Тіс жүйесінің дамуы

Қатал генетикалық бақылау өте маңызды жəне ол сол немесе басқа жүйенің негізгі кезеңінде пайда болады. Бұл құбылыс жүйе мен белгінің даму «старты» болып табылады, «старт» басталған сəттен бастап (яғни, ары қарайғы өсудің бағытын таңдау негізі), реттеуші механизмдер мен процестің өзі де түрлі экзогенді жəне экзогенді факторлармен əсерлесуге ұшырайды (немесе оларды даму «шулары» деп атайды). Нəтижесінде эндогенді шартты реттеу процестің механизмі тұрақты реттеуге көшеді. Сонымен қатар, генетикалық жағынан біріккен реттеуші механизмдер жүйесінің бірқалыптылығын сақтауға арналады, ал экзо мен эндогенді «шулар» не оң ықпалын береді не қалыпты дамуды бұзады.

Егер тіс жүйесі туралы айтатын болсақ, гиподонтизмнің көрініс беруі дамудың «старт» бастауымен байланысты. Мұның себебі, эндогенділік, яғни тістің қалыпты дамуына жауап беретін белгілі бір фактор гендік комплекстің экспрессиясын тежейді. Егер фактролардың əсер етуі тоқталса, жаңа «старт» бастауының, жұмыс жасаудың маңыздылығы болмауы мүмкін. Себебі, оң саты қосылады, өзге реттеуіш механизмдер не қосылмаған немесе «бос күйде» жұмыс жасай береді (мысалы, басқа тістің өсіп шығуына ықпал етті). Биохимиялық əсерлер деңгейінде даму ортасы өзгерді, барлық орындар толық, тістің дамуына орын жоқ.

«Старт» бастамасындағы біраз кідірістен соң, тіс ретенциясы жүреді (тіс қалыптаса бастайды, бірақ өзге тістер арасында дамуға орын жеткіліксіз) немесе «қасқыр» тістері (қалыпты, бірақ өзге тістермен қыстырылып өскен) дамиды. Мысалға жиі кездесетін краудингті алуға болады. Тура осындай қорытындыға өте ерте келген «старт» алып келуі мүмкін. Ондағы тежеуші фактроға тартылмаған сут тістері жатады. Тістердің гипердонтизмі мен неонатальді генерациясының механизміне ұқсас процестер жүруі мүмкін, бірақ олардың айырмашылығы, осы «артық» тістердің өсуін тежейтін геностартерлер белгілі бір сəтте алынып тасталуымен байланысты. Алайда, бұл тек бір себеп ғана емес.

Əрине, егер бала организмі түрлі əсерлер нəтижесінде əлсіреген болса, мұндай критикалық жағдайда барлық сипатталған құбылыстар жоғары деңгейде əрі жиі көрініс береді. Бұл факторға сол жердің тұрақты өсінділерінің жалпы грацилизациясы да əсер етеді, реттеу механизмдері соңына дейін, толығымен осы маштабты құбылысқа қолайлы болмайды.

Тіс жүйесінің дамуын реттеуге тағы қандай факторлар айқын əсер етеді? Тіс шығуының тежелуі күшейген сүтті диета кезінде жəне ауыз су құрамында фосфор, фтор, кальций, концентрациясы жоғары аудандарда айқын сипатталады. Аталған элементтер эмальдің, дентиннің сүйек тканінің шексіз негізінің қажетті элементтері болып табылады. Олардың организмде жеткіліксіз болу салдарынан организмнің осы ткандерінің дамуы бұзылады. Керісінше, концентрациясы қалыптыдан асып кетсе де, сəйкес ингибирлеуші əсер беріледі. Бұл элементтердің тіс жүйесіне əсер етуі Арнд-Шульц заңының: доза мөлшеріне байланысты бір факторлардың əсері оң жəне теріс болуы. Əрқашан элементтер балансы үздік норма болып табылады, біздің жағдайда бұл – тура мағынадағы көрінісі.

Тіс шығуын тежеуіші факторларына микроэлементті баланстың бұзылуына туындаған ауруларды жатқызуға болады (мысалы, рахит жəне т. б.). Əрине, сонымен қатар қоректену рационының уақтылы болмауы, аштық (дистрофия, кваливно, зат алмасудың ауыр бұзылуы) жатады. Жағдайы жақсы отбасыдағы баланың тұрақты тістерінің уақыты кедей отбасындағы балалардың тісінен 3-4 айға ерте шығады, ал қала балаларында ауыл балаларына қарағанда тістері ерте шығады.

Тістердің шығуы айқын жəне тез болуы, қалқанша безінің гиперқызметінің əсерінен жəне сүт тістерінің уақытынан бұ рын алыну нəтижесіне байланысты. Бірінші жағдайда, жалпы метаболизмнің реттелуінің өзгеруі жүзеге асады, екінші жағдайда, басқа сүт тістері мен тұрақты тістердің бастамасына механикалық қысым түседі. Əр түрлі екі табиғаты бұл екі факторларда даму қарқынына өз əсерін береді. Рацион сапасы мен организмнің алмасу процестерінің жалпы жағдайы табиғаты жағынан əр түрлі болып келген бірнеше құбылыстармен байланысты. Олардың ішінде қалыпты жəне қарапайым, сондай-ақ патологиялық құбылыстар да бар:

Тістердің қолданыстан шығу сипаты — механикалық əсерлер мен эрозия нəтижесінен тіс тканінің жоғалуы. Эмаль мен дентинің əсер етуші факторлары түрліше: қатаң түрде ірі ауалы құрамды тағамды қолданыстағы диета, тістердің бұрыстылығы, тістердің морфологиялық ерекшелігі, кемістіктердің ерекшелігі мен эмаль қалыңдығы, алмасу процестерінің бұзылуы, мысалы, көп қайталанатын жүктілік пен туу процестері əйел организмінің əлсіреуіне əкеледі де, сүйекті жəне тіс тканінің декальцинациясына ұшыратады;

Эмаль қалыңдығының түрлі эмаль бөліктерінде əр түрлі болуы эмальді гипопиазия деп аталады, тез қалыптасу кезіндегі ткандердің дұрыс орналаспауына байланысты. Ағаш сақиналары бойынша жасты анықтау сияқты біз де жасты тістер арқылы организм ұшыраған стрессогенді құбылысты анықтай аламыз.

Тістің сыртқы бөлігінде минералданған қалдықтардың, тіс тасының түзілуі байқалады. Бұл құбылыс ауыз қуысындағы микроорганизмдер балансының бұзылуына əкеліп соқтарады. Одан өзге парадонтоздың дамуына жағдай туғызады, бұл – тіс түсуіне ұшырататын, тіс түбірі мен пульпасына жететін, альвеолардың сүйекті тканін прогрессивті түрде бұзатын ауру түрі. Оның себебі ұлпалардың қоректенуінің бұзылуы нəтижесінде қантасмалдаушы тамырлардың зақымдануы.

Кариестің дамуы — тістің қатты ткандерінің қуыс түріндегі дефектерді түзетін прогрессивті патологиялық бұзылу. Егер кариес терең болса, жақ тканіне іріңді инфекцияның енуін тудырады жəне дентин мен пульпаны бұзатыны белгілі. Оның нəтижесі – обцесс үдерісі, яғни сүйекасты жəне компактке көметін сүйек миының қабынуы жүреді. Инфекция қанмен бірге таралып, менигит тудырады.

Соңғы мысал, сіздер цинк туралы жəне ол аурудың дəрумендер жетіспеуі салдарынан екенін білесіздер. Бұл патологиялы процестің соңғы кезінде тістердің босауы жəне түсіп қалуы орын алады. Көп жағдайда осы процесті цинга деп атайды. Бірақ нақты атайтын болсақ, С дəруменінің жеткіліксіздігі көптеген ферменттердің қызметін бұзады, белокты жəне көмірсуы алмасудың өзгеріске ұшырайтындығы байқалады. Бұл өзгерістер байланыстырушы жəне сүйек тканінің жағдайына əсер етеді де, сүйек түзілу тежеледі, сүйек миы фиброзды ұлпамен алмасады, ұлпа байланыстырушы тамырлар негізі өзгереді. Геморрагиялық қан құйылулар жүреді. Əрине, бұл ауытқушылықтардың барлығы организмнің қорғаныштық қасиетінің бұзылуына əкеледі, ал қан құйылу бөлімдерінде инфекциялардың екінші аймағы ашылады. Көп жағдайда осы құбыстар əсері тістердің түсуіне əкелетін стоматит пен гингивитке ұшыратады. Егер организмге Р дəрумені жетіспесе, процестер тездетіле түседі. Осы сипаттағы патологиялық өзгерістер барлық дəрумендер толық жеткен жағдайда да жүріп отырады, бұл жағдайда С дəруменінің жеткіліксіздігі, эндогенді себептерге байланысты сіңірілу қабілетінің төмендеуіне əкеледі. Жолдағы тосқауылдарға біз қайталап отырған реттеуші механизмдер; тағам құрамындағы С дəруменінің жетіспеушілігі немесе оның нашар сіңірілуі процестің айқын себептері; Р дəруменінің жетіспеушілігі (активатор) процесті жүзеге асыруға оң ықпал етуші фактор. Цингамен ауырған жағдайда қалыпты түрде дəрумен қабылдау жеткіліксіз, реаблитациялық əдістердің толық жиынтығы қажет. Біздің айқын патологиялық құбылыстардың мысалдарын қарастырып өттік, бірақ қалыпты дамудың реттелуі туралы айтатын болсақ, жоғарыда келтірілген себептер нақты болып табылады.

Реттеуші механизмдер процесінің басталуы мен қызмет етуі генетикалық экспрессиямен байланысты (генді комплекс қызметі). Бір себеп əр түрлі нəтижелерге жəне əр түрлі факторлар əсері ұқсас қорытындыға алып келетіндігі белгілі болды. Біздің организміміз осындай-біртұтас, өзін-өзін басқаруға қабілетті, ашық жəне үздіксіз өзгерісте болатын биологиялық жүйе. Өздерініз түсініп отырғандай, келтірілген мысалдар тіс жүйесінің жас аралық өзгергіштігін толығымен сипаттай алмайды. Бірақ тіс жүйесінің консервативтілігі мен оның жоғарғы генетикалық бірлігі ғана даму құбылысының күрделілігін түсіндіре алады. Бірақ біз тек қарапайым мысалдарды ғана қарастырдық, өзгеру нəтижесінде белгінің нақты дифинитивті кезеңі болатындығын анықтайды. Үздіксіз варияциялы белгілерді сипаттау əлдеқайда қиынға соғады. Олар үшін сөз тіркесін атау: «Бұл процес 90% генотиппен анықталса, 10% ортамен сипатталады» – ештеңе айтпағанмен тең.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *