Этникалық антропологияның мəнісі. Этногенез

Нəсілтану анағұрлым жалпылама аталмыш антрополдогиялық белгілердің географиялық түрлендірулерінің нəсілдік заңдылықтарын сипаттайды. Ал этникалық антропология жеке дара этникалық ортақтылықтардың (этностардың) морфофизиологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Басқаша айтқанда, этникалық антропологияның мəнісі – қалыптасу тарихы мен адамзаттың этно-аймақтық топтарының топішілік пен топаралық биологиялық өзгергіштігінің жəне олардың генетикалық өзара қатынастары. Осы зерттеулердің нəтижесінде алынған мағлұматтар халық топтарының арасындағы туыстық өзарақатынасы мен олардың пайда болу тарихын, яғни этногенетикалық оқиғалардың (этногенздің) орнын, көнелілігін жəне тізбегін анықтауға мүмкіндік береді.

Этнос (халық) — бұл адамдардың еркімен емес, табиғи-тарихи үдеріс нəтижесінде пайда болған, əлеуметтік топтасудың ерекше түрі. Этностарға тəн белгі – олардың едəуір тұрақтылығы: олар көптеген ғасырлар бойы сақталады! Əр этностың белгілі бір ішкі бірлігі болады, сондай-ақ сол типтегі басқа барлық құрылымдардан оны өзгешелер тұратын ерекше белгілері де бар. Жеке этносты құратын адамдардың өзін-өзі тануы да едəуір рөл атқарады.

Этникалық деп аталатын бұндай өзін-өзі танудың астарында, этносқа кіретін адамдардың объективті, нақты шынайы қасиеттері тұр. Бұл бəрінен бұрын этнос мүшелерінің тұрмыс салтының əр түрлі салаларында көрінетін ортақ белгілер мен ерекше өзгешеліктер, осы салалардың ішіндегі маңыздыларының бірі тіл болып табылады. Ол сəйкес этносқа кіретін адамдардың тілдесуі үшін қызметін атқарады жəне сонымен бірге оларды басқалардың бəрінен немесе тым құрғанда, басқа көптеген этностардан шектейді. Тілмен қатар этнотың тіршілік етуіндегі ең алдымен, басты рөл мəдениетке тиесілі жəне бірінші кезекте оның дəстүрлік, жалпы сипаттағы күнделікті тұрмыста көрінетін бөліктеріне қатысты. Материалдық мəдениет саласына баспаның дəстүрлі түрі, шаруашылық заттар, киім, тамақ жəне тағы басқалары, рухани мəдениетте салт, дəстүр, халықтың өнер, дін, жəне т.б. жатады. Этнос мүшелерінің мəдени бірлігі өз кезегінде олардың психикасымен, ең бастысы, психиканың жалпы адамдық қасиеттерінің көрінуі стилімен үздіксіз байланысқан. Бұл ерекшеліктер жинақтала келе, этникалық сипаттаманы құрайды.

Көрсетілген этникалық белгілердің əрқайсысы тек бір ғана этнос үшін өзіндік болуы міндетті емес екендігін ескеру қажет (мысалы, бір ғана ағылшын тілінде əр түрлі этностың өкілдері сөйлейді: ағылшындар, солтүстікамеркалықтар, ангокандалықтар жəне т.б.). Əр этностың өзгешелігі қандай да бір компонентпен емес, қайта тек өзіне ғана тəн оның барлық объективті қасиеттерінің үйлесімімен жасалады. Бірақ сонымен бірге бұл этносты – белгілердің жай қосындысы дегенді білдірмейді, ол өзіндік бір айқын тұтас құрылымды аңғартады, ондағы негізгі жүйе қалыптастырушы рөлді оның əртүрлі компоненттері атқаруы мүмкін. Бұл жағдайларда бұндай қатынастардағы басты рөл: тілге, екіншілерінде – шаруашылықтықтұрмыстық өзгешеліктеріне, үшіншілерінде – өзіндік мінез-құлық ерекшеліктеріне тəуелді болады. Бұл түсініктердің көптеген мағыналары бар, оларсыз жеке адамның іс-əрекеті жəне кез келген адамдар бірлестігінің өмірі мүмкін емес (жанұя ұқсас топтар, ұжымның, мемлекеттің жəне т.с.с.). «Біз» өзімізді қазақтар (орыстар, татарлар, украиндар жəне т.с.с.) деп атаймыз, «олар» – басқаша. «Біз» бір тілде сөйлейміз жəне бір бірімізді түсінеміз. Біздің мəдениетіміз жақын, дəстүріміз бен тəрбиеміз ұқсас. «Біз» мұсылмандармыз жəне ораза тұтамыз, ал «оларда» басқа сенім (дін немесе идеология). «Олар» орманы мен аңы көп жерлерде өмір сүреді, ал «біз» еркін даланың тұрғындарымыз. Олар мен біздің əр түрлі тағдырларымыз бар (тарих), ол бір жағынан, біздің айырмашылықтарымызды анықтайды, ал екінші жағынан, өзі біздің əртүрлі адамдардың ортақтығын көрсетуімізбен көптеген жағынан байланысқан.

Сонымен, этнос – биологиялық емес, тарихи категория. Бір қарағанда, оны зерттеу үшін антропологияда ерекше орын «қарастырылмаған» секілді. Дегенмен этнос пен популяция екі маңызды критерийлер бойынша жақындасады. Бұл: 1) ареалдың бір тұ тас — тылығы. Бұның астарынан тіршілік ету мекенінің біртұ тастылығын ғана емес, яғни географиялық оқшаулануын, сондай-ақ онымен тікелей байланысты халықтың шоғырлануы деңгейінің өсуін түсіну керек. Этнос үшін бұл шоғырлану өзекті сипаттама болып табылады жəне мəдени дəстүрдің, тілдің жəне діннің біртұтастылығымен анықталады. Биологиялық популяция үшін ол популяциялық құрылым қаттылығының көп не аз деңгейімен жəне панмиксия деңгейімен көрінеді; 2) шығу тегінің біртұтастылығы.

Əлбетте, популяция да, этнос та «жоқтан» пайда болмайды, олардың дамуы ширақ. Осы бірлестіктердің тіршілік етуінің əр түрлі кезеңдеріне қатысты мағлұматтарды алып, тарихшы, археолог, этнограф, лингвист жəне антрополог (егер бəрі бірге болса, тіптен, жақсы) осы динамиканы (ширақтылықты) – популяциялық жəне этникалық тарихты зерттей алар еді.

Бұндай зерттеулердің негізгі əдісі өте ұқсас – бұл бізге таныс болған тілдің, материалдық жəне рухани мəдениеттің хронологиялық пен географиялық салыстырулары. Анағұрлым қарқынды топішілік əр түрлі ақпараттармен алмасудың арқасында, ареалдың біртұтастылығы мəдениет пен генофондтың (генетикалық мəліметтерді сақтау мен беру) шегіндегі біртүрліліктің сақталуы мен пайда болуына алып келеді. Соңғысы көп жағдайда фенотипті, яғни ақыр соңында халықтың антропологиялық бейнесін де анықтайды. Этнос үшін де, популяция үшін де осылайша пайда болған тепетеңдік күй тарихи себептермен бұзылуы мүмкін.

Популяция жəне этнос жайында айтқанда, біз халықтың сол бір тобымен айналысып жатқан болып шығамыз. Ал бұл дегеніміз, топтардың биологиялық сипаттамасы (антропологиялық белгілері) мен этникалық анықтауыштары арасында тұрақты параллельдер (қауымдастық) пайда болуы мүмкін. Зерттелетін халықтың антропологиялық құрамының қалыптасу тарихы этникалық антропология саласының негізі мақсаты болып табылады. Бұл міндеттің шешімі, халықтың антропологиялық типі құралған компоненттерін анықтау, берілген аймақтағы осы компоненттердің абсолютті хронологиясын айқындау жəне «қазіргі типтің пайда болуына алып келген процестердің» барлығын талдау болып отыр. Этностың тарихын зерттеу – оңай іс емес, оның табысы өзара байланысқан ғылыми пəндер кешенінің нақты алғанда, тарих, лингвистика, этнография, археология жəне антропология арқасында қамтамасыз етіледі.

Антропологиялық зерттеулер шамамен осылай бөтен этникалық элементтердің қоспасын, яғни халықтың масштабты көшіқон деректерін белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл, оны басқалардың барлығынан ерекшелеп тұратын антропологиялық мағлұматтардың тарихи деректеме ретіндегі біршама маңызды қызметі. Тіл мен мəдениетте жаңа элементтердің пайда болуы, міндетті түрде жаңа халықтың ағылып келуін дəлелдемейді. Бұл элементтер мəдени өзара əрекеттесуінің салдарынан болуы мүмкін. Берілген аймақта жаңа антропологиялық кешеннің пайда болуы, халықтың едəуір бөлігінің жаңадан ағылып келгендігі жайында айтады. Антропологиялық белгілер адамдардың үлкен тобының осы белгілерді тасымалдаушылардың-қоныс аударуы кезінде таралатындығы логикаға сай келеді. Жергілікті халықпен некелік байланыстарды орнату жаңа антропологиялық кешеннің қалыптасуына жол ашады. Біздің байқағанымыздай, дəстүр де тіл секілді үндесіп, сіңісіп кетуі мүмкін. Мысалы, АҚШ-тың сан миллиондаған афроамерикалық жəне моңғолоидтық халқы Үндіеуропалық топтың тілінде («америкалық» ағылшын тілі, мемлекеттің негізін салушы- еуропалықтармен енгізілген болатын) сөйлейді. Бірақ олардың Африкадағы ататектері басымдылықпен нигеро-кордофандық топ тілінде сөйлеген, ал Азияда – тибет-бирмандық топтардың тілінде. АҚШ-тың қазіргі тұрғындарының сана-сезімі олардың иммигрант ататегінің сана-сезімінен өзгешеленеді, кез келген америкалық сізге бəрінен бұрын өзінің «америкалық» екендігін айтады, тек кейін өзінің этникалық немесе нəсілдік қатыстылығын есіне түсіреді. Бұл Латын мен Оңтүстік Американың иммигрант тұрғындарына да қатысты.

Сонымен, ортақ сана-сезім мен өзін-өзі билеу негізінде пайда болған адамдардың бірлестігі этнос (этникалық топ) деп аталады. Ол сондай-ақ тілдің, мəдениеттің, дəстүрдің, діннің, шаруашылықтық-мəдени типтің негізінде де жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілгендей, бұл құбылыстардың бірде-бірі адамдардың биологиялық қасиеттерімен байланысты емес. Биологиялық жəне əлеуметтік құбылыстардың байланыстары тек тарихи себептескен болып табылады. Əлбетте, адамдар тобы аз болған жəне олар басқаларынан неғұрлым ұзақ уақыт бойы оқшауланған сайын, антропологиялық тип пен мəдениеттің байланысы күшейе түседі.

Өздерінің белгілі бір топқа қатыстылығы жайында айтқанда, адамдар ұлттары туралы айтады. Адамдардың əлеуметтік этникалық ұйымдарының ішіндегі ең қарапайым түрі–тайпа. Əлеуметтік ұйымдасудың біршама жоғары деңгейі ұлыс (немесе халық) деп аталады, олар ұлтқа бірігеді. Бір тайпаның немесе басқа да кішігірім этникалық топтың өкілдері бір антропологиялық типке жатады, өйткені олар белгілі бір дəрежеде туыстас болып келеді. Бір халықтың өкілдері, əр түрлі кіші нəсілдер деңгейінде, антропологиялық жағынан елеулі түрде, дегенмен, бір үлкен нəсіл шеңберінде ғана ерекшеленеді.

Осылай, өздерін орыстармыз (оларды басқа адамдар да солай қабылдайды) деп есептейтін адамдардың ішінен еуропеоидтық нəсілдің барлық нұсқаларын кездестіруге болады. Еуропаның кез келген басқа халықтары жайында да осыны айтуға болады. Оңтүстік сібірлік аралық кіші нəсілге жатқызылатын қазақтармен жағдай тіптен қиын, олардың ішінде, еуропоидтық жəне моңғолоидтық белгілер кешені бар өте əр түрлі антропологиялық нұсқалар да кездеседі. Өздерін аталған халыққа жатқызатын көптеген адамдардың пікірлерінің бірлігі шұғыл өзгешеленген нəсілдік типтегі адамдардың халықпен қосылуына кедергі болып табылады. Əуел бастан-ақ антропологиялық жағынан əртүрлі элементтерден құралған халықтарда адамдар физикалық айырмашылықтарға мəн бермейтін жəне бір халыққа өте əртүрлі нəсілдердің өкілдері енуі мүмкін. Тропиктік жəне субтропиктік белдеулердегі аралдар мен жағалаулардағы көптеген халықтар да осындай, негізінен Оңтүстік Америка халқы.

Ұлт адамдарды олардың нəсілдік қатыстылығынан мүлдем тəуелсіз түрде біріктіреді, өйткені оған əр түрлі халықтар кіреді. Нəсілдер жайында айтқанда, қандай да бір аймақтағы нəсілдік құрам жайында айтқан дұрысырақ болады.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *