Польша Республикасы: қысқаша тарихи шолу

80 жылдан бастап Польшада тоталитарлық социолистік билікке қарсы құрылған демократиялық оппозиция және «Ынтымақ» кәсіподақ ұйымдары күрес жүргізді. 1989 жылы наурызда қоғамдық ұйымдар, католик шіркеуі және коммунистер мен үкімет арасындағы келіссөздер басталып, демократиялық оппозиция дағдарыстан шығу үшін «Дөңгелек стол» ұйымдастырды. «Дөңгелек стол» отырысында үкіметтен коммунистердің бас тартуын, жалпыға бірдей демократиялық сайлау, «Ынтымақ» ұйымының ашық жұмысқа шығуын, еркіндік, нарықтық экономикаға өту үшін реформалар жүргізуді талап етті. 1989 жылы 4 маусымда Польшада соғыстан кейінгі демократиялық сайлау өтті. Сайлауда демократиялық оппозиция блогі жеңіске жетті. Сайлаудан кейін Польша Сеймі жаңа үкімет құрамын бекітті. Польшаның премьер-министрі болып «Ынтымақ» ұйымының мүшесі Тадеуш Мазовецкий тағайындалды. 1990 жылы Польшаның жаңа конституциясын қабылдады. Елдегі саяси өзгерістерді бекітті. Польша Республикасы (3-Речь Посполитой) болып құрылды. 1990 жылы қараша айында Президенттік сайлау өткізілді. Польша Республикасының Президенті болып «Ынтымақ» ұйымының жетекшісі Лех Валенсе сайланды. Польша либералдық- демократиялық қоғамды құруға кірісті.

1989 жылғы сайлаудан кейін Польшада тоталитарлық қоғамнан демократияға өту үшін, елде әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілді. Реформаның авторы Лешек Бальцерович болды. Оның жүргізген реформасы «Шоковая терапия» деп аталды. Басты мақсаты — нарықтық экономикаға өту болды. Басты бағыттары: біріншіден — бағаны еркіне жіберу (либерализациялау); екіншіден — салық саясатына өзгерістер, мемлееттік бақылаудан бас тарту; үшіншіден — ұлттық ақша- қаржы саясаты. Ұлттық ақшаны девольвоциялау. Әлеуметтік салада айтарлықтай реформалар жүргізілді. Реформа 1990-1995 жылдарда жүргізіліп, Польша экономикасы тұрақтанып, нарықтық экономикаға өтті.

1995 жылы өндірістің жылдық өсімі — 6-7%, инфляция деңгейі 1990 жылы — 600% болса, 1998 жылы 8,6% болды. 2004 жылдан бастап ішкі ұлттық өнім 1,4%-дан 4,1%-ға өсті. Экономика саласында дефицит 22 млрд. доллардан 9 млрд. долларға азайды. Польша экономикасының тұрақтануына шет елдер инвеститциясының көмегі айтарлықтай болды. 1989-2003 жылдарда инвеститция көлемі 72,7 млрд. долларға жетті. 2005 жылы Польшаның ұлттық ішкі өнімі 315 млрд. доллар, әр адамға 8260 доллар құрады. Инфляция — 1,8%. 2005 жылдан Польша Республикасы Еуропалық Одақ ұйымына мүше болды.

2000 жылы Польшада президенттік сайлау өтті. Сайлауда солшыл-демократтар партиясының жетекшісі — Александр Квасневский жеңіске жетті. 2005 жылғы президенттік сайлауда оңшыл центристер партиясының жетекшісі Лех Качиньский сайланды. 2010 жылы 10 сәуірде Катынь оқиғасының 70 жылдығына бара жатқан президент ұшағы Смоленск қаласының қону алаңында апатқа ұшырады. Апатта Польша Президенті Л. Качиньский мен жұбайы Мария және ұшақта болған Польша үкімет мүшелері барлығы 86 адам құрбан болды. Бұл ХХІ ғасырдағы Польша тарихындағы болған сұмдық қасірет еді. 2010 жылы маусым айында кезектен тыс президенттік сайлауда Сейм төрағасы болған Комаровский жеңіске жетті.

Польша Республикасы қазіргі кезде өндірісі дамыған 25 елдің қатарында. Ұлттық ішкі өнімнің жылдық өсімі — 6,1% жетіп отыр. Еуропалық Одақ елдер арасындағы Польшаның экспорттық үлесі 70%, импорт 40% болды. Өнеркәсіптің жылдық өсімі — 10%, ауылшаруашылығы өнімдерінің өсімі 12% құрады. Польша — көмір, мыс, күкірт, цемент, электр энергиясын өндіруден Еуропада алдыңғы қатарда болса, ауылшаруашылығында бидай, арпа, қант, картофель және ет өнімдерінен елдің ішкі сұранысын толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа да еселей шығарып келеді.

Польша Еуропалық Одақ ұйымының барлық құрлымдарында тең қызмет атқарып келеді. 2005 жылдан «Шенген» келісімінің мүшесі, Евро аймағына кіруге дайындық жасауда.

Сыртқы саясаттағы басты мақсаттарының бірі Батыс Еуропа елдерімен қарым-қатынастарды қалпына келтіріп, Еуропалық қауымдастыққа қайтып оралу болды. 1999 жылы Польша Солтүстік атлантикалық альянс (НАТО) ұйымына қабылданды. 2001 жылы Польша үкіметі әскерлерінің санын азайтуға, қарулы күштерді модернизациялаудың алты жылдық бағдарламасын қабылдады. Бұрынғы КСРО-ның қару-жарақтарын ауыстыру, әскери мамандарын қайтадан дайындауды іске асыра бастады.

Польша Республикасының сыртқы саясатында басты бағыт АҚШ елімен стратегиялық ынтымақтастықты дамыту. 2003-2008 жылдарда АҚШ-тың Иракқа қарсы агрессиясын қолдап, өз әскерлерін жіберді. Польша үкіметі АҚШ-тың шабуылдан қорғану жүйесін (РЛС) орналастыруға келісім берді. Польша АҚШ-тың сыртқы саясатында, сенімді серіктестігіне айналды.

Польша — Ресей қарым-қатынастары арасында екі елдің бір- біріне деген сенімсіздік кедергі болып келеді. Оның басты себептерінің бірі сталиндік диктат жылдарында поляк халқы айтарлықтай зардап шекті. 1940 жылғы Смоленск қаласының маңындағы Катынь орманындағы НКВД-ның 4500 поляк офицерлері мен солдаттарын қырып жоюы, күні бүгінге дейін екі елдер арасындағы сенімсіздік саясат болып отыр.

2010 жылы 7 сәуірде «Катынь» қасіретінде құрбан болғандарды еске алу шаралары барысында Ресей Федерациясының премьер- министрі В. В. Путин: «бұл қасірет Сталин заманындағы саясат. Катынь маңында бірнеше мың Кеңес әскерлері мен қуғын-сүргін саясаты құрбандарының мәйіттері жерленген. Өткен тарихты қайталай беру екі ел арасындағы достық пен сенімсіздікті қалпына келтіруімізге мүмкіндік бермей келеді. Алдағы уақытта екі бауырлас халықтың арасында жаңа ұрпақтың санасына жаңаша жеткізіп, жастарды сенімділікке тәрбиелеуіміз керек «, — деді.

2001 жылы Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путин Варшаваға ресми сапармен барды. Польша Республикасының Президенті А. Квасневскиймен кездесіп, бірнеше құжаттарға қол қойылды. А. Квасневский кездесуде «біз Ресей Федерациясы елімен байланыстарымызды жақсартуға мүдделіміз, сауда көлемін ұлғайтуға екі елдер арасындағы кедергілерді жеңуге күшімізді саламыз», — деп сендірді.

Польша Республикасының сыртқы саясатында үш бағыт анықталды:

  • Демократия жолындағы шаруашылығы дамыған және саяси тұрақты Батыс Еуропа елдері мен Еуропалық Одақ ұйымемен қатынастарды тереңдету;
  • Жалпы Еуропалық қауіпсіздік жүйесін сақтауға қатысу;
  • Польшаның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайту мақсатында көрші елдермен ынтымақтастық және достық қарым-қатынастарды қалыптастыру. Халықаралық қатынастардағы көп полярлық саясатты қолдау. Бейбітшілік пен бірлестікті нығайту, сыртқы саясаттағы басты идея болып қала береді.

Қазақстан-Польша арасындағы саяси-экономикалық және мәдени ынтымақтастық

Қазақстанда 1992 жылы 6 сәуірде екі ел арасында елшілік қатынастар орнады. 1994 жылы 20 наурызда Алматы қаласында Польша Республикасының Қазақстанда елшілігі ашылды. Польша Республикасының Қазақстандағы тұңғыш елшісі болып, Познань университетінің профессоры Марек Говенцкий тағайындалды. 2000 жылы 4 қазанда Польша Республикасында Қазақстан елшілігі ашылды.

2003 жылы 3-6 сәуірде Қазақстанға ресми спармен Польша Республикасының премьер-министрі Л. Миллер келді. Кездесулер барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми техникалық ынтымақтастық туралы келіссөздерге қол қойылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1997 жылы 27-28 қарашада Польша Республикасына ресми сапармен барды. Кездесулер барысында екі ел арасындағы достық және ынтымақтастық туралы Декларацияға қол жеткізді. 1998 жылы сәуірде Польша Республикасының сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ- ның төрағасы Б. Геремек ресми сапарме Қазақстанға келді. Кездесу барысында мәжіліс және сенат депутаттарымен пікір алысты.

1999 жылы 29-31 қазан айында Польша Республикасының Президенті А. Квасьневский ресми сапармен келді. Кездесулер барысында Солтүстік Қазақстан облысындағы Ясная Поляна селосында поляк диоспорларымен жолықты. Сонымен қатар Қазақстан тауарларын Орталық Еуропа елдеріне жеткізу үшін, Гданьск қаласындағы теңіз портын пайдалануға келісті.

2002 жылы 23-26 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Польшаға екінші рет ресми сапармен барды. Польша Республикасының Президенті А. Квасьневскиймен жолықты. Кездесудің барысында А. Квасьневский екі ел арасындағы достық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевты Польша Республикасының мемлекеттік наградасы «Польшаның — Ақ бүркіт» орденімен марапаттады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, Польша Республикасының Президенті А. Квасьневскийге Қазақстанның «Достық» орденімен марапаттады.

2007 жылы 29 наурызда Қазақстанға ресми сапармен ПР Президенті Лех Качинский келді. Сапар барысында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевпен келіссөздер жүргізіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті.

2001 жылы қыркүйек айында Астана қаласында өткен «Дүниежүзі діндері» форумына тұңғыш мұсылмандар еліне Рим папасы поляк Ионна Павел ІІ келді. Астана қаласында 50 мың адам қатысқандар алдында Католик дінінің мессасында сөз сөйледі. Месса — діни жыйындар.

2004 жылы 25-28 ақпанда ҚР сенат төрағасыц Польшаға ресми сапармен барды. Сапар барысында ПР премьер-министрі Л. Миллермен, Сейм төрағасы Л. Пастусяк және сенат төрағасы М. Боровскиймен кездесулер өткізіп, Польша-Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қол жеткізді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық. Екі ел арасындағы сауда айналымы 2005 жылы 564,7 млн. доллар, Қазақстан экспорты — 367,6 млн. доллар, импорт — 197,1 млн. доллар. Польшаға Қазақстаннан химия, өнеркәсіп өнімдері, ауылшаруашылық тауарлары, минералды заттар т. б. Польшадан Қазақстанға өнеркәсіп бұйымдары, машина, электро-техникалық құралдар, химия, тамақ өнімдері әкелінді. 2004 жылы Польшаның Қазақстан экономикасына әкелген инвеститциясының мөлшері 6,5 млн. долларды құрайды. Қазіргі кезде Қазақстанда 73 польша кәсіпорындары жұмыс істейді. Қазақстандағы Польшаның басты инвесторы мұнай компаниясы «Петролинвест», «Краков ойл» мұнай-газ фирмасы, «Теле Фоника» (кабель саласындағы), «Будимекс» (қонақ үйлерді салу компаниясы). Екі елдер арасындағы келісімдердің барысында Қазақстан мұнайын Польшаға жеткізу үшін «Одесса — Броды — Гданск» жобасына келісті. Польша Республикасының тұңғыш елшісі Марек Гавенцкий екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстары туралы «Алғашқы жылдарда чемодан ұстап келсек, қазіргі кезде контейнер арқылы сауда жасап келеміз», — деп баға берген.

2002 жылы Польша Республикасына Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан кәсіпкерлері барса, 2003 жылы Ұлы Польша мен Поморье воеводтар делегациялары келді. Жергілікті аймақтар арасында сауда-экономикалық және мәдени байланыстар жалғасуда. 2003 жылы тамыз айында Алматы қаласының әкімі Польшаға барып, екі ел арасындағы биржа рыногын қалыптастыруға көмектесу туралы келіссөздерге қол қойды. Познань, Варшава қала әкімдері көмек көрсетуге уәделесті.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар

Екі елдер арасындағы мәдени байланыстардың дамуына Қазақстанда тұрып жатқан 50 мың поляк диаспорлары арқылы жүргізілуде. Польшаның поляк тіліндегі «Полония» телевидениясы өз хабарларын таратып келеді. Польша-Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарының тарихын білуде, Қазақстандағы ПР-сының елшілігі айтарлықтай қызмет атқарып келеді.

Польша елшісі Марек Гавенцкийдің тікелей жетекшілігімен Қазақстанға 1936-39 жылдардағы жер аударылған поляктар, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы КСРО үкіметінің көмегімен құрылған Андерс басқарған поляк әскерлерінің құрылған жерлеріндегі мүрделерді тауып, ескерткіш тақта орнатты. Мұндай ескерткіштер Жамбыл облысының Шоқпар, Мерке елді — мекендерінде, Ақмола облысындағы Сталиндік қуғын-сүргін кезіндегі құрбаны болған поляктарға Карлаг, Алжир концлагерлерінде ескерткіш тақта орнатылды.

2005 жылдың 8 желтоқсан мен 2006 жылдың аралығында Қазақстанда Польша мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен «Польшаның пошта маркалары» 2006 жылы Польшада «Қазақстанның пошта маркалары» атты кормелер ұйымдастырылды. 2006 жылы 7 қарашада Қазақстанда Адам Мицкевичтың «Жастық жыры» (Ода к молодости) кітабының тұсау кесері өтті. Қазақстандағы ПР-сы елшісі Ян Соколовеки, қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаевқа Польшаның «Орден за заслуги перед Польшей» орденімен марапаттады.

Қазақстандағы ПР елшілігінің қолдауымен поляк тілінде «Қазақ ертегілері» және «1936-1956 жылдардағы Қазақстанға жер аударылған поляктар» туралы кітаптар шығарды. Қазақстанға жер аударылған А. Янушкевич туралы «Өнер» баспасынан кітап болып шықты. 2009 жылы Польшаға Қазақстан елшісі А. Волковтың жетекшілігімен қазақ жеріне тұңғыш аяқ басқан поляк Бенекдик Поляктың баяндамасын жеке кітап етіп шығарады. «Еуропадан Азияға Қазақстан арқылы (1245-1247жж)». Варшава 2008 ж. Қазақстанның белгілі ақыны Олжас Сүлейменовтың «Глинянная книга» кітабы поляк тіліне аударылып, кітабының тұсау кесеріне арнайы шақырылуымен 2009 жылы 30 қараша айында Парижден Варшаваға келді. 2009 жылы желтоқсанда Қазақстанда поляк суретшісі әрі фото тілші Константина де Лазаридің ХІХ ғасырдағы қазақ даласының фото көрмесі ашылды. Көрме арқылы поляк және қазақ халықтарының мәдени, рухани байланыстарының терең тарихи тамыры бар екенін көрсетті.

Білім және ғылым саласындағы байланыстар

Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық екі ел арасында 1992 жылдан бастау алады. 1991 жылы ғылым саласындағы келісім әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Адам Мицкевич атындағы Познань университеттер арасында келісімге қол қойылды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның тарих факультеті мен Познань университетінің тарих-этнология институты арасында байланыстар күні бүгінге дейін жалғастырылуда. Тарих факультетінің профессор-оқытушылары Познань университетінде бірнеше рет стажировкаға барып қайтты. Екі университет арасында студенттермен алмасуда. Познань университетінің профессоры Марек Гавенцкий бірнеше жыл қатарынан ҚазҰУ тарих факультетінде бакалавр мен магистранттар арасында дәріс оқиды. Марек Гавенцкийдің жетекшілігімен PhD диссертациялар қорғады.

2007 жылы Қазақстандағы «Ата мұра» бағдарламасы бойынша Варшава қаласында ҚазҰУ профессорлары тарихи-мәдени мұралардың құжаттарын жинау үшін мұрағат және кітапханаларында болып, екі ел арасындағы тарихи байланыстар туралы құжаттарды әкелді.

2009 жылы 6-8 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Польша университеттері» атты екі елдер университетінің басшыларының қатысуымен кездесулер өтті. 8 сәуірде Польша университетінің басшылары Астана қаласында Гумилев атындағы Евроазия университетіне барып, екі жақты келісімдерге қол қойылды. Конференция жұмысына Польша Академия жоғарғы оқу орындарының жетекшісі профессор Владимир Курник, ҚР білім және ғылым министрі Ж. Түймебаев, ҚазҰУ-нің ректоры Б. Т. Жұмағұловтар қатысты.

Қазақстанда қазіргі кезде 32 поляк тілінде білім алатын мектептерде поляк балалары оқиды. Бұл мектептерде Польшадан 34 мұғалім сабақ береді. Поляк тілінде Абылай хан атындағы шет тілдер университеті мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде мамандар дайындайды. Қазіргі кезде Польша жоғарғы оқу орындарында 600 студент білім алуда. 550 студент поляк отбасынан, 50 қазақ және басқа ұлт өкілдері Болашақ бағдарламасы бойынша Польшаның техникалық университеттерінде 35 қазақстандық оқуларын жалғастыруда.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *