Топырақтың коллоидтары жəне сіңіру қабілеті

Топырақ қатты, сұйық жəне газ фазаларынан тұрады. Олардың арасында алмасу жəне сіңіру рекциялары жүріп жатады. Сұйық жəне газ фазалары жылжымалы жəне өзгергіш, ал қатты фазасы инертті болады. Топырақтың қатты фазасының ең белсенді бөлігі, мөлшері 10-5 -10-7 шамасында. Олардың 1 граммының меншікті көлемі 10-50 м 2 –ге дейін жетеді. Сондықтан коллоидтардың сіңіргіштік қасиеті күшті. Коллоидтық қасиеті бар топырақ бөліктерінің жиынтығын топырақтың сіңіру кешені (ТСК) дейді. Ол топырақтың жоғарғы дисперсиялы минералдық жəне органикалық бөлігі. Құрамына қарай коллоидтардың минералдық, органикалық, органоминералдық түрлері болады. Осылардың ішіндегі топырақтағы ең көбі минералдық коллоидтар. Колоидқа бай балшықты жəне жеңіл балшықты топырақтар, өйткені оларда гумус көп. Колоидтар ерітінді (золь) жəне тұнба (гель) түрінде кездеседі. Коллондтардың ерітіндіден тұнбаға көшуін коагуляция деп атайды.

Алмасу катиондары. Топырақтың дисперсиясы бөлігі сіңірген жəне алмасуға қабілеті бар катиондарды алмасу катиондары дейді. Тұзды ерітіндіден топырақтың сіңіріп алатын алмасу катиондарының мөлшерін оның катиондар сіңіргіш сиымдылығы деп атайды. Ол 100 грамм топыраққа келетін мг. эквивалентпен есептеледі. Ең көп сіңіргіштік сиымдылық қара топырақтарда (50-60мг экв/100г) болады. Топырақтың теріс зарядталған алмасу катиондарының құрамында Са2+, Mg2+, K+ , Na+ , H+ , Al3+, NH+, Fe2+, SO4 2- жəне басқа аниондар болады. Алмасу катиондары құрамына байланысты топырақтар негіздермен қанықтырылған жəне қанықтырылмаған болып екіге бөлінеді.

Топырақтың сіңіру қабілеті. Топырақтың қатты бөлігінің су ерітіндісінен кейбір заттар мен тұздарды сіңіріп, оларды біріктіріп байланыстыру қабілетін оның сіңіргіштігі дейміз. Топырақ сіңіру қабілеті беске бөлінеді.

Биологиялық сіңіру — өсімдіктер тамырлары ерітіндісінен коректік заттарды сіңіруі. Мысалы, азот тұздары биологиялық сіңіру арқасында өсімдік пен микроорганизмдер денелеріндегі ақуыз құрамында бекіп қалады. Өсімдіктер азот тұздарын топырақтан, ал бактериялар ауадан тікелей сіңіре алады. Өсімдіктер қурағаннан кейін олардың денелеріндегі коректік заттары ыдырап, минералданып, топыраққа қайтып оралады.

Механиклық сіңіру деп топырақтың басқа да қуыс денелер сияқты, өзінен өткен лай, құм, тағы басқа қатты заттарды өткізбей ұстап қалатын қабілетін айтады. Бұл қаблет топырақтың гранулометриялық құрамына, түйіртпектігіне байланысты. Балшық, құмбалшық, түйіртпекті топырақтардың гранулометриялық сіңіру қабілеті құм, құмдауыт, топырақтарға қарағанда жоғары болады.

Физиклық сіңіру қабілеті немесе молекулалық адсорбция деп топырақ бөлшектерінің сырттың молекулалық күшімен газды жəне ерітінді заттарды сіңіріп, ұстап қалу қабілетін айтады. Мысалы, молекула су буларының, жарғақты сулардың, бояғыш (сия) жəне иісті заттардың сіңірілуі.

Химиялық сіңірудің мəні — топырақ құрамына тұздар мен топырақтың ерітіндісіндегі тұздардың өзара химиялық алмасу реакциясына түсіп, топырақта тұрақты ерімейтін қосындылар жасауында. Химиялық сіңіру нəтижесінде түрлі қоспалар құрылады. Олар сумен шайылмайды,сондықтан, топырақта өсімдіктерге керекті заттар-катиондар мен аниондар сіңіріліп ұсталады.

Физика-химиялық алмасты сіңіру. Топырақтың ерітінді тұздар катиондарын сіңіріп, алмасты ретінде ерітіндіге катиондарды ығыстыруын физика-химиялық алмасты сіңіру дейді. Бұл топырақтың сіңіру қабілетінің басты түрі.

Топырақ ерітіндісі жəне орта реакциясы. Топырақта əрқашан су болады, бірақ ол таза су емес. Онда еріген əр түрлі тұздар, ауа, органикалық заттар болады. Сондықтан оны топырақ ерітіндісі дейді. Ерітіндінің концентрациясына жəне реакциясына байланысты топырақ сортаңдалмаған жəне сортаңдалған болып бөлінеді. Топырақтың маңызды химиялық қасиетіне топырақ реакциясы жатады. Заттардың қышқылдық қасиеттері сутегі (H), сілтілігі-(OH) гидроксил иондарының мөлшеріне байланысты. Егер H мөлшері OH–тан көп болса, реакция қышқыл, кері жағдайда сілтілі, ал H=OH бейтарапты болады. Топырақ ерітінсінің реакциясын РН символымен белгілейді. Ол 1-ден 14-ке дейін ауытқиды. Бірақ табиғи жағдайда РН 3-тен 9-ға дейін өзгереді. PH=3-4 болғанда топырақ реакциясы өте қышқыл, PH=4-5 қышқыл, PH=5-6 сəл қышқыл, PH=6-7 шартты бейтарап, PH=7- бейтарап, PH=7-8 сəл сілтілі, PH — 8-ден көп болғанда сілтілі деп есептеледі. Өсімдіктер мен микроорганизмдер əр мөлшердегі ортада өседі. Мысалы, бактериялар РН = 6,5-7, саңырауқұлақтар PH=4 тіршілік етеді, ал мақта, жоңышқа дақылдры PH = 7,5-8,5, бидай, бұршақ -7-8, арпа, сұлы-5-6, картоп –5 болғанда жақсы өсе алады. Топырақ ерітінсінің қышқылдығына ондағы бос органикалық қышқылдар немесе олардың қышқыл тұздары əсер етеді. Топырақ қышқылдығы актуалдық, потенциалдық, алмасу жəне гидролитикалық түрлеріне бөлінеді. Қышқыл топырақтарды жақсарту үшін əктеу , ал сілтілі топырақтарды гипстеу керек.

Авторлық сілтеме:
Егіншілік негіздері. Оулық. Жаңабаев Қайырбек Шабантайұлы — Алматы, ҚазҰАҮ, 2012. 160б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *