Приматтардың жалпы сипаттамасы жəне адамның жануарлар əлеміндегі орны

Заманауи приматтар. Зоологиялық жіктеу бойынша, приматтар (немесе «симиялар») — бұл Азияның, Африканың, Солтүстік жəне Оңтүстік Американың тропиктік жəне субтропиктік ормандарында, сондай-ақ Испанияның оңтүстігінде мекендейтін шамамен, 50 туысқа бірігетін, 200 түрден тұратын жоғары дəрежеде дамыған плацентарлы сүтқоректілер. Зоологиялық жіктелуі бойынша барлық приматтар жартылай маймылдар (оларға лемурлар жатады), төменгі деңгейлі маймылдар (ұзынтабандылар) жəне жоғарғы деңгейлі немесе адамтəріздес маймылдар болып бөлінеді.

Жартылай маймылдар мен төменгі деңгейлі маймылдар Африка ормандарында, Мадагаскарда жəне Оңтүстік-Шығыс Азияда мекендейді. Мадагаскарда маки лемурлары, индри жəне (руконожки) қолаяқтылар тіршілік етеді. Оңтүстік-Шығыс Азияда лори лемурлары, галаго жəне ұзынтабандылар мекендейді. Ұзынтабандылар барлық қарапайым маймылдардан гөрі, адамға жақынырақ келеді. Сондықтан адамның ататегін ежелгі ұзынтабандылардың топтарынан таралған деген бірқатар теориялар да бар. Приматтардың көпшілігі ағаштарда өмір сүреді, алайда, кейбір саваннада мекендейтін афри калық мартышкалар жерде тіршілік етуге бейімделген, өйткені адамдар маймылдар мекендейтін ормандарының едəуір бөлігін жойған. Осы отрядқа жататын жануарлар түрлерінің көпшілігі жоғалып кету қарсаңында.

Адамтəрізді приматтар немесе антропоидтар отряд тармағына бірігетін маймылдар географиялық оқшауланған: Орталық жəне Оңтүстік Америкада тіршілік ететін кеңмұрынды жəне Азия мен Африка таралған тармұрынды маймылдар сияқты екі топтан құралған. Зоологиялық классификация бойынша, Хомо сапиенс кіретін тар мұрынды маймылдар тобы, өз кезегінде, мартышка тəрізділер мен адамтəріздес маймылдарға бөлінеді.

Кейбір биологиялық белгілері бойынша адам кейбір май мыл — дарға жақынырақ болса, ал кейбіреулерінен біршама алыс орналасқан. Адамның осындай «жақын туыстарына» понгидтер: шимпанзе, горилла жəне орангутанг жатады. Басқа маймылдар (просимиялар, ұзынтабандылар, Оңтүстік жəне Солтүстік Американың кеңмұрынды маймылдары, сонымен қатар мартышкалар тобы) адамнан қатты өзгешеленеді. Жалпы маймылдар мен адамның ататектері неғұрлым ежелгі болса, соғұрлым олардың айырмашылықтары да көбірек орын алады.

Жартылай маймылдар мен төменгі деңгейдегі маймылдардың приматтар отрядына тəн белгілері жоғары деңгейдегі маймылдармен салыстырғанда, нашар байқалады. Жартылай маймылдар мен ұзынтабандылардың экологиясымен құрылысына: түнгі жəне ымырт жарығындағы тіршілігі, иіс сезу қабілетінің қалыпты дамуы, созылыңқы мұрынында сезімтал қылшықтардың болуы, көз шарасының жанында орналасуы, түбіті қалың болды, орманда мекендеуі, жұптық жанұялық топ немесе дара тіршілік ету салты (сирек-табынмен) сияқты белгілер тəн. Жартылай маймылдарға маусымдық көбею жəне бір мезгілде екі тұлды (баласын) дүниеге əкелу қасиеті, сонымен қатар бас миына салыстырмалы түрде қарапайым құрылысы тəн. Олардың ми жартышарларының беті тегіс дерлік, ми қатпарлары өте нашар дамыған. Бұл топқа жататын жануарларының дене салмағы үлкен емес: 300 граммнан 5-7 кг-ға дейін.

Жартылай маймылдардың кейбір саусақтарында жыртқыш аңдардың тырнақтары секілді өткір тырнақтары болады, ал жоғарғы деңгейлі маймылдардың тырнақтары жалпақ болып келеді. Олар негізінен, өсімдіктердің шырынымен, жапырақтармен жəне жемістермен қоректенеді.

Нағыз маймылдармен салыстырғанда, жартылай маймылдардың əлеуметтік ұйымдасуы біршама қарапайым болып келеді, оларға келесі ерекшеліктер тəн: а) даралардың қарым-қатынасында байқалынатын альтруистік қасиеттердің нашар дамуы; ə) шабуылдау арнайы əлеуметтік мінез-құлықтың көмегімен алдын ала ескертілмейді; б) тілдесу, сондай-ақ достық жəне туыстық қатынастарды өзіндік таңдау секілді мінез құлықтар болмайды; əлеуметтік өзара əре кеттесуі барысында жүзеге асатын, мінез-құлықтық əсерлесудің салысты малы түрде қысқа жəне стереотипті «тізбегі» байқалады; в) басқа дараларды қорғау мен қамқорлық жасау кейпі болмайды; г) баласының əлеуметтік мəртебесі анасының əлеуметтік мəртебесіне байланысты болмайды.

Кеңмұрынды америкалық маймылдар, зоологиялық классификациясы бойынша, ойнақытəрізділер мен капуцинтəрізділерге бөлінеді. Олар ормандарда өмір сүреді, мықты əрі тұтқыр құйрығы болатын бұл маймылдардың салмағы да кішкентай келеді. Анағұрлым танымал түрлеріне: ойнақы (мармозеткалар), тамариндер, өрмекші тəрізді маймылдар, уакирлер, цебустар, сактар, ревундар (бақырауықтар), коаттар, капуциндер жатады. Тармұрынды маймылдардың шамамен 100 түрі бар. Олар орманда, ағаштарда тіршілік етеді, жерде немесе жартылай ағашта, жартылай жерде өмір сүреді. Мартышкатəріздес немесе төменгі деңгейлі тармұрындылар Жапонияда, Қытайда, Тибетте, Гималайда, Африкада жəне Малай архипелагын мекендейді. Оларға макакалар, сакалар, жіңішке (арық) денелілер (тонкотелалар), жуан немесе семіз денелілер (толстотелалар), павиандар, бабуиндер, нақты мартышкалар, носачтар (мұрындылар), геладалар, мандрилдер жəне маймылдардың басқа түрлері жатады.

Приматтар отрядындағы ең жоғарғы орынды гоминоидтар тұқымдасы алады, гоминоидтар адамның биологиялық ататегі болуына байланысты оларға зоологтар қазіргі адамды жəне адамтəріздес маймылдарды біріктіреді. Адамтəрізді маймылдар, өз кезегінде кіші адамтəрізді маймылдарға немесе гиббонтəріздестерге жəне ірі адамтəрізді маймылдарға немесе понгидтерге бөлінеді. Гиббондар Оңтүстік-Шығыс Азияда, Зонд аралдарында жəне Суматрада өмір сүреді. Өзінің классификациялық орны бойынша олар понгидтерге қарағанда, адамнан едəуір алысырақ тұрады. Понгидтерге орангутандар (басқаша-орангутангтар), шимпанзе жəне гориллалар жатады. «Гоминоидтар» туысүстіне дəстүрлі түрде, үш тұқымдасқа: Hylobatidae (гиббондар мен сиамангтар), Pongidae (орангутан, горилла мен шимпанзе) жəне Hominidae (адамдар) бірігеді. Мартышкатəріздес маймылдардың ерекшелігі олардың құйрығы, жақ сыртындағы қапшықтары, құйымшақтық сүйелі жоқ, құлақ қалқанының түрі, ішкі мүшелерінің құрылысы миды қоса алғанда, физиологиясы мен биохимиясының ерекшеліктері жағынан адамға біршама ұқсас болып келеді.

Молекулалық жəне басқа да зерттеулер, адам жəне ірі адамтəрізді маймылдардың, əсіресе, африкалық горилла мен шимпанзенің, таңғажайып туыстығын дəлелдейді. «Адам мен құстардың ДНҚ-сы 10% шамасында, адам мен тышқандікі – 19%-ға, адам мен анағұрлым ірі сүтқоректілердікі – 30-40%-ға, əйтсе де, адам мен резус макака – 66-74%-ға будандаса алатындығы анықталған. Алайда, анағұрлым үлкен хромосомалық ұқсастық адам мен шимпанзенің арасынан анық талған, бұл 90-98%-ға дейін жетеді (əртүрлі авторлар бойынша). Мар тышкалардың екі түрі, бір тұқымның өкілдері – Брасс мартышкасы (диплоидты хромосомалар жиынтығы 62) мен Талапойн мартышкасы (54 хромосомалары бар) тек 10 жұп хромосомалары бойынша ғана гомологиялы екендігі анықталған, яғни олар шимпанзеге аса қатты ұқсамайды. Адамда 23 жұп хромосома бар, ал жоғары сатылы маймылдарда – 24. Адамның екінші жұп хромосомасы арғы тектік антропоидтардың басқа хромосомаларының жұптарының қосылуынан пайда болған (осыған көптеген генетиктер жүгінеді). Сондай-ақ тұқым қуалаушылық ақпаратты тасымалдаушылархромосомалардың орналасуы – адам мен шимпанзеде толықтай дерлік бірдей».

Хромосомалары (ДНҚ) бойынша, анықталған үлкен ұқсастықтар адам мен маймылдардың ұлпалары мен қан белоктарының ұқсастықтарына күдік келтірмейді. Трансферрин бойынша, мəліметтериммунологиялық ұқсастықтар келесі пайыздармен көрсетіледі; бұл белок адамда, шимпанзе мен гориллада 100% ұқсас болып келсе, Ескі Əлемнің маймылдарымен 50-ден 75-ке дейін, басқа жануарлармен 4%-дан да төмен, не нөл бұл ешқандай ұқсастықтың жоқтығын білдіреді. Ал атеросклероздың дамуында маңызды рөл атқаратын тығыздылығы төмен липопротеиндер бойынша ұқсас — тықтар: адамның жəне бауырымен жорғалаушылар мен балықтардың иммунологиялық ұқсастығы 1-10%; құстармен – 10, шошқалармен – 35-58, əртүрлі тармұрынды маймылдармен 80-85, шимпанземен – 90% дан артық. Қанның туыстықты көрсететін басқа да құрамдас бөлігі – аполипротеин, сондай-ақ иммунологиялық зерт теулердің мəліметтері бойынша, адамдар мен басқа маймылдар ұқсас болғанмен, адамдар мен шимпанзе жəне горилланың қан плазмасында аполипротеиннің айырмашылықтары байқалмайды.

Моноклональды антиденелер əдісі əртүрлі ағзалар арасындағы филогенетикалық қатынастарды жəне туыстық ұқсастықтарын анықтауда қолданылатын заманауи жəне дəлдігі жоғары əдістердің бірі болып табылады. Моноклональды антиденелер əдісінің көмегімен ұлпалық үйлесімділіктерді (мүшелер мен ұлпаларды көшіру кезінде негізгі рөлді атқаратын) зерттеулердің нəтижесінде, адамға бəрінен бұрын шимпанзенің жақын тұратындығы көрсетілген, ары қарай басқа приматтар, содан кейін қалған сүтқоректілер, бірақ моноклондардың бір де бір типі құстардың, рептилиялардың, қос мекенділердің жəне балықтардың клеткаларымен байланыспаған.

Егерде жоғары деңгейлі адамдар мен маймылдарды, яғни гоминоидтарды бөліп қарастыратын болсақ, онда олардың шығу тегі бойынша туыстық арақашықтығы келесі сипаттарға ие: • Палеонтология мен анатомияның мəліметтері бойынша, шимпанзе мен горилла өте ұқсас болса, ал адам мен орангутан осы көрсеткіштері бойынша олардан бір қадам алыс, ал осы төрттіктен гиббондар тіптен, алыс орналасқан. • Иммунология, белоктардың аминқышқылдық тізбегі жəне ДНҚ гибридизациясының зерттеу нəтижелері бойынша, адам, шимпанзе жəне горилла бір-бірінен ұқсастықтары бойынша бірдей арақашықтықта орналасқан болса, ал олардан орангутан алысырақ тұрса, гиббондар тіптен қашық. • Иммунология мен гибридология, ДНҚ жəне хромо сома ларының орналасуы бойынша адам, шимпанзе, горилла бір-біріне жақын орналасса, осы үштіктен біраз қашықтықта орангутан жəне айталықтай алыста гиббондар орналасқан. • Электрофорез əдісімен белоктардың зерттеу нəтижелері бойынша, адам жəне барлық үш ірі антропоидтардың фило генетикалық туыстық дəрежесі бойынша, бірдей қашықтықта орналасқан болса, бір жағынан, бұл төртеуінен айтарлықтай арақашықтықта орангутан жəне одан да алыс гиббондар орналасқан.

Брюс пен Айала барлық жоғарда келтірілген мəліметтерге сүйене отырып, қосынды сызбанұсқасын шығарған (1-сурет). Гоминоидтардың филогениясы адам мен африкалық жоғары деңгейлі маймылдарда ана — ғұр лым жақын болса, азиялық орангутан алы — сырақ орналасқан (шындығында біршама ертерек бұтақтанған) жəне гиббон мен сиаманг та өз кезектерінде барлық азиялықтардан айтарлықтай ерте бөлінген. Мардымсыз қазбалы мəліметтерге негізделіп дəстүрлі түрде, адам мен адамтəрізді маймылдардың эволюциялық линияларының ажыратылуы 20 млн. жыл бұрын жүзеге асқан деп есептеледі. Бұл үдерістің анағұрлым кешірек жүргендігін биохимиктер анықтаған. Өздерінің қорытындыларында олар моле кулалық сағаттар деп аталатын теориясын ұсынды, бұл тео рия бойынша, протеиндердің химиялық құрамының өзгерісі түрінде кездейсоқ мутациялардың тұрақты жылдамдықпен қайта ланып отырады.

Ғалымдардың болжауынша, олар, ортақ ататектердің өмір сүру уақытын нақты белгіленген, жануарлардың молекулалық құрылымындағы немесе иммунологиялық əсерлесуіндегі айырма шылықтар дəрежесін өлшеп, приматтардың негізгі эволюциялық линияларының қашан ажыратылғандығын есептей аламыз деп есептеген. Осы теорияға сəйкес, ірі адам тəрізді маймылдар мен гиббондар 10 млн. жыл бұрын ажыраған, ал адам, шимпанзе мен горилланың ортақ ататегі 6 немесе ары кеткенде 8 млн. жыл бұрын ғана өмір сүрген.

Бұл теорияның қарсыластары, оның тексеруге көнбейтіндігін дəлелдесе, жақтастары молекулалық сағаттардың көмегімен алынған мəліметтердің, басқа əдістердің көмегімен тексеруге болатынын, тарихтан бұрыңғы кезеңдерге сəйкес келетіндігін айтады. Кейінірек табылған қазба қалдықтар, қазбалы адамтəрізді маймылдардың арасында біздің жақындағы ататегіміздің болғандығын дəлелдеген. Ramapithecus кірген, қазбалы маймылдар тобын орангутанмен байланыстыруға мүмкіншілік беретін қазбалы олжаларды есептемегенде, ірі адам тəрізді маймылдардың ататегі жайындағы мəліметтер аз. Алайда, биологиялық зерттеулер барысында, ірі адамтəрізді маймылдар мен адамдардың жақын ортақ ататектері болғандығы дəлелденген.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *