Румыния Республикасы: тарихи шолу

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Румыния Социалистік даму жолына түсті. 1965-1989 жылдарда Румынияда тоталитарлық билікті Н. Чаушеску шексіз басқарды. Н. Чаушеску диктатурасы кезінде халықтың тұрмыс жағдайы социалистік елдер арасындағы ең төменгі көрсеткіш болды. 1989 жылы желтоқсан айында Румынияда тоталитарлық Чаушеску билігіне қарсы революция басталды. 23 желтоқсанда Бухарест қаласында революцияшылдар билікті өз қолдарына алып, Чаушеску мен оның әйелі екеуіне халық атынан үкім шығарып, олар атылды.

Румынияда демократиялық қайта құрулар кезеңі басталып, әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілді. 1990-2005 жылдарда нарықтық экономикаға өтіп, Румынияға Еуропалық ынтымақтастыққа жол ашылды. 2002 жылы Румынияда президенттік сайлауда социал-демократ партиясының жетекшісі Ионо Илиеску жеңіске жетті. Әлеуметтік-экономикалық реформалар ұзаққа созылды, елдегі экономикалық даму өте баяу дамыды. Ұлттық өнім мөлшері 4-6%, инфляция -10%, дефицит — 3% жоғары болды. Жұмыссыздық 13% жетті. Еуропалық Одақ ұйымына мүше болу үшін барлық жағдайды жасағанымен, Румыния экономикасы дағдарыстық жағдайға қарамастан Еуропалық Одақ елдері 2004 жылы мүшелікке алуға кандидат ретінде ұсынып, реформаларды жалғастыруға міндеттеді. 2007 жылы 1 қаңтарда Румыния Еуропалық Одаққа мүше болды. 2004 жылдан Солтүстік атлантикалық альянс (НАТО) ұйымының мүшесі.

Қазіргі Румыния өндірісті-аграрлық ел. Өндірісті дамытуға шикі зат көздеріне бай ел. Мұнай, газ (Еуропадағы жалғыз ел), алтын, күміс, боксит, марганц, цинк және көмір қорлары мол. Ішкі ұлттық өнімде өнеркәсіп үлесі — 31%, ауыл шаруашылығы — 11,4% және халыққа қызмет көрсету (офис) — 46,6%. Ауыл шаруашылығы халықтың азық-түлік сұранысының — 60% қамтамасыз ете алады. Румыния экспорты — трактор, автомобиль, мұнай өнімдері, цемент, жиһаз (мебель), жеңіл өнеркәсіп тауарлары. Италия, Германия, Франция, Ұлыбритания және Ресей басты сауда серіктестіктері болып келеді. 2005 жылы ішкі ұлттық өнім 110 млрд. доллар , әр адамға — 5080 доллар. Инфляция — 6,5%. Еуропалық Одақ елдері ішіндегі жоғарғы көрсеткіш.

2000 жылы қараша айында Румынияда президенттік сайлау өтті. Сайлауға социал-демократиялық партиясынан Ионо Илиеску, ұлттық партия «Ұлы Румыния» партиясынан Вадим Тудор, оңшыл партиядан Т. Столожиндер өз кандидаттарын ұсынды. Бірінші турда Ионо Илиеску — 36,5%, Тудор — 27,9%, оңшыл партиялар 12,7% дауыс алды.

2000 жылы 10 желтоқсанда екінші туры болды. И. Илиеску — 67% дауыс жинап жеңіске жетті. Тудор 33% дауыс алды. Солшыл социалистердің сайлауда жеңіске жетуі, Илиескудің беделінің жоғары болуы, елде тыныштық, әлеуметтік-экономикалық реформалар арқылы дағдарыстан шығарды деген сенімде болды.

И. Илиеску халық алдында сөйлеген сөзінде «мемлекеттік басқару үшін жетілдіруге, коррупция мен бюрократияға қарсы күресті күшейтіп, жаңа даму кезеңіне өту үшін күрес жүргіземіз», — деп уәде берді. Премьер-министр болып социалист М. Исэрэску тағайындалды.

Үкімет алдындағы жаңа міндеттерін анықтады. Ұлттық ішкі өнім — 4,6%, инфляцияны — 10%-ға дейін, бюджет дефицитін — 3% — дан 8% -ға дейін азайтуды көздеді. Елдің әлеуметтік- экономикалық дамуын жақсарту, халықтың тұрмыс құру деңгейін көтеру міндеттерін қойды.

Сыртқы саясат

И. Илиеску сыртқы саясатта Еуропалық Одақ ұйымына мүше болу үшін дайындық жұмыстарын жүргізу, нарықтық экономиканы жеделдетуді қолға алды. Экономиканы реформалау, ұлттық заңнамаларды сәйкестендіру шараларын жүзеге асырып, 2007 жылы Румыния Еуропалық Одақ ұйымына мүше болды.

Сыртқы саясатта бұрынғы көрші елдермен қарым- қатынастарды қалпына келтіру. Сонымен қатар Солтүстік атлантикалық альянс (НАТО) ұйымына кіру үшін 2002 жылы Париж саммитіне арыз жазды. Әскер интеграцияны дамыту үшін, 2005 жылы Румыния НАТО ұйымына мүше болып қабылданды.

Румыния — Ресей арасындағы саяси, сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру сыртқы саясаттағы басты мәселелердің бірі болды. 2002 жылы ақпанда Румыния премьер- министрі А. Нэстасе Мәскеуге ресми сапармен келді. Екі ел арасындағы қатынастарды реттеу туралы келіссөздерге қол жеткізді. 2003 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы — 1,3 млрд. доллар болды. Румыния кәсіпкерлері мен бизнестерін Ресей экономикасына инвеститция салуға шақырды. Мұнай және газ салаларына жаңа технологияларды еңгізу туралы келісімге қол қойылды.

Румыния үкіметі 2000 жылы маусымда Молдовиямен «өзара көмек, достық және серіктестік туралы» келісімге қол қойылды. Румынияның ұлтшылдары Ұлы Румынияны қалпына келтіру үшін Бесарабия мен Солтүстік Буковинаны қайтару керек деп талап қойды. Румынияның сыртқы саясатыц көршілерімен достық қарым-қатынастарды қалпына келтіру және Еуропалық Одақ ұйыммен ынтымақтастықты дамыту басты міндеттерінің бірі болып отыр.

Румын-Қазақстан байланыстары

Румыния 1991 жылы 17 желтоқсанда Түркиядан кейін екінші болып Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған елдің бірі болды. 1992 жылы 15 шілдеде Румыния Қазақстан Республикасымен елшілік қатынасты орнатты. 1993 жылы қарашада Алматы қаласында Румыния елшілігі ашылса, 2003 жылы қыркүйекте Бухарест қаласында ҚР елшілігі ашылды.

Екі елдер арасындағы саяси байланыстарға негіз болған 1998 жылы 20-22 қыркүйекте ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Румынияға ресми сапарынан басталды. 2003 жылы 8-10 қыркүйекте Румыния Президенті И. Илиеску ресми сапармен Қазақстанға келді. Кездесулердің барысында екі елдер арасындағы сауда-экономикалық                   және          мәдени         ынтымақтастық Декларациясына қол қойылды. 1997 жылы қараша айында Румынияға ҚР парламентінің мәжіліс төрағасы ресми сапармен барса, 1998 жылы Қазақстанға Румыния парламент делегациясы келді. Сауда-экономикалық байланыстарда бір қалыпты дамуда. Екі ел арасындағы сауда айналымы 2005 жылы 534,9 млн. доллар (Қазақстан экспорт — 460,3 млн. доллар, импорт — 74,6 млн. доллар). Экономикалық ынтымақтастық әр салаларда жүргізіліп келеді. Олар: машина жасау, геологиялық барлау, мұнай және газ өңдеу, ағаш өңдеу және тамақ салалары дамып отыр.

2002 жылы 28 маусымда Бухарест қаласында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды жетілдіру үшін сауда- өндірістік палатасы жұмыс істеп келеді. Қазақстанда Румынияның сыртқы сауда компаниялары жұмыс істейді. Олар: Индустриал экспорт (машина және технологиялық құралдар). «Улетром» компаниясы (мұнай және газ технологиясы) салаларында жұмыс атқарып келеді.

Мәдени байланыстар саласында 1998 жылы қыркүйек айында Бухарест қаласында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «ХХІ ғасыр қарсаңында» атты кітабының румын тілінде шығуының тұсау кесері болды. 2003 жылы қыркүйекте Қазақстанға келген Румыния Президенті И. Илиеску Қарағанды облысының Спасск елді-мекенінде Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында еліне оралмаған 728 румын соғыс тұтқындары жерленген жерде қаралы тақтаның ашылу салтанатына қатысты. 2004 жылы мәдени байланыстар аясында «Қазақ киносы» фистивальі өтті. «Қазақстан: тарихы және бүгінгі» атты фото көрмесі Бухарест қаласында ұйымдастырылды. 2004 жылы тамызда Алматы қаласында өткен «Азия дауысы» фистивальінде румын әншісі Нико Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *