www.ikaz.info
Слайдтар тізімі

Зат және энергия алмасу туралы слайд

2 953 рет қаралды

Заттар мен энергияның алмасуы (метаболизм) — клеткаларда немесе тұтастай организмде жүретін және күрделі молекулалар мен жаңа протоплазманы синтездеуге (анаболизм) және энергия бөлу арқылы молекулалардың ыдырауына (катаболизм) қатысатын химиялық реакциялардың жиынтығы. Энергия биосинтез (жаңа заттың түзілуі), осмостық жұмыс (әртүрлі заттарды клеткалардың сіңіруі және секреция), механикалық жұмыс (қозғалыста) және басқа реакциялар үшін қажет.

Заттар мен энергия алмасуы — тіршіліктің үйымдасуының әртүрлі деңгейлерінде көрінетін тірінің маңызды қасиеті. Заттар мен энергияның алмасуы барысында өсу мен көбеюі жүреді, клеткалар мен организмдердің басқа да маңызды қасиеттері қалыптасады. Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының метаболизмдік қызметтеріне тән ерекшелік сол, олар ферментативті болып табылады және бір-бірімен ұқсас, өйткені барлық организмдердің клеткалары метаболизмде басты рөл атқаратын және энергияның бір түрінің екінші түрге өтуін қамтамасыз ететін барлық молекулаларға ие болады. Бұлардан басқа метаболизмдік жолдарды реттеу негізінің ортақ механизмдері болады. Осыған орай, барлық тіршілік иелерінде энергетикалық процестер ұқсас. Тіршілік тек энергияның арқасында өмір сүреді және оны әрі қарай жалғастырады.

Скачать / Жүктеу