Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және экономикалық бағалау

Ғаламшар ресурстары — қазіргі жағдайын шаруашылық тұрғысынан бағалау. Қазiргi таңда адам қоғамы табиғатты тиiмдi пайдалану жолында қоршаған ортамен үйлесiмдi әрекет жасауға ұмтылуда. Осы себептi, адамдар табиғатты өз пайдасына орнымен жаратып қолдануда әрi оның неғұрлым тиiмдi жолдарын iздестiруде. Сонымен, табиғатты пайдалану дегенiмiз – табиғат байлықтарын игеру мен қолдану ғана емес, оны жан-жақты зерттеудi жетiлдiру, табиғатты қорғау, аялау бағытында жүргiзiлетiн экологиялық iс-шаралардың жиынтығы. Осы орайда табиғат ресурстарын шаруашылық тұрғысынан бағалау мәселесi аса маңызды орында. Ол дегенiмiз – табиғат байлықтарын халық игiлiгiне жарату жолында оның қорларын барлау, анықтау мен мұқият есепке алу. Нәтижесiнде оның сандық және сапалық құндылығын ғылыми негiзде бағалау. Бұл кешендi түрде, ресурстарды игерудi бақылау және оның қорларын үнемдеу тұрғысында жүргiзiледi.

Табиғатты тиiмдi пайдалану ережесiнiң бұзылуы салдарынан орны толмайтын ресурстар қатарына соңғы уақытта тұщы су, оттек, т.б. қосылды, себебi бұлардың шығындалуы табиғаттың өздiгiнен қалпына келу мүмкiндiгiнен асып түсуде. Бұл дегенiмiз – сарқылмайтын ресурстардың кейбiр түрлерiнiң мүлдем сарқылу жағдайына жеткендiгiнiң куәсi, сол сияқты мұндай мүшкiл жағдай қалпына келетiн ресурстарда да қазiргi кезеңде орын алған. Мысалы, шамамен соңғы 400 жылдың iшiнде жер бетiнен құстар мен сүтқоректi жануарлардың 130-дай түрi жойылып кеткен, “Қызыл кiтапқа” жыл сайын жойылуға жақындаған жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнiң бiрнеше түрлерi енуде. Атап айтқанда, қазiрдiң өзiнде жойылуға жақындаған өсiмдiктер, омыртқалы жануарлар мен кейбiр құрт-құмырсқалар түрлерiнiң саны 10 мыңнан асып отыр. Кейбiр жануарлар түрi тек хайуанаттар бағында сақталған. Аумақтардың ресурстармен қамтамасыз етілу көрсеткіштері.

Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер – шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердін, аумақтарында орналасқан.

Табиғат ресурстарына экономикалық тұрғыдан баға беру. Аумақтың экономикалық дамуында табиғат ресурстарының маңызы әрдайым өзгеріп отырады. Бұл көрсеткіш ресурстардың аумақта таралуына, сандық және сапалық көрсеткіштеріне тікелей байланысты. Маңызды көрсеткіштер қатарына табиғат ресурстарына экономикалық баға беру де жатады. Ол үшін ең алдымен мыналарды анықтап алу қажет: – аумаққа қатысты қоры (ресурс көлемі); – сапалық көрсеткіштері (ормандылық және ағаш сүрегінің сапасы, топырақтың құнарлығы т.б.); – пайдалы қазбалар мен металл рудалары мөлшері; – руда құрамындағы әртүрлі металдар; – тасымалдау ерекшеліктері (транспорт пен инфрақұрылым қажеттіліктері); – өндіріс шығыны (өзіндік құны); – аумақтағы табиғат ресурстары мен пайдалы қазбалардың үйлесімділігі, және де оларды кешенді түрде қолдану мүмкіндігі; – қоршаған ортаны қорғауды талап ету.

Ресурстармен қамтамасыз ету. Табиғат ресурстарының келесі бір аса маңызға ие көрсеткіштерінің бірі, аумақты ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады. Минералды ресурстармен қамтамасыз ету, яғни оны қазіргі кездегі қолдану әрекетіне қарай, қорының қанша уақытқа жете алатындығымен өлшенеді. Ал орман, жер, су ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі, оны әрбір адамға шаққан кездегі қорының көлемімен анықталады. Минералдық және отын-энергетикалық ресурстар Минералдық ресурстар немесе басым көпшілігі литосфералық ресурстар қатарына жататындар. Әртүрлі пайдалы қазбалар шектеулі және шектеусіз қалыптасуына қарай анықталады (2-сурет). Пайдалы қазбалар геологиялық қорының мөлшеріне байланысты категорияларға ажыратылады. Олар латынның бас әріптерімен белгіленеді А, В және С.

А категориясы – негізгі қоры, жаңашыл технология сатысы мен әрекет етуші баға негізінде өзгеруі мүмкін. В категориясы – болжам бойынша анықталған қоры, геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде анықталған. С категориясы – мүмкін болар қоры, пайымдалады. Отын – энергетикалық ресурстар. Минералдық ресурстардың ішінде қолданылу әрекетіне қарай отын-энергетикалық ресурстар маңызды рөлге ие. Органикалық отын түрлерінің (көмір, мұнай, табиғи газ) қорларының шектеулілігі және де оларға деген қоғам сұранысының артуы едәуір келеңсіздік әкелуде. Дүниежүзінің жекелеген аймақтарында бұл ресурстарға деген баға қымбаттап, оның салдарынан өндірушілер мен тұтынушы елдер арасында келеңсіз жағдайлар мен соғыстар болып жатыр.

Биосфера адам іс-әрекетінің нәтижесінде жылдам өзгеріп отырады. Үлкен сапалық секіріс адамдардың тіршілік әрекетінің іс жүзінде барлық салаларында: көлікте, өндірісте, қызмет көрсету саласында, әскери істе және т.б. жүріп отыр. Адам жаңа аумақтарды: полярлық аймақтарды, биік таулы жерлерді игеру үстінде. Қоғамның дамуы барысында адам әр алуан ресурстарды пайдаланды. Табиғи орта – бұл адамның мекен еткен ортасы және адамның өмір сүруі мен өндірістік ісәрекеті үшін қажетті барлық игіліктердің көзі. Ресурстарды пайдалану дәрежесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен анықталады. Қазіргі уақытта өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамға ресурстардың көп мөлшері қажет. Бүкіл адамзат алдында табиғат қорғаудың елеулі және күрделі мәселелері тұра бастауда.

Қоршаған ортаның күйіне теріс әсерін өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы тигізіп отыр, сондықтан қоғам кез келген өндірісті орналастыруда, салуда және одан әрі дамытуда экологиялық құрамдас бөлікке көп назар аударуға тиіс.

Табиғи жағдайлар мен ресурстар – өнеркәсіптік те, ауылшаруашылықтық та өндірісті дамыту үшін қажетті шарттар. Табиғи ресурстар олардың қандай да бір табиғи салаға тиесілілігі бойынша (генезисі бойынша) жіктеледі. 1. литосфера ресурстары – бұл пайдалы қазбалар, жер және топырақ ресурстары; 2. гидросфера ресурстары – бұл мұздықтар, құрғақ жердің және Дүниежүзілік мұхиттың сулары, өзендердің, судың ағып келуі мен кері қайтуының қуаты; 3. атмосфера ресурстары – бұл климаттық және рекреациялық ресурстар, желдің қуаты; 4. биосфера ресурстары – бұл биологиялық ресурстар (хайуандар әлемі, адам).

Барлық ресурстарды таусылатын және таусылмайтын (климаттық ресурстар, Күн қуаты, аққан сулардың қуаты) деп бөледі. Іс жүзінде барлық қалған табиғи ресурстар – қалпына келетін және қалпына келмейтін деп бөлетін таусылатын ресурстар. Қалпына келетін ресурстар – бұл осыларды ақылға сыйымсыз пайдаланған кезде қалпына келмейтін болып шығуы мүмкін биосфера ресурстары (кендер және барлық өзге пайдалы қазбалар). Ресурстарды оларды пайдаланудың бағыттары бойынша жіктейді: отын-энергетика ресурстары, құрылысқа, тамақ өнеркәсібіне, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібіне, қара және түсті металлургияға, химия өнеркәсібіне және т.с. арналған ресурстар. Құрамы және пайдаланылу ерекшеліктері бойынша пайдалы қазбалардың үш тобын айырып таниды: жанатын, металл және металл емес. Табиғи ресурстардың жіктемелері шартты, өйткені дәл сол бір пайдалы қазбалар (немесе ресурстар) халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайдаланылуы мүмкін. Табиғи ресурстардың игерілгендік дәрежесі аса жоғары бірқалыпсыздығымен сипатталады. Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау – бұл оларды ғылым мен техника дамуының қазіргі деңгейінде өндіріске тарту мүмкіндігін және мақсатқа лайықтылығын анықтау.

Ресурспен қамтамасыз етілгендік – бұл табиғи ресурстардың шамасы және оларды пайдаланудың өлшемдері арасындағы арақатынас. Ол әлде аталған ресурс жетуге тиісті жылдар санымен, әлде оның жан басына шаққандағы қорларымен көрсетіледі. Елдер: Ресей, АҚШ, Қытай, Үндістан, Бразилия, Австралия – барлық дерлік табиғи ресурстармен қамтамасыз етілген. Табиғи ресурстар – адамның пайдалануы үшін жарамды нысандардың жиынтығы. Ресурспен қамтамасыз етілгендік – бұл табиғи ресурстар (ТР) шамасы мен оларды пайдалану мөлшері арасындағы арақатынас. Ол әлде аталған ресурс жетуге тиісті жылдар санымен, әлде оның жан басына шаққандағы қорларымен (ТР/Тұрғындар саны) көрсетіледі.

Ресурспен қамтамасыз етілгендік көрсеткішіне: а) аумақтың табиғи ресурстарға байлығы немесе кедейлігі; ә) оларды алып шығу (тұтыну) ауқымдары әсер етеді. Географиялық ресурпен қамтамасыз етілгендік табиғи ресурстардың жекелеген түрлерінің және олардың кешендерінің орналасуын және құрылымын, оларды қорғау, ұдайы өндіру, экологиялық бағалау, ұтымды пайдалану және ресурспен қамтамасыз етілгендік мәселелерін зерттейді. Ғалымдар ресурстық циклдардың табиғи-ресурс әлеуеті концепциясын жасап шығарған. Аумақтың прпі – бұл оның ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып шаруашылық іс-әрекетінде пайдаланылуы мүмкін табиғи ресурстарының жиынтығы. Прпі екі негізгі көрсеткішпен: а) минералды-шикізат, жер, су әлеуеттерінің құрылымымен; ә) өлшемімен сипатталады. Соңғы жылдары дүниежүзінде көмірдің геологиялық қорының ауқымдылығына қарамастан, отын-энергетика кешенінде оның үлес салмағы азая бастады. Оған, ең алдымен көмірді жылу электр станцияларында қолдануға экологиялық жағынан шектеулер қойылып, транспорт қатынасының қымбаттауы мен көмірді (әсіресе, тас көмірдің) тасымалдаудың қиынға соғуы әсер етуде. Әртүрлі отын түрлерінің жылу беру қасиеті, негізінен, орташа сапалы 1 кг көмірдің жану қарқынымен салыстырылады (7 мың ккал), шартты түрде алынған 1 т жылулық коэффициенті үшін: мұнай – 1,5; табиғи газ – 1,5; кокстелген тас көмір – 0,93; торф – 0,5; қоңыр көмір – 0,4; ағаш – 0,4; жанғыш тақтатас – 0,3.

Табиғат ресурстарын пайдаланудың еліміздегі қазіргі жай-күйі. Әлемдік тәжірибеде кен орындарын игеру әрқашан кешенді түрде, құндылығы бар заттарды түгел ескеріп және тауарлық металдар құндылығын үлес бойынша бөле отырып жүргізіледі. Ендеше біз де заңдарымыз бен келісім-шарттарымыздың ережелерін қайта қарауға тиіспіз. Құрамында құнды металы бар қалдықтар жеке кәсіпорындардың және шетелдік фирмалардың меншігінде емес, мемлекеттік монополияға жатқызылуы керек.

Қазақстан Республикасының “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану” туралы Заңы аталмыш операциялардың жария түрде жүргізілуін талап ететініне қарамастан, мемлекеттің заңдары мен мүдделері коммерциялық құпияны сақтау желеуімен жаппай бұзылуда. Ал мұның өзі кен орындарының бақылаусыз қалып, олардың жыртқыштықпен жырымдалуына, жер қойнауындағы қорлардың рәсуа болуына, минералды шикізаттың шала-шарпы, біржақты болуына әкеліп соғып отыр.

Шетелдік фирмалардың басқаруына берілген кен-металлургия комбинаттарындағы ұйымдастырушылық-технологиялық саясаттың жай-күйіне келсек, оның өндірілетін көп компонентті шикізаттың құрамындағы пайдалы заттарды түгел қамтуға емес, қайта жаңағы компаниялардың мүддесіне сай бір-екі негізгі компонентін ғана алуға көбірек көңіл аударатынын көреміз.

Жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекеттің, қоғамның мүдделерінің кереғар келетін тұстары да аз емес, коммерциялық құпия іс жүзінде мемлекет мүдделеріне қарсы бағытталған әрекеттерді бүркемелеуші бетпердеге айналған десек қателеспейміз. Сондай-ақ, бюджетке түсетін салық көлемін белгілейтін өнімнің өзіндік құны да жаңағы айтылған коммерциялық құпияға жатқызылуда. Аталмыш құпияға не жатуға тиіс екенін айқын да дәл белгілейтін кез келді. Сондай-ақ, мемлекет пен табиғат ресурстарын пайдаланушылардың кен өндіру және өңдеу салаларындағы қарым-қатынасын нақты реттейтін заңнама әлі жасалмаған. Соның кесірінен табиғи ресурстарымыз тиімсіз жұмсалып, еліміз қыруар шығынға батып отыр.

Бұл құбылыстың екінші жағын еліміздің қасіреті деп айтуға болады. Сол толық пайдаланылмаған шикізаттың құрамында көптеген улы заттар да бар, оларды залалсыздандыру ісі де дұрыс шешілмеген. Қазіргі кен пайдаланушылар кеңестік кезеңде жасалған жобалардың көрсеткіштері мен қол жеткізген экологиялық деңгейден артқан көлемде қоршаған ортаны ластауға жол беріп отыр. Оның себебі – біздің қоятын талаптарымыздың төмендігі, егер америкалык, еуропалық компаниялар өз елінде 1 тонна күкірт қостотығын ауаға шығарғаны үшін 48-100 доллар төлем төлесе, біздің компаниялар небәрі 7 цент төлейді. Тағы бір кілтипан, бұл корпорациялар жекеменшіктікі екені, оның сол кәсіпорын тұрған жердегі әрбір тұрғынға тікелей шығын келтіріп жатқанын ескеретін бірде-бір заң орны жоқ, тиісті бақылаушы мемлекеттік органдар да араласпайды.

Мемлекеттік мүліктен (кен орындарынан) алынатын түсімдер ғылыми тұрғыдан негізделмеген, олар шенеуніктердің еркінде, қасымыздағы Ресеймен салыстырғанда көп төмен. Әрбір металл саласында монополия бар, онымен қоса бұл корпорациялар (қаржыөнеркәсіп топтары) аумақтағы энергетика, басқа да стратегиялық шаруашылық бағыттарында негізгі қожайындар. Соның салдарынан бұл өңірлерде шағын және орта бизнес баяу дамуда. Әсіресе, осы саладағы шағын және орта бизнестің өздері орындауы мүмкін жұмыстарға араласу мүмкіндігі болмай отыр.

Ресурстарды пайдаланушылардан өндіріліп алынған табиғи рента әлемдік рыноктағы шикізат бағасының құбылуына қарамастан ел бюджетін елеулі түрде толықтырып, ұлттық экономиканы инвестициялаудың өз қолымыздағы көздерін көбейте алады және көптеген әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешуге, минералды шикізат базасын ұдайы өндіруді мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Осыған орай табиғи ресурстарға меншік проблемасын шешу тұжырымдамасын жасау маңыздылығы жоғары міндетке айналып отыр. Табиғатты пайдалану жүйесін реформалау табиғи ресурстарға экономикалық тұрғыдан баға беру, табиғи рентаны меншік иелерінен өндіріп алу және пайдалану тетігін қалыптастыру жөніндегі қағидатты мәні бар шешімдер осы тұжырымдама аясында қабылдануға тиіс. Рента өндіру мәселесін Қазақстан заңнамасын жетілдіру жолымен де біршама деңгейде шешуге болады. Табиғи рентаға меншік құқығын нақты меншік иесімен байланыстыра қарау қоғамның шикізат өнеркәсібі саласында түзілетін абсолюттік және дифференциялық рентаны иеленуіне мүмкіндік береді.

Біздің Ұлттық орталық сирек металдар рыногының болашағы туралы зерттеулер жүргізді. Талдаулар сирек металдар өндірісінің және олардың қорларының тез өсіп келе жатқанын көрсетеді. Соңғы 10-15 жыл көлемінде сирек металдың негізгі қорының бірнеше есе өскені және әлемде үлкен кен орындарының ашылғаны айқындалды. Тіпті кейбір металдардың 100 жылдық қорлары табылғанына қарамастан, металдар рыногында ауық-ауық тапшылық сезіліп тұрады. Көптеген сирек металдардың құны бірнеше есе өсіп отыр. Соңғы он жыл шамасында германий, индий, галий, ванадийге деген тапшылықтар байқалды, осыған орай кейбіреуінің құны ондаған есеге дейін өсті. Мысалы, германий металының бір килосының құны 350-ден 2000 АҚШ долларына дейін жеткен. Сонымен бірге Америка, Жапония секілді елдер бұл металдарды ішкі пайдалануынан бірнеше есе жоғары сатып алуда.

Сирек металдар өндірісі – жаңа технологиялардың шикізат қоры. Бұларсыз жаңа өндіріс буындары дамымайды. Өндірісті дамыту бағытымызда бұл сала басым бағыт есебінде қаралуы керек. Айта кететін жәйт, бұрын Қазақстан өндірісінде шығарылған, бірақ соңғы кезде нарықта өз секторын жоғалтып алған металдарға назар аударған жөн. Бұл металдар электроника, аэроғарыш, мәшине жасау, т.б. салалардың негізін қалайды. Бүгінде ашылып жатқан даму институттарын пайдалана отырып елімізде өндіріс саласын, соның ішінде сирек металдар өндірісін жасауға болар еді. Бұл елімізде дамыған индустриялық металл алу өндірісін кеңейту, құралжабдықтарды, тұрмыстық заттар, машина жасауға қажет балқымалар алуға мүмкіндік берер еді.

Басты мәселелердің бірі – стратегиялық сирек металдар өндірісін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасау. Бүгінгі таңда бұл сала металлургия кластерін дамытудың негізгі бөліктерінің бірі ретінде қаралып, мемлекет қолдауында болуы керек. Сирек металдар шикізаты басқа индустриялық металл өңдейтін кәсіпорындардың рудасының құрамында кездесетін болғандықтан, олардың қызметіне еріксіз араласуға мәжбүрміз. Металдарды өңдеу барысында кейбір металдарды босқа шығын қылмас үшін экономикалық реттеу тетіктерін пайдалану керек. Пайдалы қазбаларды кешенді пайдалану ережесін қатаң сақтау мәселелері де қаралуы керек.

Қай мемлекеттің болмасын өз атын әлемге паш ететіндей бетке ұстар саласы бар. Жапондықтар робот жасаудың өндірісін мақтан етеді, немістер автомобиль жасауда, финдер байланыс құрал-жабдықтар шығару жөнінен әлемге танымал. Белгілі бір өндіріс саласының әр елде өсіп өркендеуі кездейсоқ емес. Қазақстанның индустриялықинновациялық өркендеуі де өздігінен туындамайтыны анық. Бұл үшін бұрын нарықта басым орын алған өндіріс салаларын дамыту, осы салаларды қамтамасыз ететін ғылыми күштер мен мамандарды сақтау, елде бар бәсекеге қабілетті факторларды пайдалану қажет. Біздің ойымызша, жер қойнауындағы сирек металдар сол бастаудың қайнар көзі ретінде пайдаланылуы тиіс. Бұл ойды іске асырсақ халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға, еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосқан болар едік.

Мұнай, Мұнай-химия саласын дамыту мақсатында да бірталай шаралардың басын шалып үлгеріпті: бұл сала бүгінде 2004-2010 жылдарға арналған салалық бағдарлама негізінде жұмыс жасап жатыр. Яғни, қазіргі кездің өзінде “ҚазМұнайГаз” Ұлттық Компаниясы” акционерлік қоғамымен және мұнай-химия кәсіпорындарымен бірлесе отырып, шетелдің әлеуетті инвесторларын барынша көптеп тарту мақсатында нақты жұмыстар басталып кеткен. Мұнай-химияны дамыту мақсатында әзірленген бағдарлама 2 бағыт бойынша жұмыс жасап жатқан көрінеді: бірінші бағыт – қазіргі мұнай-химия өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ету және қосымша құны жоғары өнім алу үшін жаңа өндірістерді құру; екінші бағыт – мұнай-химия өндірістерінің қызметін қайта жаңарту. Министрдің сөзіне қарағанда, еліміздің энергетика және минералды русурстар саласының жұмысын бірізділікке салу үшін көрші мемлекеттердің озық тәжірибесі бойынша бірлесе жұмыс істеу жағы алдыңғы қатарға шығып отыр.

Өзен және Жетібай кен орнынан мұнай 1250-2500 метр тереңдікте өндіріледі. Бұл ең бағалы мұнай өндіретін кен орнына жатады. Юра мен бор дәуірінде пайда болған. Құмары мұнайы негізінен 50-2400 метр тереңдікте өндіріледі. Жайық-Жем алабы жанғыш газға бай. Жанғыш газ көбінесе мұнаймен бірге өндіріледі. Дүниежүзіндегі қоры жөнінен ірі кен орнына жататын «Теңіз» мұнайын өндіріп өңдеуге американдық «Шеврон» компаниясы атсалысуда.

Қазіргі мұнай және газ конденсатын өндіру өткенмен салыстырғанда 8,5 пайызға артып 51,3млн тоннаға жетті. Яғни шикі мұнайды өндіру 7,7 пайызға (45,3 млн. тонна), ал газ конденсатын өндіру 16,8 пайызға (5 млн. тонна) артып отыр. Анықталған мұнай қоры бойынша Қазақстан тоғызыншы орынға көтеріліп отыр. Каспийдің төңірегінде шешілмеген мәселе көп.

Теңіз жағалауындағы мемлекеттің басшылары да, сыртқы істер мекемесінің мамандары да, министрлерде кездесіп, мәселені шешу үшін барын салып жатыр. 1991 жылдан бері 13 жыл ішінде біраз келіссөз жүргізілді, алға жылжушылық та жоқ емес. Атап айтар болсақ, Ресей, Әзірбайжан және Қазақстан позициясы бір-біріне жақындады. Айтуға оңай болғанымен, 3 елдің ұстанымын бір-біріне жақындастыру оңай болған жоқ. Әсіресе, Ресей мен Каспийдің солтүстігі туралы жасалған келісім Қазақстан үшін үлкен стратегиялық жетістік болды. Өйткені, бұл келісім біздің елдің мүддесін толықтай ескеріп отыр. Көмір – республика энергетикасының негізгі қоры. Ол фабрика, зауыт, электр станциялары, көлік пен металлургияда пайдаланылады. Қазіргі кездегі өнеркәсіпте көмір – химия өнеркәсібі үшін маңызды шикізат. Кокстелетін көмірден метуллургия үшін қажет кокс алған кезде азот тыңайтқыштарын, пластмасса, синтетикалық талшықтар, каучук, бояулар өндіруге жұмсалатын түрлі газдар мен қарамай қоса бөлінеді.

Қазақстан көмірге өте бай. 1833 жылы шопан Аппақ Байжановтың Қарағанды өңірінен кездейсоқ тауып алған «отқа жанатын қара тасы» кейін аңыз емес, шындыққа айналды. 19 ғасырда Қарағанды көмір алабы жылына 10 мың тонна көмір өндірілсе, қазір жылына 50 млн. тоннаға жуық көмір өндіріледі. Тас көмірдің сапасы жоғары кокстелінеді, көмір қабатының жалпы қалыңдығы 120 метр. Қарағанды көмірінен кем түспейтін Екібастұз көмір алабы бар. Екібастұз көмірі жер бетінде жақын жатқандықтан, мұнда көмір ашық әдіспен өндіріледі.

Жылу электр станциялары (ЖЭС) үшін калориялығы төмен, күлі көп қоңыр көмір пайдаланылады. Оны негізінен ашық әдіспен Қарағанды және Екібастұз алаптарында өндіреді. Майкүбі және Торғай көмір алаптары да игерілуде. Қарағанды көмір алабы – республикадаға ең ірі көмір кен орны. Қазақстанда өндірілетін көмірдің 45%-ын осы Қарағанды алабы береді. Бұл жердегі көмірдің геологиялық қоры 51 млрд. т деп есептелді. Қарағанды алабының көмірі аз ғана жерде (300 км) шоғырлана, қалың қабат түзе орналасқан. Көмір сапасы жоғары, өйткені оның құрамында күкірт пен фосфор аз. Бұл сапалы шойын балқыту үшін қажетті жоғары сапалы кокс алуға мүмкіндік береді. Соғыстан кейінгі жылдары Қарағанды алабының маңайында Саран, Шахан, Тентек, Топар, Абай сияқты көмір өндіретін жаңа аудандар пайда болды. Маңызы жағынан Екібастұз көмір алабы екінші орын алады, Ол республика бойынша көмірдің жартысына жуығын береді. Екібастұз алабы Павлодардың оңтүстік-батысында 135 км жерде орналасқан. Көмірдің геологиялық қоры 12 млрд. т. Алаптағы көмір қалың орналасқан. Көмір қабатының қалыңдығы 160-200 м.

Ресейдің Орал аймағында Екібастұз көмірін пайдаланып жұмыс істейтін Рефтинск ЖЭС салынды. Обаған-Торғай алабында да қоңыр көмір өндіріледі. Бұл топ Құсмұрын, Приозер, Егінсай, Қызылтаң көмір кен орындарын қамтиды. Екібастұздан 40 км жерде кен қоры мол Майкүбі қоңыр көмір алабы орналасқан. Көмір әлі де көпке дейін Қазақстан өнеркәсібі үшін отынның негізгі көзі болып қалады. Бұған себеп: көмір қорының молдығына және оның құнын арзанға түсіретін ашық әдіспен өндіруге байланысты.

Темір. Қазақстан темір рудасының қоры жөнінен дүниежүзінде алдыңғы орынды иеленеді Ең негізгі кен орны – Қостанай алабына кіретін Аят, Лисаков, Қашар, Соколов – Сарыбай. Республикамызда темірдің 500-ден астам кен орындары белгілі, олардың 30-дан астам барланған, жетеуі аса ірі кен орындары қатарына жатады. Олар Қостанай облысындағы Торғай темір кен орындары атап айтсақ, Соколов – Сарыбай, Қашар, Лисаков, Аят кендері. Орталық Қазақстанның ұса шоқылы аумағында Қаражал, Атасу сияқты ірі темір кен орындары орналасқан. Темір кені әдетте марганец кендерімен ірі, ірі көмір алабына жақын орналасады.

Мыс. Қазақстан мысқа да бай ел. Жезқазған кен орны мыс өндіру жағынан екінші орынды иеленеді. Әрі оның мысының сапасы жоғары бағаланады. Қоңырат, Бозшакөл кен орындарында мыс рудасы ашық әдіспен мыс кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Саяқ, Бозшакөл, Шатыркөл, Жыланды, Орлов, Сатпаев жатады. Олардың қоры мол. Аса ірі кен орындары Жезқазған ауданында орналасқан. Жезқазған маңайынан мыстың жаңа кен орындары – Жыланды тобы табылды. Ондағы мыс кенінің аса мол қоры жер бетіне жақын орналасқан. Жезқазған ауданындағы мыс пен кен орындары дүниежүзі бойынша ең ірілерінің біріне саналады. Осы кен орындары базасында Жезқазған комбинаты – тазартылмаған және тазартылған мыс пен түсті прокат шығаратын аса ірі кәсіпорын бой көтерді. Үлкен Жезқазған қазіргі кезде Оралдың барлық мыс қорытатын зауыттары шығарғаннан артық мыс өндіреді. Мыс балқыту комбинаты, кеніштер, алып шахталар ең жаңа автоматтандырылған және механикаландырылған техникамен жарақталған. Жезқазған комбинатында мыс кеніндегі барлық серіктес элементтер (олар 21) айырып алынады. Бұл айырып алынатын элементтердің құны негізгі өнім – мыстың құнынан асып кетеді. Аса ірі Жезқазған мыс қорыту комбинаты қайта құру кезеңінде тым ауыр экономикалық жағдайға тап болды. Экономикалық байланыстардың үзілуі оны өнім өткізетін рыноктан айырды. Өзара төлем қабілетсіздігінен айналым қаржысы орнына келмеді. 1995 жылы Оңтүстік Кореялық «Самсунг» корпарациясы «Жезқазған түсті метал» АҚ акцияларының бір бөлігіне ие болып кәсіпорын едәуір инвестиция салды. Компания жаңа жетілдірілген жабдықтар мен техникамен өндірумен мыс балқытуды екі есе арттырды. Зауыт қазірдің өзінде жылына 200 мың тонна катод мысын шығарады. Мұндай мыстың бір тоннасы дүниежүзілік рынокта 2,5 мың доллар тұрады. Қоңырат пен Саяқ мыс кен орындары базасында аса ірі Балқаш кеен металлургия комбинаты салынды.

Полиметал рудасының қоры жағынан Қазақстан дүниежүзінде алдыңғы орында тұр. Полиметал рудасы құрамында бірнеше металдар (қорғасын, мырыш, мыс, мыс қоспасы, алтын, күміс т.б) кездеседі. Кенді Алтайдағы Лениногор, Зырян кен орындарында өндірілетін руда қорғасын миырышқа бай. Оңтүстік Қазақстанда полиметал рудалары Текелі, Ащысай, және Мырғалымсай кен орындарына өнідіріледі.

Хром және никель. Хром және никель кен орындары Мұғалжар тауы аймағындағы Кемпірсайдан табылған. Хром рудасы ашық әдіспен «Қазақстанның 40 жылдығы», «Оңтүстік» кен орындарында өндіріледі. Бұл жердің рудасы сапасы жағынан өте жоғары құрамында 45% дейін хром бар. Никель кен орындары Жезқазған Семей маңынан ашылды. Дүние жүзіндегі хром кенінің жалпы қорының жартысына жуығы Қазақстан жерінде шоғырланған.

Алюминий. Қазақстанда алюминий кенінің мол қоры бар. Қазақстан алюминий өндіруде алдыңғы орындардың бірінде. Боксит (алюминий өндіретін шикізат) кен орындары негізінен Торғай үстірті мен Қазақтың ұсақ шоқысында орналасқан. Бокситтердің барланған қоры 200 млн. т. Ал өнеркәсіп орындарының қалдықтарында одан да көп. Бірақ ол әзірше пайдаға жарамай отыр. Бокситтерден басқа да алюминий өндіретін шикізат бар.

Бұрынғы КСРО басшылары Павлодарда (алюминий оксидін алу үшін) алюминий кенін байытатын зауыт салып, оны Алюминий зауыты деп атады. Ал шындығында Павлодарға глинозем алу үшін боксит кені жеткізілген. Бұл процесс суды (Ертіс өзенінң суы), электр энергиясын (Екібастұз МАЭС — 1, МАЭС — 2 және т.б) көп қажет етеді. Өндірілген глинозем Ресейдің Сібірдегі зауыттарына жіберіліп, өңделіп таза алюминий шығарылатын республика үкіметі мен кейбір шетелдіңк компаниялар арасында келісімге қол қойылып, Қазақстанда өзіндік алюминий өнеркәсібін құру жөніндегі зор жоба іске асырыла бастады. Жобада Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін болмаған шикізатты өндіруден бастап жоғары сапалы алюминий прокатын жасауға дейінгі барлық процесс қамтылды. Жобаны іске асыру үшін мықты да сенімді шикізат базасы қажет. Осы мақсатпен Қостанай облысында жаңа боксит кеніші құрылды. Павлодар қаласындағы бұрынғы глинозем зауыты қайта жабдықталып, кеңейтілді. Дәл осы зауыттың қасында қуаты одан үлкен глинозем өндіретін зауыт салынады. Ал келесі кезеңдерде алюминий прокатын өндіруге қажет бірінші алюминий, одан алюминий прокаты алынады. Көп уақытқа дейін алюминий негізінен ұшақ жасауға пайдаланып келсе қазір электроникада, көліктік машина жасауда, құрылыс саласында, ауыл шаруашылығында қолдануда.

Марганец. Республикадағы марганец ірі кен орындарының бірі – Жезді.Ұлы Отан соғысы жылдарында, Орал мен Сібір зауыттарына жіберілген марганец 60% осы Жездіде өндіріледі. Марганец кен орындарының Қаражал шоғыры темір кен орындарының (Қаражал, Үшқытай, Үлкен Қытай) аумағында жатыр. Металлургия өндірісі үшін кенді емес шикізаттың едәуір қоры кездеседі.

Фосфор. Қазақстан дүниежүзіндегі ең көп фосфор өндірілетін мемлекет. Жамбыл облысындағы Қаратауда фосфорит кен орындарының (Шолақтау, Ақсай, Жаңатас) жалпы қоры 2,6 млрд. тонна деп есептелінеді. Ақтөбе облысындағы Алға, Қандыағаш фосфорит кен орындарының фосфорының жалпы қоры 1,5 млрд. т көлемінде. Фосфор – ең бағалы тыңайтқыш.

Алтын. Алтын халықаралық валюта металы – алтынның маңызы зор. Алтын кен орындары Солтүстік, Орталық Қазақстан аудандарында орналасқан. Түсті металлургия кәсіпорындарында негізі металды қорытып шығару кезінде едәуір алтын алынады. Қазақстанның көп жерлерінде алтын кендері кездеседі. Алтын шығатын ірі кен орындары Алтайдағы Үлбі, Бұқтырма, Күршім өзендері алабында, сондай-ақ Майқайың, Жітіқара кен орындарынан да алтын өндіріледі.

Қазақстан ірі алтын өндіретін аймақ болғанымен өзінің алтын қорын тек өзінің ұлттық валютасын шығарғаннан кейін ғана жасай бастады. Республикада алтын мен алмасты іздестіріп, өндіріп, өңдеуге рұқсаты бар. «Алтын тас» бірлескен кәсіпорны құрылды. Республика аумағында атап айтқанда, Қазақтың ұсақ шоқысынан да алтын мен зергерлік өнім өңдеуге сапалы алмастың 300-ге жуық кен орындары белгілі. Сонымен қатар сирек металдар сияқты асыл металдар да едәуір мөлшерде негізгі металды (мыс, қорғасын, мырыш және т.б.) балқыту кезінде де алынады. Өскемен қорғасын мырыш комбинатында алынатын алтын мен күміс халықаралық Лондондық аттестациядан өтіп жоғары сапалы деген таңба алды. Қазір Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі осындай халықаралық көлемде болған үшінші ел.

Республиканың тау-кен кәсіпорындарында жұмыс істейтін шетел компаниялары сирек және асыл металдар Қазақстанның қарамағында қалатынын біледі. Қазіргі кезде Егемен Қазақстан Республикасының тұрақты алтын қоры бар. Асыл металдардың ішінде рений сияқты сирек метал да кездеседі, ол дүниежүзілік рынокта басқа сирек металдардан жүз есе, ал күмістен елу есе қымбат бағаланады.

Ресурспен қамтамасыз етілгендік. Жердің геологиялық қабығы орасан зор және әр алуан табиғи ресурстарға ие. Алайда олардың әр түрлерінің қорлары бірдей емес, олар әркелкі бөлінген. Осының нәтижесінде жекелеген аудандар, елдер, аймақтар, тіптен құрлықтар әртүрлі ресурпен қамтамасыз етілгендікке ие. Ресурпен қамтамасыз етілгендік деп әдетте табиғи ресурстардың шамасы мен олардың пайдаланылу мөлшері арасындағы арақатынасты түсінеді. Бұл әлде аталған ресурс осыншамаға жетуі тиісті жылдар санымен, әлде оның жан басына шаққандағы қорларымен көрсетіледі. Бірінші жағдайда ресурпен қамтамасыз етілгендікті анықтаған кезде ресурстардың қорларын оларды шығаруға бөледі, екінші жағдайда – ресурстардың қорларын тұрғындардың санына бөледі. Мысалы, ғалымдардың есептеулерінше, минералдық отынның дүниежүзілік жалпыгеологиялық қорлары 12,5 трлн. т асып түседі екен. Бұл шығарудың қазіргі деңгейі кезінде олар 1000 жылдан аса уақытқа жетуі мүмкін деген сөз. Алайда, егер қазып шығару үшін қол жетерлік қорларды, сондай-ақ тұтынудың үнемі өсіп отыруын ескеретін болсақ, қамтамасыз етілгендік бірнеше есе қысқарады. Ресурспен қамтамасыз етілгендіктегі айырмашылықтарды көрсететін басқа бір мысал болып дүниежүзінің әртүрлі елдеріндегі жермен жан басына шаққандағы қамтамасыз етілгендіктің сипаттамасы қызмет ете алады. Мәселен, оның жан басына шаққандағы 0,25 га орташа дүниежүзілік көрсеткіші кезінде бұл көрсеткіш Жапониядағы 0,04 га-дан Аустралиядағы 3,00 га дейін ауытқиды.

Әртүрлі елдердің табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейінде және сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалға, Таяу Шығыс мұнай мен газдың ірі ресурстарымен көзге түседі. Анд елдері мыс және полиметалл кендеріне бай. Тропиктік ормандардың үлкен массивтеріне ие болып отырған мемлекеттер құнды ағаштардың ресурстарына ие. Дүниежүзінде табиғи ресурстардың іс жүзінде барлық белгілі түрлері бар бірнеше мемлекет бар. Бұл Ресей, АҚШ және Қытай. Табиғи ресурстар тұрғысынан алғанда жоғары қамтамасыз етілген болып Қазақстан, Үндістан, Бразилия, Аустралия және бірқатар өзге мемлекеттер табылады. Көптеген мемлекеттер бір немесе бірнеше ресурстардың дүниежүзілік маңызы бар ірі қорларына ие. Мәселен, Габон марганец қорларымен, Кувейт – мұнай, Марокко – фосфориттер қорларымен көзге түседі. Әр ел үшін қолда бар табиғи ресурстардың кешенділігі үлкен маңызға ие. Мысалға, жекелей алған елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір кенінің ғана емес, марганецтің, хромиттердің және кокстелетін көмірдің ресурстарына да ие болған жөн.

Елдердің көпшілігі табиғи ресурстардың қандай да бір жинағына ие. Алайда, олардың өте мардымсыз көлемдері бар мемлекеттер кездеседі. Бірақ бұл аталған елді әрқашан қайыршылық күй кешуге алып келе бермейді, және керісінше, табиғи ресурстардың көп санына және көлеміне ие бола отырып, оларды ұтымсыз пайдалануға да болады. Мысалға, Жапония, жоғары дамыған ел бола отырып, минералды ресурстардың шектеулі мөлшеріне ие. Жапонияға қарама-қарсы аса бай ресурстарға ие болып отырған, бірақ әлеуметтік-экономикалық дамуында үлкен жетістіктерге жете қоймаған көптеген мемлекеттерді мысалға келтіруге болады. Табиғатты пайдалану деп адамзат қоғамының табиғи ресурстарды пайдалану арқылы өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті түсініледі. Табиғатты ұтымды және ұтымсыз пайдалануды бөліп көрсетеді.

Табиғатты ұтымсыз пайдалану

Табиғатты ұтымсыз пайдалану – бұл осының кезінде ең қол жетерлік табиғи ресурстар үлкен мөлшерде және әдетте толығымен емес пайдаланылатын, бұл ресурстардың жылдам таусылуына алып келетін табиғатты пайдалану жүйесі. Бұл жағдайда қалдықтардың үлкен мөлшері өндіріледі және қоршаған орта қатты ластанады. Табиғатты ұтымсыз пайдалану экстенсивті шаруашылыққа, яғни жаңа құрылыс, жаңа жерлерді игеру, табиғи ресурстарды пайдалану, жұмыс істейтіндердің санын арттыру жолымен дамитын шаруашылыққа тән. Экстенсивті шаруашылық өндірістің салыстырмалы төмен ғылыми-техникалық деңгейі кезінде басында тәуір нәтижелер береді, бірақ табиғи және еңбек ресурстарының таусылуына алып келеді. Табиғатты ұтымсыз пайдаланудың сан көптеген мысалдарының бірі болып біздің заманымызда да ОңтүстікШығыс Азияда және Африкада дамыған кесу-өртеу егін шаруашылығы қызмет ете алады. Жерлерді өртеу ағаштардың жойылуына, атмосфераның ластануына, нашар бақыланатын өрттердің пайда болуына және тағы сондай зардаптарға алып келеді. Көбінесе табиғатты ұтымсыз пайдалану тар ведомстволық мүдделердің және дамушы елдерде өзінің зиянды өндірістерін орналастыратын трансұлттық корпорациялардың мүдделерінің салдары болып табылады.

Табиғатты ұтымды пайдалану

Табиғатты ұтымды пайдалану – бұл осының кезінде шығарылатын табиғи ресурстар айтарлықтай толық пайдаланылатын (және, тиісінше, тұтынылатын ресурстардың мөлшері азаятын), қалпына келетін табиғи ресурстардың қалпына келуі қамтамасыз етілетін, өндіріс қалдықтары толығымен және сан мәрте пайдаланылатын (яғни қалдықсыз өндіріс ұйымдастырылған), бұл қоршаған ортаның ластануын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретін табиғатты пайдалану жүйесі. Табиғатты ұтымды пайдалану интенсивті шаруашылыққа, яғни ғылыми-техникалық прогрестің және еңбектің жоғары өнімділігі кезінде еңбектің жақсырақ ұйымдастырылуының негізінде дамитын шаруашылыққа тән. Табиғатты ұтымды пайдаланудың мысалы болып осында қалдықтар толығымен пайдаланылатын, осының нәтижесінде шикізаттың шығындалуы төмендейтін және қоршаған ортаның ластануы мейлінше азаятын қалдықсыз өндіріс немесе өндірістің қалдықсыз циклы қызмет ете алады. Өндіріс өзінің өндірістік процесінің қалдықтарын да, басқа өндірістердің қалдықтарын да пайдалана алады, осылайша, қалдықсыз циклға бір немесе бірнеше саланың бірнеше кәсіпорны тартыла алады. Қалдықсыз өндірістің (айналмалы сумен жабдықтау деп аталатынның) түрлерінің бірі технологиялық процесте өзендерден, көлдерден, бұрғылау скважиналарынан және т.с.с. алынған судың сан мәрте пайдаланылуы болып табылады, пайдаланылған су тазартылады және өндірістік процеске қайтадан қатысады.

Минералды-шикізат ресурстарын бағалаудың ең кеңінен таралған көрсеткіші – пайдалы қазбалардың қорлары, яғни Жер қойнауындағы, оның бетіндегі, су тоғандарының түбіндегі және жер бетіндегі мен жер астындағы сулардағы минералды шикізаттың мөлшері. Жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың қорлары текше метрмен (жанғыш газдар, құрылыс материалдары және т.б.), тонналармен (мұнай, көмір, кендер), килограммен (асыл металдар) немесе караттармен (алмастар) өлшенеді. Пайдалы қазбалардың геологиялық қорлары зерттелгендіктің әртүрлі дәрежесіне және бағалау дәлдігінің әртүрлі дәрежесіне ие. Жалпы қорларды, яғни қолда бар қорлардың барлығын және баланстық қорларды – яғни техника және экономиканың қазіргі деңгейі кезінде осыларды алып, пайдалану мақсатқа лайықты қорларды айырып таниды. Баланстық қорларды оларды анықтаудың растығы дәрежесі бойынша санаттарға бөледі.

Мәселен, Ресейде, баланстық қорлардың төрт санатын айырып таниды: А (егжей-тегжейлі барланған қорлар), В (жуықтап анықталған жату шекаралары бар барланған кен орындары), С1 (жалпы түрде барланған қорлар), С2 (алдын ала бағаланған қорлар). Сондай-ақ ықтимал ретінде бағаланатын, болжамдық геологиялық қорлар санаты да бар. Шетелдерде қорлардың өзгеше жіктемесі қолданылады. Барланған (ақырында алынатын), шынайы (техника дамуының қазіргі деңгейінде алынатын), болжамдық немесе ықтимал (осылардың Жер қойнауында болуы ғылыми болжамдардың және гипотезалардың негізінде шамаланатын) қорларды бөліп көрсетеді.

Пайдалы қазбаларды бағалаудың өте маңызды көрсеткіші болып сонымен қатар ресурспен қамтамасыз етілгендік табылады, ресурспен қамтамасыз етілгендік деп табиғи ресурстардың шамасы және оларды пайдалану (қазып шығару) мөлшерлері арасындағы қатынас түсініледі. Ресурспен қамтамасыз етілгендік әлде аталған ресурс осыған жететін жылдар санымен (пайдалы қазбалардың қандай да бір түрінің қорларының көлемін оны жылдық қазып шығару көлеміне бөлуден бөлінді ретінде), әлде оның тұрғындардың жан басына шаққандағы есеппен қорларымен көрсетіледі. Аумақтардың (аймақтың, елдің, ауданның) табиғи ресурстармен жиынтық қамтамасыз етілгендігін «табиғи-ресурс әлеуеті» түсінігі сипаттайды. Оның шамасы табиғи ресурстардың жекелеген түрлерінің әлеуеттерінен жинақталады, яғни осы ресурстардың қорларының құрылымын, мөлшерлерін, сапасын, зерттелгендік дәрежесін және игеру бағытын жиынтық бағалау болып келеді.

Минералды, биологиялық, су, климат ресурстары – шаруашылықтың әртүрлі салалары үшін шикізат. Өндірісте пайдаланылатын шикізат қоғамның экономикалық ресурстарына айналады. Экономикалық ресурстардың өзге түрлері – капитал, еңбек ресурстары, менеджменттің интеллектуалдық мүмкіндіктері де бар. Пайдаланылған табиғи ресурстар белгілі бір технологиялық өңдеуден кейін еңбек құралдары және әр алуан материалдық игіліктер болып шығады.

Ресурспен қамтамасыз етілгендік көрсеткішіне аумақтың табиғи ресурстарға байлығы немесе кедейлігі әсер етеді. Сондықтан да елді шаруашылық тұрғысынан игеру үшін оның аумақтық-табиғиресурстық әлеуеті туралы білу қажет. Аумақтың табиғи-ресурстық әлеуеті – бұл ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, елдің шаруашылық іс-әрекетінде пайдаланылуы мүмкін табиғи ресурстарының жиынтығы. Аумақтың табиғи-ресурстық әлеуеті екі негізгі көрсеткішпен – өлшемдермен және өзіне минералды-шикізат, жер, су және басқа әлеуеттерді қосатын құрылыммен сипатталады. Алайда, егер табиғи ресурстар қандай да болсын елде аз болса, бұл ел кедейшілікке ұшырамай қоймайды дегенді білдірмейді, өйткені әр елдің экономикалық ресурстары олардың мөлшерімен ғана анықталмайды ғой. Адам ресурстары және елдегі капиталдың бар болуы үлкен маңызға ие болып келеді. Шектеулі табиғи-шикізат базасы кезінде жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізген «жаңа индустриалды елдер» деп аталатындар, сондай-ақ Жапония мысал бола алады.

Авторлық сілтеме:
Мазбаев О. Б., Увалиев Т. О. Дүниежүзінің табиғат ресурстары географиясы: Окулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2013 ж. 244 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *