XX ғасырдағы Грекия Республикасы

1967 жылы Грекияда фашисттік төңкеріс болды. Елде тоталитарлық әскери билік орнады. 1975 жылы Грекияда демократиялық саяси күштер «Жаңа демократия» және «Жалпы грекиялық социолистік қозғалыс» (ПАСОК) жеңіске жетті. «Қара полковниктер» дәуірі аяқталып, демократия жеңіске жетті. 1975 жылы 11 маусымда Грекияда конституция қабылданды. Демократиялық үкімет Караманис-Папандреу елде әлеуметтік-экономикалық қайта құру реформасын жүргізді. 90 жылдарда елдің экономикасы толық қалпына келтірілді. Реформаның жүзеге асуы барысында халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту шаралары арқасында экономиканың даму қарқыны өсті, жұмыссыздық азайды. Елде «көлеңкелі экономика» (теневой экономика) көлемі азайды, инфляция мөлшері азайды. Жалақыға мораторий жариялады. Ірі капитал иелеріне салық мөлшері өсті.

Елдегі экономикалық даму қарқынының өсуі «грекия социалистік қозғалыс» (ПАСК) партиясының беделі өсіп, 1996 жылғы парламент сайлауында парламентте 162 депутаттық орын алып жеңіске жетті. «Новая демократия» партиясы 109 орынмен оппозицияда қалды.

Елдегі тұрақтылық ұзаққа созылмады. Папандреуге қарсы коррупция мен өз билігін асыра пайдаланған деген айып тағылып, сот үрдісі басталды. Сонымен қатар Грекия Президенті К. Стефонопулосқа жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін айып тағылды. «Социалистік қозғалыс» (ПАСК) партиясының беделі түсті. 2002 жылы Грекияда Олимпиадалық ойын 2004 жылға дайындықпен басталды. Социалистік үкімет олимпиадалық ойындарға белсенді дайындық жұмыстарын жүргізуге кірісті. Елде 130 мың жұмыс орны ашылды.

Грекия үкіметі беделінің өсуіне 2003 жылғы терроризмге қарсы кересте «17 қараша» атты террорлық топтың 19 мүшесін тұтқындауы түрткі болды. Бұл ұйым Грекияда 28 жыл ішінде бірнеше рет әртүрлі қылмыстық әрекеттер жүргізген, үкімет мүшелеріне қарсы қастандықтар жасады. Террорлық ұйымның басшысын тұтқындап, Халықаралық терроризмге тосқауыл қоя алды. Грекияның беделінің өсуіне әкелді.

Грекия орта деңгейдегі индустриялы-аграрлы ел. 2005 жылы Грекия Республикасының Ұлттыұ ішкі өнімі — 2182 млрд. доллар. Жан басына шаққанда — 19880 доллардан келеді. Инфляция 2005 жылы — 3,4%. Экономикадағы басты салалары: ауыл шаруашылығы — 7,1%, өнеркәсіп — 20,3%, халыққа қызмет көрсету — 72,6%. Сыртқы саудада да Грекияның Еуропалық Одақ елдеріндегі үлесі- 50%, басқа елдердегі үлесі-20%. Азия елдері елдері үлесі- 15%, Америка- 3,5%. Грекияның сыртқы саудаға шығаратын өнімдері — балық, асбест, цемент, мақта (хлопок), темекі өнімдері 4,5%, өсімдік майлары 5%, жеміс-жидек, жеңіл және тоқыма тауарларының үлесі- 20%. Грекия импорттары- қара металл (3%), дәрі-дәрмек (4%), мұнай өнімдері (5,5%), машина құралдары (9%) құрады.

2008 жылдан Грекия экономикасы дағдарысты басынан өткізуде. Еуропалық одақ ұйымынан 270млн. евро қарыз алған. Келісімдерге сәйкес қарыздарын қайтару үшін, үкімет ел шығындарын азайтып, салықты өсіруде. Үкіметтің бұл әрекеттері ел азаматтарының наразылығын туғызды. Парламент депутаттары заңдамалар шығару 15 мың қызметкерді жұмыстан босату туралы шешім қабылдады. 2015 жылдың соңына дейін 150 мың адам қызметінен кетеді деп жоспарлап отыр. Зейнеткерлікке кеткен адамдардың жұмыс орындарын жабу көзделіп отыр. Қазіргі Грекияда жұмыссыз бұрын соңды болмаған 22% жетіп отыр. Еуропалық Одақ елдеріндегі дағдарыс экономикалық түйткілдердің туындау себептерінен Грекия Евро аймақтан шығып кету қаупі туындап отыр. Грекия 2010 жылы 270 млрд. евро қарыз алған. «Экономиканың заңы — қарыз арқылы елді сақтап қала алмайсың», — дейді сарапшылар. 2012 жылы Еуропалық Одақ елдерінде жұмыссыздық саны 9 млн. адамға жетіп отыр.

Сыртқы саясаты. Грекия үкіметі экономикалық дағдарысқа қарамастан, сыртқы саясатта Еуропалық Одақ ұйымы және НАТО ұйымдарымен тығыз серіктестік байланыстарды жалғастыруда. НАТО ұйымының белсенді мүшесі ретінде Грекия АҚШ-тың әскери базаларын сақтауда. Балқан соғыстары кезінде НАТО-ның саясатын қолдады.

Грекия-Ресей қарым-қатынастары екі ел мүдделеріне сәйкес дамуда. 2000 жылы Грекия Президенті К. Стефонопулостың Мәскеуге, 2001 жылы Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің Афина қаласына ресми сапарларында, екі жақты сауда- экономикалық ынтымақтастықты жетілдіруге қол жеткізді. Келіссөздер барысында халықаралық терроризмге қарсы күресте қолдап, кез келген шиеленіскен мәселелерді бейбіт жолмен бірігіп шешуге келісті.

Грекия — Қазақстан қарым-қатынастары. 1992 жылы 1 қазанда екі ел арасында елшілік қатынастар орнады. 1997 жылы ақпанда Қазақстанда Грекия елшілігі ашылса, 1998 жылы маусымда Афина қаласында Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.

Екі ел арасындағы жоғарғы деңгейдегі қатынас 2001 жылы шілде де Грекия Республикасына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ресми сапары болды. 2002 жылы маусымда Грекия Республикасының Президенті К. Стефонопулос Қазақстанға ресми сапармен келді. Екі жақты кездесулердің қорытындысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға келісті. 2002 жылы Астана қаласында Қазақстан — Грекия бизнестерінің «дөңгелек стол» форумы өтті. Екі жақты келіссөздердің барысында энергетика, көлік, кеме құрастыру, ауыл шаруашылығы, білім және туризм салаларын дамытуға уәделесті.

Сауда-экономикалық байланыстар: 2005 жылы Қазақстан — Грекия арасындағы сауда айналымы — 147 млн. доллар болды.

Қазақстаннан Грекияға — күкірт, гипс, асбест, мыс, астық, тұз, жеміс-жидек т. б. тауарлар. Грекиядан өсімдік майы, химия өндірісінің тауарлары, киім-кешектер, аяқ киім, электроника құралдары, машина құралдаы. 1993-2003 жылдарда Грекияның Қазақстан экономикасына салған инвеститция мөлшері — 6,6 млн. доллар болды. 2009-2011 жылдарда Грекия экономикасы өте ауыр дағдарысты бастарынан өткізді. 2001 жылы Еуропалық Одақ елдері Грекияға 182 млрд. евро көлемінде көмек берді.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *