Нəсілдерді жіктеудің заманауи əдістері

Нəсілдердің морфологиялық сипаттамалары қазіргі уақытта да өз мəнісін жоғалтқан жоқ. Қазір дəл осы морфологиялық сараптамалар тереңдетіліп зерттелуде. Нəсілдік белгілердің генетикасы мен жасына сай өзгергіштігі жайында мəліметтер біртіндеп жинақталып жатыр. Нəсілдердің морфологиясы енді бұрынғыдан да бетер тереңірек жəне толығырақ зерттелуі мүмкін. Алайда қазіргі кезде жинақталған ақпараттың бүкіл жиынтығының аздық қылатыны сөзсіз, өйткені ол адам нəсілдері жайлы біздің барлық білімімізді аша алмайды жəне толықтырмайды.

Зерттеулер шеңберіне генетикалық маркерлер кеңінен енгізілген жəне олардың əр түрлі популяцияларда шоғырлануы анықталған. Американың байырғы тұрғындарының барлығы дерлік – АВО жүйесіндегі О тобының жəне MN жүйесіндегі N тобының тасымалдаушылары. Австралияның байырғы халқының америкалық үн дістерден айырмашылығы, керісінше, барлығы дерлік MN жүйесіндегі М тобының тасымалдаушылары болып табылады. Шығыс Сібір популяцияларының көбі Д гені бойынша тиянақталған, яғни оларда резус терістілік ген жоқ. Бұндай мысалдарды келтіре берсек өте көп. Бірақ та белгілі бір геннің тиянақтылығы (оның популяцияда 100 пайыз немесе нөлдік мəнде болуы) сирек кездесетін жағдай. Белгілі бір ген маркерлерінің көптеген нəсілдік-өзгешеліктік шоғырлануы қалыпты жағдайда өте үлкен аймақтарда қалыптасады. Классикалық мысал, еуропеоидтік нəсілге жататын, Еуропаның халықтарындағы р генінің (А қан тобы) жəне моңғолоидтық нəсілге жатқызылатын, Азия халықтарындағы q генінің (В қан тобы) басымдылықпен жинақталуы. Белгілі бір гендердің үйлесімі де, олардың морфологиялық белгілері секілді əртүрлі нəсілдерге тəн.

Генетикалық маркелердің түрлендірулері туралы мағлұматтарды жинақтай келе, біз ойластырылмаған жағдайларға да тап болдық. Популяциялық-генетикалық жəне морфологиялық мəліметтердің арасынан көптеген қарама-қайшылық жағдайлары ашылды, мысалы, В тобының А тобынан басымдылығы бойынша Үндістан халқы мен шығысазиялық моңғолоидтардың өзара жақындығы. Барлық ұқсас деректерді саналы түрде түсіндіру үшін қосымша тағы көп жұмыс жасау қажет. Бірақ оның келешегі қазірдің өзінде байқалған. Ол нəсілдердің қазіргі иерархиясын күрделілендіру жəне қазір танымал болып отырған нəсілдік ортақтылықтардың ішінен қосымша шектелген нұсқаларды бөлу жолы бойынша жүреді. Нəсілдік сипаттамалардың артқан байлығы еш күмəнсіз, адамзаттың нəсілдік жіктелуін де байытады.

Соңында соңғы жылдарда алынған, (популяциялық генетикамен байланыспаған) деректерді де ескермеуге болмас. Олардың мағынасы əлі де толықтай ашылмаған, бірақ бұлар біздің тақырыбымыз үшін өте маңызды. Бұл деректер тек нəсілдік физиологияға ғана қатысты. Шығыс Африка малшылары масайларда, мысалы, ет пен сүт, яғни жануарлардың белоктары мен майлары ас үлесінің басым бөлігін құрайды. Алайда, олардың қан құрамындағы холестерин мөлшері, еуропалықтармен салыстырғанда, аз болады. Мүмкін, бұған, жануарлар ақуыздары мен майларына қаныққан диетаға сыры əлі де ашылмаған бейімдеушілік механизмдері əсер еткен шығар. Негроидтар мен еуропеидтардағы клеткалық мембрана өткізгіштіктерінің əртүрлі деңгейлері туралы хабарламалар пайда болды. Негроидтарда ол жоғары, бұл алмасудағы бірактілі бейімдеушілік жылжуларына əсер ететін болуы керек.

Осылайша антропология популяциялық-генетикалық жəне нақты физиологиялық мəліметтермен ақырындап толықтырылды. Осылардың арқасында адамзатты жіктеу мен нəсілдік сипаттамалар жетілдірілуде. Біз адамдық популяциялардың жəне олардың жиынтығы — нəсілдердің аймақтық дифференциациялануы морфологиялық қана емес, сондай-ақ физиологиялық белгілері бойынша да жүргендігін білеміз. Нəсілдік айырмашылықтар тек ұсақ нəрселерінде, қандай да бір қосымша сыртқы белгілерінде ғана байқалады деп жазылуда. Алайда, бұл олай емес. Нəсілдік айырмашылықтар іргелі функциональды қасиеттерді де қамтиды.

Адамдық нəсілдер — бұл аясы тар морфологиялық емес, қайта морфофизиологиялық категория болып табылады.

«Ірі» жəне «ұсақ» нəсілдерді жіктеу. Ұзақ уақыт бойы антропологияда адамзатты нəсілдік саралаудың маңыздылығы жəне негізгі нəсілдік белгілердің қалыптасуы кезіндегі табиғи сұрыпталудың үлкен рөлі жайындағы түсініктер үстемдік еткен. Молекулярлы антропология əдістерін қолдану нəсіл мен нəсілгенез туралы түсінікті біршама дəрежеде өзгертті. Нəсілді жіктеудің үш негізгі: олардың шығу тегін ескерместен, шығу тегін ескеру жəне популяциялық тұжырымдама негізіндегі туыстығы тəсілдері бар. Бірінші көзқарасқа сəйкес, ірі үш нəсіл өзіне 22 ұсақ нəсілдерді кіргізеді, ірі нəсілдердің арасында екіден өтпелі ұсақ нəсілдер орналасады. Нəсілдік жіктелудің сызбасы шеңбер түрінде бейнеленген. Бұндай жіктелу кезінде нəсілдердің шығу тегі қарастырылмайтындығына қарамастан, өзінде екі ірі нəсілдердің белгілерін қатар үйлестірген, ұсақ аралық нəсілдердің бар болуының өзі, бір жағынан нəсілдік белгілер кешенінің өзгергіштігін, екінші жағынан, адамзатты, тіпті, ірі нəсілдерге бөлшектеудің шарттылығын дəлелдейді.

Бір ірі нəсіл шеңберіндегі ұсақ нəсілдер өкілдерінің арасындағы ДНҚ гибридизациясы (будандастыруы), нуклеотидтер тізбегінің жоғары деңгейіндегі гомологиясын көрсетті. Батыстық еуропеоитар мен ұсақ Оралдық нəсілдің жəне орта азиялық моңғолоидтардың сол оралдық нəсілмен нуклеотидтік тізбегінің гомологиясын зерттеу орташа мəнді береді. Бұндай мəліметтер өтпелі кіші нəсілдердің олардың аралық орнына сəйкес өздеріне морфологиялық белгілерді ғана қосарлап қоймай, сондай ақ генетикалық тұрғыда да аралық болып шығатындығын, дəлелдейді. Бұдан шығатыны, олар не гибродегенді, не ірі нəсілдердің қалыптасуының алғышарттары болып табылатын адамзаттың тіршілік ету кезеңіне сай анағұрлым ежелгі белгілердің өзінің ұйымдасуында сақтап қалды.

Нəсілдердің шығу тегін ескеру арқылы жіктеу қысқа ортақ өзегі жəне одан таралған бұтақтары бар эволюциялық ағаш түрінде бейнеленеді. Бұндай жіктеудің негізіне архаизм белгілерін анықтау мен жеке нəсілдердің эволюциялық алға жылжуы жатады, сəйкесінше, əр түрлі ірі жəне ұсақ нəсілдер осындай ағаштың бұтақтарынан əр түрлі орындарды иеленеді. Архоизмді жəне үдерісті белгілерді морфологиялық белгілердің арасынан айқындау субъективті сипатта болады, осының арқасында нəсілдерді класификациялаудың сызбанұсқасы өте көптүрлі болып келеді. Бірақ нəсілдерді шығу тегіне қарай класификациялаудың ең үлкен кемшілігі, ол нəсілдерді эволюциялық ағаштың əртүрлі деңгейлерінде орналастыру талпынысы, яғни олардың биологиялық теңсіздігін мойындау болып табылады. Бұдан басқа, жоғары палеолитке дейін, адамдар мекендеген аймақтарда, қазіргі ірі нəсілдер генетикалық тұрғыда байланысқан, адамның нəсілдік типтерінің еш жерде қалыптаспағандығын берілген палеоантрологиялық зерттеулер көрсетті.

Бұны Сугин (Ресей) моласынан табылған қазіргі физикалық типтегі адамдардың жоғарғыполеолитік қазба сүйектерінің талдаулары растайды. Оларға тиесілі барлық бас сүйектер, нəсілдік белгілердің мозаикалық үйлесімімен сипаталады жəне қазіргі нəсілдердің бір де біріне жатқызылмайды. Американың байырғы тұрғындары моңғолоидтар болып табылатындығына қарамастан, айқын моңғолоидтық белгілердің жоқтығымен сипатталатын жəне жерастында 2105 мың жыл жатқан, Оңтүстік Калифорниядағы қазба сүйектің сипатталуы да осы мəліметтерге сəйкес келеді. Тек анағұрлым кеш мезометтік қазбалар ғана адамдардағы нəсілдік белгілердің қалыптасуын белгілейді. Осылай, Солтүстік Африка аймағынан жасы 10-8 мың жылдық жай ғана негроидтық емес, кіші эфиоптық нəсілдің анық бегілері бар мезолиттік бас сүйектер белгілі. Ұқсас мəліметтер Еуропа аймағынан жəне басқа да аудандардан алынған. Бұның барлығы, нəсілдік белгілердің қалыптасу үрдісі біршама кейінгі, жоғары полеолит-мезолиттің шекарасында əр түрлі аумақтарда қатар жүрген.

Эволюция барысында ұсақ нəсілдердің белгілерінің алғашқы байқалуы, еуропеоидтық, моңғолоидтық пен негроидты нəсілдердің шығу тегі мозойкалы жəне шығу тегінің орталықтылығы бойынша емес қайта тіршілік ету жағдайларының климаттық-географиялық сипаттамаларымен жəне көпшілік негізгі белгілері — нің бейімделушілігімен біріктілілген ірі популяцияларын бейнелейді. Біздің еуразиялық котинентіміздегі үлкен нəсілдерді біраз жанжақты қарастырайық. Алғашқыда Оңтүстік-Батыс Азия, Солтүстік Африка мен Еуропада қалыптасқан еуропеоидты нəсіл үш басты топтарға жіктелуі мүмкін: Оңтүстік – терілері қара торы, көздері мен шаштары қоңырқай (испандықтар, итальяндықтар, француздар): солтүстік ақшыл терілі, көздерінің едəуір бөлігінде сұр жəне көгілдір, ақшыл сары мен ақсары шашы (скандиновтар); аралық, оларға орта қарқынды пигментациялану тəн.

Үлкен еуропеоидты нəсілдің (ақ) ішінен шаш пен көз түстері бойынша үш кіші нəсілдерді бөледі: анағұрлым анық көрінген солтүстік (ақшыл боялған) жəне оңтүстік (қоңырқай боялған). Сонымен қатар, аса анық көрінбеген орта еуропалық (аралық түспен) орыстардың едəуір бөлігі кіші солтүстік нəсілдің беломор-балтық топтардың типіне жатады. Оларға ақшыл сары немесе ақ сары түсті шаштар, көгілдір немесе көк көздер, өте ақшыл тері тəн. Сонымен бірге олардың жиірек мұрындары алдыға қарай иілген, ал кеңсірігі аса үлкен емес жəне басқаша пішінде, солтүстік-батыстық еуропеоидтық типтерден, əсіресе, атлант-балтық топтан гөрі, олардың өкілдері Солтүстік Еуропа мемлекетердің тұрғындары кездеседі. Оңтүстік еуропоидтардың біршама қоңырқай боялған топтары Испания, Франция, Италия, Швейцария халықтарының жиынтығын құрайды.

Еуропеоидтар өздерінің ареалдарының шығыс шекараларында ежелден моңғолоидтармен өзара араласқан. Олардың ерте (мезолит дəуірінде) араласуының нəтижесінде, Солтүстік-Батыс Сібір мен Шығыс Еуропаның шегінде кіші нəсілдерді құраған жəне оларға кейбір өзгеше белгілерімен (мысалы, мұрынының иілген пішіні) бірге моңғолоитық еуропоидтық ерекшеліктердің аралық ұйлесімі тəн. Кейінірек Орал мен Енесейдің арасындағы далалық алқапта моңғолоидтар мен еуропоидтардың араласуы үдерісі нəтижесінде аралық, кіші оңтүстік-сібірлік нəсіл қалыптасады, олардың беттері өте жалпақ жəне брахикефалиясы айқын көрінген. Қырзғыздар мен қазақтарды дəл осыған жатқызады. Қазақтар қырғыздырмен салыстырғанда, біршама еуропеоидтықтаға ұқасас келеді. Ал нəсілдік көзқараспен қазақтарды кəрістермен ортақ белгілері бойынша салыстырғанда қазақтар тым алуан түрлі, шұбар нəсілдер қатарына жатады. Сондықтан қазақ ұлыстарының əр түрлі өкілдері өздерінде еуропеоидтық немесе моңғолоидтық белгілерді көбірек тасмалдауы мүмкін, қырғыздардың моңғолоидтылығы, қазақтарға қарағанда, эпикотустың жақсы дамуымен көрсетілген. Сонымен қатар, Ферғана алқабындағы қырғыздарда Тянь-Шань қырғыздарымен салыстырғанда, еуропеоитық белгілердің күшейгендігі байқалады. Біріншіден, беті едəуір жіңішке, сақалдың дамуы біршама көбірек, эпикотус пайызы төмен, кеңсірігі жоғары. Орта ғасырларда Орталық Азия аймағында жаңадан еуропеоидтымоңғолоидтық аралас нəсілдер пайда болады. Азиядағы моңғолоидтық нəсіл екі басты топтарға жіктеледі – құрлықтық жəне тынық мұхиттық, біріншісі екіншісінен біршама ақшыл терісімен, көз бен шаштың депиаментациялануға қарай беталысымен, бетінің өте ірі мөлшерлерімен, ортагнатизімен, анағұрлым жіңішке еріндерімен өзгешеленеді. Құрлықтық моңғолоидтардың құрамына Сібірлік немесе солтүстіказиялық пен ортазиялық нəсілдері бөледі. Құрлықтық пен Тынық мұхиттық моңголоидтардың арасынан аралық орынды акретикалық (эксимостық) нəсіл алады, олардың беттері тым жоғары жəне кең, прогнатизмге қарай байланысты жəне өте тар мұрынды болып келеді. Тынық мұхиттық моңғолоидтардың солтүстік топтары жоғары, бірақ салыстырмалы түрде жіңішке беттерімен қиыршығыстық немесе шығыс азиялық моңғолоидтарды жіктеу өте қиын, өйткені үндістердің көптеген топтары отарлаушылармен жойылған өздерінің алғашқы мекендеген жерлерінен ығыстырылған немесе еуропалықтармен не африкалықтармен араласқан. Кіші оңтүстік азиялық нəсілдік құрамына кіретін Тынық мұхиттық моңғолоидтардың оңтүстік топтарынан бірталай австролоидтық ерекшеліктер табылады: толқынды шаштары, кейде сақал мен денедегі түктердің тым қатты өсуі, зейтүн түстес қоңырқай тері, төмен беті, кең мұрыны, қалың еріні, жəне т.б. Аталған ерекшеліктердің көпшілігі жапондарға да тəн, олардың нəсілдік құрамының қалыптасуында моңғолоидтық жəне австролоидтық нəсілдер атсалысқан. Шығыс Индонезияда Тынық мұхиттық моңғолоидтар мен папуастардың қарқынды араласуы, аралық популяциялардың қалыптасуына алып келеді. Көп жағынан ұқсас үдеріс Мадагаскарда да орын алған, онда байқауымызша, б.э.д. 1 мың жылдықтың өзінде Индонезиядан, аралдағы негроидтармен араласқан, əр түрлі оңтүстік азиялық топтар қоныс аударған. Моңғолоидтардың, австролоидтардың жəне авропеоидтардың да белгілерінің өте ерекше үйлесімі полинезиялықтарға тəн.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *