Сұлтанмахмұт Семей губерниясы, Павлодар уезі, Шідерті ауданында 1983 жылы октябрьдің 15-інде туған. Өз əкесі – Шоқпыт. Торайғыр – жетінші атасы. Сұлтанмахмұт бір жасында шешесінен жетім қалады. 6 жасқа толғанда оны əкесі Шоқпыт ескіше «əліпбиге» үйретеді. Əкесінен «тіл сындырарлық» қана сабақ алып, əр молдадан тиіп-қашып сабақ оқып, недəуір жыл жүреді. 12-13 жасында Мұқан молда дегеннен оқиды. Ол молда өлең шығаратын молда екен. Сұлтанмахмұт соған еліктеп, сол жасында-ақ өлең жаза бастады. Бұдан кейін Баянауыл қаласында Əбдірахман молдадан оқып, ол молда өлеңге теріс қарайтын молда болғасын Сұлтанмахмұт бастап келе жатқан өлеңді біраз жыл тастап кетеді. Біраздан кейін ол молдамен ыңғай келмегесін, Сұлтанмахмұт оқуды тастап еліне барады да, сопылық жолына түседі. Сөйтіп жүргенде Троицкіден Нұрғали деген жəдитшіл молда кеп, Сұлтанмахмұт сонан оқып, пəнмен таныса бастайды. Білім дүниесінің есігінен сығалағаннан кейін ол қадымшыл (ескішіл) діншілдермен қастаса бастайды. Осы кезде өлеңді де үдетіп жазады. Нұрғали Сұлтанмахмұт ке ілгері оқуға ақыл беріп, Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, медресеге кіреді. Бірақ оқи алмай, көз ауруы пайда болып, көзі жазылғанша оқудан шығып қалады. Осы кезде қаражаттан көп таршылық көреді. Сол кезде ептеп жөтел ауруының белгісі білінеді. Көз ауруы көпке ұзамайды. Жақын шəкірттерінің жəрдемімен жазылып, мектебіне қайта кіреді.
1913 жылдан бастап ол ұлтшылдық қозғалысына бейімделе бастайды. Сол жылы бірінші рет шығатын қазақ газеті «Қазақтың» шығуына ат салысады. Біраз оқығаннан кейін мұсылман медреселерінен көңілдегідей білім ала алмайтынын біліп, орысша оқуға талап етеді. Бірақ ол тілегін орындауға қаражаты болмай, жаз елге қайтып, Троицкіге келе «Айқап» жорналының редакторы Мұхаметжан Серəліұлымен танысып, «Айқапқа» хатшы боп кіреді. «Айқапта» ұзақ тұрмай шығады.
1914 жылы жазда еліне барып «шоң серіктігі» деген ағарту серіктігін ашуға талап етеді. Бірақ өз аталастарында (шоң тұқымында) оған жетерлік күш болмағасын атақты Шорман тұқымына қол артқысы кеп, одан іс шығара алмайды. Сол үмітсіздікпен Семейге кетеді. Семейден өтіп, Алтай тауының елдеріне барады да, бір жағынан өзі қазақша оқып, бір жағынан Əбдікəрім деген сол елдегі ашық пікірлі бір адам ашқан орысша мектептің мұғалімінен орысша оқиды. Əбдікəрімдікінде тұрғанда ол Əбдікəрімнің Бағила деген қызына құмартып, ол қызды ала алмай қалғасын ол елден кетіп, Зайсанға келеді де, екі ай жатып, «Қазақ» газеті жариялаған бəйгеге «Əжібай болыс» немесе «Кім жазықты» деген өлең роман жазып жібереді. Сөйтіп жүріп ауруға шалдығады. Қалада тұруға мүмкін болмағасын, Тарбағатай еліне мұғалімдікке келіп, ауруынан ол елде айыға бастайды. 1916 жылғы үлкен жарлық шыққанда Сұлтанмахмұт сол елде боп, ел біткен Қытайға ауа бастағасын Семейге келеді де, Семейдегі орысша семинарияға кіруге талаптанып, орысша жағы нашар болғасын кіре алмай қалады. Содан кейін Том қаласына барып жоғары дəрежелі мектепке даярлайтын студенттер курсына кіреді. Бұл кезде қаражат жағы өте нашар болады. Əйткенмен 1916-1917 жылдың қысында ол-пұл қып оқып шығады.
Іске өте қызу кіріскендіктен, осы жыл ескі жөтел ауруы қайта қозады. Томға барып, 1918 жылы оқуын жаңалағысы келгенмен, дəрігерлер кеңес бермегесін, Семейге келіп ондағы азаматтардың ұсынысы бойынша еліне Баянауылға қайтады. Бұл жолы ел іші оның кім екенін жақсылап таниды. Ел ішінің көпшілігіне ол ақылшы бола бастайды. Ел ішіне араласумен қатар, ол социализм мəселесін зерттеп Плеханов, Катицкийлердің кітаптарымен танысады. Осы адамдардың əсерімен «Кедей», «Адасқан өмір», «Қала ақыны мен дала ақыны» деген поэмалар шығарады.
1919 жылы бəлшебектерді қарсы алып, қызыл əскердің бастығы Жигаров деген адаммен сөйлеседі. Жигаров оны іске қосып, елге ревком сайлаушы қып жібереді. Сұлтанмахмұт осы қызметте жүріп ауруын молайтады. Содан кейін қалаға қайтады. Ең соңғы жазғаны «Кедей», «Қала ақыны мен дала ақыны». Соңғысын бітіре алмай кетті. Сұлтанмахмұт 1919 жылдың күзінде Колчак үстемдігі жүріп тұрған еді ғой. Ішкі болыс 3-ауылда мұғалім болып тұрды. Сентябрь, октябрь айларында Кеңес үкіметі Колчакты жеңгенде Сұлтанмахмұт мұғалімдікті қалдырып, Сыдырғы болысына ревком болады. Екі айдан кейін ауырып үйінде өлді. Қалаға барғанда оның өмірден үміт үзгендік, жол жоғалтқандық зарлары шықты. Бұрынғы ұлтшыл-байшыл ақын пурлтариат үстемдігін толық көтере алмай, саяси пікір жағынан торықса, қайда бара жатқанын білмей жыласа, екінші жағынан ауру күші де көңілін жүдетеді. Əрі тəн ауруы, əрі жан ауруы қабаттасқан Сұлтанмахмұт жылауға берілген бірнеше қиялшыл өлеңдер жазды.
Февраль төңкерісі болғаннан кейін жалпы ұлтшылдық сарынының құлы болып жүрген Сұлтанмахмұт оқуды тастап, Семейге келеді. Ол кезде Семейдегі ұлтшылдық бағытына көсем боп жүрген азаматтардың «Алашорданың» облыстық комитетін құрғалы жүрген кезі. Сұлтанмахмұт сол іске белсене кірісіп, Семейдегі алашордашылардың облыстық съезін өткізіп, комитет сайлағанда өзі комитетке кіші хатшы боп кіреді. «Алаш» ұранын көтеріп əлденеше өлеңдер жазады.
Сұлтанмахмұт тың жөтелі 1920 жылдың басында меңдейді. Сондықтан ол қызметті тастап еліне қайтып, төсек тартып жатады да, сол сырқаттың салдарынан 1920 жылы май айының 21-і күні қайтыс болады.