Нидерланды Корольдігі: тарихи шолу

Соғыстан кейін Нидерланды экономикасы жедел қарқынмен дамыды. Бұл процесс күні бүгінге дейін жалғасуда. Экономика — мемлекеттік реттеу арқылы, жоспарлы түрде дамуда. Өндірістің басты салалары: болат, мұнай- химия, құрал-жабдықтар шығару жедел дами отырып, ақпараттық- инновациялық қоғам жетілдіруде. Елде өндірілген өндіріс тауарларының 50% сыртқы рынокқа шығарылады. Нидерланды халықаралық ұлттық корпорациялау әлемдік деңгейде жұмыс істеуде. Олар: «Ройял Датч — Шелл» — ағылшын-голландиялық мұнай компаниясы, тамақ өнімдерін шығаратын ағылшын- голландия концерні, «Юнилер» голанд-германия компаниясы жасанды жібек жасау өндірісі, «АКЮ» голанд-американ темекі концерндері әлемде жетекші орын алады.

Нидерланды экономикасы ерекшелігінің бірі — ХХ ғасырдың соңынан бері әртүрлі кооператив-қозғалыс болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарудан шет елге сатуда дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орын алады. Нидерландыда 500 мың фермер, халықтың 5% ауыл шаруашылығымен айналысады. 1 фермер өз елінде және шет елде 50 адамды тамақтандырады. Жылына 5 млрд. доллар таза табыс алып отырады. Еуропалық Одақ елдері арасында Нидерланды мал шаруашылығы, жеміс- жидек, бау-бақша және гүл өсіруден 1 орын алады.

Нидерландының ішкі саяси дамуы тұрақты дамып келеді. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бері қарай солшыл центристер бірлік үкімет басқарып келеді. Олар: Еңбек партиясы (ПТ), Еркіндік және демократия үшін халық партия (НПСД) және «66- демократтар Еңбек» партиясынан Вим Кок елдің премьер-министрі болып жұмыс істеп келеді.

Солшыл центристер үкіметі — елде либерализм және демоератияның кең дамуын қолдап келеді. 2002 жылы 15 мамырда парламент сайлауында оңшыл центристер жеңіске жетті. Бас штат (парламент) 150 депутаттың 93 депутат оңшыл центристер алды. Солшыл центристер жеңіліс тапты. Жаңа премьер-министр христиан-демократ партиясынан (ХДП) профессор Яну Петер Балкененде болды. Жаңадан құрылған үкімет алдында басты мақсат — елдегі саяси және экономикалық дағдарыстан шығару болды. Оңшыл центристік үкімет әлеуметтік салаларға жұмсалатын бюджетті 15 млрд. евроға қысқартуға мәжбүр болды. Жұмыссыздық көбейді. Бірақ экономикадағы батыл қадамда, Еуропалық Одақ ұйымының көмегімен Нидерланды 2005 жылы дағдарыстан шықты. 2005 жылы ішкі өнім мөлшері — 685 млрд. доллар, жан басына шаққанда — 41720 долларды құрады. Инфляция — 1,8% болды.

Сыртқы саясаты

Нидерланды үкіметінің сыртқы саясатының басты бағыты — Еуропалық Одақ ұйымымен стратегиялық ынтымақтастықты дамыту. Нидерланды Еуропалық Одақ ұйымына 1951 жылдан бері толық мүшесі. Қазіргі кезеңде Еуропалық Одақ ұйымының қызметіне белсенді қатысып келеді. Нидерланды 1949 жылдан Солтүстік Атлантикалық Альянс (НАТО) ұйымының мүшесі. Халықаралық қауіпсіздік және бейбітшілік жолында күрес жүргізіп келеді. Халықаралық терроризм және нарко-сауда ұйымдарына қарсы бірігіп, күрес жүргізіп келеді. 2003 жылдан НАТО ұйымының бас хатшысы болып Нидерланды сыртқы істер министрі болған Яап де Хооп Схеффер күні бүгінге дейін қызмет жасап келеді.

Нидерланды — Ресей қарым-қатынастары бірқалыпты дамып келеді. Екі елдер арасындағы сауда айналымы жылына 6 млрд. долларға жетті. Ресей экономикасының басты инвесторларының бірі болып келеді.

2001 жылы маусым айында Нидерланды Королевасы Беатрикс Мәскеуге ресми сапарымен келді. Сапарында Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путинмен кездесті. Королева Беатрикс Санкт-Петербургте Павел І жерленген зиратқа барып тағзым жасады. Эрмитаж көрме залында — Нидерланды суретшілерінің залы ашылуына қатысты.

Қазақстан — Нидерланды қарым-қатынастары. Нидерланды Королдігі 1991 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.

1992 жылы 10 қыркүйекте елшілік байланыстарды орнатты. 2000 жылы 20 желтқсанда Атырау қаласында Нидерландының құрметті консулдығы ашылды. 2003 жылы 20 тамызда Қазақстан Республикасының Амстердамда елшілігі ашылды.

Саяси байланыстар. Тұңғыш рет Нидерланды королі Беатристің шақыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаеев 2002 жылы, 27-28 қарашада ресми сапармен Амстердамға барды. Кездесулердің барысында премьер-министр Я-П Балкененде мен парламент спикері Г. Бронкспен әңгімелер өткізді. Екі жақты келісімдерге қол қойылды. Олар: инвеститцияны қорғау, кедендік ынтымақтастық, екі ел арасында әуе қатынасын орнату. Сонымен қатар Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан рынок, сауда, инвеститцияға жаңа қадам» атты көрме жұмысына қатысты.

Қазақстан — Нидерланды қарым-қатынастарында 2004 жылы шілдеде Брюссель қаласында премьер-министрдің орынбасары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрі А. Есімов пен Нидерланды сыртқы істер министрі Б. Ботомен кездесті. 2004 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев пен әріптесі Б. Ботомен кездесулер өткізді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан Еуропалық Одақ елдерімен сауда-экономикалық саласында басты серіктестері болып келеді. Нидерланды елінің компаниялары Қазақстанда мұнай-газ, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейді. 2005 жылы Нидерланды инвеститция салуда АҚШ-тан кейінгі екінші орын алады. Көлемі — 10,2 млрд. доллар болды. Екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 2005 жылы 1018,3 млн. доллар. Қазақстан экспорты — 877,8 млн. доллар, импорт — 140,5 млн. доллар. Қазақстаннан тыңайтқыштар, машина, әртүрлі құралдар, электро-техника, химия өнімдері шығарылады. Нидерландыдан мал шаруашылығы өнімдері, асыл тұқымды малдар, тамақ, химия өнеркәсіп құралдары, оптикалық фотография және сағат тауарлары әкелінеді.

Қазақстанда әлемге белгілі Нидерланды компаниялар: «Royfl Dutch Shell», «Agip Caspian Sea BV» қарамағында жұмыс істейді. «Lucarco BVкомпаниясы ТООСП » Тенгиз шевройл» — дың 5% акциясына иелік етеді. Қазақстан Нидерланды 122 біріккен кәсіпорындары жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындар Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, тұтыну тауарлары мен халыққа көмек (сервис) көрсетуде қызмет атқарады.

Нидерландының «Shell» компаниясы Каспий теңізі қайраңын игеруде жұмыс істейді. Теңіз шельфінде мұнай шығарудан тәжірибелері мол болып келеді. Көлік саласында «Қазақстан темір жол» компаниясына Нидерланды 121,7 млн. доллар кредит беріп, темір жол саласына қажетті құралдар алуға мүмкіндік жасады. 2005 жылы Нидерландының «Фортис-Банк» Қазақстанның «Туран- Алем», «БТА» банкіне 200 млн. евро кредит жүйесін ашты.

Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық

Нидерланды Королдігі ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруда Еуропада бірінші орын алады. Оларды компаниялары жеміс- жидек, гүл өнімдерін сату және оны әкелумен, мал шаруашылығы өнімдерін, голланд асыл тұқымды сиырларын әкеліп, Қазақстандағы мал шаруашылығын дамытуға үлес қосып келеді. Голландық раушан гүлдері әлемге әйгілі екенін адамдардың бәрі біледі. Сол раушан гүлі (тюльпан) Еуропаға Батыс Қазақстан арқылы әкелінгендігі қазіргі кезеңде белгілі болып отыр. Мал шаруашылығын ғылыми-зерттеу арқылы жетілдіру саласында Нидерландының «LEI» және «РТС+» институттары мен Қазақстан ғалымдары бірлесіп жұмыс істеп келеді. Қазақстандық мамандар Нидерландыда ғылыми тәжрибелер алмасуға барып отырады. Ауыл шаруашылығына қажетті технологиялық құралдар алып, іске асыруда. Сүт өндірісіне қажетті машиналар Қазақстанда көптеп саналып жұмыс істейді.

Білім беру саласында ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Қазақстанның жоғарғы оқу орындары Нидерландының ірі университеттері Гронинген, Лейден, Утрехт, Хеерлен, Ауыл шаруашылық университеті Вахенинхендермен тығыз байланыста. 2006 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 11 студент білім алуда. 7 студент Дельфт, Роттердам техникалық университетінде оқып жүр. 2005 жылы наурызда Гааге қаласында «Қазақстан күндері» өтті. Қазақстанның Нидерланды Королдігіндегі елшісінде көрмелер ұйымдастырылып, Қазақстан туралы деректі кинофильмдер көрсетіліп, көркем өнерпаздарымыз үлкен концерт ұйымдастырды.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *