«Оғыз-нама» дастаны слайд (презентация)

«Оғыз-нама» шығармасының негізгі идеясы — елді ауыз біршілікке, ерлікке, адамгершілік қасиеттерге үндеу, халықты сыртқы жауға карсы күреске шакыру. Слайд барысында жас ұрпакты адамгершілік құндылыктарды мінез-құлыктарына сіңіруге, елжандылық рухта тәрбиелеуге меңзейді.

«Оғыз нама» — түркі тектес халықтардың шежіресін гениологиялық аныздар негізінде көркем тілмен баяндалған эпостық шығарма. Бұл шығарма негізінен оғыз кағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ерлік істері жайлы айтылады.

Слайд бөлімдері эпостық рухта жазылған «Оғыз-нама» хикаясының тарихи негіздері оғыз тайпаларынын өмір тіршілігімен байланыстырады. Оғыздар ертедегі түркі тайпаларынын бірі. Олар Сырдарияның төменгі ағысы мен Қаратау бөктерін мекендеген. Оғыздар көптеген жылдар бойы көршілес тайпалармен соғысып Арал теңізінің батысы мен Каспий теңізінін солтүстік жағалауын өздеріне қаратып алған. «Оғыз-наманің» сюжеттік желісі IX-X ғасырларда жүргізген соғыстардың оқиғасына байланысты туған деп Н.Келімбетов өзінің «Ежелгі дәуір әдебиеті» — деген окулығынада келтіреді.

Жыр негізгі екі бөлімнен тұрады: біріншісі — Оғыздын өсуі, билікке келуі; екіншісі-онын жорыктары мен соғыстары, Зерттеушілердін топшылауынша алғашкы бөлім жырдың халық аңызы мен ертедегі мифтеріне сәйкес болса, соңғы бөлім тарихи деректерге тән, өйткені жырдағы аттары аталатын жер, тайпа, мемлекет аттары шындыққа келеді.

Скачать / жүктеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *