Адамдардың өмір-жасының ұзаруы урологиялық аурулардың жасқа катысты шектерін ұлғайтты. Урологиялық аурулардың негізгі белгілері мыналар: өзіне тән оқшаулануы мен иррадиациясы бар ауырулар, несеп шығарудың кінараттылығы, несептің мөлшерлік және сапалық өзгерістері, несеп шығару өзегінен патологиялықбөлінділердің шығуы.
Ауыру — урологиялық кеселдердің ең мәнді және неғұрлым жиі болатын нышандарының бірі. Шығу тегі жағынан ауыру шаншып не қақсап ауыратын болуы,тыныш қалыпта не қозғалғанда білінетін болуы мүмкін. Науқастардың медициналық көмек сұрауының ең жиі кездесетін себебінін өзі де осы ауыру сезімі.
Ауыру белдің төңірегінде, шап өзегінің сыртқы бөлігінде, шат аралығында, тік ішектің төменгі шегінде, қасаға байламында шоғырлануы мүмкін.
Ауыру әдетте ауырған органның орнына сәйкеседі, алайда басқа органнан таралған, иррадиацияланған болуы мүмкін. Мысалы, бүйрек шаншуында (несепағарда, шумекшеде тас болуы) ауыру төмен шапқа, жыныс органдарына, санға иррадиацияланады.
Бүйрек пенжоғарғы несеп жолдарының аномалиялары мен аурулары кезінде неғұрлымжиі болатын симптом (нышан) бүйрек шаншуы. Бүйрек шаншуының ұстамасы әдетте кенеттен, ауыр күш түскеннен кейін пайда болады. Ауыру пышақпен кескендей өткір сипатта болады. Науқастар мазасызданып, тесекте дөңбекши береді. Бүйрек шаншуының ұстауы әдетте қысқа мерзімді болады.
Бүйрек шаншуы кезінде несеп оған қан араласқандықтан қызыл түске боялады.
Бүйрек шаншуы — бұл жоғарғы несеп жолдарының жылтыр бұлшық еттерініңқұрысып қалуының салдары. Кейде белдің маңы қақсап ауырады, әдеттегіиррадиация болмайды, енді бір жағдайларда ауыру реакциясы мүлдем болмайды (уақытша өзі дара қалған бүйрек).
Құрсақ астының, мықын асты маңының тартып ауыруы бүйректердің дистопиясына, таға тәрізді бүйрекке тән. Таға тәрізді бүйрек кезінде ауыру сезімі бүйрек мойыншасының колқаға, төменгі қуысты венаға, нерв өрімдеріне батуынан да болады.
Бүйректің киста аурулары (поликистоз, мультикистозды бүйрек, мультиокулярлық бүйрек, бүйректің солитарлық кистасы) кезіндегі ауыру сезімі де әдетте тартып ауыратын сипатта болады және ұлғайған кисталардың бүйректің фиброздық капсуласын керуіне байланысты. Аномалъдық бүйректер инфекцияның енуіне — пиелонефритке шалдыққыш (82%), ал мұның көп жағдайда бүйректіңқұрысуына апарып соғатыны мәлім.
Жедел пиелонефрит кезінде толып жатқан симптомдар тән: жоғары температура, қабырға астының, белдің шаншып ауруы, несепте лейкоциттердің болуы. Бүйректің іріңді нефриті не карбункулы кезінде үнемі шаншып ауырып, науқас температурасы көтеріліп, қалтырайды.
Жаңа түзілім кезінде бүйрек маңының ауырғаны шамамен бар жағдайдың60 процентінде байқалады. Қақсап ауыру сезімі ұлғайған бүйректің көрші органдар мен нерв өрімдеріне батуынан, сондай-ақ бүйректің сезімтал нервілері мол фибриоздық капсуласының керілуінен де болады.
Несепағарды қан ұйымалары бітеп тастаған кезде де шаншып ауыруы мүмкін.
Гидронефроз кезінде жанға батпай ауырады. Бұлайауырған кезде науқастар ауырғанының интенсивтілігінен гөрі үнемі тынбай ауырғанынан мазасызданады. Нефроптоз кезінде мұндай ауыру тамырлы ашаның керілуінен болады.
Бүйрек жарақаттанғанда ауырғанның үстіне гематурия байқалады (96%), мұндай жағдайларда ол несепағар үзілгенге ғана болмауы мүмкін.
Қуық өңірінің ауыратыны әдетте несеп шығару актісімен байланысты. Көбінше, әсіресе балаларда қуықта тас болған кезде ауырғаны жыныс мүшесінің басына иррадияцияланады.
Қуық өңіріндегі ауырғанды сезінудіңең жиі кездесетін себептерінің бірі қуықалды безінің, ішінара үрпі құрылымының қатерсіз гиперплазиясы болып табылады. Несеп қатты бөгелген жағдайда шаншып шыдатпай ауырады. Науқас қанша қысылса да кіші дәрет сындыра алмайтынын айтады. Дизурияның жүрген кезде, көлік селкілдеткенде күшейіп, тыныш қалыпта тоқталатыны қуық тасына барынша тән. Несіп шығарып тұрғанда ағыстың кенет тоқтауы кептелудің нышаны, ал тұлға-дененің жағдайы өзгерген кезде ағыстың қайта басталуы да қуықта тас болуының тән белгісі.
Егер науқас жарақаттанып есеңгіреп қалған жағдайда құрсақтан төмен тұсауырып, кіші дәрет үздіксіз дерлік қысып тұрса да, несеп шықпайтын болса, ал күшенген кезде үрпілен қан тамшылары шықса, онда бұл қуық жыртылғанының айқын белгісі. Перитонит нышандарының көрінуі қуық ішперде ішінде жыртылғанынкерсетеді.
Қуықалды безі ауырған кездегі ауырсыну әдетте шат аралығымен шектеледі, кейде тік ішектіңтөменгі ұшында батып тұрғандай ауырлық сезіледі.Ауырсыну ұрық бауының бойымен шап маңына, енге иррадиацияланады, ал осы орайда негізінен түнденесеп шығару басталса, онда бұл қуықалды безінің немесе ұрық қуықшаларының ауырғанының белгісі.
Қуықалды безі маңының үнемі сыздап ауырғаны тас болғанының белгісі. Жедел простатитте, простата абсцесінде ауырсыну өткір сипатта болып, анық білінетіні соншалық науқас отыра алмай, қозғала алмай айрықша амалдауға мәжбүр болады.
Үрпідегі ауыру. Отырған не жүрген кезде үрпідегі ауырудың байқалуы артқы үрпіде тас болғанының сипаты. Шат аралығының шаншып ауыруы, несеп шығарудың болмауы, қатты есеңгіреген жағдайда шат аралығында урогематоманың болуы үрпінің жыртылғанын көрсетеді. Аурудыңқауырт басталуы, ұма маңының шаншып ауруы, еннің ісініп шапшаң үлкеюі, қабықтарда жалқаяқтың болуы жедел орхитке тәм. Егер ауырсыну тартып ауыру сипатында болып, еннің не ұрық өзекшесі бойының дуылдағаны сезілсе, онда ұрық бауы веналарының варикоздық кеңеюін көрсетеді.
Несеп шығарудың бұзылуы. Несеп шығару кезіндегі ауырсыну несеп шығару актісінің басында, аяғында және бүкіл өн бойында болуы мүмкін. Кілегей урпі қатты кабынған кезде несеп тұздары қабынған кілегейді тітіркендіретінімен байланысты ауырсыну несеп шығарудың басында болады. Несеп шығару актісінің бүкіл бойында ауырсыну үрпі тарылғанда, үрпі мен күпеттің ісуінде, дамуында аномалия болғанда байқалады.
Дені сау адам теулігіне 5-7 мәрте несеп шығарады. Дені сау адамдардың көпшілігі түнде кіші дәретке бармайды не бір-ақ рет барады. Әрбір несеп шығару кезіндегі несептің мөлшері орташа алғанда 150 ден 300 мл-ге дейінгі аралықта болады. Кіші дәретке қысылудың жиілеуі және бұл орайда несептің аз мөлшерде шығарылуы поллакиурия деп аталады. Созылмалы цистит кезінде поллакиурия тәуліктің кез келген уакытында байқалады. Егер кіші дәретке қысылудың саны түнгі уақытта едәуір көбейсе, онда ол никтурия деп белгіленеді және қуықалды безінің қатерсіз гилерплазиясы кезінде тән.
Несеп шығарудың бұзылуының енді бір көрінісі несеп ұстамау болып табылады. Бұл терминмен айтқанда кішідәретке барғысы келмей-ақ несептің ырықсыз шығарылатыны ұғынылады. Несеп ұстамаудың ерекше бір түрі парадокстық ишурия болып табылады. Ол несепті ұзақ тежеудің салдарынан басталады; мұндайда қуықтың бұлшық ет қабырғасы шамадан тыс керіледі де асып толған қуыққа түскек несеп ырықсыздан тамшылап сыртқа шығады. Парадокстық ишурияның неғұрлым жиі болатын бір себебі асқынған қуықалды безінің қатерсіз гиперплазиясы және үрпінің тарылуы болып табылады.
Несептің ұсталмауы -мұндай жағдайда науқастар кішідәретке барғысы келуінтежей алмайды. Мұның себебі көбіне қуықтың, әсіресе оның мойыншасының, артқы үрпінің қабынуы болады.
Несеп ұсталмауына қарама-қарсы жағдай несеп шығарудың тежелуі, мұндайда қуықаса толғанның өзінде оның босауы мүмкін болмайды. Несептіңтежелуі ішінара нетолықболуы мүмкін.
Несеп күрт тежелген кезде кіші дәреттіңқатты қысқанына және шамадан тыс күшенгенге қарамастан біртамшы несеп шықпайды. Қалдық несеп біртіндеп жиналып, қуықты кереді де, несептің күрт бөгелуіне апарып соғады. Ондайда құрсақтың асты қатты ауырады. Қасаға үстінде қатты керілген қуықбайқалып пальпация кезінде өте ауырады.
Несептің катты тежелуі үрпіге сырттан ісіктің, қабынба иифильтраттың батуы салдарынан болады. Ол сондай-ақ үрпі жарақаттанып жыртылған кезде, несеп шығару өзегін тас бітеп қалған кезде және т.б. жағдайларда болуы мүмкін.
Несеп шығарудың болмауы қуық бос болған кезде, яғни бүйректер несеп бөлуді тоқтатуының салдарынан несеп қуықка түспеуі кезінде байқалатынын есте сақтау керек. Мұндай жағдай анурия деп аталады.
Несептің мөлшерлік өзгерулеріне полкурия, олигоурия, анурия жатады.
Полиурия — бұл несеп бөлудің бұзылуы; мұндайда адам әдеттегі 1200- 1500 мл-дің орнына тәулігіне 3-4 л несеп бөліп шығарады. Урологиялық аурулар кезінде полиурия көбіне бүйректердің шоғырландыру қабілеті бұзылған уақытта компенсаторлық сипатта болады. Есте ұстайтын бір жәйт, полиурия көбіне несептің қатты тежелуі жойылғаннан кейін басталады. Полиурия сұйықты тым көп ішудің, несіп айдау құралдарының нәтижесі болуы мүмкін, мұндайдаол транзиторлықдеп аталады.
Олигория — несеп мөлшерінің азаюы — қарапайым және токсиндік диспепсиялар, құсу, көп қан кету секілді организм көп сұйықтықтан айырылатын жағдайларда байқалады.
Анурия — несеп бөліп шығарудың бұзылуының еңқатерлі және ауыр түрі, ол куықта несептің болмауынан көрінеді. Анурия бүйректердің несеп бөліп шығаратын секреторлық функциясының тоқтауының салдары; алайда ол екі несепағардың екеуінің де өткізгіштігінің бір мезгілде бұзылуының салдарынан механикалық та болуы мумкін. Анурия кезінде куық бос болады, оны катетерлеу арқылы оңай анықтайды. Анурияның преренальдық, аренальдық, ренальдық, субренальдық, және рефлекторлық түрлері сараланады. Пререналдық анурия көбіне жалпы қан ағысының бұзылуымен байланысты; мұндайда артериялыққысым 60 мм сын. бағ. төмен түсіп төмендейді немесе бүйрек артериясының біреуі не екеуі де тромбоз болуынан болады.
Анурияның ареналдық формасы екі бүйрек те туа жоқ болған кезде немесе қалған жалғыз немесе туа жалғыз біткен бүйректі операциямен кездейсоқ алып тастаған кезде болады. Анурияның бұл түрінің диагностикасында шешуші жағдай мұқият жиналған анамнез (жарақат, операция жене т.б,) болып табылады.
Гломерулонефрит, күйік, жүкті әйелдердің токсемиясы, улану кездерінде анурияның реналдық формасы пайда болуы мүмкін. Мұндайда бүйректегі қан ағысы бұзылады немесе бүйректің секреторлық аппаратының некротикалық зақымдалуы салдарынан болады.
Субреналдық анурия көбіне жоғарғы несеп жолдары өткізбейтіндей болған кезде, екі несепағардың екеуі де бітеліп немесе тас не ісік батып, несеп жүрмей қалғанда пайда болады. Мұндайда бүйрек ішіндегі қысым тез көтеріледі, қан айналысы бұзылып, анурия өрбиді.
Рефлекторлықанурия соншалық сирек емес. Ол қуықты катетерлеуден, бүйрекке операция жасалғаннан кейін, жарақаттанудан кейін, простатаның аденомасы кезінде пайдаболуы мүмкін.
Несептің сапалық өзгерулері. Дені сау адамдарда несептің түсі сарғылт, мөлдір болады. Жаңа шыққан несептің реакциясы қышқыл, салыстырмалы тығыздығы (үлесті салмағы) 1012-1020 аралығында ауытқиды.
Гематурия, Макро — және микроскопиялықгематурия болып сараланады. Макроскопиялықгематурия бастапқы немесе инициалдық, ақтық немесе терминалдық және толық немесе тоталдық деп үш түрге бөлінеді. Инициалдық гематурия үрпіден, көбіне алдыңғысынан қан кетудің салдары болып табылады. Гематурияны уретроррагиядан ажырата білу керек; уретроррагия кезінде несеп үрпіден несеп шығару актісінен тыс бөлінеді. Инициалдықгематурия үрпінің ісулері кезінде, несепшығару өзегі жарақаттанғанда, үрпі кездейсоқ зақымдалатын аспаппен зерттеуден кейін байқалады. Терминалдық гематурия кезінде қан аққан негіз көбіне қуықта не артқы үрпіде шоқталады. Терминалдық гематурияның себептері қуықта тас, ісік, уылма жара болуы.
Тоталдық гематурия кезінде қан аққан негіз көбіне бүйректе шоқталады, кейде проффуздық сипатта болуы мүмкін; мүндайда несеп қан қойыртпақтары араласып қызыл күрең (шие тоспасының тұсі) болып шығады. Қойыртпақтардың формасының да диагностикалық мәні бар. Мысалы, егер несіпте «құртшалар» бітімдес қойыртпақтар кездессе, онда қан аққан негіз көбіне бүйректің ісігі болуы мүмкін, ал формасыз қойыртпақтардың болуы қуық ісігіне тән. Тоталдықгематурия несеп-тас ауруы кезінде де байқалуы мүмкін, алайда ол көбіне микроскопиялық, ішінара макроскопиялық бодады.Несеп-тас ауруы негізіндегі гематурия көбіне кенет ауру қысқаннан кейін анықталады. Тоталдық гематурия бүйрек паренхимасы мен жоғарғы несеп жолдарының көптеген қабынба ауруларымен қабаттасады.
Макрогематурия кезінде қан аққан негізді анықтау үшін әрқашан цистоскопия жүргізу қажет. Гематурия (әсіресе профуздықгематурия) кезінде цистоскопияны қоя тұру керек деген кейбір дәрігерлердің пікірі ешқандай сын көтермейді. Керісінше, мұндай жағдайларда ол ерекше қажет, өйткені шұғыл операция жасау қажет болатын жағдайлар кездеседі, сондықтан қанның қай жақтан және қайдан аққаны цистоскопиядан кейін ғанатиянақталады.
Несепте ірің қоспасының(пиурия) болуы әрең байқалатын шамадан диффузиялық лайлануға дейін, ірің тұнбасы түзілетін шамаға дейін болуы мүмкін. Пиурия несеп жолдарының қабыну процестерінің бәріндеболады.
Қабыну процесінің шоғырлануы туралы бағдарлы түсінік алу үшін екі не үш стақандық сынама пайдаланылады. Егер біріншістақанда несеплай, екіншісінде мөллір болса, онда қабыну процесі алдыңғы үрпіде шоғырланған. Екі үлес те бірдей лай болса, онда ipiңнесепке жоғары жатқан органдардан (қуықтан, несепағарлардан, бүйректерден) келіп араласқаны. Егер бірінші үлес мөлдір, екіншісі лай болса, онда іріңқабынған қуықалды безінен шыққан. Бүйректің кейбір ауруларында лейкоцитурия міндетті компонент болып табылады, ал енді біреулерінде негізгі патологиялық процесті инфекция асқындырған жағдайда ғана басталады.
Лейкоцитурия анықталған кезде науқасты қабынған негізді анықтау тұрғысынан тексеру қажет. Есте ұстайтын жайт, белсенді қабыну процесінде мөлдір несепте 2-3 есе ұлғайтылған лейкоциттер анықталады,
Гемоглобинурия. Ол эритроциттерден гемоглобиннің босап шығуының нәтижесінде несепте пайда болуы болып табылады.
Альбуминурия. Дені сау адамның несебінде белок іздері болады. Ақиқат және жалған альбуминурия бар. Ақиқат альбуминурия бүйрек шумақтарының жарғақтарында дегенеративті процестер (гломерулонефрит, бүйректердің амилоидозы, нефроз және т.б.) кезінде пайда болады; жалған альбуминурия несепте эритроциттер мен лейкоциттердің көп мөлшерінің қоспасына тәуелді, бұлардың белоктары несепке өтеді.
Цилиндрурия. Цилиндрурия урологиялық практикада өте сирек байқалады және урологиялық ауруға гломерулонефрит, нефроз, бүйректердің амилондозы қабаттасқан кезде болады. Қалыпты несептің стерильді екені мәлім, алайда кейбір аурулар кезінде бүйрек фильтрі бұзылып, несепке бактериялар түседі -бактериурия (ішек таяқшасы, стафилококк, көкірінді таяқша жене т.б.).
Лимфаның несепке араласуы -лимфорея -лимфалық тамырлардың несеп жолдарымен қатынасуының салдары; бұл көбіне тостағаншалар не шүмекше деңгейінде болады. Несепте эхинококктың ұсақ бөлінген көпіршіктерінің болуы — эхинококкурия — бүйректегі гидатиоздық қуықшаның жарылуы кезінде пайда болады. Біршама жиі болатын жағдай -несеппен фосфор қышқылының кальций және магний тұздарының көп мөлшері бөлініп шығады -фосфатурия.
Несепте қымыздыққышқылы кристалдарының — оксалаттардың, негізінен қымыздық қышқыл калъцийдің көбеюі -оксалурия -қымыздық қышкылы мол тамақты көп жегеннен кейін (шоколад, шпинат, қымыздық) пайда болады. Фосфатурия секілді оксалурия да несеп жолдарын тітіркендіріп, несеп шығару кезіндеауырсындырады.
Уратурия кезінде несеп тұнбасына көп мөлшерде несепқышқыл тұздары (ураттар) түседі. Уратурия болғанда несеп кірпіштей қызыл түс алады. Уратурия көбінде ет тағамдарын көп жегенде, жүрек жетімсіздігінде, кейде жоғары температура кезінде пайда болады.