Татарлар туралы слайд (презентация)

Татарлар слайд

Жалпы слайд бөлімдері татарлардың тарихы мен мәдени кезеңдерін баяндайды. Татарлар — XI — XII ғасырларда моңғол үстіртіндегі Хөлөн буйр және Бұйракөл маңын мекендеген тайпа (Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпасының бірі). Олар түркі тайпаларына ұқсас көшіп-қонып өмір сүретін болған. Негізінен, көшпелі мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысқан, өзен бойында аздап егін еккен. Олар далада арбаға тігілген киіз үйде (хассақ арбадағы), ал аңшылары кәсібіне сай итарқа күркеде тұрған. Өздері Бұйра көлден Амурға дейін далада таралған тұңғыс текті тайпалардан (шүршіт) өрбіген.

Слайд

X — XI ғасырдағы қытай жазбалары «татар» атауын жиынтық мағынада қарап, өздерінің батысындағы көшпелілерді «ақ татарлар», «қара татарлар», «тағы татарлар» деп атаған. Сондағы «ақ татарлар» — түркілер, «қара татарлар» — ертедегі моңғолдардан шыққан десе, ал «тағы татарлар» — тұңғыс тектес тайпалар. XI — XII ғасырларда тайшут тайпалары татарлармен он үш мәрте шайқасса да, татарлардың күші үстем түсіп отырды.

Скачать / жүктеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *