Нəсілдердің пайда болуы. Моногенизм жəне полигенизм теориялары

Нəсілдерді зерттейтін ғылым нəсілтану деп аталады. Нəсілтану нəсілдік ерекшеліктерін (морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық жəне т.б.) шығу тегін, қалыптасуын, тарихын зерттейді. Адамдар арасында əр түрлі өзгешеліктердің бар екендігін адамдар біздің дəуірімізге дейін-ақ білген, кейінірек оларды нəсілдік деп атай бастаған. Сол кездердің өзінде олардың шығу тегін түсіндірудің алғашқы қадамдары жасалған. Осылайша, мысалы, көне Інжілге сəйкес, ақ, сары жəне қара нəсілдердің ататегі ретінде, Нұхтың ұлдары сəйкесінше, Құдай сүйген Яфет, Сим жəне лағинет атқан Хам болды. XVII жəне XVIII ғасырлардағы ғалымдардың жұмыстарын қазіргі замандағы нəсілдердің ғылыми жіктелуінің бастамасы ретінде есептеуге болады. Адам нəсілінің бірінші белгілі жіктелуін, 1684 жылы Ф. Бернье жариялаған. Ол төрт нəсілді атап көрсеткен, олардың біріншісі – Еуропада, солтүстік Африкада, алдыңғы Азия мен Үндістанда жəне оларға сондай-ақ Американың байырғы халқы да жақын болатын, екінші нəсіл Африканың қалған бөлігінде, үшіншісі – Шығыс Азияда, төртіншісі – Лапландияда таралған.

К. Линней «Системы природы» — атты еңбегінде (1758 ж.) еңбегінің оныншы басылымында, өзі енгізген Homo Sapiens түрінің ішінен төрт географиялық: америкалық, еуропалық, азиялық жəне африкалық нұсқаны сипаттаған, сонымен қатар, лопарейлер үшін жеке нұсқаны ұсынған. Нəсілдерді бөлудің ұстанымдары ол уақыттарда əлі анықталмағанды. К. Линней нəсілдердің сипаттамасына сыртқы белгілерін ғана емес, сонымен қатар қажырлылық, тіпті, мəдени-тұрмыстық, сыртқы киімдерінің тігісі сияқты жəне тағы басқа белгілерін де енгізген.

Ж. Бюффон мен И. Блюменбахтың ұқсас жіктелуінде қосымша Оңтүстіказиялық жəне эфиоптық нəсіл бөлінген. Нəсілдердің Жер шарының əр түрлі климаттық аймақтарына қоныс аударуы салдарынан біртұтас нұсқадан пайда болуы туралы алғашқы рет болжам жасалды. И. Блюменбах нəсіл қалыптасудың орталығы ретінде Кавказды санаған. Кейінірек нəсілдік жіктелу күрделенді жəне толықтырылды. Ірі топ нəсілдерінің ішінен кіші топ нəсілдері жіктеліп бөліне бастады. Осы күнгі ғылыми жіктеудің бар болуына қарамастан, қазіргі кезде адамзатты еуропеоидтарға, негроидтарға, моңғолоидтарға жəне австралоидтарға (австралиялық бушмендерге) бөлу өте кеңінен таралған.

Нəсілтану ғылымы ғылымның жолы болмаған саласы болып шықты, өйткені мұнда, саясат пен капиталдың мүдделері, дүниетанымдық сұрақтар мен көптеген адамдардың тағдырлары басқа ғылым салаларынан гөрі, анағұрлым жақынырақ тоғысқан. Нəсілдердің ерекшеліктеріне əр түрлі түсініктемелер берілген. Адамзаттың алуан түрлілігі туралы мəліметтердің жинақталуы барысында екі үрдіс, яғни осы сан алуандылыққа деген екі түрлі көзқарастар – моногенизм жəне полигенизм пайда болды жəне дамыды. Көзқарастардың бастапқы нүктесі ретінде бірінші тұжырымдаманы алуға болады, өйткені ол бүкіл адамзаттың Адамата мен Хауанадан пайда болуы туралы інжілдік аңызға сəйкес келеді. Моногенизмге сəйкес, барлық адамдар бір түрге жатады, ал айырмашылықтар тек, тарих пен сыртқы жағдайлардың өзгешеліктерінен туындаған алуан түрлілігін айқындауға ғана мүмкіндік береді.

XIX ғасырдан бастап, Батыс Еуропа елдерінде полигенизм басым бола бастады. Оның пайда болуы екі əр түрлі себептерге: ғылыми ойдың діни дəстүрмен күресіне жəне əлемдегі саяси-экономикалық үрдістерге байланысты полигенизмге сəйкес, адамдардың əр түрлі нəсілдері маймыл тəрізді ата-тек түрлерінен пайда болған. Қазіргі уақытта моно жəне полигенистердің таластары моно жəне полицентризм арнасына ауысқан. Байыпты ғалымдардың ешқайсысы да, адамзаттың бір түрді ғана бейнелейтіндігіне күмəн келтірмейді. Алайда нəсілдердің қашан жəне қалай пайда болғандығы, олардың қандай заңдылықтар бойынша тіршілік ететіндігі жəне өзгеретіндігі, жалпы олардың шынайылылығы – осы сұрақтар қазір де өте өзекті болып қалуда.

Ф. Вайденрайх (1947) авторы болып табылатын полицентризм гипотезасына сəйкес, нəсіл қалыптасудың төрт аймағы бар: Еуропада немесе Алдыңғы Азияда, Африкадағы Сахараның оңтүстігіне қарай, Шығыс Азияда, Оңтүстік-Шығыс Азияда жəне Үлкен Зондтық аралдарда. Еуропада жəне Алдыңғы Азияда нəсілқалыптастырушы аймақ орнықты. Еуропалық жəне алдыңғы азиялық неандерталдықтардың негізінде еуропеоидтар, Африкадағы африкалық неандерталдықтардан негроидтар қалыптасты, Шығыс Азиядағы синантроптар моңғолоидтықтардың бастамасы болса, ал Оңтүстік-Шығыс Азия жəне Үлкен Зондтық аралдарда дамыған питекантроптар мен явандық неандерталдықтар австралоидтардың қалыптасуына алып келді. Демек еуропеоидтардың, негроидтардың, моңғолоидтардың жəне австралоидтардың өздерінің жеке нəсіл қалыптасу аймақтары бар. Нəсілдердің қалыптасуында табиғи сұрыпталу мен мутацияның рөлдері басым болды. Алайда бұл гипотеза салмақты, шынайы қарсылықтарды туындатады. Кейінірек полицентризм гипотезасы шеңберінде Г. Ф. Дебец (1950) жəне Н. Тома (1960) нəсілдердің пайда болуының екі нұсқасын ұсынды.

Моноцентризм гипотезасы (Я. Я. Рогинский, 1949) адамзаттың пайда болуының ортақтылығын мойындауға, əлеуметтік-психологиялық дамуына, сондай-ақ, нəсілдердің физикалық жəне ақыл-ой қабілетінің біркелкі дамуына, нəсілдердің бір ортақ ататектен пайда болуына негізделген.

Нəсілқалыптасу төрт кезеңге бөлінеді (В. П. Алексеев, 1985). Бірінші кезеңде нəсілқалыптасудың алғашқы аймақтарының (яғни, осы үдерістер жүрген аймақтар) пайда болуы жəне батыстық (еуропеоидтар, негроидтар жəне австралоидтар) пен шығыстық (азиялық моңғолоидтар мен моңғолоидтар жəне американоидтар) негізгі нəсілдердің пайда болу өзектері пайда болған. Хронологиялық жағынан бұл төменгі жəне орта палеотит дəуіріне сəйкес келеді (200 000 жыл бұрын шамасында), яғни қазіргі заман типіндегі адамның пайда болуымен сəйкес келген.

Демек Ескі Əлемнің батыстық жəне шығыстық аудандарындағы негізгі нəсілдік үйлесімдер заманауи адамдарға тəн белгілердің рəсімделуімен, сондай-ақ адамзаттың бір бөлігінің Жаңа Əлемге қоныс аударуымен қатарласа отырып қалыптасқан.

Екінші кезеңде негізгі нəсілдік өзектердің шекарасында нəсілқалыптасудың екінші реттік аймағының жəне бұтақталып қалыптасуының бөліну үдерісі жүрген. Хронологиялық жағынан, бұл кезең жоғарғы неолиттің қарсаңына жəне мезолитке сəйкес келеді (15 000-20 000 жыл бұрын шамасында). Нəсілқалыптасудың үшінші кезеңінде жергілікті нəсілдердің пайда болуы жүрді. Уақыты бойынша бұл мезолит пен неолит қарсаңына келді (10 000-12 000 жыл бұрын шамасында).

Төртінші кезеңде нəсілқалыптасудың төрттік аймақтары мен тереңдетілген нəсілдік саралануы бар қазіргі заманға ұқсас популяциялар қалыптасты. Бұл қола жəне ерте темір дəуірінде, яғни біздің дəуірімізге дейінгі IV-III мыңжылдықтарда басталған.

Соңғы бірнеше жүзжылдықта ешқандай да маңызды нəсілгенетикалық өзгерістер болмаған жəне барлық жаңа нəсілдік нұсқалар тек араласудың арқасында ғана пайда болған деген пікір арнайы антропологиялық емес, бірақ генетикалық жəне философиялық əдебиеттерде кеңінен таралған болатын. Бұндай көзқарастар ойша ғана жасалған жəне кейіннен пайда болған аралас типтердің үстінен жүргізілген нақты антропологиялық бақылаулардың нəтижелеріне сəйкес келмейді.

Тек бірнеше мысалдарды келтірейік. Орыстардың Сібірді игеруі, моңғолоидтық белгілер кешеніндегі оның солтүстіказиялық түрінің тасымалдаушылары болып табылатын ең ежелгі жергілікті сібірлік популяциялармен байланысуына алып келді. Океания аралдарында, əсіресе, Гавай аралдарында, шығу тегі өте күрделі болып келетін аралас тұрғындардың, американ-жапон-полинезиялық некелерден туған метистердің қалыптасуына алып келді. Орталық Америкада, Кубада, Гайтиде жəне Антиль архипелагының басқа да аралдарында шығу тегі аралас болатын негрлік-еуропалық тұрғындар, яғни африкалық негрлер мен испандықтардың арасындағы некелердің ұрпақтары өмір сүрді.

Еуропалық-испан жəне французтілдерінде сөйлейтін Оңтүстік Американың қазіргі халықтары байырғы үндіс халқының біршама топтарын ассимиляциялаған жəне сондықтан өздерінің франкотілдік пен испанотілдік ататегінен айтарлықтай дəрежеде ерек — шеленеді. Олардың антропологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуындағы жергілікті халықтың үлесі еуропалықтан гөрі азырақ (осындай жағдай Сібірде де орын алған), дегенмен, еуропалық попу — ляциялардың морфологиялық айырмашылықтары анық ай қындалған.

Шығу тегі бойынша алдын ала белгілі болған аралас нəсілдік топтардың көптеген зерттеулері нені көрсетті? Егер антропологиялық ерекшеліктердің қалыптасу үдерісіне басқа нəсіл қалыптастырушы факторлар араласпаса, онда аралас топтағы белгілердің түрлендірулері бастапқы белгілердің арасындағы аралық орынды иеленеді, бірақ араласуға қатынасқан құрамдас бөліктердің үлесімен шамалас болып келеді. Ал жаңа ғана аталған тұрғындардың үлкен аралас контингенттерінің жер шарының əр бұрышындағы зерттеулері басқа көріністі берді.

Көптеген белгілері бойынша, олар бастапқы топтың арасындағы аралық орынды иеленбейді жəне сондықтан біз осындай жағдайлардың барлығында шынайы нəсіл қалыптасу үдерісіне тап болып отырамыз. Осындай кезде қалыптасқан нəсілдік кешендер нəсілдік жіктелуден шығу тегі көне болатын, басқа белгілерімен қатар өз орынын алуы қажет. Ал шығу тегі аралас тұрғындардың үлкен бөлігінің пайда болуына алып келген, нəсіл генетикалық оқиғалардың бүкіл жиынтығын нəсіл қалыптасудың бесінші кезеңін бөлуге болады. Ол қазіргі дəуірге орайластырылған. Осы кезең үшін араласу бұрынғыдан бетер маңызды жəне негізді болды. Алайда бұл нəсілқалыптасудың жалғыз ғана себебі емес.

Адамзат тарихында кейінірек араласа бастаған жəне бір-бірімен өзара əрекеттескен «таза» нəсілдердің (нəсілшілдер түсінгендей) ешқашанда болмағандығын естен шығармау керек. Нəсілдер бір сəтте пайда болмаған, олар əрқашанда жəне тұрақты түрде қалыптасу мен өзгеру үдерісінде болған. Антропологиялық нұсқаларға тəн кейбір сипаттар кейде ұзақ оқшаулану жағдайында пайда болуы мүмкін, бірақ бұндай оқшауланудың, қалған топтардан қандай да бір түбегейлі өзгерістерінің пайда болуына алып келу оқиғалары тіркелмеген. Шындығында, кез келген əйгілі нəсілдік нұсқалардың арасынан үздіксіз ауысуларды табуға болады.

Осыдан шығатын, жалпы алғанда, қандай да бір нəсілдің артық немесе кем дəрежедегі көнелілігі жайында айтудың орындылығы шамалы. Кейбір нəсілдік белгілер басқаларынан ертерек немесе жайырақ қалыптасқан, бірақ нəсілдердің өздерінің шығу тегі өте көне. Мысалы, өте көне нəсіл негройдтық, ал оның ішінде-бушмендік, ал ең жас нəсіл – моңғолоидтық, ал оның ішінде-американоидтықтар дегенді жиі естиміз. Алайда, моңғолоидтық нəсілдердің типтік белгісі – күректəрізді тістері 420 мың жыл бұрын өмір сүрген синантроптардың өзінде-ақ табылған. Үн дістер бетінің аз тегістілігі азиялық моңғолоидтардың тегіс беті секілділер соншалықты ерекше белгі емес. Екінші жағынан, бушмендердің өте кішкене беті мен олардағы қабақ үсті доғалардың толықтай жоқтығы, эволюциялық мəнінде еуропалықтардағы сол белгілерден гөрі, анағұрлым үдемелі болып көрінеді. Белгілердің бұндай «чехардасы» барлық нəсілдерге тəн.

Дегенмен кейбір біршама жас нəсілдік белгілер кешендерін айқындауға жəне нақтылы аймақтағы нəсілдік нұсқалардың ертеректе немесе кейініректе болғандығын анықтауға болады. Мысалы, ерте темір ғасырында жəне оған дейін де еуропоидтық белгілер кешені Байкалға дейін, веддоидтық – Орта Азияға дейін, негритостық – Оңтүстік Қытайға дейін, ал койсаноидтық – Орталық Африкаға дейін табылған.

Сондықтан моңғолоидтық нəсілді кейде ең «жас» деп атайды. Азия мен Америкаға адам бəрінен кешірек келген жəне, сəйкесінше, сол жердің жағдайларына бейімделуіне аз уақыт жұмсаған. Дегенмен, моңғолоидтардың ортаға бейімделуі басқа нəсілдерден нашар болмағанымен, нұсқаларға дифференциациялануы – соншалықты айқын емес. Мүмкін, дəл осы себептен де Америкада, мысалы, өте қара терілі типтері пайда болып үлгермеген, дегенмен, оның кейбір аудандарындағы сыртқы орта жағдайлары Африка мен Индонезиядан, кем түспейді. Міне, дəл осындай кешендердің арқасында, нəсілдердің байланысу қарқындылығы мен əртүрлі аймақтарға қоныстану уақытынан шыға келе, антропологтар нəсілдік «өзектер» мен «бұтақталуды» бөледі. Осылар жайында алды егжей-тегжейлі айтылады. Түйіндей келе мұндағы тарауларда: • «таза» нəсілдердің ешқашан болмағандығын; • Нəсілдердің үздіксіз қалыптасқандығын жəне қазір де өзгеріп жатқандығын; • «көне» жəне «жас» нəсілдердің жоқтығын, олардың барлығының дамудың ұзақ жолынан өткендігін атап кету керек.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *