Тау жыныстары туралы қазақша слайд

Тау жыныстары туралы 6 сынып оқушыларына арналған слайд. Слайд барлығы 7 беттен тұрады. Жер қыртысында алуан түрлі тау жыныстары бар. Олар минералдар мен пайдалы қазбалардан тұрады. Мысалы, күнделікті пайдаланып жүрген бор, таскөмір, гранит тау жыныстарына жатады. Сендер олардың кейбіреулерімен «Жаратылыстану» пәні арқылы таныстыңдар. Тау жыныстары пайда болуына қарай үш топқа: магмалық, шөгінді және метаморфтық болып бөлінеді. Жердің үстіңгі қабатындағы тас қабықты құраған тау жыныстары алғашқыда балқыған тұтқыр заттан қатайып пайда болған. Демек, ол тау жыныстарын құраған минералдар мен кристалдар да алғашқыда сол балқыған заттан пайда болған. Онан кейінгі замандарда, жердің қатты тас қабығы құрыла бастасымен ондай тау жыныстары, күннің шағу, желдің қағу, судың шаю әсерінен бұзылып, бөлшектерге жіктеліп, ажырап үгітіле бастаған.

Көпір тапсырма:

  1. Тау жыныстары дегеніміз не ?
  2. Тау жыныстарының пайда болуын, құрамын, физикалық қасиеттерін қандай ғылым зерттейді?
  3.    Жүктеу / Скачать

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *