Шығыс Африкалық алғашқы «адам» өкілдері. Олдувай мəдениеті

Ежелгі Homo туысының өкілдері б.э.д. 2 млн. жыл бұрын пайда болған. Бұған дейін жер бетінде тек австралопитектер өмір сүрген. Шамамен, 2,5 млн. жыл бұрын ежелгі гоминидтер эволюциясында өте маңызды оқиға – гоминидтердің кладогенезі (ыдырауы) орын алған, нəтижесінде гоминидтердің 2-3 тобы: Оңтүстік жəне Шығыс Африканың массивті автралопитектері мен Homo туысы пайда болды. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, Homo туысының алғашқы өкілі H. Habilis «епті адам» деп саналады. Homo туысының арғы тегі афар австралопитектері немесе ежелгі грацильді австралопитектер деп болжамдайды.

Осылай, И. Коппенс бойынша (1983), адам тегінің алғашқы бұтағы Шығыс Африкада өте ертеде 7-6,5 млн. жыл бұрын пайда болып, б.э.д. 2,7 млн. жылға дейін тіршілік еткен. Шамамен, 6-5 млн. жыл бұрын олардан екінші бұтақ – Аustralopithecus бөлініп шыққан, ол 1 млн. жыл бұрын жойылып кеткен. Үшінші – Homo бұтағы 5-4 млн. жыл бұрын ыдырамаған австралопитектерден пайда болған. Бұл көзқарас австралопитектермен Homo тармағының тəуелсіз шығу тегі туралы пікірге жақынырақ келеді.

Алғашқы H. Habilis-тің қаңқа қалдықтары 1960 жылы, даму тарихы 2-1,7 млн. жылды құрайтын ежедгі көлдің астарында орналасқан Олдувай шатқалының I қабатынан алынған. Ювенильді гоминоид бассүйегінің жəне посткрониальді қаңқасының кіші көлемді фраг менттері табылған. Бүгінгі таңда Олдувай шатқалының I жəне II қабаттарынан 60-тан астам қаңқа қалдықтары табылған, табылған қаңқалардың басым бөлігі хабилиске жəне зинджаға тиесілі. 1959 жылы I қабаттан «алғашқы құралдар» – қолдан өңделген тастар – табылған.

Олардың көпшілігі жұмыр тастардан жасалған жəне бір шеті қырланған өткір болып келсе, екінші шеті тегіс, қолға ұстауға ыңғайлы етіліп жасалған. Алғашқы құралдардың бұл түрі ағылшын тілінен соғушы «chopper» атауын иемденген, ал бұл ежелгі мəдениет шатқал атауы бойынша «олдувай» мəдениеті деп аталынды. Олдувай мəдениетінен табылған құралдардың қарапайымдылығына қарамастан, еңбек ету əрекетінің ежелгі формасын сипаттайды. Археолог М. Лики ерте олдувай мəдениетінде қолданған алғашқы құралдардың 6 типін ажыратқан. Олардың 3 типі: чоппер, көпшектер мен түрлі ілмектер негізгі құралдар қатарына жатқызылған.

Алғашқыда бұл мəдениеттің негізін қалаушы зиндж деп саналған. Бірақ олдувай қыратының бірінші қабатынан табылған алғашқы құралдардың басым көпшілігі анағұрлым дамыған гоминидтер-презинджантроптардың қалдықтарымен бірге шыққан.

Зинджантропты Homo туысының жеке түрі ретінде қарастыру көптеген пікірталастарды туғызды жəне бұл мəселе бүгінгі күнге дейін талқылануда. Жаңа Homo таксонның ғалымдар арасында күмəн келтіруі, тік жүруге бейімделген шағын гоминитерге жататын грацильді австралопитектер мен хабилистің морфологиялық ұқсастығына негізделген. Дене салмағы бойынша жақын келетін хабилистердің бас сүйегінің мөлшері шамамен, 645-660 см3 құра са, ал африкалық австралопитектерде бұл көрсеткіш 450 см3 құраған; церебрализация коэфициенті бойынша, 1-1,5 есе, əсіресе, маңдай жəне төбе сүйектерінің бөліктері бойынша ажыратылады. Эволюциялық бірақ интеллектуальді даму деңгейіне байланысы жоқ белгілер қатарына мидың тығыз қабығының венозды синусы мен тамырлардың дамуы кіреді. Бұл белгілер хабилисте қарапайым австралопитекке қарағанда, жақсы дамыған.

Хабилис пен австралопитектердің морфологиялық айырмашылықтары қаңқаның басқа бөлімдерінде де байқалған, оның ішіне, əсіресе, бассүйек пен тіс жүйесі жатады. Хабилистің қол білезігінің құрылысы ерекше қызығушылық тудырды. Олардың қол білезік құрылысында ерекше, ағашта өрмелеуге бейімделген белгілермен қоса, жаңа белгілер пайда болған. Ең алдымен, саусақ буындарының, əсіресе, үлкен саусақ буынының кеңеюі, байқалған. Бұл өз кезегінде, таксономиялық салмақтылықтың белгісі болып саналады. Тəжірибе жүзінде, олдувай мəдениетінде гоминидтердің бастапқы эволюциясында кеңінен тараған қарапайым чопперді бір қатты соққымен даярлауға болатынын дəлелдеген. Хабилис саусақ буындары тіршілік барысындағы функциональді гипертрофия нəтижесінде ұлғайған, тастан жасалған құралдарды ұзақ уақыт бойы күшпен ұстау қазіргі адамдарда да ұқсас нəтижеге əкелетіні анықталған. Бұл ерекшеліктер, хабилистердің тіршілікке қол мен саусақтарды көп пайдаланылудың дəлелі болып табылады.

Бұл көзқарас бойынша ежелгі австралопитектің қол білезігінің құрылысы маңызды. Олардың қол білезігі ежелгі понгидті жəне кейбір жаңа белгілердің жиынтығынан тұрады, мысалы, саусақтардың қысқа болуы ежелгі понгидтерге тəн белгі болса, дистальді аймағының кеңеюі жаңа белгіге жатады. Бұл қалдықтардың барлығы фрагментарлы болғандықтан ерте гоминидтердің қол білезігін толық сипатау мүмкін емес. Грацильді жəне Оңтүстік Африканың массивті австралопитектердің қол білезігінің құрылысы маймылдар типінен ажыратылған; олардың үлкен саусағы басқаларына қарағанда, əлдеқайда ұзын əрі жуан болған, ал қалған саусақтары салыстырмалы қысқа болған. Бұл деректердің барлығы плейоплейстоцен дəуірінде тіршілік еткен гоми нидтердің ерте прогрессивті өзгеруінің дəлелі.

H. habilis түріне Танзанияда Олдувай қазба қалдықтарынан басқа, Шығыс жəне Оңтүстік Африканың басқа аймақтарынан табылған бүгінгі кейбір гоминидтерді де жатқызады. Кенияның Солтүстік бөлігінің Рудольф көлінен табылған Homo қалдықтары маңызды деректерді берген. Бұл көлдің шығыс жағалауына 1968 жылы Найробидің Ұлттық мұражай директоры Р. Ликидің басқаруымен жүргізілген экспедицияның нəтижесінде гоминоидтылардың 200-ден астам қазба қалдықтары анықталған, олардың ішінде жасы 2-1 млн. жылға тең зинджа типті массивті австралопитектердің қалдықтары басым болған. Кейінірек одан да ежелгі австралопитектердің қазба қалдықтары Түркана көлінің батыс жағалауынан табылған.

Кейінірек көлдің шығыс бөлігінен шыққан басқа қазба қалдықтардың бір бөлігі Homo туысына жатқызылған. Оларға 1972 жылы Кооби Фора қыратының төменгі көкжиегінен басқа қаңқа қалдықтарымен бірге табылған маңызды қазба қалдықтарға «бас сүйек 1470» (KNM ER 1470) жатады (19-сурет). Қаңқа қалдықтарын қайта құрастыру жұмыстарының нəтижелері, табылған қаңқа африкалық питекантроптардан айтарлықтай ірі гоминидтерге (бойы 156-160 см), бас сүйегінің көлемі 752 см3 жататындығын көрсеткен.

Сондай-ақ, орталық ми артериясының эндоэкранық топографиясы «1470» оның классикалық танзаниялық хабилистермен ұқсастығын көрсеткен. Табылған гоминидттердің жасын анықтау өте маңызды. Бастапқы 2,6 млн. жыл асырып айтылған көрсеткіш болғаны анықталды. Жаңа əрі нақты əдістерді қолдана отырып, олардың жасы 1,89-1,88 млн. жылға сəйкес келетінін анықтаған. Яғни бұл гоминид, олдувайлық хабилистердің біршама дамыған жəне ірі таксоны ретінде қарастырылған. Шамасы, өте ертеде Солтүстік Кенияда ұзын бойлы гоминидтердің шығу көздері қалыптасқан, оған дəлел ретінде б.э.д. 1,6 млн. жыл бұрын тіршілік еткен, ұзын бойлы питекантроп жасөспірімінің қаңқасын келтіруге болады.

Хабилистерге б.э.д. 2-1,6 млн. бұрын тіршілік еткен Эфиопиядан (Омо) жəне Оңтүстік Африкадан (Стеркфонтейн,Сварткранс) табылған қазба қалдықтарды жатқызады. Стеркфонтейнде табылған кейбір астрало-питектердің жасы 3-2,3 млн. жылға сəйкес келсе, ал осы аймақтан табылған хабилистердің жасы 1,8-1,6 млн. жылды құрайды. Homo туысының алғашқы өкілдері Шығыс жəне Оңтүстік Африкада 2 млн. жыл бұрын пайда болған. Олардың басым бөлігі H. habilis түріне жатады, бірақ, осы күнге дейін кейбір қазба қалдықтарға — аралық типтерге, нақты таксономиялық атаулар берілмеген, олардың қатарына «1470» бас сүйегі де кіреді. Бұл аралық типтерге олдувайлық туыстарына қарағанда, біршама дамыған хабилистер немесе 1,6-1,5 милион жыл бұрын осы хабилистердің орнын басқан ежелгі питекантроптар (H. erectus) жатады.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *