Этнос теориясы. Этностардың жіктелуі

Атап өткеніміздей, этникалық сана-сезім этностың өте қажетті қасиеті — ең əуелі өзінің атауын (этноним) ортақ қолдануында көрінетін жəне басқа этностардан шектелуіне байланысты, этнос мүшелерінің өздерінің оған қатыстылығын сезінуі болып табылады. Этникалық сананың маңызді компоненті – шығу тегінің ортақтылығы жайындағы түсінік, белгілі бір этнос мүшелері мен олардың ататектерінің тіршілік етуі кезіндегі тарихи тағдырларының ортақтылығы оның шынайы негізін құрайды.

Тіл, мəдениет пен күнделікті өмір ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа табыстау арқылы этностардың сан ғасырлық тіршілігі қамтамасыз етіледі. Басымдылықпен олардың əрқайсысының ішінде некелердің қиылуы шынайы эндогамия этностың өзінөзі көбейтуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Əрбір этникалық ортақтылықтың (этногенез) пайда болуы соған кірген адамдардың тікелей байланысуымен келісілген. Бұл, əдетте, егерде адамдар көршілес, яғни бір аймақта тұрған жағдайда ғана болуы мүмкін. Осылайша, аймақтың ортақтылығы ең алдымен, этностың қалыптасу шарты ретінде көрінеді. Сонымен бірге, оның бөліктерінің араларындағы шаруашылықтық жəне басқа да байланыстардың дамуын қамтамасыз ете келе, ол сондай-ақ этностың өзін-өзі көбейтуінің маңызды шарты болып табылады. Осы ортақ аймақтың табиғат жағдайлары олардың шаруашылық ісəрекетінің, мəдениетінің, тұрмысының жəне психикасының кейбір ортақ ерекшеліктерінде бейнеленіп, адамдардың өміріне əсер етеді. Алайда, аймақтары жағынан бытыраңқы топтар да мəдениет пен психика саласындағы өздерінің өзіндік ерекшеліктерін, сондайақ бұрыңғы сана-сезім ортақтылығын да сақтай алады; тіпті, бір-бірінен едəуір қашықтықта болып та, олар қалыпты кезде кейбір ортақ этникалық қасиеттеріне ие болып келеді (мысалы, Қазақстандағы, Моңғолиядағы, Қытайдағы, Түркиядағы қазақтар, Армениядағы, Сириядағы, АҚШ-тағы, Франциядағы армяндар жəне тағы басқалары).

Осылайша аймақтың тұтастығы этностың қалыптасу шарты болғанымен, оның барлық бөліктері өмір сүруінің міндетті түрде себепкер шарты болып табылмайды. Осы жағдайды ескере отырып, этникалық ортақтастық немесе этносты осы терминнің тар мағынасында белгілеу қабылданған. Бұндай ортақтастық – ортақ тіл, мəдениет пен психика, Сондай-ақ этнонимде белгілеген, ұқсас құрылымдардан айырмашылығын жəне өзінің бірлігін сезіну қасиеттеріне ие болған, белгілі бір аймақта тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығын көрсетеді. Жақында этнос терминінің мағынасына «этникос» атауын беру ұсынылған болатын. Этнос термині, кең мағынасында, нақты этникалық құбылыстардың əлеуметтік-экономикалық құбылыстармен тығыз байланысын бейнелейді, олар ақыр соңында солармен шарттасады. Шындығында, этникостар белгілі бір əлеуметтік мүшелерсіз тіршілік етпейді: не тапқа дейінгі қоғамдағы (тайпалар) потестарлы (латын тілінен потестас – билік) бірлік не таптық қоғамдағы мемлекеттіксаяси құрылымдар. Жиірек этникостар бір əлеуметтік ағзаның құрамына енеді. Бұндай жағдайларда біз ерекше құрылымдарменэтноəлеуметтік ағзалармен (қысқаша-ЭƏА) айналысамыз. Осы секілді құрылымдардың этникостардан айырмашылығы олардың міндетті түрде біртұтас аймағы жəне этникалық қана емес, сонымен бірге əлеуметтік-экономикалық ортақтылығы да болады. Міне, дəл сондықтан да ұқсас этноəлеуметтік құрылымдарды типологиялау кезінде олардың белгілі бір əлеуметтік-экономикалық формацияға қатыстылығы шешуші рөл атқарады. Осы дерек те біздің қоғамтану əдебиеттерінде қабылданған этноəлеуметтік ортақтылықтарды жіктеудің негізіне алынған. Берілген жіктеуге сəйкес ЭƏА-ны үш түрге бөлу қабылданған: алғашқы қауым дəуіріне тəн, тайпа, ұлыстық -құлиеленушілік жəне феодалдық дəуір жəне ұлт-капитализм үшін. Капиталистік пен кейде капиталистікке дейінгі этникостарды ұлт деп атау қабылданған (бұдан басқа, бұл термин адамдардың белгілі бір этникалы ортақтылыққа қатыстылығын белгілеу үшін де қолданылады).

Этникостар мен этноəлеуметтік ағзалар – этникалық ортақтылықтардың негізгі түрлері. Бірақ олармен адамзаттың этникалық құрылымы тамамдалмайды. Көптеген этностар, əсіресе, үлкендері, жиірек өздері де этнографиялық топтардан немесе субэтностардан тұрады. Бұл терминдермен, сөйлеу тілі, мəдениет пен тұрмыстық өмірдің жергілікті айрықша белгілерімен ерекшеленетін, этностың аймақтық бөлігін белгілеу қабылданған. Этнографиялық топтар өз шығу тегін жиірек ұлыс немесе ұлтқа енген тайпалық компоненттерден алады. Кейде олар этностың əлеуметтік-діни саралануы кезінде пайда болады. Сондай-ақ этникалық аймақтың өте кеңеюі нə — ти жесінде, яғни этностың көшін жүрген бөлігі əр түрлі табиғи ортаға тап болады да, əр түрлі көрші этностармен өзара əрекеттеседі.

Этностардың ішкі жіктелуімен қатар олар жиірек өздері де біршама ірі кешендерді құрайды: сондай кешендердің бірі, этнолингвистикалық топтар деп аталатын, халықтардың тілдікмəдени жақындығы негізінде пайда болғандары, басқалары, көпұлтты мемлекеттердің ішінде құралғандары, оларды этносаралық ортақтықтар деп атау орынды көрінеді. Осылайша, адамдардың бір тобы бір уақытта əртүрлі деңгейдегі бірнеше этникалық ортақтықтардың құрамына енуі мүмкін. Орыстар, мысалы, өздерімен этноəлеуметтік ортақтық-ұлтты бейнелей келе, бір уақытта анағұрлым кең кешендердің, бір жағынан, шығыс славяндықтың, екінші жағынан бүтіндей алғанда жалпы славяндық кешеннің бөлшегі болып табылады. Егерде бұған орыстардың ішкі этнографиялық топтарға бөлінуін қоссақ, онда біз этникалық ортақтықтардың күрделі иерархиясына тап боламыз.

Нақты этникалық үдерістерді зерттеу кезінде оларды екі негізгі түрге бөлу қабылданған: бөліп көрсететін түрі, бұрыңғы біртұтас халық бірнеше тəуелсіз этностарға бөлінеді немесе одан тəуелсіз этнос болатын бөліктері жəне біріктіруші түрі, адамдардың этникалық жағынан əртекті топтарының біртұтас этносқа бірігуі бөлініп шығады. Біріктіруші үдерістердің əрқайсысы дерлік-əрине, жаңа деңгейіне жеткен кезінде оған енген этностардың басқаларынан этникалық жағынан жекеленуіне алып келеді, осы жерден этникалық дамудың диалектикасы көрінеді. Этникалық үдерістердің бөліп көрсететін түрі алғашқы қауымдық дəуірде ерекше таралған болатын жəне тайпалар санының шектен тыс өсуінен немесе оның бөліктерінің алыс қашықтықтарға көшуінен туындатылған болатын. Біріктіруші үдерістер жаңа заман үшін анағұрлым типті болған жəне қала береді, олар халықтардың үлкеюінің тарихи заңды жəне прогрессивті үрдісін көрсетеді.

Этнография – олардың компоненттерімен этникалық қызметтерін атқару, призма арқылы өзінің объектілерін қарастыратындығы туралы түсінік, оның пəндік саладағы негізгі ядросын бөліп алуына мүмкіншілік береді. Бұндай көзқарас кезінде бұл ядро мəдениеттің этникалық функцияларын атқаратын қабатын, яғни бəрінен бұрын дəстүрлі-тұрмыстық мəдениет құрайтындығы анық. Əлем халықтарындағы оның алуан түрлілігінің мысалдарының бірі дəстүрлі баспана болып табылады. Бұнда діңгекті үйлер де (мысалы, меланезилықтар мен микронезилықтардың көп бөлігінде), қалқымалы баспаналар да (Оңтүстік Шығыс Азияның кейбір халықтарында), тасымалды баспаналар да (Орта Азияның көшпенділерінде, Солтүстік халықтарында, прерий үндістерінде), мұнара-үйлер де (Кавказ халықтарында, арабтардың бір бөлігінде, Ауғанстанның кейбір халықтарында), қардан жасалған баспаналар да («полярлы» эскимостарда) жəне т.б. бар.

Этникалық ерекшеліктердің аса көрнекілігі тағам секілді, материалдық мəдениеттің компоненті саласында байқалады. Сонымен бірге, халықтар арасындағы айырмашылық тұтынатын тағамның құрамына да, оларды дайындау əдістеріне де жəне оны қабылдау уақытына да қатысты. Осылай, бір халықтар үшін тағамның негізгі үлесін егіншіліктің өнімдері құрайды (мысалы, славян халықтары үшін), басқалары үшін ет (мысалы, Солтүстіктің көптеген халықтары үшін), үшіншілері ихтиофагтар болып табылады, яғни азыққа негізінен балықты тұтынады (мысалы, нанайлықтар, нивхилар, ульчилар). Көптеген халықтарда тағамның жеке түрлерін тұтынуға тыйым салынғандығы жақсы белгілі. Үндістан халықтарының көпшілігі сиыр етін жемейді; ислам мен иудаизмге құлшылық етуші халықтар шошқа етін; бірқатар халықтар сүтті тағамға қолданбайды (мысалы, мон-кхмерлер); кейбір халықтарда ит еті жеңсік тағам ретінде саналған (мысалы, полинезиялықтарда) жəне т.с.с.

Əлем халықтарының, сондай-ақ тұрмыстық өмірлері, некелік салт-дəстүрлері мен əдеп-ғұрыптары да едəуір ажыратылады. Қазіргі кезде адамзаттың басым бөлігінде таралған моногамиялы (дара некелік) жанұямен қатар, бірқатар халықтарда əлі де полигамия (көп əйел алу) секілді полиандрия (көп еркекке үйлену) да сақталып келеді. Күнделікті мінез-құлық саласындағы этникалық ерекшеліктер де соншалықты алуан түрлі болуы мүмкін, тіпті, оларды басқа халықтардың өкілдері біртүрлі оғаш жəне таңғаларлықтай қабылдайды. Айталық, еуропалықтың əйелі күйеуін анасының кө зінше жəне одан рұқсат сұрамастан есімімен атауы үнділікті таңғалдырады. Адамның көшеде киген аяқ киімімен үйінде де жүруі жапондық үшін оғаш көрінеді. Болгарлардың көптеген басқа халықтардан айырмашылығы, келіспеген кезде бастарын изейді, ал келіссе бастарын жан-жаққа шайқайды. Жапондықтар, мысалы, қайғылы жағдайды айтқан кезде, тыңдаушыны қапаландырмау үшін, жымияды.

Əлем халықтарының этнографиялық зерттеуі мен сипаттамасының негізіне олардың ғылыми жүйеленуі жатады. Бір географиялық өңірде мекендейтін, шаруашылықтық жəне əлеуметтік дамудың бір деңгейінде тұрған, ортақ мəдени белгілері бар халықтар мен халықтардың топтары жіктеу арқылы бөлінеді. Жіктеудің негізіне алынған осы белгілердің əрқайсысы белгілі бір этникалық құбылысты зерттеу кезінде маңызды. Осылай, этногенетикалық зерттеулердің негізінде жатқан, туыстығын шығу тегі мен мəдениеті бойынша айқындау, халықтардың туыстығын жіктеуге мүмкіншілік береді. Алайда анағұрлым маңызды жəне іргелі болып келетін жіктеуші белгілердің жиынтығы ғана халықтың толық сипаттамасын, əлемнің басқа халықтарының арасынан оның алатын орнын береді. Олардың санына географиялық, антропологиялық, тілдік жəне шаруашылықтық-мəдени қатыстылығын жатқызуға болады. Жіктеудің басқа да екінші дəрежелі белгілері де болады, мысалы, діни белгі бойынша. Осылайша, əлем халықтарының жүйеленуі, этностар мен оларға тəн ерекшеліктерді сипаттайтын, жаратылыстану жəне əлеуметтік құбылыстардың жіктелуінің қосындысына негізделеді.

Этнос, этникалылық жəне этногенез түсініктерінің анықталуы бойынша бірнеше негізгі ұстанымдар қалыптасқан:

1. Ю. В. Бромлейдің теориясы, ол этносты əлеуметтік-мəдени құбылыс ретінде қарастырады. Оның түсінігіне сəйкес, этностар белгілі бір этникалық қасиеттерімен сипатталады, бұлар: мəдениет, тіл, өз атауларына бекінген этникалық сана-сезім. Қасиеттердің белгіленуі тек сəйкес жағдайларда ғана: табиғи, аймақтық, əлеуметтік-экономикалық, тағы басқалары қалыптасады. Кез келген этностың дүниеге келу мен қалыптасу жолы-оған кіретін адамдардың еркінен тыс, табиғи тарихи түрінде. Ең бастысы, ортақтылық өзінөзі басқалардан ерекше тұтас ағза ретінде қабылдайды. Этникалық үдерістердің тəптіштелген жіктелуі Ю. В. Бромлейдің теориясында едəуір маңызды орын алады. Олар адамзаттың өрлеуінің əр түрлі дəуірлерінде этносты өзгерістерге ұшыратады.

2. А. С. Арутюнов пен Н. Н. Чебоксаровтың теориясы, бұнда этнос байланыс теориясының мəнмəтінде қарастырылады. Нағыз ғалымдардың пікірінше, этностар жоғары тығыздықтағы ақпараттың ареалы ретінде көрсетілген, бұндағы этникалық жүйенің сабақтастығы мен тұрақтылығы ақпараттың ұрпақаралық тасымалымен сүйемелденеді. Сəйкесінше, тайпалар, ұлыстар мен ұлттар ақпараттық тығыздықтың үш түрі ретінде қарастырылатын.

3. Л. Н. Гумилевтің тұжырымдамасы этносты өзінің бірегей заңдарымен дамып жатқан, биоəлеуметтік нақтылық – этносфераның элементі ретінде қарастырады. Этностар дүниеге келеді, есейеді, солады жəне өледі; Гумилев бойынша, этностың өмір сүру ұзақтығының мөлшері – 1200-1500 жыл. Гумилевтің пікірінше, этнос «персистентті» (циклдік) жəне «динамикалық» күйде болуы мүмкін. Соңғысына ауысуы мутациямен, қатты түрткілермен жүзеге асады.

Қазіргі кезде ресейлік заманауи этнологияда, əрбір нақты зерттеушінің алдына қойған мақсаттарын сипаттайтын өте алуан түрлі ұстанымдарға, белгілерге негізделген этностардың бірнеше жіктелу түрлері бар. «Алайда жіктелудің жеке алынған бір де бір ұстанымы немесе белгісі халықтың этнологиялық толыққанды сипаттамасын бермейді»,– деп А. П. Садохин əділетті түрде айтқан.

Дегенмен де, зерттелетін түсініктің біршама толық сипаттамасын алу үшін, кейбір жіктелулерге бет бұрайық. Географиялық, антропологиялық, тілдік, шаруашылықтық-мəдени негіздері бойынша этностардың жіктелуі анағұрлым тұрақтап қалғандары болып табылады: Географиялық жіктелу халықтардың географиялық көршілесу деректеріне сүйенеді жəне олардың белгілі бір аймақтың шекарасында бірлесіп өмір сүру сипатын бейнелейді. Георграфиялық жіктелу халықтардың шығу тегі туралы, олардың қалыптасу үдерісі, шаруашылықтық жəне мəдени көркі, əлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жайындағы сұрақтарға жауап бермейді, бірақ та этностарды аймақтар бойынша орналасуын көруге жəне реттеуге мүмкіндік береді.

Антропологиялық жіктелу екпінді əр түрлі этникалық топтардың арасындағы мəдениеттік емес, қайта биологиялық, генетикалық туыстығына қояды. Тіл мен мəдениет антропологиялық типтерді қолданбай-ақ таралуы мүмкін, бірақ белгілі бір нəсілдік белгілерді тасымалдаушылардың қоныс аударуы тіл мен мəдениетке міндетті түрде өзгерістер енгізеді, бұлар этнологияда антропологиялық жіктелудің қолданылуының шарты болып табылады. Тілдік жіктелуге сəйкес халықтардың этникалық туыстығы белгілі бір мəдениеттің шығу тегінің ортақ бастамасы жайында біршама нақты түсінік береді. Тілдік жіктелудің негізінде екі белгі: тіл мен этникалық қатыстылық жатады. Бір тілдік топқа жататын халықтар, əдетте, өздерінің материалдық жəне рухани мəдениетінде ортақ элементтерге ие болады, бұлар тілдік жіктелудің этнологиялық мəні болып табылады.

Шаруашылықтық-мəдени жіктелу, шаруашылықтық əрекеттің бірдей тəсілдерінің деректерін жəне ұқсас географиялық орта жағдайларындағы типологиялық жағынан жақын мəдениет құбылыстарын, осы жағдайларға этникалық топтардың берген бірдей жауабы ретінде қарастырады. Бұларды шаруашылықтық-мəдени тип деп қарастырады. Шаруашылықтық мəдени типтің анықтаушы белгілері – адамдардың шаруашылықтық сипаты, бейнесі мен даму деңгейі жəне шаруашылықтық іс-əрекеті.

В.Т. Крисько келтірген жіктелу бойынша этностар үш типке бөлінеді: 1. Ежелгі тип – алғашқы қауымдық құрылысқа тəн ру мен тайпаны енгізеді. 2. Екінші типке халықты енгізеді. Əдетте, құлиеленушілік пен феодалдық түрлермен байланысады немесе мемлекетті мекендейтін жəне ұлттық аймақтық автономияның басқа да түрлеріне ие болған этникалық топтарды белгілейді. 3. Ұлтты енгізеді. Капиталистік қатынастардың дамуынан жəне бүкілəлемдік экономикалық байланыстардың қарқындылығынан туындайды.

Жіктелулерді қарастыра келіп, айта кету керек, кез келген негіздері мен белгілері бойынша бөлінулер тіршілік етіп жатқан этностардың күрделілігі мен алуан түрлілігін толықтай білдірмейді, олардың даму үдерісі кезінде олардың салыстыруларына негізделген қандай да бір байыпты қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Қазіргі кездегі этникалықтың теориялары мен тұжырымдамаларының барлығы этникалық феномен түсінігінің үш негізгі көзқарастарына алып келуі мүмкін.

1. Примордеализим. Примордеалистік (обьективистік) көзқарастың теориясының жорамалдауынша, этникалық ұқсастылық адамның топпен немесе сəйкес мəдениет пен табиғи байланыстарына негізделеді. Этнос пен этникалық табиғатта не қоғамда объективті негізі бар нақты өмір сүріп жатқан феномендер.

2. Инструментализм. Этникалылық саяси көшбасшылардың өз мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланатын құралы ретінде қарастырылады. Бұл мағынасында этникалылық саяси элитаның билік үшін күресте халықты жинақтау үшін жасалатын идеологиясы ретінде түсіндіріледі. Этникалық қоғамның элитасымен жасалатын жəне олардың белгілі бір пайда мен билікті алуға қол жеткізу үшін пайдаланылатын этникалық əлемнің өнімі болып саналады.

3. Конструктивизм. Этникалылық — бұл жазушылар, ғалымдар жəне саясаткерлердің зияткерлікпен жасаған дүниесі. Этникалылықсананың мəселесі: этникалық топтағы мүше адамдардың осы топ жайындағы түсінігіне байланысты.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *