XX ғасырдағы Белгия

90 жылдардың бірінші жартысында Белгияда конституциялық реформа аяқталды. Төртінші конституция Бельгиядағы француздар тұратын Фландрия, немістер тұратын Валлония және нидерландар тұратын Брюссель аймақтары жеке автономиялық әкімшілік болып жарияланды. Бельгия корольдігі унитарлықтан федеративтік мемлекетке айналды. 1994 жылғы конституция үш тілде сөйлейтін топтарға тепе-теңдікті бекітті. Бельгияда француз тілінде -32%, фломанд тілінде-58%, неміс тілінде-10% сөйлейді. Конституциялық реформаны қолдайтын саяси партиялар әр аймақтың жеке статусын қолдады. Қолдамағандар реформа Бельгияны бірнеше мемлекетке бөледі деп қарсы болды. Бірақ, конституция бойынша Бельгия біртұтас мемлекет болып қалады- деген шешімге келді. Бірліктің символы конституция бойынша — король болып қала бермек. Бельгия — конституция монархиялық ел.

Бельгия мұрагері Филипп ұсынысымен атқарушы билікті елдегі саяси партиялардан құрылған үкімет атқарады. 1999 жылы 13 шілдеде центристер мен либералдардан құрылған үкіметтің басшысы болып Ги Верховстадт тағайындалды.

Бельгия Корольдігіндегі қазіргі замандағы ең басты мәселелер жеткілікті.

Біріншіден: Бельгиядағы шет елдерден келген иммиграция, олардың арасында мафия, экстремистер және криминалдық топтар;

Екіншіден: Кавказдан келген мұсылмандар, Солтүстік Африка елдерінен келген иммигранттардың арасында әртүрлі ислам экстремистік топтарда елдің ішкі тұрақсыздығына әсер жасап отыр;

Үшіншіден: Елдің ішкі бірлігін бұзу үшін ультра оңшылдар елді бөлуге әрекет жасауда. Фландрия ультра топтары Бельгиядан бөлініп шығуды көздейді.

2003 жылы 18 мамырда парламент сайлауда Фландрия ультра оңшыл топтар Францияның «Ұлттық майдан партиясының» жетекшісі Ле Пеннің қолдауымен ірі саяси партияға айналып, сайлауда сайлаушылардың қолдауына ие болды. Сайлауда либерал және Социалистердің біріккен күштері жеңіске жетті. Премьер- министрі болып Ги Верховстадт сайланды. Парламентте либералдар мен социалистер150 депутаттық орынның 90 депутаттықты жеңіп алды. Сайлауда либералдар жеңіске жеткенімен, елдегі саяси күштер арасындағы билік үшін талас фламондар мен валлондар социалистердің ықпалы либералдарға қарсы күрес, Ги Верховстадт үкіметіне бірлікті сақтау оңайға түспеуі мүмкін, сондықтан үкіметтік тұрақсыздық жалғасып келеді.

2013 жылы шілде айында Бельгия королі өзінің баласы Альбертті мұрагерлік тағына отырғызды. Бельгия халқы салтанатты түрде атап өтті. Бельгия королі мұрагер Филипп тағайындалды.

Сыртқы саясаты. Бельгия корольдігінің сыртқы саясаты дәстүрлі түрде Еуропалық Одақ ұйымымен тығыз байланыста жалғасып келеді. Еуропалық Одақ ұйымының барлық институттарын реформалауда белсенді жұмыс атқарып отыр. Бельгияның сыртқы саудасында Еуропалық Одақ ұйымы басты серіктестігі, 76% экспорт, 71% импортта Бельгиянының үлесінде.

2001 жылы Бельгия және Ресей арасындағы экономикалық комиссия мүшелерінің кездесулері өтіп тұрады. Сауда айналымы 2001 жылы екі ел арасында 30 млрд. Бельгия франкосын құрады. 2001 жылы қазан айында Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путин Белгияға ресми сапармен барып, Бельгия королі Альберт ІІ кездесті. 2003 жылы Бельгия-Ресей елдері арасындағы елшілік қарым-қатынастарының орнағанына 150 жылдығын атап өтті. Біріккен бағдарлама қабылдап, ұзақ мерзімге ынтымақтастықты жалғастыру туралы мәлімдемеге қол қойылды.

Қазақстан — Бельгия қарым-қатынастары. 1991 жылы 31 желтоқсанда Бельгия корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады. 1992 жылы 25 тамызда екі ел арасында елшілік орнады. 1993 жылы Бельгияда Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды. 1996 жылы Қазақстанда Бельгияның құрметті Консулы жұмыс істей бастады.

Қазақстан Республикасы мен Бельгия корольдігі арасындағы саяси қарым-қатынастар 1993 жылы 1-ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев ресми сапармен Бельгияға баруынан басталады. Кездесулердің барысында Н. Ә. Назарбаев Бельгия королі Бодуэн І және премьер-министрі Л. Деанамен келіссөздер жүргізіп, екі ел арасындағы қарым- қатынастар туралы Декларацияға қол қойылды. 1998 жылы 15-17 сәуірде Бельгия премьер-министрі Ж-Л. Деан Қазақстанға ресми сапармен келді. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевпен кездесті. Екі жақты келіссөздердің барысында инвеститцияны қорғау, екі жақты салық мөлшері, мұнай өңдеу, кредит салаларын дамыту туралы сөз болды.

2000 жылы 26-27 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев Бельгия корольдігіне ресми сапарымен барды. Сапар барысында Н. Ә. Назарбаев Бельгия королі Альберт ІІ кездесті және бизнес саласындағы кәсіпкерлер және Антверпен губернаторымен кездесті.

2004 жылы 9 шілдеде Эдинбург қаласында Қазақстан Республикасының парламент делегациясын қабылдады. Бельгияның парламент депутаттарымен кездесті. 2004 жылы 18 қыркүйекте Астанаға Бельгия парламент депутаты Ф-К де Доннее келді. Келіссөздердің барысында екі жақты парламентаралық комиссия құрылды.

Сауда-экономикалық байланыстардың барысында екі ел арасындағы сауда айналымы — 2005 жылы 154,7 млн. долларға жетті. Қазақстан экспорты — 9,9 млн. доллар, импорт — 108,1 млн. доллар.

Қазақстан Бельгияға экспорт тауарларын шығарып келеді. Олар: түсті металлургия, тоқыма бұйымдары, жүн, химия өнімдерін шығарады. Бельгия Қазақстанға машина жабдықтары, электротехника, тамақ өнімдері, химия өндірісіне қажетті құралдар әкеледі. Қазақстанда 9 біріккен кәсіпорындары жұмыс істейді. «Алматы Гринхауз Компания», ТОО «Эркант», «Эй-Энд-Эй Эйша» т. б.

Екі жақты ынтымақтастықтың барысында «Лавален» компаниясының қатысуымен Ақтөбе облысында Жаңа жол газ өңдеу заводы, «Пеком» компаниясы Атырау қаласында полепропилен шығару заводын салуды іске асыруда. Шымкент қорғасын заводы мен Бельгияның «Юниан Миньер» компаниясы арасында ынтымақтастық жалғасуда. Өскемен титан-магний комбинаты мен Бельгия компаниясы «Спешиэлти металз» арасында келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар Қазақстан үшін Бельгияның қалалары Роттердам және Антверпен порттары арқылы Еуропаға 150 млн. т. мұнай және 80 млрд. газ жеткізу үшін пайдалануды қызықтырады.

1995-2000 жылдарда Алматы қаласында электр энергиясын пайдалануда Бельгияның «Трактабель» компаниясы өзінің инвеститциялық міндеттерін орындамағаны үшін қызметін тоқтатты. Сонымен қатар Ақтөбе, Семей қалаларындағы жүн өңдеу заводтарына инвеститция салуға келісті. 1993-2005 жылдарда Бельгия Қазақстанға 170,8 млн. инвестиция салды.

2003 жылы наурыз айында Брюссель қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының өнерпаздары концерт қойды. 2003 жылы қазан айында Бельгиядағы Қазақстан Республикасының елшілігі «Бельгиядағы Қазақстан күндеріне » орайлап мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *