Түргеш қағанаты туралы слайд

Слайд тақырыбы бойынша зерттеу барысы: Батыс Түрік және Түргеш қағанаттарының тарихына салыстырмалы талдау жасау, Түргештердің қытай, араб, шығыс түркілермен күрестері туралы мәлімет. Түргештер VI ғасырда Батыс Түрік қағанатының құрамында болды. Олар Іле, Шу өзендерінің аралығын қоныстанып, Шу түргештері (сары түргеш) және Іле түргештері (қара түргеш) болып бөлінді. VII ғасырдың соңында түркілердің Қытайға қарсы күресі түргеш тайпаларының күшеюіне әкелді. 704 жылы түргештер Жетісуда өз саяси үстемдігін орнатты.

Слайд

Жалпы мәлімет

Слайд беттерінде көрсетілгендей Түргеш қағанатының негізін Үшлік қаған қалады. Үшлік елді 20 әкімшілік аймаққа бөлді, оның әрқайсысы әскер шығарды. Ол бас орда етіп Шу өзені бойындағы Суяб қаласын белгіледі. Екінші ордасы Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласында болды. Түргеш қағанаты тарихындағы әйгілі билеушілер: мемлекеттің негізін қалаушы Үшлік және Сұлық (Сұлу). Олардың тұсында түргештер нығайып, Жетісудағы ең қуатты мемлекетке айналды. Түргеш қағанатының жағдайы құрылған кезінен бастап күрделі болды. Оңтүстік-батыста олар арабтармен қиян-кескі күрес жүргізді. Оңтүстік-шығыста Қытай басқыншылығына төтеп берді, шығыстан Шығыс Түрік қағанаты қауіп төндірді.

Слайд

Екінші слайд Түргеш қағанатының арабтармен күресін баяндайды. VII ғасырдың екінші жартысында арабтар Орта Азияға басқыншылық жорықтарын бастады. VIII ғасырдың басында араб әскерлері түргештердің шегарасына жақын келді. Үшлік 706 жылы араб әскерлерімен күрес жүргізіп жатқан соғдыларға көмек беруге тырысты. Түркі-соғды одағының біріккен күштері Бұхара түбінде араб әскерлеріне айтарлықтай соққы берді. Алайда бұл жеңіс ұзаққа бармады. Араб қолбасшысы Құтайба ибн Мүсілім одақтастар арасындағы келіспеушілікті пайдалана білді. Құтайба Орта Азия жерін басып алды.

   Скачать / Жүктеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *