Португалия Республикасы: қысқаша тарихи шолу

1974 жылы 25 сәуірде Португалияда антифашистік революция жеңіске жетті. «Қалампыр революциясын» кіші және орта офицерлер тобы жүзеге асырды. Революция ұзақ жылдар басқарған Салазар диктатурасын құлатты. Партугалия фашистік тоталитарлық жүйеден демократияға жол ашты. 1976 жылы 25 сәуірде Жаңа Конституция қабылдады. Жарты ғасыр фашистік диктатурадан кейін, Португалия демократиялық қоғамға өтті. ХХ ғасырдың 90 жылдарында демократиялық қоғамға өту үшін, елде әлеуметтік-экономикалық реформа жүргізді. Реформаның барысында экономиканың басты салалары жеке қолға көшті, кейбір салалары мемлекеттік меншікте қалды.

Реформаның авторы — Португалия социалистік партиясының жетекшісі Марну Соареш болды. Социалистік партия үкіметі «қатал үнемдеу» саясатын жүргізді. Ұлттық валютаны девальвациялады. Салықты көбейтті, жалақыны азайтты, мемлекет әлеуметтік салаларға бөлінетін қаржыны азайтты. 1985 жылы парламенттік сайлауда социалистер жеңіліс тауып, социал- демократ партиясы жеңіске жетті. Премьер-министрі болып А. Каваку тағайындалды. Португалияда президенттік сайлауда, парламент депутаттары М. Соарешті сайлады.

Жаңа үкімет елде реформаны жалғастырып айтарлықтай жеңіске жетті. Мемлекеттік меншікті жекешелендірді, экономикаға шет ел капиталын енгізді. 90 жылдардың аяғында Португалия экономикасы тұрақтанды. Жылдық ішкі өнім өсімі 3% болып, жұмыссыздық деңгейі 5%-ға төмендеді. Бірақ, елдің әлеуметтік-тұрмыс жағдайы төменгі деңгейде қалды. Байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылық жоғарғы деңгейде қалды. Жалақы мөлшері өте төмен болып қала берді, халықтың арасында кедейшілік жоғарғы деңгейде сақталды.

2001 жылы қаңтарда Португалияда президенттік сайлауда социалистік партиядан Жоржи Сампайю жеңіске жетті. 2002 жылы 10 наурызда парламент сайлауында социал-демократ жеңіске жетті. Социал-демократтар парламентте 102 депутат орын алды, 95 депутаттық орынды социалистер жеңіп алды. Премьер- министр болып социал-демократ Жозе Мануэл Дуран Баррозу болды.

Социал-демократ үкіметінің бағдарламасында мемлекеттік бюджет шығынын азайту, ғылым саласына қаржыны көбейту, экономиканы қайта құруды жеделдетуді қолға алды. Жаңа үкіметтің басты міндеті — демократияны жетілдіру, экономиканы тұрақтандыруды қолға алу болды. Бұл міндетті орындауда Баррозу үкіметі қаржы министрі Мануэлла Лейтеге жүктеді. Қатаң үнемдеу саясатын жүргізді.

Партугалия үкіметінің басты міндеттерінің бірі — иммигранттар мәселесін шешу болып отыр. Португалияның бұрынғы отар елдерінен имигранттар көптеп келуде. 1999 жылы үкімет иммиграцияны легализациялау туралы шешім қабылдады. Соңғы кезде 50 мың иммигранттар Шығыс Еуропа елдерінен келді.

2008 жылдан Португалияда дағдарыс кең етек алып келеді. Португалия премьер-министрі Педро Коэлью мойындағандай қазір 30 мың мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орыны қысқартылды, жұмыс аптасына 35 сағат орынына 40 сағатқа дейін ұзартылды. Зейнеткерлікке 65 жастан емес, 66 жастан бастап шығуға болатынын мәлімдеді. Елдегі жұмыссыздық деңгейі 20%- дан асып отыр. Еуропалық Одақ (Грекия, Испания, Португалия) елдеріндегі дағдарыстың басты себептері мамандардың айтуынша «борышқорлық және банктік дағдарыстарының жалғасуында», — деп отыр.

2009 жылы Португалияда парламенттік сайлау өтті. Сайлауда социалистік партия — 36,5%, социал-демократия — 29,11%, Халық центр — 10,43%, солшылдар — 9,81% дауыс алды. Премьер-министрі болып Эдуарду Ферру Родигеш тағайындалды.

Сыртқы саясаты. Португалия үкіметінің сыртқы саясатының басты мақсаты Еуропалық Одақ ұйымының қызметтеріне белсенді қатысып келеді. НАТО ұйымының мүшесі ретінде халықаралық мәселелерді шешуде «бейбітшілік серіктестік» бағдарламасын қолдап келеді. АҚШ үкіметінің Ирактағы агрессиясын, Ауғанстандағы талибтерге қарсы күресін қолдап келеді.

2001 жылы қазан айында Португалия Президенті Жорж Сампайю Мәскеуге ресми сапармен барды. Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путинмен кездесіп, екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды жетілдіру мәселелеріне қол қойылды. Екі ел арасындағы сауда айналымы 230 млн. доллар құрайды. 2003 жылы Португалия — Ресей қарым-қатынастарын кеңейту туралы келісімдерге қол қойылды.

Қазақстан — Португалия қарым-қатынастары

1992 жылы 19 тамызда Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасында елшілік байланыстар орнатылды. 2005 жылы 15 қарашада Астана қаласында Португалия елшілігі, 2010 жылы қаңтарда Лиссобонда Қазақстан Республикасының елшілігі жұмыс істей бастады. Екі ел арасындағы саяси байланыстар бір қалыпты дамып отырған жоқ. 2002 жылы 30 қазанда Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Португалия сыртқы істер министрі әрі ЕҚЫҰ-ның төрағасы А. М. Крушаны қабылдады.

2009 жылы 19-21 сәуірде Португалияға Қазақстан Республикасының сенат төрағасы Қ. Тоқаев ресми сапарымен барды. Сапар барысында ЕҚЫҰ-ы Парламенттер Ассамблея бюросының жұмысына қатысты. Португалия парламент төрағасы Ж. Гамо және ЕҚЫҰ-ы ПА-сының Президенті Ж. Соарешпен пікірлесті. Екі жақты парламент аралық қатынастар туралы келіссөздерге қол қойылды. 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ы төрағасын қолдады.

2010 жылы 14 мамырда Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Р. Жошыбаев Лиссабонда Португалияның мемлекеттік хатшысы А. Брагомен кездесті. Екі жақты кездесудің барысында визалық талаптарды жеңілдету, халықаралық автомобиль, жүк тасу және білім саласындағы ынтымақтастықтарға, ғылым салаларында да келіссөздерге қол қойылды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Екі елдер арасындағы сауда айналымы 2009 жылы 281,1 млн. доллар (экспорт — 274,4 млн. доллар, импорт — 6,7 млн. доллар.) болды.

Қазақстан экспорты: отын, минералдар, мұнай, мақта, қара металл, шикізаттар шығарылады. Португалиядан: ыдыс тұғындарын жасайтын ағаш бұйымдары, электр машиналары, дәрі- дәрмек, эфир майы, парфюмерия, косметика т.б. тауарлар.

Екі елдер арасындағы инвестиция көлемі — 146,8 млн. доллар. Португалия экономикасында Қазақстан инвестициясы 106 млн. доллар. Қазақстанның мұнай және газ саласында Португалияның «Оман Ойл Компани Лимитред» — 50% және «Партекс Казахстан Корпорэйшн» компаниясының үлесіде — 50% жұмыс істеп келеді.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *