Пластидтердің түрлері

Пластидтер өсімдіктер жасушаларында белсенді зат алмасу процесіне қатысатын органелла болып саналады.Оларда көмірсулардың, белоктардың синтезделуі жүреді. Атқаратын қызметіне және түсіне қарай пластидтер үшке бөлінеді:хлоропластар (жасыл түсті) , хромопластар (сары, қызғылт-сары немесе қызыл түсті) және лейкопластар (түссіз). Пластидтердің негізі строма деп аталатын белок.

Пластидтер түрлері

Хлоропластар (грекше «хлоро» — жасыл, «платос» — пайда болу) . Оның негізгі қызметі-пигменттерінің фотосинтезге қатысуында. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде , жасыл балдырлардың хлоропластарында 70 пайызға жуық хлорофилл — А пигменті (көк-жасыл түсті) , 30 пайыз хлорофилл — В (сары-жасыл түсті) , ал балдырлардың басқа тобында хлорофилл — С, Д, Е болады. Балдырлар жасушасындағы хлоропласты – хромотофор деп атайды. Хлоропластарда хлорофилдерден басқа каротиноидтар тобына жататын сары- ксантофилл, қызғылт –сары каротин пигменттері бар. Құрылымы жағынан хлоропластар белокты – липоидті дене. Олардың химиялық құрамы : 35-55 пайыз белок, 20-30 пайыз липидтер , 9 пайыз хлорофилл, 4-5 пайыз каротиноидтар , 2-4 пайыз нуклеин қышқылдары, ал көмірсулар мөлшері құбылмалы болады. Хромопластар (грек. «хромос» -бояу) гүлдердің,жемістердің,жапырақтардың және кейбір тамыр жемістердің сары,қызғылт-сарғыш түске боялуы, олардыңжасушаларындағы әртүрлі пигменттердің болуы. Хромопластың химиялық құрамында пигменттері- 20 — 30 пайыз, липидтері 50 хромопластардың физиологиялық белсенділігінің нашарлығын көсетеді.

Лейкопластардың – (грек. «лейкос» — ақ) түсі болмайды да пластдтердің ең ұсағы болып саналады. Лейкопластарда пигмент болмайды. Лейкопласт көбінесе өсімдіктің жер астындағы және күн сәулесі бармайтын мүшелерінде басымырық кездеседі. Лейкопластың физиологиялық мәні – крахмал, май және белоктарды қайта синтездеуінде. Сондықтан синтезделген өнімінің табиғатына орай, лейкопластар үшке: амилопластар (крахмал), олеопластар (майлар), протеопластар (белоктар) болып бөлінеді. Лейкопластар пішіні мен құрамы өзара ұқсас пластидтерден пайда болады, олардан айырмашылығы тек мөлшерінде. Өз кезегінде хлоропластар, хромопластар лейкопластардан дамиды. Міне, сондықтан да пластидтер өзара тығыз байланыста, шығу тегі бір, ұсақ, түссіз, цитоплазмалық түзінділер – пластидтер дамиды. Өсімдік жасыл мүшелерінің (көбінесе жапырақтарында) фотосинтез нәтижесінде пайда болған органикалық заттар көмірсулар, май, белок және т.б. өсімдік денесіндегі тіршілік әрекеттеріне жұмсалып,оның өсуіне, көбеюіне, зат алмасуына қатысады. Өсімдіктің мұндай тіршілік әрекеттерінен артылған органикалық заттар өсімдік жасушаларында бірте-бірте қорға жиналады да, туынды немесе эргастикалық заттарға айналады. Бұған көмірсулар, белоктар, майлар жатады. Көмірсулар қоректік заттар қоры ретінде, қанттар,крахмалдар және басқа қосындылар түрінде болады. Қанттар қорға жиналмайды, өйткені суда жақсы ериді де, сондықтан ол жасуша шырынында жинақталады.

Крахмал суда ерімейді де , жасушада дәндер түрінде кездеседі. Крахмал дәндері құрылысына қарай : жай, күрделі және жартылай күрделі болып бөлінеді. Жасушадағы бір ғана лейкопластың стромасына сіңіп, крахмал жиналатын орталық нүкте біреу ғана болады, осындай жинақталған крахмалды – жай крахмал дәні дейді. Мысалы, мұндай крахмал бидайда, картоп түйнегінде, бұршақ тұқымында кездеседі. Егерде крахмал бір лейкопласт строманың екі немесе үш жеріне жеке — жеке жинақталатын болса, оны күрделі крахмал дәні дейді. Бұл кезде строманың бетіндегі крахмал неше жерге жинақталатынболса – соған сәйкес нүкте көрінеді, бұлар картопта, сұлыда және т.б. болады6 Жартылай күрделі крахмал дәндерінің құрылысы күрделі крахмал дәнінің құрылысымен бірдей болады, бірақ әрбір күрделі крахмал дәнінің сыртынан қапталған бірнеше крахмал дәндерінің пішіні мен мөлшері әртүрлі болып келеді. Бидайдың крахмал дәндері дөңгелек, сұлыд ұсақ көп бұрышты, бұршақ тұқымдастарында сопақша келген ортасында бұтақталған саңылаулары бар т.б. Крахмал дәндерінің тұрақты пішініне қарап өсімдіктің туыстық белгілерін анықтауға болады. Крахмалға йод ерітіндісін тамызса, ол көгілдір немесе көк түске боялады.

Белок. Өсімдік жасушаларында болатын белок жұмсақ, қоймалжың (аморфты) және кристалл қатты күйінде болады. Өсімдіктердің тұқымдарында,жемістерінде қорға жиналған белоктарды алейрон немесе протейн дәндері деп атайды. Мысалы, олар бидай тұқымының қауызы мен жеміс серігінің астыңғы жағындағы алейрон қабатын түзіп орналасады, ал ас бұршақ тұқымында тұқым жарнағының әрбір жасушасында қорға жиналады. Алейрон дәндері вакуоль шырынының құрамындағы белок ерітіндісінің сусызданып, қатаюынан болады.

Май. Өсімдіктерде қоректік заттар қоры ретінде майлар тұқымдарда, жемістерде, спораларда кездеседі. Майлар суда ерімейді, эфирде, бензинде т.б. ериді. Қағазда дақ қалдырады. Май өсімдік жасушаларының цитоплазмасы мен пластидтердің ішінде өте ұсақ тамшы күйінде араласып жүреді. Май тамшылары кейбір өсімдік тұқымдарында өте көп болады, оларды майлы өсімдіктер деп атайды, ондай өсімдіктердің кепкен тұқымында 70 пайызға дейін май болады. Майлы өсімдіктерге зығыр, мақта, күнбағыс және т.б. жатады. Кейбір өсімдіктердің арнаулы жасушаларында эфир майы жиналады. Эфир майының өсімдік майынан айырмасы — өте тез буланғыш, спирттің және сірке қышқылының ішінде тез ерігіш, хош иісті келеді, эфир майы бар өсімдік те хош иісті болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *