Оғыз мемлекеті слайд (Презентация)

Слайд құрылымымен танысу барысында Оғыз мемлекетінің құрылуы мен саяси тарихын, Оғыз мемлекетінің құлау себептерін анықтаймыз. Оғыздар жайлы деректерді ІХ-Х ғасырлардың басындағы араб тіліндегі шығармалардан кездестіреміз. Оғыздарда мемлекет болғандығы туралы әл-Якубидің, географ әл-Факихтің еңбектерінде айтылады. Оғыздардың тайпалық құрамы туралы деректерді Махмұд Қашғари еңбектерінен кездестіреміз.

Слайд

Келесі слайд орыс жылнамаларында оғыздар туралы айтылады. Бұл жылнамаларда оғыздар печенегтерге, хазарлар мен Еділ бұлғарларына қарсы бірлескен күреске байланысты торк деп аталған. Оғыз тарихындағы бірқатар оқиғалар «Оғызнама» эпикалық шығармасында баяндалған. Деректерге қарағанда оғыз тайпалары Жетісу аумағында қалыптасқан. Слайд мазмұнына сәйкес Оғыздар құрамына түркі тілдес көшпелі тайпалар ғана емес, үндіеуропалық және финн-угор тектес тайпалар да енген. Түрлі рудан тұратын тайпалар бірігіп, тарих сахнасына оғыз есімімен шықты. Батыс Қазақстан аумағына келгенге дейін оғыздардың Жетісуда Ескі Гузия деп аталатын ордасы болды.

Оғыз халқының шаруашылығы

VIII ғасырдың екінші жартысында қарлұқтармен күрес нәтижесінде оғыздар Жетісуды тастап, Сырдария бойы аумағына қоныс аударды. IX ғасырдың басында оғыз көсемдері печенегтерді талқандады. Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойының далалық алқабын басып алды. IX ғасырдың соңында олар хазарлармен одақтаса отырып, печенегтерге соңғы соққы берді де, Жайық пен Еділ бойы аралығын толық иемденді. Печенегтермен болған ұзақ күрес оғыздардың IX ғасырда мемлекет құруына ықпал етті. Сурет бойынша берілген слайдта Оғыздардың орталығы Янгикент қаласы Сырдария бойында, көшпелі және отырықшы мәдениет тоғысында орналасты.

   Скачать / Жүктеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *