Төлдердің жұқпалы аурулары

 Диплококктік инфекция – сепсиспен, энтеритпен, өкпе қабынумен және буындардың зақымдануымен сипатталатын бұзаулардың, қозылардың, сипегірек торайлар мен құлындардың залалды ауруы.

 Стрептококкозды 1974 жылға дейін ғылыми әдебиеттерде диплококк індеті немесе диплококкоз деп жазып келді. Қазіргі кезде төлдің стрептококкозы деп атайды.

Таралуы мен тарихи деректері. Ауру барлық елдерде белгілі, бірақ кең таралмаған. Ауру туралы алғаш жазып және қоздырушыны бөліп алған Плаут (1877ж.).

 Қоздырушысы. Сыртқы шеттері етпен созылыңқы келген жұпты коктар формасында болады (шеттері ланцет тәріздес үшкірленген). Патологиялық материялдың жағындасында екі коккты да қамтитын капсуласы бар.

Індеттік деректері. Стрептококкозға төлдердің барлық түрлері бейімді. Бірақ бұзаулар мен қозылар жиі ауырады, торайлар мен құлындар сирегірек ауырады. Жануарлар 2-6 айлық жасында ауырады, бірақ ауруға өте бейімділігі 15 күннен 2,5 айлық жасында. Стрептококкоз жиі байқалынады, аналықтардың төлдеу кезеңдерінде.

 Аурудың белгілері. Жаңа туған мал бірге тұрған ауру төлдерден аэрогендік, сирегірек алиментарлық жолдармен жұқтырады. Көздің кілегейлі қабығы, тері арқылы, іште жұқтыруы да мүмкін.

 Қоздырушы тамақтандыруға арналған ыдыстар, күтуші адамның қолдары, төсеніштер арқылы беріледі, бірвқ бұзуларда респираторлық залалданудың ең үлкен маңызы бар.

Бұл індеттің жасырып кезеңі бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке созылады. Алғашқы кезде ауру жіті түрде өтеді. Ауруға шалдыққан қозы, бұзау денесінің қызуы 41-420-ға дейін көтеріліп, азықтан қалады.
Селсоқ тартып, жата бергіш келеді. Төлдің тыныс алуы, тамыр соғуы жиіліп, көздің, ауыздың және танаудың кілегей қабықтары қызарып, қанталайды. Қозының танауынан ірің, қан араласқан желқаяқ ағады.

Егер ауру созылмалы түрге ауысса, онда қозы денесінің қызуы біресе төмендейді. Ауру өршіген кезде төлдің өкпесі мен буындары қабынады.

Осыған орай ауру басталғаннан кейін 4-5 күндері созылмалы жөтел пайда болады. Егер дер кезінде ауру төлге ем қолданбаса, ол аурудың жітілеу және созылмалы түрінде 9-10 күнде-ақ шығынға ұшырайды.

Өлекседегі өзгерістер. Өлексені сойып қарағанда оның кілегей қабықтары мен тінді ағзаларының қабынып, қанталағаны байқалады. Бауыр мен талақ үлкейеді. Өкпе тіндерде қызарып, қанталайды.

Диагноз қою. Диагноз қойғанда эпизоотологиялық мәліметтерге, аурудың белгілеріне және патологоанатомиялық өзгерістерге сүйенеді. Диагнозды бактериологиялық зерттеумен дәлелдейді.

Мал дәрігері бактериологиялық зертханаға ұлпалы тіндерін, лимфа түйіндері мен қанын жібереді. Бактереологиялық зерттеу кезінде жоғарыда көрсетілген ағзалардан стрептококк микробы бөлініп шығарылады.

Емі. Арнайы ем ретінде стрептококкозға қарсы қан сары суы бұлшық еттің ішіне келесі мөлшерде жіберіледі: бұзауларға 50-100мл, қозылар мен торайларға 10-20мл, қажет болса 12-24сағаттан кейін егуді қайталайды.

 Қан сары сумен қатар антибиотиктар (пенициллин, биомицин, тетрациклин) қолданылады.

Сақтық пен күресу шаралары. Бұрын ауру шыққан сәтсіз шаруашылықтарда малды профилактикалық вакцинациядан өткізеді. Диплококкоз шыққан кезде төлдер туғанының бірінші күні-ақ профилактикалық дозамен диплококкозға қарсы сарысумен иммундалады, ал 7-8 күні вакциналайды.

Ауруларды және ауруға күдіктілерді оңашалайды, емдейді, сау төлдерге, 8 күндік төлдерге сарысу, ал 7-8 күннен кейін вакцина егіледі. 8 күннен ерсек төлдерді алдын ала сарысу екпей-ақ вакцинамен иммундайды.

Қораларды, сүт беретін ыдыстарды, шарбақтарды, науаларды ұқыпты залалсыздандырудың және фермадағы малды күтудің санитарлық-зоогигиеналық жағдайын жақсартудың маңызы зор.

Иммунитет. Ауырып айыққан мал иммунитетке ие болады. Спецификалық профилактика үшін Н.П.Чепуров жартылай сұйық формолвакцина мен сарысуды, ал А.Г.Малявин торайлардың паратифіне, пастереллезіне және диплококктік септицемиясына қарсы ассоцирленген формолквасты вакцина ұсынған.

Метриттармен, желінсаумен ауыратын сиырларды, қойларды, мегежіндерді тауып, оңашалап емдеудің маңызы зор. Бұзауларға желінсаумен ауырған сиырлардың сүтін беруге болмайды. Торайлар мен қозыларды азықтандыру үшін желінсаумен ауру енелерінен сау аналықтарға ауыстырылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *