке талшықтарының соматикалық жүйелерге қарағанда морфологиялық ерекшеліктері:
- Жүйке талшықтары жұмсақ және жұқа болады;
- Преганглионарлық және постгангдионарлық болып бөлінеді;
- Симпатикалық жүйке талшықтары орта мен сопақша мидан, жұлынның құйымшақ бөлімінен басталады.
Физиологиялық ерекшеліктері:
- Вегетативтік жүйке талшықтары баяу қозады;
- Ішкі ағзалардың қызметін реттейді. Вегетативті жүйкелер әрбір ішкі ағзаның қалыпты жағдайда қызмет істеуі үшін, ішкі ағзалардың қызметін реттеу үшін қажет.
Аксондар қатар шоғырланып, жүйке құрады. Жүйке жасушаларының денесі орталық жүйке жүйесінін тысқары жерде шоғырланады. Мұны жүйке тиіндері дейді. Нейрондардың атқаратын қызметі әр түрлі болып келеді. Әрі өзара байланысты болады. Сезгіш және қимыл нейрондар арасындағы байланыс жұлын мен мида ендірме нейрондар арқылы жүзеге асады. Олардың денесі мен өсінділері мидың ішінде қалады. Ми мен жұлын жүйке жүйесінің басқа да бөлімдерімен байланысты. Аксондар топтасып, олардың сырт жағы қабықшамен қапталады да, жүйке талшығын түзеді. Жүйкелер атқаратын қызметіне байланысты қимыл және сезгіш жүйке болып екіге бөлінеді. Кейбір жүйкелерде әрі қимыл, әрі сезгіш талшықтар болады. Оларды аралас жүйкелер дейді. Қимыл жүйкелері өздерінің қозғалтқыш әсер ететін ұщтарымен адам денесінің барлық жерінде, сонымен бірге сезім мүшелерінде орналасады.