Су ресурстары туралы мәлімет

Су ресурстарына пайдалануға жарамды барлық жер бетіндегі және жер астындағы суларды жатқызады. Су Жерде органикалық тіршілікті ұстап тұру үшін, адамның өмір сүруі, оның шаруашылық іс-әрекеті үшін қажет. Су факторы қоғамдық өндірісті орналастыруға үлкен әсерін тигізіп отырады. Сумен жабдықтаудың ірі көздеріне бағыт-бағдар алған, суды көп қажет ететін салаларға өнеркәсіптің көптеген салалары (электр энергетикасы, қара және түсті металлургия, целлюлоза-қағаз, химия өнеркәсібі және т.б.), егін шаруашылығы (күріш өсіру, мақта өсіру және т.б.) жатады. Су ресурстары – тек айқын суды көп қажет ететін өндірістер үшін ғана емес, қалаларды дамыту, тұрғындардың тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін де ерекше маңызды фактор. Әсіресе адамдардың осының Жердегі қорлары шектеулі тұщы суға деген қажеттіліктерінің ролі зор болып отыр. Жердің гидросферасын құрайтын, Жердегі судың жалпы қорлары (мұхиттар және теңіздер, өзендер, көлдер, батпақтар және су қоймалары, жерасты сулары, мұздықтар және қарлар, топырақ ылғалы және атмосфера булары) 1 386 млн текше км деп бағаланып отыр. Олардың ішінде су ресурстарының 96,5%-ы Дүниежүзілік мұхиттың тұзды суларына және 1%-ы – тұзды жерасты суларына келеді. Гидросфера көлемінің қалған 2,5%-ы жер шарындағы тұщы судың ресурстарын құрайды да. Алайда олардың нақты мөлшері анағұрлым азырақ (гидросфера көлемінің бар болғаны 0,3%-ы), өйткені полярлық мұздар тұщы су алудың көзі ретінде әзірге іс жүзінде пайдаланылмай отыр. Осылайша, Жердегі судың орасан зор ресурстарының бар екендігіне қарамастан, судың тікелей іс жүзінде пайдалану үшін жарамды мөлшері (тұщы сулар) аса шектеулі болып отыр.

Су ресурстары туралы толық мәлімет

Тұщы су ресурстары

Жер шарындағы судың негiзгi бөлiгi (97,2% көлемiнде) Дүниежүзiлiк мұхит суларына тиесiлi. Тағы 1% жуығы тұзды жерасты сулары мен көлдерге тиесiлi. Сонда тұщы су ресурстары гидросфераның жалпы көлемiнiң 2,5%-ын ғана құрайды екен. Оның үстiне, бұл қордың басты бөлiгi Антарктида мен Арктикада, сол сияқты тау мұздықтарында (2,1%), оны адамдар әзiрше өз қажетiне пайдалана алмай отыр, ал жерүстi суларының үлесi мардымсыз – 0,1%.

Адамның өмiрi мен шаруашылық iс-әрекетi, ең алдымен, тұщы суға байланысты. Планетамыздағы оның басты көзi болып өзен суы саналады. Тұщы суды тұрмыста және өнеркәсiпте, әсiресе ауыл шаруашылығында пайдалану көлемi жылдан-жылға артып келедi. Көп жағдайда судың қайтадан айналымға қосылмайтын шығындары көбеюде. Ал өзен суының қоры өзгерiссiз бiрқалыпты болуы себептi, оны пайдаланудың күрт артуына байланысты тұщы судың тапшылығы күшейiп келедi. Тiптен оның тапшылығы құрғақшылық өңiрлерде ғана емес, су ресурстарымен жеткiлiктi қамтамасыз етiлген аймақтарға да қауiп туғызуда. Бұл жағдай көбiнесе гидросфераның барған сайын ластануына және оның үнемделмеуiне орай қалыптасып отыр.

Планетамыздың тұщы су қоры, оның жеке аймақтары бойынша әркелкi таралған. Жер шарының 60%-қа жуық бөлiгiнде тұщы су мөлшерi жетiспейдi. Дүниежүзi бойынша оның қорларын пайдаланудың күрт өсуi, әлем халқының жылдам көбеюi, гидросфераның барған сайын ластануы, басқа да себептерге байланысты адамзат баласына тұщы судың жетiспеу қаупi төнуде. Осы себептi тұщы суды тұтынуды шама келгенше қысқарту проблемалары туындауда. Су ресурстарының қоры мен оны пайдалану арасындағы арақатынас, сумен қамтамасыз етiлу дәрежесiн бағалау көрсеткiшi болып табылады. Жалпы өзен сулары ресурстар гидроәлеуетi жағынан Азия, Америка және Африка құрлықтары көзге түседi. Ендi олардың осы ағын сулармен қамтамасыз етiлуiн халықтың жан басына шаққандағы мөлшерiмен есептесек, бұл жерде керi жағдай қалыптасады. Мәселен, халқы сирек қоныстанған Аустралия алға шығып, ал халқы тығыз орналасқан Азия артта қалады. Ағын су қоры жөнiнен дүниежүзiнде бiрiншi орынды Бразилия алады, сол сияқты Ресей, Конго, Канада, т.б. мемлекеттер де оның аса iрi ресурстарына ие.

Адамзат баласының алдында су проблемасын шешудiң көптеген жолдарын қарастыру мiндетi тұр. Бiрақ олардың ең бастысы – оның ысырапсыз түрде тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету. Өндiрiс пен егiстiкте, адамның шаруашылық және тұрмыстық iс-әрекетiнде қолданылған ақаба су мен шайынды суларды қайта тазалаудың да маңызы зор.

Тұщы судың аздаған көздерінің арасында негізгісі болып өзендер табылады. Қорлары таусылатын жерасты тұщы суларынан ерекшелігі, өзендердің су ресурстары қалпына келетін, таусылмайтын болып табылады. Жыл сайын қалпына келіп отыратын су ресурстарының мөлшері жауын-шашындар (жауын және қар түрінде өзен бассейнінің бет жағына түсетін) және түскен ылғалдың булануы арасындағы қатынасқа байланысты болып келетін өзен ағысының мөлшерімен анықталады. Өзендердің су ресурстары (өзен ағысының ресурстары) жылына 47 мың текше км деп бағалануда, ал өзеннің су ағысымен қамтамасыз етілгендіктің орташа әлемдік көрсеткіші (жан басына шаққандағы су ағысы) жылына шамамен 8 мың текше км құрайды. Ғаламшардың өзен су ағысының тұщы су ресурстарының жартысынан астамы осында Жердің Янцзы, Иравад, Меконг, Ганг, Брахмапутра секілді ірі өзендері ағып өтетін Азияға және ең зор (су ағысының көлемі, бассейнінің ауданы, ұзындығы және ені бойынша) Амазонка өзені бар Оңтүстік Америкаға (жылына 380 км текше км) келіп отыр. Өзендердің су ағысының жиынтық көлемінің өзге жартысын өзара Солтүстік Америка (5 960), Африка (4 225), Еуропа (3 110), Австралия және Мұхит елдері (1 965 текше км/жыл) бөлісіп отыр. Осы тізімдемеде соңғы орында тұрған Австралия және Мұхит елдері сонымен бірге бір тұрғынға есептегенде сумен ең жоғары қамтамасыз етілгендікке ие (83 мың текше м/жыл), ал тұщы судың қорлары бойынша көш бастап отырған Азия жан басына шаққандағы сумен қамтамасыз етудің ең төмен орташа көрсеткішіне ие — 4,5 мың текше м/жыл. Оңтүстік Америкада бұл көрсеткіш 34 мың текше м/жыл, Солтүстік Америкада – 15, Африкада – 6,5, Еуропада — 6 мың текше м/жыл.

Сумен қамтамасыз етілгендік әлем елдері бойынша да елеулі ерекшеленеді. Тұщы судың айтарлықтай ресурстарын Ресей иеленіп отыр. Оның өзен су ағысының жиынтық көлемі 4 270 текше км/жыл деп бағаланып отыр, бұл әлемнің бүкіл өзендерінің жиынтық ағысының 10%-ына жуығын құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Бразилияны алға жібере отырып, Ресей әлемнің барлық елдерін басып озып отыр. Ресейдің жан басына шаққандағы сумен қамтамасыз етілгендігі (28,5 мың текше м/жыл) орташа әлемдік көрсеткіштен үш еседен аса жоғарырақ. Су ресурстары елдің ішінде тым бірқалыпсыз бөлінген – оның жиынтық беткейлік су ағысының 70%-ға жуығы Сібірдің және Қиыр Шығыстың шаруашылық жағынан нашар қоныстанған облыстарына және тек 30%-ы ғана – еуропалық бөліктің және Оралдың тұрғындар тығыз қоныстанған және суға бәрінен көбірек зәру аудандарына келіп отыр. Сумен еуропалық бөліктің орталық (Липецк, Белгород, Курс және Воронеж облыстары) және оңтүстік (Ростов, Астрахань облыстары, Калмыкия Республикасы және т.б.) аудандары бәрінен де нашар қамтамасыз етілген. Ресейде 120 мыңға жуық өзен (ұзындығы 10 км асатын) бар, олардың көпшілігі Солтүстік мұзды (Солтүстік Двина, Печора, Ертіспен бірге Обь, Енисей, Лена, Индигирка, Колыма және т.б.), Тынық (Амур, Анадырь, Пенжин және т.б.) және Атлантика (Дон, Кубань, Нева) мұхиттарының бассейндеріне жатады. Ресейдің ең ірі және суы мол өзендерінің бірі – Волга ішкі су ағысының бассейніне жатады және Каспий теңізіне келіп құяды. Тұщы судың айтарлықтай көлемі су қоймаларына (олардың ішінен Братск, Краснояр, Зейск, Усть-Илим, Самара су қоймалары әлемдегі аса ірі су қоймаларының қатарына жатады) және көлдерде (Байкал – әлемдегі ең терең көл, Ладога, Онега, Таймыр және т.б.) жинақталған. Ресей жерасты тұщы суларының ресурстарына да бай, олардың барланған кен орындарының пайдаланылатын қорлары 27,3 текше км/жыл құрайды, оның ішінде 80%-ы еуропалық бөлікте орналасқан. Жалпы алғанда дүниежүзінде суды тұтыну үздіксіз өсіп отыр және 2000 жылы 4780 текше км, яғни ғаламшардың тұщы су ресурстарының жалпы көлемінен (су ағысының жалпы жылдық көлемінен) шамамен 10% құрады. Әлемдегі негізгі су тұтынушылар ауыл шаруашылығы 69%), өнеркәсіп (21%), коммуналдық шаруашылық (6%) және су қоймалары. Бұл ретте ауыл шаруашылығында және коммуналдық шаруашылықта пайдаланылатын судың үлесі үнемі өсіп отыр. Ресейде жыл сайын 100 текше км жуық тұщы су (АҚШ-та — 550 текше км), немесе өзендердің су ағысының жалпы жылдық көлемінің шамамен 2,4%-ы пайдаланылуда. Орташа әлемдіктен ерекшелігі, су тұтынудың құрылымында жетекші рөлді өнеркәсіп ойнап отыр (55%), ауыл шаруашылығының үлесі төмен (20%) және коммуналдық саланың үлесі жоғары (19%). Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде су ресурстарының олардың таусылуымен емес, табиғи беткейлік сулардың сапалық жағынан нашарлауымен – олардың тұрмыста және өндірісте пайдаланылуының нәтижесінде ластануымен байланысты жетіспеушілігі сезіле басталды. Ластанған беткейлік сулардың көлемінің орасан зор болып отырғаны соншалықты, таза су мәселесі жаһандық сипатқа ие бола бастады.

Гидросфера және оның құрамдас бөліктері

Су ресурстар аумақтың өмір сүру негізін құрайды. Бассейн беттік және жерасты су ресурстарымен бай. Олар өндірістік күш аумағында дамуды және қарқынды ауыл шарушылық өндірістік, қолайлы климаттық шарттармен үйлесіп қалыптасуды ескере алды. Бассейнде 45 мыңнын артық өзендер, уақытша су ағындары және жалпы ұзындығы 118 мың км дейінгі сайлар бар.Олардың ішінде ең ірісі Іле өзені (бассейннің 75% дейінгі сужинағыш ауданы) болып табылады. Балқашқа құяр кезде көлемі 8 мың км2 -мен атырау құрайды. Табиғи ресурстар таусылмайды дейтін көрінер көзге аңғал ұғымның мәні қалмай барады. Су планетамызда айрықша орын алатын ресурс болып табылады. Жер шарында су мол болғанымен, ол жердің аудандары мен елді мекендері бойынша біркелкі емес. Су тек шөл бау үшін ғана керек емес. Ол өндіріс үшін де қажет. Қазіргі технологияның су сыйымдылығы өте жоғары: 1тн құрышты қорыту үшін 250 м куб су қажет, 1 тонна қағаз өндірісіне 900 м куб су, 1 тонна капронға 56000 м куб су кетеді екен. Егер жердің бір тұрғынына кететін барлық су шығынын есептесек, ол жылына 1-2 тоннадан да көп су тұтынады екен.

Жер бетіндегі сулардың ластану көздеріне мыналар жатады: өнеркәсіп өнімдері мен өндіріс қалдықтарын сақтайтын және тасымалдайтын орындар; тұрмыстық, тұрмыс қажетін өтеу барысындағы қалдықтарды жинайтын орындар, қоймалар; тыңайтқыштар, пестицидтер және де химиялық заттар қолданылатын ауылшаруашылық салалары; жер асты сулары байланыстағы жер бетіндегі обьектілер; су көзіне жалғасқан лас орындар; жауын-шашынның ластанған жерлерді жууынан пайда болған шайынды сулар; өндіріс, бұрғылау, қазу және т.б.

Судың тұздылығы артқан сайын, қату температурасы төмендей береді. Сол себепті тұздылығы жоғары болатын терең көлдердің небір қатты аяздарда да қата қоюы қиын. Ал мұхит жағдайында беткі тұзды су қату барысында біртіндеп тығыздығы артып, төменге батады. Осының нәтижесінде мұхиттың неғұрлым төмен қабаттарына оттек жеткізіліп, ондағы тіршілікті қамтамасыз етеді. Табиғаттағы су айналымы, оның маңызы ауырлық күші әсерінен гидросфера, атмосфераны қамтитын үздіксіз айналымын Дүниежүзілік ылғал деп атайды. Күн жылуы әсерінен теңіздер мен мұхиттардың, көлдермен қатар, топырақ пен өсімдіктерде буландырушы сфераға бөлініп шығады. Су айналымында ауа ылғалдылығы: ауа массалары мұхит үстінен буланған ылғалдық апарып жеткізеді. Жаңбыр күйінде жер бетіне қайта су айдындарын толықтырып, біразы топыраққа сіңеді, өсімдіктер оның артық бөлігін қайтадан бу күйінде атмосфераның Құрлық өзендері өз суын теңіздер мен мұхиттарға жеткізіп, орнын толтыруға өз үлесін қосады. Ал теңіздер мен эсухнтадам су атмосфераға түсіп, айналым тұйықталады.

Дегенмен соңғы жылдардағы зерттеулер су айналымының төмендігін дәлелдеп отыр. Өйткені, атмосфераның жоғары қабатына күн сәулесінің әсерінен оттек пен сутек иондарына ыдырап, ғарышқа өтіп кетеді. Ал жанартау атқылаулары барысында жердің ішкі келетін су (шамамен, жылына 130 млн т) гидросфераны толықтырып, осы сулар есебінен гидросфераның көлемі ұлғайып келеді деген болжам бар, өйткені мантиядағы су мөлшері 20 млрд км3 (гидросфера көлемінен 151 артық) деп шамалануда. Судың барлық табиғат құрам бөліктерін қамтитын айналымы миллиондаған жылдар бойы тоқтаусыз жүруде.

Су ресурстары

Табиғи ресурстар таусылмайды дейтін көрінер көзге аңғал ұғымның мәні қалмай барады. Су планетамызда айырықша орын алатын ресурс болып табылады. Жер шарында су мол болғанымен, ол жердің аудандары мен елді мекендері бойынша біркелкі емес. Су тек шөл бау үшін ғана керек емес. Ол өндіріс үшін де қажет. Қазіргі технологияның су сыйымдылығы өте жоғары: 1тн құрышты қорыту үшін 250 м куб су қажет, 1 тн қағаз өндірісіне 900 м куб су, 1 тн капронға 56000 м куб су кетеді екен. Егер жердің бір тұрғынына кететін барлық су шығынын есептесек, ол жылына 1-2 тн-дан да көп су тұтынады екен. Су – біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс.

Табиғи ресурстың бұл түрі мыналарға арналған:

  • адамзаттың, хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің өмірлік қажеттіліктерін өтеуге;
  • өндірістік-шаруашылық қажеттіліктеріне; – гидротасымалдау және кемелермен жүкті тасуға;
  • өзіндік ерекшелігі бар технологиялық процестерді қамтамасыз етуге.

Су биосфераның барлық қабаттарында болады, дәлірек айтқанда, ол тек су қоймаларында ғана кездеспейді, сонымен қатар, оны ауадан да, топырақтан және бүкіл тірі жан иелерінің бойынан да ұшырастырамыз. Шнитниковке жүгінсек біз бүгінгі таңда өте ылғалды континенталдық фазадан аса құрғақ континенталдық фазаға өту үстінде екенбіз. Бұл құрлықтағы судың 1 бөлігі теңізге ауыатынын білдіреді. Соңғы 80 жылдағы байқау көрсеткендей, теңіз деңгейі жыл сайын 1-2 мм-ге көтеріледі, бұл құрғақтағы судың қорын жылына 430 км кубке кемітеді. Бұл көреткіш Каспий теңізіне құятын барлық өзендерге де қатысты. Су ұдайы қозғалыс үстінде болады, оның мөлшері мен сапасы уақыт және кеңістік ішінде өзгереді.

Су ресуртары ғасырлар бойы жинақталған қормен және жаңғыртылған ресурстармен сипатталады. Орташа жылдық ағыны бойынша, су ресурстарын бағалау судың пайдаланылуын жоспарлауда және сумен қамтамасыз етілудің деңгейіне баға беруде кеңінен қолданылады. Елімізде су ресурстарын үнемдеу үшін, суарудың жаңа әдістерін қолданысқа енгізудің маңызы зор. Орташа есеппен алғанда, планетаның 1 тұрғынына күніне 3 мың литр су кетеді екен, алайда жердегі 5 миллиардтың 1 миллиард тұрғыны күніне кем дегенде 2-3 литр тұщы суға қолы жетпей отыр екен. Елімізде су ресурстарының қорғалуы әрі ұтымды пайдаланылуы үшін өзен бассейндерін пайдалану процесінің жүйелі басқару тәсілі қолданылады. Аса ірі территорияларды жергілікті су ресурстарымен қамтамасыз ету міндетінде суды ластап, әрі тауысып алмауды көздейтін, жер үсті және жер асты суларын бірлесіп реттеуді жүзеге асыратын шаралар кешенді түрде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының жер беті минералдық көздер сулар ретінде таралған климаттың ерекше жағдайы өзен жүйесінің қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Онда өте сирек гидрогеографиялық желі байқалады, шаруашылық үшін артезиан бассейндерінің сулары үлкен рөл атқарады. Ірі қалаларды сумен қамтамасыз ету жер асты сулары арқасында жүзеге асады. Қазақстанда минералдық судың қоры да аз емес, минералдық сулар құрамында көптеген химиялық элементтер бар, олар адамның денсаулығы үшін қажеттіліктердің бірі. Санаторий мен курорттар танымал. Мысалы, Алма Арасан, Барлық Арасан, Қапал Арасан, Жаркий Арасан, Сарыағаш және т.б.

Барлығымызға белгілі біздің территорияны кесіп өтетін ірі өзендер, өздерінің бастарын көрші территориялардан алады. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) Хельсинск конференциясында транс-шекаралық өзендер мен мемлекет аралық көлдердің ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау туралы Конвенция қабылданды. Соның ішінде Каспий мен Арал бар. Су пайдаланудың жыл сайын өсуі тұщы судың азайып, ластануына соқтырып отыр. Сондықтан гидротехникалық қондырғыларды салу немесе жоспарлау кезінде табиғи комплекстің территориялық ерекшелігін ескеру керек.

Әлемдік банктің бағалауы бойынша, XXI ғасырдың ортасына қарай Жер халқының 40%-ы су тапшылығын сезінеді, 20%-ы бұдан біршама қиындық көретін болады. Су ресурстарының молығу үрдісі оларды шектен тыс пайдалану және ластау, сондай-ақ табиғи жүйелердің құрауыштарын, басты негізде су экожүйелерін қоса алғанда, табиғи жүйелерде ағзалар қауымдастығының өмірлік әрекеті үшін қажетті су теңгерімінің бұзылуына әкеліп соғатын жағалау аумақтарында және су жинақтағыш бассейндерде өсімдіктердің жойылу нәтижесінде нашарлайды.

Су ресурстарының аумақ бойынша тең бөлінбеуі өңірлер мен экономика салаларының сумен қамсыздандырудың тұрақсыздығын және теңсіздігін негіздейді. Қажетті су тұтыну көлемі 54,5 км3 құрайды, ал шаруашылық пайдалануға мүмкін су тұтыну көлемі орташа сулылық бойынша жылына 42,6 км3 -ден аспайды. Ауыз су қоры 524 км3 -ден астамды (көлдер – 190, мұздықтар – 80, өзендер – 101, су қоймалары – 95, жер асты сулары – 58) құрайды. Экономика салаларын сумен қамтамасыз етудің 90%-дан астамы жер беті су ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Коммуналдық-тұрмыстық қамтамасыз ету секторында негізінен жер асты сулары пайдаланылады. Жер асты су ресурстарын пайдалану деңгейі 2005 жылы 1,0 км3 -ді құрады.

Қазақстан су ресурстарының тапшылығымен Еуразияның қуаң өңірлерінің біріне жатады. Республиканың су шаруашылығы су ресурстарының тапшылығы, табиғи су аздығы кезеңінде күрт ұшығуы жағдайында дамуда. Елдің жер бедері мен климатының әртүрлілігімен туындалған ел гидрографиясының басты ерекшеліктерінің бірі жер беті су ресурстары оның аумағында біркелкі таралмағанынан болады. Осыған байланысты ел аумағының көп бөлігінде су шаруашылығының шиеленіскен жағдайы орын алып отыр.

Республиканың басым су көздері бойынша су сапасына үлкен қауіптілікті химия, мұнай өңдеу, машина жасау өнеркәсіптерінің және түсті металлургия кәсіпорындары төндіріп отыр. Республика шегінде жер асты суларының 700-ден астам әлеуетті ластану көздері анықталған, оның ішінде 241-і жер асты суларының гидрогеохимиялық жай-күйіне тікелей әсер етеді. Су ресурстарының жалпы салыстырмалы жеткіліксіздігі кезінде Қазақстан үшін су тұтынушылардың суға көзқарасы үнемсіз болып отыр. Өнеркәсіптік сектормен суды тұтынудың қысқаруына қарамастан, өнім бірлігіне таза судың жұмсалуы су беру жүйелерінің пайдалы қызметінің төмен коэффициентіне бола жоғары болып қалып отыр. Суармалы жер шаруашылығында судың нормативтен жоғары жоғалтуларына әкеліп соқтыратын суарудың су жұмсаушы технологиялары қолданылады. Су ресурстарының біркелкі тарамауы, Орталық, Солтүстік және Батыс Қазақстандағы судың өсіп келе жатқан дефициті, трансшекаралық өзендер бассейндеріндегі сумен қамтамасыз ету жағдайының шиеленісуі, ауыз су сапасының нашарлауы, жер беті және жер асты суларының жалғасып келе жатқан ластануы, бөгеттердің, гидробуындардың, су құбырларының, суару арналарының техникалық жағдайларының қияпатты нашарлауы, су тұтынуды бақылауды қолдан жіберіп алу, суармалы жер шаруашылығындағы суарудың артта қалған технологиясы кідіріссіз шешуді талап етеді. Еліміздің әлеуметтікэкономикалық кешенінің су тұтынуы 2004 жылға жылына 25,30 км3 — ден астамды құрады, бұл ретте шамамен 19,83 км3 -і табиғи көздерден алу есебінен жабылып отыр және небәрі 5,47 км3 -і су пайдаланудың айналымдық және қайталама-реттілік жүйесінде инженерлік қайта жандандыру есебінен (қол жеткізілген әлемдік деңгей 50%-дан астам) болып отыр. Өндірістік қажеттілікке судың 20,0%-ына дейін, шаруашылық-ауыз су мақсаттарына 5,0%-ына дейін, суландыру және сумен қамсыздандыруға 73,0%-ына дейін жұмсалады.

Өндірістің саябырлауына және тұщы суды пайдалану көлемінің төмендеуіне қарамастан ысырапты су пайдалану проблемасы өзінің өзектілігін жоғалтпай отыр, солайша тек тасымалдау кезіндегі таза судың жыл сайынғы шығын көлемі 4,94 км3 , бұл ретте табиғи су объектілеріне қатысты қайтарымсыз су тұтыну 15,28 км3 -ді құрайды. Су бөлу көлемі табиғи көздерден су алу көлемінің орташа 22,0%-ын құрайды. Тазалау аппараттарының қуаты тазалау қажеттілігінің 100%-ы ғана жабады, сонымен бірге су объектілеріне 155,0 млн.м3 ластанған су төгіледі, қалыпты деңгейге дейін тек қана ағынды судың 5,0%-ы тазаланады, бұл тазалау ескі сызба бойынша және ескірген технологиялық жабдықтарда жүзеге асады, тазалау әдістері төгілген су категориясына сәйкес емес екендігін көрсетеді.

Қала және ауыл халқының коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігіне жыл сайын жылына шамамен 0,9 км3 тұтынады, ол алынған судың жалпы көлемінен 4%-ды құрайды. Мұнда су құбыры желісінің техникалық жағдайына байланысты бір адамға шекті су тұтыну 130-дан 250 литр/ тәулігіне құрайды.

Су құбырының тозуы ауыз су сапасының қайталама ластануының көзі болып табылады және су дайындығын құнсыздандырады. Агенттік және денсаулық сақтау мәліметтері бойынша халықтың 30%-ына дейін сапасыз ауыз суды пайдаланады, сүзек, сары аурудың таралуы ластанған ауыз суды тұтынумен байланысты. Республикадағы 100 км су құбыры желілерінің апат санына 70 апаттан астамды құрайды, орташа еуропалық деңгейінің сенімділік көрсеткіші – 3 апат. Қазіргі таңда небәрі 40 топтық су құбырлары жұмыс істейді немесе қайта құру деңгейінде болып отыр. Республиканың солтүстік облыстарында екі он жылдықтан астам уақыт өз параметрлері бойынша айрықша жалпы ұзындығы 6,0 мың км-ден астам Ишим, Пресновск, Булаевск, Соколовск, Сергеевск және Беловодск топтық су құбырлары жұмыс істеді. Қостанай облысының топтық су құбырларының ұзындығы 3,4 мың км, Павлодар облысы Беловодск және Майск топтық су құбырлары – 2,0 мың км-ден астамды құрады. Халықты ауыз сумен қамсыздандыруының өтпелі кезеңде нақты қиындықтар субъективті факторлармен қиындайды: артық меншікті нормалар және нәтижесінде су дайындаудың қуатты станцияларын салу; ауыз судың өнеркәсіптік кәсіпорындарға берілуі; канализация желісінде ластанған судың берілуі; кәсіпорындардың және халықтың жеңіл және сенімді тетігі — экономикалық мүдделілігі негізінде ресурс үнемдеуге түрткі болатын қолданыстағы ұйымдастырушылық-экономикалық нормативтікқұқықтық негіздердің жетілмеуі. Есептердің көрсетуі бойынша, коммуналдық секторда қажеттілікті толық қанағаттандыру кезінде су объектілерінен суды алуды 35-55%-ға қысқарту туралы айтуға болады. Ауыл шаруашылығы суландыруға 80%-ға дейін шығындайтын негізгі су тұтынушы болып табылады. Соңғы он жылдықта тұрақты суландыру көлемі 2,3 млн. гектардан 1,4 млн. гектарға дейін қысқарып отыр, суды алу мөлшері 22,0 шаршы километрден 12,0 шаршы километрге төмендеді, сонымен бірге меншікті суды тұтыну 1 гектарға 9,0-дан 10,0 мың кубқа артты, суды орнына тасымалдау кезінде кезіндегі шығын орташа 4,0 куб. км. құрайды. Жыл сайын суландырылмаған жерлерден толық алынбаған шекті өнім құны шамамен 60,0 млрд. теңгені құрайды. Жерді суландыру жай-күйінің төмендеуінен, суландыру жүйесінің және суармалы егін шаруашылығындағы аппараттардың тозуынан ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі төмен, шекті су тұтыну кіріссіз жоғары болып отыр, суармалы жүйе ПӘК 0,5-ке дейін төмендеді. Озық су үнемдегіш суару технологиялары нашар енгізілуде. Ауыл шаруашылығында, және де бірінші кезекте суландырылатын егін шаруашылығында суды үнемдеу жөніндегі шаралар, яғни суландыру жүйесін қайта қалпына келтіруді жүзеге асырумен, суландырудың және басқалары су үнемдегіш технологияларын енгізумен мелиоративтік жүйелердің ПӘК-ін 25-40%-ға арттыру мүмкін болады. Соңғы нәтижеде бұл жердің мелиоративтік жай-күйін жақсартуға және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін және суландыру суының өнімділігін арттыруға әкеледі. Өнеркәсіптік секторда суды тұтыну жылына 4,0 куб. км-ге дейін қысқарды. Өнімнің бірлігіне таза судың шығынының жоғары болуы айналма және қайталама сумен қамсыздандыруды пайдаланудың жеткіліксіз деңгейінен, су беру жүйесінің қанағаттанарлықсыз жай-күйінен және төмен КПД, бүгінгі күні ауыз су талаптарына дейін тазаланған судың 40%-ына дейін өнеркәсіптік қажеттілікке шығындалып отыр. Ауыз судың тапшылығына қарамастан Израиль көлемі 455,0 мың гектар болатын өзінің өңделетін жерінің 55%-ы (250 мың гектар) суландырады. Бұл ретте бірге Израильда 1 гектар суландыратын жерге су тұтыну жылына 4 800 м, Қазақстанда бұл 1,65 есе аз. Израильде су қажеттілігінің үштен екісі табиғи көздер есебінен және үштен бірі сортаңданған жер асты және тазаланған ағынды суларды пайдалану есебінен жабылады. Израильдің су ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі әсерлі табысы, осы елде орнықты даму жөніндегі Әлемдік Саммиттің Директивасы (Йоханнесбург, 2002 жыл) ұсынған Су ресурстарын ықпалдастыра басқару қағидаларының табысты енгізілуімен негізделген.

Авторлық сілтеме:
Мазбаев О. Б., Увалиев Т. О. Дүниежүзінің табиғат ресурстары географиясы: Оқулық. — Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2013 ж. 244 бет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *