Словакия: тарихы, саяси-экономикалық дамуы

1993 жылы 1 қаңтарда Чехословакия мемлекеті екіге бөлініп, Словак Республикасы болып жарияланды. 1918 жылы қараша айында Австро-Венгрия империясы құлап Чехословак империясы құрылған. 1939 жылы 15 наурызда Чехословакияны фашистік Германия жаулап алды. Тәуелсіздігінен айырылып, фашизмге қарсы күрес жүргізді. 1944- 1945 жылдарда Кеңес әскерлері Чехословакияны азат етті. 1945 жылы 9 мамырда Чехословакия Республикасы социалистік қоғамға өтті. 1989 жылы Чехословакияда қараша революциясы (бархат) жеңіске жетіп, коммунистер өкіметтік биліктен өз еріктерімен кетті. 1989-1993 жылдарда Чехословакияда демократиялық реформалар жүзеге асырылып, нарықтық экономикаға көшті. Демократиялық революция барысында Словакия өз тәуелсіздігін жариялап, Орталық Еуропада екі мемлекет Чехия және Словакия Республикалары құрылды.

Словак Республикасының тұңғыш Президенті болып Михаил Ковач, премьер-министрі В. Мечиар тағайындалды. 1999 жылы Словак Республикасына президенттік сайлауда бұрынғы коммунист партиясының мүшесі Қоғамдық келісім партиясының жетекшісі Рудольф Шустер сайланды. Премьер-министрі болып М. Дзуринд тағайындалды. 1993-2000 жылдарда Словакияда әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілді. Нарықтық экономиканың 76,8% жеке меншікке өтті. Елде жекешелендіру (приватизация) жүргізілді. Экономиканың жылдық даму қарқыны 7% болды. Қазіргі кезде Словакия өндірісті-аграрлы елге айналды. Өндірістің басты салалары: қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіп жедел қарқынмен дамыды.

Словакияда 356306 ұсақ және орта кәсіпорындары жұмыс істейді. Ішкі ұлттық өнімнің — 3,8% ауылшаруашылығы, өнеркәсіп үлесі — 25%, құрылыс — 4,9%, сауда және қонақ үйлердің үлесі — 15,1%, халыққа қызмет көрсету (сервис) — 32,4% құрайды.

Словакияда транс ұлттық корпорациялары жұмыс атқарады: «Volkswagen», «Siemens», «JBM», «Samsung» және автомобиль құрастыру саласында «Hyundai», «Wolkswagen» және «Peugeot- Citzoen» компаниялары бар. 2004 жылы Словакияда 225 мың автомобиль шығарылды. 2007 жылы 600 мың автомобильге жеткізуді көздеп отыр. Словакия Республикасы 109 шет елдер мен елшілік қатынастар орнады. Халықаралық ұйымдардың толық мүшесі, оның ішінде Вышеград тобымен (Чехия, Венгрия, Польша, Словакия) тығыз саяси- экономикалық ынтымақтастықты дамытуда.

2005 жылы 1 қаңтарда Словак Республикасы Еуропалық Одақ ұйымының мүшесі болды. 1995 жылы наурызда Чехия Республикасымен достық және өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 2005 жылы ішкі ұлттық өнім көлемі 62 млрд доллар. Әр адамға шаққанда — 11280доллар. Инфляция — 2,4%.

Қазақстан-Словакия арасындағы ынтымақтастық. 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі ел арасындағы елшілік байланыстар дамып келеді. 2000 жылы 1 наурызда Братислав қаласында ҚР құрметті консулы ашылса, 2004 жылы тамыз айында Астана қаласында Словакия Республикасының елшілігі ашылды. Екі ел арасында саяси қарым-қатынастар дамуда.

1998 жылы 27 мамырда ҚР сыртқы істер министрі З. Крамплова кездесті. 1999 жылы мамырда Астана қаласында ҚР-сы сыртқы істер министрі мен СР-сы сыртқы істер министрлері кездесіп, екі жақты алмасулар туралы әңгіме болды. 1999 жылы 18 қарашада Стамбул қаласында өткен ЕҚЫҰ-ның саммитінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев пен СР Президенті Р. Шустер кездесті. 2004 жылы 1 маусымда Братислав қаласында екі ел арасында «Автомобиль қатынастары» туралы келісімге қол қойылды.

2007 жылы қарашада ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев ресми сапармен Словакия Республикасына барды. Сапардың барысында СР Президенті И. Гашпаровичпен жолықты. Сонымен қатар премьер-министрі Роберт Фицо, Ұлттық Кеңес төрағасы Павол Пашковамен кездесулер өткізді. Екі жақты үкіметаралық комиссия жұмысында инвестиция тарту туралы, ғылым, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілді. Ресми сапар барысында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың словак тіліне аударылған екі кітабының тұсау кесері өткізілді.

Екі ел арасындағы саяси байланыстардың тереңдеуіне 2010 жылы 29-31 наурызда Қазақстанда ресми сапармен СР Президенті И. Гашпарович Астана қаласына келді. Әңгіме барысында СР-сы Президенті И. Гашпарович:»Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы сәтті өтетінін сенім білдіретінін, Астана саммитін өткізуді толық қолдайтынын», — айтты.

Екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастар 1995 жылы мамыр айында «ҚР мен СР арасындағы сауда-экономикалық және ғылым, білім саласындағы ынтымақтастық» келісіміне қол қойылды. 1998 жылы маусымда Братислав қаласында үкіметаралық комиссия құрылды. Словакия бизнестерімен Қазақстанда словак компаниялары әр салада жұмыс істеп келеді. Мысалы: «Словакия», «Жол және құрылыс механизмі Тисовец», «АDRIAN», «Электровод Холдинг, Компэл» компания жұмыстарына словак-жұмыс топтары қатысуда. 2006 жылдан Қазақстанда 16 біріккен кәсіпорындары жұмыс істейді. «Зентива» фармацевтік компаниясы, «Элтеко» энергетика, біріккен кәсіпорындары. Қазіргі кезде Қазақстанда 28 кәсіпорын қызмет атқарады.

Екі елдің арасындағы сауда айналымы 2005 жылы 74,2 млн. доллар. Қазақстан экспорты — 43,8 млн. доллар, импорт — 30,5 млн. доллар болды.

Қазақстаннан Словакия мұнай өнімдері, цинк, медь, хром, қорғасын, алюмений және мақта. Словакиядан машина, техника құралдары, құрылыс, дәрә-дәрмек, қағаз, жиһаз және тамақ өнімдерін әкеледі. Словакияда «Қазқстан темір жолы» мемлекеттік компаниясының уәкілдігі жұмыс істейді. Оңтүстік Қазақстанда «КазСловБус» және «ЗТС Моторы — Южмаш» компаниялары автобус және ауылшаруашылығы машиналарын шығарады.

Мәдени және гуманитарлық байланыстар білім саласында кеңінен дамуда. Жыл сайын Словакия жоғар оқу орындары Қазақстан студенттеріне грант бөліп келеді. 2009 жылы 26 тамызда Астана қаласында Евроазия университеті мен Словакияның Қазақстандағы елшісі Душан Подгорский арасында келіссөздерге қол қойылды. 2009 жылы 3 қарашада ҚР білім және ғылым министрлігімен Словакия білім министрлігі арасында Меморандумға қол қойылды.

1999 жылы Словакия Республикасында Қазақстанның «Камерат» ансамблі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ж. Аубакирова және ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаммедқызы өнерлерін көрсетті.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *