Швеция. Саяси-экономикалық дамуы

ХХ ғасырдың 90 жылдарында Швецияның әлеуметтік-экономикасы жедел қарқынмен дамыды. «Швед социализмі» деп аталған қоғамның экономикалық дамудағы басты принциптерінің бірі — әлеуметтік теңдік, халықтың тұрмыс жағдайын көтеру арқылы еңбек пен капитал арасындағы ынтымақты жетілдіру арқылы табыстарға жетіп отыр. Швецияның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерінің басты көрсеткіші:

  1. Үкіметтің халық алдындағы ұлттық экономика мен әлеуметтік, әділеттік принциптеріне жауаптылығы;
  2. Жеке кәсіпкерлердің қызметтерін және табыстан түсетін салық жүйесі арқылы мемлекеттік бақылау;
  3. Халықтардың кооперативтік қозғалысын жетілдіру және халық белсенділігін арттыру;
  4. Өндірістік өнімдердің әділ бөліске түсуін бақылау;
  5. Нарықтық және жеке базарлардың қызметін мемлекеттік қатаң бақылау;
  6. Мемлекеттік әкімшілік басқару мекемелерінің қызметін бақылау;
  7. Коррупцияны болдырмау қағидаларын қатал сақтау.

Әлеуметтік қоғамдағы денсаулық, білім және әлеуметтік әділеттік бөлісте нарықтық экономиканың принциптері сақталмайды. 90 жылдардан бері Швеция қоғамында әлеуметтік қоғам құруда Швецияның социал-демократиялық партиясы ұзақ жылдар атқарушы билікте келеді. Премьер-министр Ингвар Карлсан үкімет мүшелерінің 11-і әйелдер болып келеді. 22 министрдің тең жартысы ішкі саясатта елдің экономикасына мемлекеттің араласуын тежеу арқылы әлеуметтік жеңілдіктерге көңіл бөліп келеді. Социал-демократтар — демократиялық социализмнің принциптерін жетілдіре отырып, халықтардың әділеттік қоғамын орнату болды. Кедей топтардың табыстарын көбейту, байлардың табыстарының айырмашылығын азайту болып келеді. Мысалы: кітапхана қызметкерлерінің жалақысы профессорлардың жалақысынан бар болғаны екі есе аз алады.

Швецияда кооперативтік қоғамдық меншік басты сала болып келеді. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету, адамдар арасындағы табыстардың әділ болуымен айналысады. Ауыл шарушылық өнімдерінің 75% кооперативтер еншісіне тиісті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату, тұтыну, өңдеу, сауда кооперативтер мүшелері жүргізеді. Швецияда халықтың 4% ауыл шаруашылығында қызмет істейді.

Халықтың тұрмыс жағдайының жоғарғы деңгейде болуы — жалақының мөлшеріне байланысты. Жалақының үлесі ішкі ұлттық өнімнің 70%-ын құрайды. Жылдық жалақы мөлшері 130 мың крон. Ішкі ұлттық өнімнің жинақтау қоры — қосымша және нақты кәсіпкерлердің салығы, жергілікті басқару мекемелерінен, қаржы салаларына жинақталады да, басқа да әлеуметтік салаларға да бөлінеді. Мысалы: Швеция азаматтары тегін білім алуға, дәрігерлік көмек мемлекеттік субсидия арқылы жүргізіледі. 1 адамға — 45 шаршы метр тұрғын үй келсе, 1000 адам — 400 автомобиль, 590 телефон және 390 телевизор келеді.

Швецияда айлық жалақы мөлшері 2000-3000 доллар. Жалақының 20-25% тұрғын үйді ұстауға, 10-15% тамаққа, 5% киімге, 2% автомобиль ұстауға, 10% демалуға жұмсалады. Қалған 15%-ы жеке қорға салынып, болашаққа жинақталады.

1999 жылы социал-демократ үкіметі зейнеткерлік реформа жүргізді. Зейнеткерлік қор: әрбір қызметкердің жалақысынан 18,5% қорға, жеке зейнеткерлік жинақтау қоры және міндетті жеке жинақтау қорынан құрылады. Швецияда ерлер мен әйелдер 65 жаста зейнеткерлікке шығады.

Стокгольм қаласы

Швеция Корольдігінің астанасы — Стокгольм қазіргі таңда

2005-2007 жылдарда Швеция экономикасы тұрақты дамып келеді, дегенмен дүние жүзілік дағдарыс өз әсерін тигізді. Мысалы: 2005 жылы ішкі ұлттық өнімнің жылдық өсуі 4% болса, 2007 жылы 2%-ға кеміді. Экономикалық дамудың қарқыны жағынан 11 орында. Швеция 1990 жылы 1 қаңтарда Еуропалық Одақ ұйымына мүше болды. 2003 жылы 14 қыркүйекте еврозонаға кіру туралы референдум өткізіліп, халықтың 56% қарсы дауыс берді. Швеция еврозонаға кірмейді, 1995 жылы Шенген аймағына мүше болды. Еуропалық Одақ елдеріне визасыз қатынасады.

2005 жылы Швецияның ұлттық ішкі өнім мөлшері — 388 млрд. доллар. Жан басына шаққанда — 42640 доллар. Инфляция мөлшері — 1,5%. Жұмыссыздық деңгейі — 4%, Еуропалық Одақ елдері арасындағы ең төменгі көрсеткіш.

2002 жылы 15 қыркүйекте Швецияда парламент сайлауы өтті. Сайлауда социал-демократиялық партиясы 40% дауыс алып, солшылдармен бірігіп 349 депутаттық орынның 174 депутаттық орынды жеңіп алды. Швецияның премьер-министрі болып Йоран Перссон тағайындалды. Сайлауда оңшылдар 15% дауыс алса, Халық партиясы 13% жеңіп алды. Сайлау қарсаңында Халық партиясының жетекшісі Ларс Лойонборг елдегі иммигранттар мәселесін көтерді. 7 млн. Швецияда, 1,5 млн. басқа елден келгендер құрайды. Олар елдегі әлеуметтік жеңілдіктермен, азаматтық құқықтарды бірдей пайдаланады. Иммигранттардың келуін азайтуға шақырды.

Социал-демократиялық үкімет — елдің экономикасын бірқалыпты, тұрақты дамуын сақтай алды. Дүние жүзілік дағдарысқа қарамастан, 2002 жылы ұлттық ішкі өнім мөлшері 2%- дан аспады. 1999 жылы — 4,1% болған. Экономикалық даму қарқынынан Швеция әлемде 11 орында болды. Жұмыссыздық 4% деңгейде қалды.

2003 жылы Швецияны дүр сілкіндірген оқиға Швецияның премьер-министрі Улофа Пальмнің өлімі болды. Сыртқы істер министрі Анна Линдке жасалған қастандықтан өлді. У. Пальманың өліміне Югослав азаматы М. Михайлович кінәлі деп айып тағылды. Бірнеше рет сотталған адамның қолынан қаза тапты. 2003 жылы 14 қыркүйекте Швецияда Евро аймаққа кіру туралы референдум өтті. Сайлауға қатысқандардың 56% қолдамады. Швецияның ақшасы — швед кроны болып қалды. Швеция Корольдігі өздерінің ұлттық экономикасында басты ұстанымы — әлеуметтік қоғам «Швед социализмі» жасында дамып келеді. Сыртқы саясаты. Швецияның сыртқы саясатының басты принципі «бейтараптықты» жалғастырып келеді. Швеция үкіметі Еуропалық ынтымақтастықты қолдап, 1990 жылы 1- қаңтарда Еуропалық Одақтың мүшесі болып келеді. 2001 жылы Швеция Еуропалық Одақтың ұйымына төрағалық етті. Еуропалық Одақ ұйымның қызметін кеңейту, қоршаған ортаны сақтау және жұмыссыздықты азайту жолында жарты жылда біршама қызмет атқарды. 2001 жылдың екінші жартысында Швецияға Бельгия төрағалық қызметіне кірісті.

Швеция өзінің бейтараптық саясаты НАТО ұйымына мүше болу мәселесі шешімін таппай келеді. Бірақ Швеция НАТО ұйымының «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» доктринасын қолдап келеді.

Швед — Ресей қарым-қатынастары бірқалыпты дамып келеді. 2001 жылы қазанда Ресейге Швед королі Карл ХVI Густав ресми сапармен барды. Екі жақты келіссөздердің барысында сауда- экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және халықаралық терроризмге бірігіп күресуге келісті.

Швед — Қазақстан елдері арасындағы байланыстар

1992 жылы 16 қаңтарда Швед Корольдігі Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады. 1992 жылы 7 сәуірде екі ел арасында елшілік қатынас орнады. 2000 жылы 11 ақпанда Алматы қаласында Швецияның Құрметті елшісі жұмыс істесе, 2001 жылы шілде айында олимпиада чемпионы В. Смирнов Қазақстанның Швециядағы құрметті консулы болып тағайындалды.

1994 жылы 23-25 наурызда Алматы қаласында «Швецияның Қазақстанда күндері» өткізілді. 1999 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрі Швецияға ресми сапармен барды. Кездесудің барысында «Вольва» компаниясымен Қазақстанда автобус құрастыруға келісті. 2002 жылы қазанда Швецияға Қазақстанның Жоғарғы сотының төрағасы Қ. Мәми барды. Стокгольмде арбитраждық сот саласындағы ынтымақтастыққа қол қойылды. 2001 жылы қараша- желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының парламент делегациясы мен Швеция парламенті (Риксдаг) мүшелерімен келісті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық. 1994 жылы 23 наурызда екі ел арасындағы экономикалық-сауда қатынастары туралы үкімет аралық Конвенцияға қол қойылды. Екі ел арасындағы сауда айналымы 2005 жылы 278,3 млн. доллар құрады. Швециядан Қазақстанға келетін тауарлар: көлік (жүк машинасы, трейлер және автобустар), телекоммуникация құралдары, қағаз өнеркәсібінің тауарлары (қағаз, картон, древесина). Қазақстаннан химия өндіріс бұйымдары, ауыл шаруашылығы өнімдері (ішкі заттар есебінде). Швецияның Қазақстанға салынған инвестиция көлемі 11,6 млн. доллар(2003 ж). Қазақстанда экологияны жақсарту және демократияны дамытуға 1,134 млн. доллар грант бөлінген. Қазақстанда Швецияның 2 біріккен кәсіпорыны, 7 швед фирмалары және «EKN» Швед экспорттық кредит компаниясы жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы саласында Қазақстанда атақты Швед компаниясмы «Аlfa Laval Agri» ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, керекті құралдар мен машиналар, сүт өнімдерін құятын ыдыстар шығаруға көмектесіп келеді. Алматы облысында сүт өндіретін кешен салуға жобасын жасап, құрылысын салуда.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *