Словения Республикасы: саяси-экономикалық дамуы

1990 жылы маусымда парламент тәуелсіздікті жариялап, бұрынғы Югославия Федерациясының құрамынан шықты. Желтоқсан айында референдум өтіп, халықтың 88% тәуелсіздікті қолдады. 1991 жылы 20 ақпанда конституция қабылданып, парламент бір ауыздан қолдап, заң күшіне енді. Бұдан кейін Словения үкіметі сыртқы шекараны, кедендік пунктерді және елдің әуе кеңістіктерін толық бақылауға алды.

Югославия Федерациясы бұл шараларды Конституцияға сәйкес емес деп, Словенияны күшпен қайтадан бақылауға алу үшін, әскерлерін кіргізді. Словения Президенті М. Кучян агрессия деп бағалады. Елде әскерлерді мобилизациялап, 1991 жылы маусым- шілде айларына соғыс қимылдары жүрді. Югославия Президенті С. Милошевич Словениядан әскерлерді шығару туралы жарлық берді. Шілде айының соңында ЮХА толық шығарылды.

Словения Республикасында әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілді. Реформаның барысында экономика социалистік жүйеден нарықтық жүйеге өтті. Словения өз даму бағытын Еуропа елдеріне бағыттады. Мемлекеттік құрылымдар өзгертілді, жекешелендіру, либерализация, елдің саяси басқару құрылымы түгелдей өзгертілді. Тәуелсіздік алғанға дейінде Югославия Федерациясында Словения экономикасы жоғарғы деңгейде дамыған республикалардың бірі болатын. Өтпелі кезеңде реформаның нақты жүргізілуі, 90 жылдардың соңында Словения экономикасы нарықтық жүйеге өтуі аяқталды.

Словенияда Югославия Федерациясының құрамындағы басқа республикалар сияқты этникалық соғыстар болған жоқ. Республиканың 88% словендерден құралды. Словенияның жедел дамуына географиялық орналасқан жері Еуропа және Балқан түбегінде болды. Бұрыннан көрші елдермен жол қатынастарының жақсы болуы, Батыс Еуропа елдерімен қатынас тез қалпына келтірілді.

Словенияның әлеуметтік-экономикалық реформасының авторы, елдің премьер-министрі Янез Дрновшектің еңбегі зор болды. 1995 жылы Словения ақшасы тонар конвертираланды. Жекешелендіру жүргізіліп, салық табыстың 25%, сыртқы саудада Еуропалық Одақ елдері Словенияның экспортының 60% көрші елдерге шығарылды. 2005 жылы Ұлттық ішкі өнім мөлшері — 36 млрд. доллар, жан

басына шаққанда — 18,470 доллар. Инфляция — 2,6%. 2005 жылы Словения Еуропалық Одақ және НАТО ұйымдарына мүше болды. Еврозонаға кірмейді, 2007 жылы Шенген Зонасына өтті. Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мүшесі, 2005 жылдың 1-қаңтарында ЕЫҚҰ-на төрағалық етті.

Словения экономикасының басты салалары: қара металлургия, ағаш өңдеу, химия, фармацевтік, тоқыма, тері, электроника, автомобиль және кеме жасау жұмыс істейді. «Кршко» атындағы Атом электр станциясы бар. Словения Республикасы Халықаралық туризм орталығы болып табылады. Елде 80 музей, 184 тұрақты көрмелер, 19 ұлттық театр және 97 кинотеатр жұмыс істейді.

2000 жылы қазан айында парламент сайлауында либерал- демократиялық партиясы жеңіске жетті. Премьер-министрі Янез Дрновшек болды. Словенияның бірінші Президенті Милан Кучан қолдады. 2002 жылы Словения Республикасында президенттік сайлауда көп жылдар бойында премьер-министр қызметін атқарған Янез Дрновшек сайланды.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Словенияның тез нарықтық экономикаға көшуіне басқа Шығыс Еуропа елдерінен айырмашылығы, елдегі саяси тұрақтылық басты фактор бола алды. Ұзақ мерзімде елді басқарған солшыо центристік Либерал демократиялық партияның басшысы 1992 жылдан бері үкіметтің премьер-министрі Янез Дрновшек болды. Словения Президенті Милан Кучан қолдап отырды.

2000 жылы қазан айында кезектен тыс парламент сайлауы өтті. Сайлауда либерал-демократтар жеңіске жетіп, прламенттегі 90 депутаттық орынның 49 мандат алды. Оңшыл партиялар 31 дауыс алып, оппозицияда қалды. Жаңа үкімет құрамына Біріккен социал- демократтар және зейнеткерлердің Десус партиясы кірді. Премьер-министрі болып Я. Дрношек тағайындалды. Жаңа үкімет сыртқы саясатта басты бағыт Еуропалық Одақ ұйымына және НАТО-ға мүше болу болды.

2005 жылы Словения Еуропалық Одақ ұйымына мүше болып, ұйымның қызметін белсенді түрде қолдап отырды. Қазіргі Словения Республикасының экономикасы жоғарғы деңгейде дамып келеді. Елде жұмыссыздық 7,3% азайды, орташа жалақы 12 мың долларға жетті. Халықтың тұрмыс сүру деңгейі Батыс Еуропаның көптеген елдерінен жоғары.

2002 жылы Словенияда президенттік сайлауда Янез Дрношек ірі жеңіске жетті. Тәуелсіз Словения тарихында екінші президент болып сайланды. Бұл жеңіс Я. Дрношекті халық алдындағы зор сенімге ие болғандығының дәлелі болды.

Сыртқы саясатта Словения НАТО ұйымына 2005 жылы мүше болғаннан кейін халықаралық шиеленіскен мәселелерді бірігіп шешуге, көп полярлық саясатты қолдау, шет елдер инвеститциясын тарту, көрші елдермен достық ынтымақтастықты дамыту болып келеді. Словен-Ресей қарым-қатынастары бірқалыпты дамып отыр. 2001-2003 жылдарда РФ Президенті В. В. Путин және СР президенттері үш рет кездесті. Екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жоғарғы деңгейде дамып, екі ел арасында сауда айналымы 500 млн. доллар. Мәскеу қаласында Словенияның 40 компаниясы жұмыс істеп келеді. 2003 жылы 13 қыркүйекте РФ Президенті В. В. Путин мен СР Президенті Я. Дрношек «Екі ел арасындағы достық және ынтымақтастық» туралы Декларацияға қол қойды.

Словения-Қазақстан ынтымақтастығы. 1991 жылы 27 желтоқсанда Словения Қазақстан тәуелсіздігін мойындады. 1992 жылы қыркүйекте екі елдер арасында елшілік орнады. 2002 жылы мамырда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Словенияға ресми сапармен барып, достық және өзара серіктестік туралы Декларацияға қол қойылды. 2002 жылы қыркүйек айында Астанаға Словения Республикасының Президенті Милан Кучан ресми сапармен келді. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвеститция салаларындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жалғасты.

2003 жылы 8-10 қазанда Қазақстанға Словения Республикасының премьер-министрі Д. Рупель ресми сапармен келді. Кездесулер барысында ҚР премьер-министрі Д. Ахметов және ҚР сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевпен әңгімелесті. Екі ел арасындағы сауда айналымы — 53,7 млн доллар (экспорт — 0,8 млн. доллар, импорт — 53 млн. доллар). Қазақстаннан Словенияға қара және түсті металлургия, астық, тыңайтқыштар, Словениядан технологиялық құрал-жабдықтар, электр өнімі және дәрі- дәрмектер әкелінеді. Қазіргі кезде Қазақстанда 3 словен компаниялары «Лек», «Крка», «Искаротель» қызмет атқарады.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *