Нəсілшілдіктің əлеуметтік негізі. Нəсілшілдікті сынау

Нəсілшілдік көзқарасы бойынша, адамзат «жоғарғы» жəне «төменгі» нəсілдерге жіктеледі, əрі олардың арасындағы айырмашылықтар тұқым қуалайды жəне сыртқы орта əсерімен өзгеруі мүмкін емес, соның салдарынан ешқандай да əлеуметтік түбегейлі өзгерістер «төменгі» нəсілді «жоғарғы» нəсілге айналдырмайды немесе тіпті, олардың айырмашылықтарын тегістей де алмайды. Нəсілшілдердің пікірінше, «төменгі» нəсілдер əрқашанда «жоғарғы» нəсілдерге бағынышты болған, ал қандай да бір себептерге байланысты бұл жағдай жүзеге аспаса, онда мəдениет құлдырайды жəне оны қайта қалпына келтіру құралы тек «төменгі» нəсілді бағыныштылыққа келтіру немесе оның толықтай жойылуы болып табылады.

Антропология бүгінгі таңдағы тарихи сатыдағы өндірістік қатынастардың белгілі бір жүйесінен шығатын құбылыстарды «дəлелдеуге» қолданылған болатын. Нəсілшілдік антропологиялық деректерді пайдаланып, қоғамдық өмірдің негізгі заңдылықтарын түсіндіруге талпынған жүйеге айналды. Қоғамның даму мəселесін əр түрлі нəсілдік типтердің бəсекелестігіне алып келетін, антропоəлеуметтану деп аталатын ілім туындады. Антропоəлеуметтануға жақын, барлық бағыттардың ішіндегі маңыздысы социал-дарвинизм болды. Еуропалық нəсілдер таби ғи сұрыпталудың жоғарғы өнімі болып табылады жəне бас — қарушы кластар тіршілік үшін күрестің жеңімпаздары деген «тұжырымдаманы» XIX ғасырдың аяғында дамытқан авторлардың саны өте көп.

Нəсілдер арасындағы ұқсастықтарының маңызды дəлелдемелері Дарвинге тиесілі. Осылайша, социал-дарвиншілер нəсілдік мəселеде, Дарвиннің ойлары мен сезіміне қатаң түрде қарсы келетін, тұжырымдамаларды дамытты. Заманауи евгеникалық қозғалыстың негізін қалаған Гальтон болатын. Евгеникалық теорияның біршама кертартпа нұсқаларының қорғаушылары «тегі бойынша толыққанды емес» адамдардың мəжбүрлеп ұрықсыздандыру жобаларын ұсынды. Бірқатар елдерде бұл жобалар заңды түрде рəсімделді жəне ішінара жүзеге де асырылды. Ғылымда нəсілдік бұрмалау германиялық фашизм қызметінде бұрын-соңды болмаған көлемге дейін өсті. Гитлершілердің билік басына келуі нəсілшілдіктің Германияның мемлекеттік идеологиясының негізіне айналуымен қатар жүрді. Кейбір нəсілшілік теориялар айғақсыз əрі ешқандай қисынға келмейді. Мысал ретінде солтүстікеуропалық нəсілді алып қарастырайық. Бұл құдыретті қасиетті нəсілдердің қатарына жатады жəне үндіеуропалық тілдер осы нəсілден шыққан деп кейбір авторлар кеңінен айтады. Бірақ шындыққа сүйенетін болсақ, бұл айтылған теория айғаққа келмейді жəне олай бөлуге болмайды. Ең алдымен, үндіеуропалық халықтардың таралу бейнесінің осы «теорияға» толықтай сəйкес келмейтіндігіне назар аударған жөн. Бірнеше ондаған миллион Оңтүстік Еуропаның қара шашты жəне қара көзді тұрғындары, барлығы тек үндіеуропалық тілінде сөйлейді; басым көпшілігі қара шашты жəне қара көзді болып келетін, ирандықтар мен солтүстік үнділіктердің тілін де өз туған тіліне жатқызады.

Адам данышпанының шығармашылығы Месопотамияда, Мысыр мен Үнді даласында (Мохенджо-Даро), Критте шарықтау шегіне жеткен кезде, солтүстік Еуропа əлі де қараңғы түнек құшағында болған еді. Біраз кешірек өркениеттер – Карфаген, Греция, Иран, Бактрия, Согдиан мен Хорезм, Рим, Аксум (Абиссиниядағы) сондай-ақ солтүстік еуропалықтардың мəдениетінің шарықтауына дейін көп уақыт бұрын пайда болған. Көне мəдениеттің дамуы үшін ежелгі мысырлық мəдениеттің маңызы зор. Бұл жерде айта кететін жайт, ежелгі мысырлықтардың тері түсі қара торы əрі қоңыржайға жақын жəне олардың жалпы типі эфиопиялық шығыс-африкалық нəсілге бірталай ұқсас болған.

Негрлік Африканы əрқашан да «лашықтар мемлекеті» болды деген пікір мүлдем қате болып табылады. Сансыз жəне ірі ежелгі қалалар иорубтар аймағында, əрірек Тимбукту мен Нимамини арасында жəне ақыр соңында гауссаларда бар. Ибадан қаласының өткен ғасырда 150 мыңнан астам тұрғындары болған. Адамзат, оның барлық нəсілдерін қосқанда, адам туысының біртұтас даму сатысына жатады. Адамның жаңа түрі, өзінің ататегінің ортасынан бөлініп шығып, сөйлеу жəне ойлау қабілеттері үшін қажетті қасиеттер кешенін иемдене отырып, əлемге қадам басты. Бұл мұра қазіргі өмір сүріп жатқан барлық нəсілдерге ортақ ататегінен берілген болатын. Осы соңғысына сүйене отырып, кез келген нəсілдің адамдары, «қажырлығындағы» айырмашылықтарынан байланыссыз, өзінің мəдени өсуін шексіз жалғастыру қабілеттілігіне ие.

«1967 жылдың қыркүйек айында Парижде ЮНЕСКО са рапшыларының кеңесі өтті. Олар «Нəсіл мен нəсілдік соқыр нанымдар туралы декларацияны» қабылдаған. Онда: «барлық зама науи адамдар бір түрге жатады жəне шығу тегінен таралған», «заманауи биологиялық ғылым халықтардың мəдени жетістіктеріндегі айырмашылықтарын олардың тұқым қуалайтын қасиеттерінің есебіне жатқызуға мүмкіндік бермейді», «нəсілшілдік адам биологиясының мəліметтерін дөрекі түрде бұрмалайды.. одан зардап шеккендердің дамуына кедергі келтіреді, оны қуаттайтындарды азғырады, ұлттарды өзара бөліп, халықаралық қарбаластық күшейтеді жəне əлемдік бейбітшілікке қауіп төндіреді». «Нəсілшілдікпен күресудің негізгі амалдары, ең жалған сенімдермен күресте соқыр нанымдарға шалдыққан адамдардың əрекеттеріне қарсы жəне соқыр нанымдарды туындататын, қоғамдық жағдайлардың өзгерісіне бағытталған», —  делінген.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *