Норвегия Корольдігі. Саяси-экономикалық даму тарихы

Норвегия өндірісті дамыған, ашық экономика, әрі бай елдің бірі саналады. Норвегияның басты салалары мұнай және газ, кеме жасау және компьютерлік, коммуникация технологиясы жоғарғы деңгейде дамыған ел. 2005 жылы ұлттық ішкі өнім — 324 млрд. доллар. Жан басына шаққанда — 70400 доллар. Инфляция — 2,6%.

Норвегияның мұнай қоры 15 млрд. т. Жылына 170 млн. т мұнай, 50 млрд. т газ және 10млн. т газ конденсат өндіреді. Норвегия мұнайы Баренцов теңізінен солтүстік мұзды мұхитына дейін игеріп отыр. Мұнайды игеруде 20 мемлекеттік компаниялар қызмет атқарады. Мұнай өндіру Норвегияның «СтатОйл» компаниясы 100% мемлекеттің қатысуымен игеріп келеді. Бұл компания 1972 жылдан жұмыс істеп келеді.

Норвегия үкіметі халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуда мемлекеттің әлеуметтік көмегі арқылы жүзеге асырып келеді. Әлеуметтік салаға ұлттық ішкі өнімнің 35% бөлінеді. Норвегия халықтарының тұрмыс сүру деңгейі Еуропада ең жоғары. Мемлекет білім -және денсаулық салаларына тегін көмек көрсетеді. Жұмыссыздық Еуропалық Одақ елдерінде 10-15% болса, Норвегияда 2% төмен болып отыр.

2001 жылы парламент сайлауы қарсаңында ұзақ жылдар бойында елді басқарып келген Норвегия жұмысшы партиясының халық алдында беделі әлсіреді. Сайлауда бар болғаны 24% дауыс алып, премьер-министр Йенса Столтенберг үкіметі жеңіліс тапты. 1997 жылдан бергі уақытта сайлау алдындағы уәделерін орындай алмады. Халықтың тұрмыс жағдайы төмендеді, әлеуметтік салаларда көптеген кемшіліктер жіберді. Мектеп, балалар бақшасы және денсаулық мекемелеріндегі жабдықтар ескіріп, оны жаңартуға көңіл бөлмеді. Салық мөлшері жоғары болды. Бір қызығы, Норвегия мұнайлы ел болғанымен, жанар май (бензин) бағасы Еуропа елдерінен қымбат болды. Бірақ үкімет мұнайдан түскен қордың мөлшері 80миллиардан түсірмеді.

Норвегия социал-демократиялық партиясы парламентте азшылдық болды. Парламенттегі солшыл социалистер (СЛП) қолдамады.

Сайлауда оңшыл буржуазиялық партияларда айтарлықтай жеңіске жете алмады. Консерваторлық Хейре партиясы 21,3% дауыс алып 38 депутат, Хрестиан халық партиясы 12,5% дауыс иеленіп, 22 депутаттық мандат алды. Сайлаудан кейін солшыл социалистер үкіметі Йенса Столтенберг отставкаға кетті.

Норвегия королі Харальд V жаңа үкіметтің құрамын бекітті. Жаңа үкімет құрамына консерваторлар, христиан-демократтар және лейберал партиялардан құрылды. Премьер-министрі болып христиан-халық партиясының жетекшісі К. М. Бундевику тағайындалды. Елде 70 жыл бойында үкіметті басқарған социал- демократиялық партия оппозицияға кетті. Бұл солшыл- социалистер мен жұмысшы партияларының жеңілісі болды.

Жаңа үкіметтің ішкі саясатында бұрынғыша мемлекеттік компанияларды қолдау, халық қорын ұлғайту, приватизациядан түскен қаржы фондалық биржада сақталды, кез-келген адамның қатысуына мүмкіндігі болды. Норвегия Еуропалық Одақ ұйымының мүшесі емес, бірақ сыртқы саудада Швеция, Финляндия, Ұлыбритания, Германия, Франция елдерімен серіктестік қарым-қатынастарды жалғастырып келеді.

2001 жылы парламент сайлауында оңшыл центристер жеңіске жетті. Жаңа үкіметтің сыртқы саясаты халықаралық қатынастардағы терроризмге қарсы күресті қолдау, Норвегия НАТО ұйымының мүшесі. Сыртқы саясатта АҚШ-тың саясатын қолдап, Норвегия жерінде экстремистердің шабуылына қарсы тұру үшін АҚШ әкімшілігімен бірігіп жаңа радиолокациондық станция (РДС) салуға келісті. Бірақ, 2003 жылғы АҚШ-тың Иракқа қарсы агрессиясын Норвегия халқының 3/2 қолдамады. Норвегия үкіметінің американдық саясатына Ресей үкіметі қарсылық білдіру, Ресей шекарасына жақын орналасқан РДС салуға қарсы наразылығын білдірді.

Норвегия — Ресей қарым-қатынастарында солтүстік теңізбен, Баренцев теңіздерін бірігіп игеру, табиғатты сақтау, Шпицберген архипелагы маймағында балық аулау мәселелерін, екі ел арасындағы тұрақты комитет арқылы шешіліп келеді.

Екі ел арасындағы мәселелерді шешуде 2002 жылы Норвегия сыртқы істер министрі Ян Петерсеннің Мәскеуге ресми сапарымен Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің Ослоға сапарлары барысында сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға жаңа серпін берді. 2002 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 1,2 млрд. долларды құрады.

2003 жылы қазан айында Ресейге Норвегия Королінің мұрагері Хокон Магнус және жұбайымен келді. Келіссөздердің барысында Швед мұрагері екі ел арасындағы шешімін таппай отырған мәселелерді бірлесіп шешуге болатынын сендірді. Екі жаққа тиімді сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге қол жеткізді.

Норвегия — Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар

Норвегия Корольдігі 1992 жылы 2 қаңтарда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады. 1992 жылы 5 маусымда екі ел арасында елшілік қатынастар орнады. Екі елдер арасындағы қарым-қатынастардың дамуына 2001 жылы 2-4 сәуір Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Норвегияға ресми сапармен барды. Сапар барысында Норвегия королі Харальд V, премьер-министрі Й. Столтенберг және парламент Президенті Х. Росьордомен кездесті. Ресми сапар барысында «дөңгелек стол» ұйымдастырылып, Норвегияның 13 мұнай компанияларының басшылары қатысты. Кездесудің барысында телекомуникация, кеме, мұнай және туризм салаларының бизнестерімен келіссөздержүргізілді. 2004 жылы 25- 26 мамырда Норвегия премьер-министрі К. Бондевика Қазақстанға ресми сапармен келді.

Екі жақты келісімдерге қол қойылды. Саяси-экономикалық салалардағы құжаттарға қол жеткізді. Сонымен бірге бизнес форум өтті. Оған Норвегия — Қазақстан бизнесмендері қатысты. Премьер-министр сонымен қатар Астана қаласында ашылған Норвегияның құрметті консульствоның ашылу салтанатына қатысты.

Сауда — экономикалық ынтымақтастық

2005 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 34,8 млн. доллар. Норвегияға Қазақстаннан астық және өндіріске қажетті шикізат өнімдері, ал Норвегиядан технология, химия өндірісінің құрал жабдықтары. Қазақстанда Норвегияның 10 фирмасы жұмыс істейді. Олар: «Стат Ойл», «Норск Гидро», «Акер-Маритайм», «НераАСА», «PLS» және «Интервет-5».

1998 жылы Норвегия фирмасы «Нера» Қазхақстанда цифрлық радиорелейлық жүйені салу үшін 4 млн. доллар бөлді. 2000 жылы «Алматы — Балхаш — Қарағанды радиорелейлық жүйесі» іске қосылды. «Ипікочп» фирмасы Литва арқылы Қазақстаннан астық жеткізумен айналысады.

2005 жылы 6-11 наурызда Норвегияда халықаралық семинар өтті. Семинарға Қазақстан бизнесмендері, «ұсақ және орта кәсіпкерлік» қоры мамандары қатысты. Семинар барысында ұсақ және орта кәсіпкерлікті дамытудың жолдары, инновациялық даму бағдарламасын жетілдіру мәселелері қарастырылды.

2005 жылы 14-16 қарашада Осло қаласына вице премьер- министрі Ж. Айтжанова бастаған делегация барды. Кездесулердің барысында Норвегияның ірі мұнай компаниясы «Статойл» және «мұнай-газ өндірісінің» басшыларымен келіссөздер жүргізді. 16 қарашада Осло қаласында екі жақты келісімдерге қол қойылып, Норвегия Қазақстанның дүние жүзілік сауда ұйымына (ВТО) мүше болуын қолдады. Норвегия базарын Қазақстан тауарларын алуға және көмек көрсетуге келісті.

Мәдени — гуманитарлық байланыстар

ЮНЕСКО бағдарламасы аясында Норвегия Қазақстандағы Тамғалы тас суреттері салынған көне ескерткіштерді сақтауға көмек көрсету туралы келісімге қол қойды. 2005 жылы 4 нурызда Ставангер қаласында Қазақстаннан ресми делегациялар барды. Оның құрамында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, «Қазмұнайгаз» ұлттық компания, Қазақ-ағылшын техникалық университеті делигациялары қатысты. Сапар барысында Норвегияның білім беру, энергетика және мұнай салаларына мамандар дайындаудағы тәжірибе алмасу. Қазақстанда мұнай саласында мамандар дайындауға көмек көрсетуге келісті. Қазақ — Британ университеті мен Ставангер қаласының университеттер арасында моморандумға қол қойылды.

2005 жылы сәуір айында Ақтау қаласында «Назарбаев және Норвегия білім қоры» арасында мамандар дайындау туралы меморандумға қол жеткізді. Маңғыстау облысы мен Ставангер қаласы арасында мұнай саласына техникалық кадрлар және мұнай, газ салаларына көмек көрсету үшін қазақ-норвег бірлескен «Каное» кәсіпорынын ашуға келісті. Кәсіптік-техникалық колледждердің қызметіне қажетті технология және жабдықтар беруге уәделесті. Ақтау және Ставангер қаласы арасындағы достық туралы меморандумға қол қойылды.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *