Электронды бизнес жайлы негізгі түсініктер

Электронды (желілік, сандық) экономика — субъектілері кез келген шаруашылық қызметті жүзеге асыра алатын , сандық телекоммуникациялық желілер (əлемдік ғаламтор, интернет) арқылы өмір сүретін сала, сонымен қатар электрондық бизнес пен электрондық коммерция өндіретін электрондық тауарлар мен қызметтермен қызмет ететін экономика. Электронды экономиканың тауарлары мен қызметтері үшін төлем электронды ақша арқылы жүзеге асады.

Электронды экономика концепциясы ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында пайда болды. Жер тұрғындарының өсуі мен ресурстардың мобилизациялануымен электронды экономика тек электронды бизнес пен электронды коммерциямен ғана шектелмей қалмайды, сонымен қатар өмірдің əрбір аспектісін денсаулықсақтау, білім, банкинг жəне т.б. қозғайды.

Құжаттар мен коммуникацияларды жаппай сандық тасымалдаушыларға аударуды ескере отырып, мемлекетпен коммуникацияларды электрондық платформаға аудару дұрыс деп бағаланады. е — мемлекет пен е — Үкімет өзінің азаматтарына электронды қызметтер мен өнімдерді ұсына отырып, электронды экономиканың мардымды бөлігін құрайды.

Электрондық бизнес — бизнес-процестер, бизнес-ақпаратпен алмасу мен коммерциялық транзакциялар ақпараттық жүйелердің көмегімен автоматтандырылатын бизнес-модель. Шешімдердің көп бөлігі мəліметтерді беру мен веб-сервистерді ұсыну үшін Интернет-технологияларды қолданады. Электронды бизнес кəсіпорынның коммерциялық қызметін автоматтандыратын ақпараттық жүйелердің (АЖ) көптеген сыныптары үшін жиынтық ұғым болып табылады. Сату саласында тұтынушымен өзара əрекеттестікке бағытталған электронды коммерциядан басқа, кəсіпорынның қосылған құн құрудың барлық тізбегін қолдау жүзеге асырылады.

Электрондық бизнестің тарихы тамырымен 1960-70 жылдардағы ақпараттық технологиялар саласындағы революцияның басына кетеді. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың микроэлектроника, компьютерлік техника мен телекоммуникация салаларының жинақталған атауы екпінді дамуы кəсіпорын арасындағы жəне ішіндегі мəлімет алмасуды жеңілдетуге жəне арзандатуға мүмкіндік берді. Ірі корпорациялар, құжаттық жұмыстың ауырлығы мен шығындарын төмендету, сонымен қатар алмасудың жылдамдығын арттыру үшін мəліметтерді электронды алмасудың (EDI, əрі қарай МЭА) қағазсыз технологияларын енгізе бастады.

Электрондық бизнестің өнеркəсіптік жүйелерінің бизнесті автоматтандыру үшін кəсіпорындар қолданатын ақпараттық жүйелердің бірнеше сыныптары бар: • ERP (англ. Enterprise Resource Planning) — кəсіпорынның ресурстарын басқару АЖ. • CRM (англ. Customer Relationship Management) — клиенттермен өзара əрекеттестікті басқару АЖ. • BI (англ. Business Intelligence) — бизнес ақпаратты жинау, талдау мен ұсыну АЖ. • ECM (англ. Enterprise Content Management) — кəсіпорында ақпарат пен құжаттарды басқару АЖ. • HRM (англ. Human Resource Management) — персоналды басқару АЖ. • SCM (англ. Supply Chain Management) — жеткізімдер тізімін басқару АЖ.

2003 жылы бүкіл əлемде электронды бизнестің табысы 1,6 трлн долларды құрайды, жəне оның 1,4 трлн доллары В2В-секторына тиесілі болды. Кез келген кəсіпорын ақпараттық технологиялар арқылы сыртқы ортамен белсенді əрекет етеді. Кəсіпорынның сыртқы ортамен белсенді əрекет етуі корпорацияның іскерлік ортаның өзгеруіне бейімделудің икемділігі мен жеделдігін жоғарылату мүмкіндігін жақсартады. Кəсіпорын əлемдік ақпараттық ресурстарға оперативтік қолжетімділікке ие бола отырып, басқа нарықтық өнімдерді (тауарлар мен қызметтерді) зерттеу негізінде өзінің тауарын оны тұтынушыға жағымды жақтан бөліп ұсына алатындай орналастыруға мүмкіндік алады.

Кəсіпкер талдау мен бақылауды жүргізу арқылы, инновацияларды тауып қолдана алатын бес саланы бөліп көрсетейк:

  • жаңа тауар, қызметті жасау;
  • жаңа шикізатты қолдану;
  • жаңа технологияны қолдану;
  • кəсіпкерлік қызметті жаңадан ұйымдастыру;
  • жаңа нарықты құру.

Инновацияның көрсетілген барлық бес саласы кəсіпкерлік идеяның шексіз ақпараттық алаңын тудырады. Осы идеяларды тудыру үшін ақпараттық іздеудің маманданып қойылған міндетін қою жеткілікті. Болжамданатын инновациялық сала туралы барлық қолжетімді, маңызды жəне шынайы ақпарат жинақталып, жүйелендіріліп, зерттелген кезде, оны қолдану мардымды дəрежеде «техника ісі» ғана болып қалады. Жинақталған ақпарат тəжірибе, ресурс жəне мақсат негізінде əр түрлі критерийлер бойынша талданады. Бұндай талдау мыналарды анықтауға мүмкіндік береді: • нарықта бар жəне тұтынушымен белсенді қолданылатынды; • жаңа əлеуметтік экономикалық əсерді алу үшін нені жəне қалай өзгерту қажет; • не жоқ, бірақ нарықпен қажет етілетінді.

Дəл ақпараттардың жаһандануы инновациялық қызметті жүзеге асыруды айтарлықтай жеңілдетеді. Нарықты зерттеу кезінде тек бір ғана жақпен шектелмеу керек. Мемлекеттердің даму деңгейі əр түрлі, ұлттық жəне аймақтық нарықтардың ерекшеліктері де əр түрлі. Сондықтан да бір нарықта баяғыдан күнделікті болып қалған немесе бұл нарықпен белгілі бір себептермен қабылданбай қалған нəрсе, басқа нарықта сəтті түрде қолданыла алады. АҚШ, Жапония, Германия, Тайвань жəне басқа да мемлекеттер қатарының табысты фирмалар қызметінің статистикасы инновациямен осындай жолдың негізінде жұмыс жасайтын олжалы фирмалардың мысалдарын көрсетеді.

Киберкорпорация (немесе eCorporation – электронды корпорация) – нарықта өзінің орнын басып алу, сақтау жəне ұстап тұру үшін, үнемі өмірдегі өзгерістерді зерттейтін жəне қызметке инновацияны енгізетін экономикалық субъект.

Электронды нақтылы ақшамен төлем жасаудың белгілі бір системасы PayPal деп аталады. Бұл система 1998 жылы АҚШ-та компьютерлермен қолданушылар бір біріне электронды почта арқылы аударымдар жасау мақсатымен ойлап шығарылған болатын. PayPal тұтынушы жасаған аударымдардан белгілі бір пайыз мөлшерінде ұстап қалып отырды. Бұл əдістің ерекшелігі – сенімділігі жəне қауіпсіздігі. Сонымен бiрге, PayPal серiктестiк қазынаның қайтаруды кепiлдiк беру программасын онлайн сатып алуларда оның төлеу жүйесi арқылы iске қосты. Сатып алушыларында бiр мың долларға дейiн өздері қалаған тауарларды сатып алуға мүмкіндік туды. PayPal сақтандыруын алған сатып алушыда тауармен қанағатты емес екендігін, оның кемістігі болса, интернет-дүкенде дұрыс таныстырылмады деп ойласа, 30 күн ішінде хабарлауы керек. Егер сатып алушының талабы қабылданған ережелерге сай болып келсе, онда барлық құнын қайтарады. Кепілдік салдағы 70 фунттан артық емес материалды тауарларға ғана беріледі.

Счет бойынша төлем – бұл сіздің счетіңіз ашылған банкте дистанционды банк-клиент қызмет көрсету системасы болуын айтады. Бұл жағдайда сіз салып алынған тауарларыңызды үйде немесе офисте отырып төлемдер жасау арқылы аласыз. Алдын ала төлемi бар жағдайда, клиент нақтылы номиналы бар карточканы сатып алады, осы карточканың реквизиттерiн сатып алуды жүзеге асыруда көрсетедi. Сəйкесiнше карточкадағы сома сатып алынған құнға азаяды. Əдетте бұл əдiс (интернет-провайдер) қызметтер провайдерлерiмен қолданылады.

Ақша қаражатын оn-line режимде алу техникалых көзқарас бойынша ыңғайлыекенін атап өткен жөн. Алдағы уақытта электронды төлем дəстүрлі төлем əдістерін алмастырады.

Авторлық сілтеме:
Бабажанова Ж.А. Б12 Ақпараттық экономика. Оқу-əдістемелік құралы. — Астана: ЕҰУ АББ, 2011. — 127 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *