Шөгінді тау жыныстары туралы слайд

Шөгінді тау жыныстары жер қыртысының беткі қабатында таралған. Слайд бетінде көрсетілгендей олар кесек, органикалық және химиялық болып бөлінеді. Тау жыныстары жылу мен суықтың, ылғалдың, желдің әсерінен үнемі бұзылып, кесек бөлшектерге бөлінетінін білесіңдер. Ағын су, мұздық, жел кесек заттарды теңіздерге, көлдерге, құрлықтың ойпаң жерлеріне апарады. Кесек заттардың ең көбі мұхиттар мен теңіздерге барып шөгеді. Мұндай тұнба жыныстар — кесек шөгінділер деп аталады. Олар жаңа жиналған қабаттардың қысымымен тығыздалып, соңынан қатты шөгінді жыныстарға айналады. Шөгінді жыныстар органикалық жолмен: өсімдіктер мен жануарлардың өлекселерінің нәтижесінде жиналған органикалық қалдықтан пайда болады. Мысалы, өсімдіктердің шірімей және көміліп қалған қалдықтарынан шымтезек пен таскөмір, теңіздің өте майда жәндіктерінің қалдықтарынан бор құралады.

Химиялық жолмен пайда болған шөгінді жыныстар су ертіндісінде алуан түрлі қоспалардың жиналуы нәтижесінде және теңіз немесе көл түбінде ұзақ жыл бойына тұна беруі нәтижесінде (ас тұзы, гипс, калий тұзы, т.б.) пайда болады.

Скачать / Жүктеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *