Міржақып Дулатұлы туралы мәлімет

Міржақып Дулатұлы — бұрынғы Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында 1885 жылғы қараша айының соңында шағын дәулетті шаруа отбасында туылған. Міржақып екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалды. Ағасы асқардың тәрбиесінде өсіп, әуелі ауыл молдасынан ескіше тіл сындырп, сосын Мұқан атты мұғалімнен орысша хат таниды. Ал 1897 жылы Торғай қаласындағы кезінде Ы. Алтынсарин ашқан орыс- қазақ мектебіне түсіп, бес жыл білім алады да, бішама уақыт ел ішінде бала оқытып кәсіп етеді.

1904 жылы Мыржақып Омбы қаласына барады. Мұнда ол өзінен аттай бір мүшел үлкен, 30 дан жаңа асып, кемелене келіп тұрған кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен танысып, білжола табысады. Келер жылдың жазына қарай екуі Қарқаралыға келіп, Әлихан Бөкейханов бастаған бірнеше қазақ зиялылары бірігіп, жоғарыда әйгілі петицияны жазып жолдайды. Бұл құнды құжат туралы кейінірек жазған бір мақаласында Мұхтар Әуезов былай дейді: «…Ол петициядағы аталған үлкен сөздер:бірінші — жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші- қазақ жеріне жемство беруді сұраған. Үшінші — отаршылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ, мүфтиге сұраған.

…Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған».

Өз кезінде қазақ халқының «күрескерлік мақсатының манифесіндей болған» «Оян, қазақ!» кітабын 1911 жылы Орынбордан қайта бастырып шығарған Мыржақыпты құпия полиция тыңшылары сол жылдың маусым айында тұтқындап, кітаптың қолдарына түскен таралымын тәкілейді. Семей түрмесінде 19 ай бойы отырған Мыржақып бостандыққа шығысымен Орынбордағы Ахаңа қайта барып қосылып, 1913 жылдың ақпан айынан бастап А. Байтұрсынов- бас редакторы, М. Дулатов оның орынбасары, жауапты хатшысы қызметінде қыр өлкесінің ағартушылық – демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми басылымы – айтулы «Қазақ» газетін бақандай бес жыл шығарып тұрады. Алғашында үш мың дана болып басылған газеттің таралымы бір жылдың ішінде 8 мыңға жетеді.

Шығармашылық еңбек жолында «Оян, қазақ!» (1909-1911), «Азамат» (1913- 1914), «Бақытсыз Жамал» (1910-1914), «Терме» (1915), «Балқия» (1922), «Оқу құралы» (1924) деген сияқты бес — алты кітаптарын жазып қалдырған М. Дулатовтың 1907-1927 жылдар аралығында түрлі басылымдар бетінде жариялаған мақалалары оның журналист публицист ретіндегі биік шығармашылық дарыны мен азаматтық позициясын айқын танытады.

М. Дулатов қаламынан туған мақалаларда әлеуметтік өмір, экономика, мәдениет — әдебиет, тарих, дін мәселелерінен бастап сол кездегі халықаралық жағдайға дейін қамтылады. Әсіресе , оқырманға өте бағалық тынымдық деректік материалдары оның терең білімпаздығы мен бірге талғампаз сараптаушылық қарым қабілетін айғақтайды. Мәселен, Міржақып «Азамат Алашұлы» деген бүркеншік атпен «Айқап» журналында жариялаған «Абылай хан», осы журналда 1913 жылы жарық көрген «Эсперанто тілі» (Международный язык «эсперанто»), «Қазақ» газетіндегі «Ғабдолла Тоқаев», «Хазірет Сұлтан», «Абай», «Шоқан Шыңғысұғлы Уалихан», « Григорий Николаевич Потанин», «Ахмет Байтұрсынович Байтұрсынов» (орыс тілінде), «Қазақ, қырғыздың аты, тегі, туралы» т.б. мақалаларында қазақ өнері мен ғылымына зор әсер ықпал еткен әр кезең тұлғаларының өмірі мен еңбектері жан- жақты толымды баян етіледі, баға беріледі. «Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларына сіңісіп, жұтылып жоқ болады. Қай жұрттың болса да жаны- әдебиет ал жансыз тән жасамақ емес, — деп, көркем әдебиет туралы терең ой толғай отырып, — әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш- Абай сөзі, Абай аты боларға керек… Бәлкі мұнан кейін Абайдан үздік, артық ақындар, жазушылар шығар бірақ ең жоғары , ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз — Абай!»- деген ерекше пікірді сонау елең — алаң 1914 жылдың өзінде жеріне жеткізе жазып, кеткен Міржақыптың ұлт мәдениеті тарихындағы өз орны туралы да солай деуімізге толық негіз бар. Жоғарыда аталған тарихи- зерттеу мақаласының бірінде Міржақып: «Қазақтың түрі бірдей еместігі құрамалығына дәлел болғанымен, ескі жұрт екендігіне қарсы дәлел бола алмайды. Қайта құрама бола тұрып, бұл күнде тілі, әдет- ғұрпы, салт- санасы бір кісінің баласындайдығына қарағанның өзінен қазақтың ескі жұрт екендігі кейіннен қосылғандардың ұйытқысы қазақ екендігі сипатталады»,- деп, «Қазақ — құрама, түр — әлпеттері соны растайды. Өздері бері де, күні кеше ғана жұрт болған» дегенге саятын Г. Миллер, П.Паллас, И.Георгий, Н. Рычков, Ф. Фишер, Г. Клапорт, К. Рейтер, В. Вельяминов- Зернов, Чулочников, Ивановский, Харузин еңбектеріндегі евроцентристік пиғылдағы жаңсақ пікірдің жанын сала терістеп, жоққа шығарады, нақты деректермен уәж айтады. «…Қазақ — Х ғасырдың ар жағында көп заман бұрын өздерінің хандары болып, өзін-өзі билеген ежелден қазақ аттаған түрік жұртының бір тарауы» деген батыл тұжыры жасайды.

«Жазу тәртібі», «Мұғалімдерге», «Тіл құралы», «Қазақ әдебиет кеші», «Надандық құрбаны», «Манап драмасы», «Қазақ» баспаханасы», «Баспасөз үмесі», «Қазақ тілін жүргізетін комисиясының құлағына алтын сырға», «Қазақ тілінің мұңы» сияқты бірқатар мақалаларында М. Дулатов қазақ тілінде сауатты жазып- оқу жолындағы жаңа ізденістер қазақтың жаңа жазба әдебиеті, театр өнері, қазақ баспасөзінің аяқ алысы мен тіл тазалығы, тіл өрісін кеңейту мәселелерін жан- жақты әрі жанашырлықпен жазады. Қазақ тілі бай, таза, іргелі жұрт тілі деп бәріміз айтамыз. Бірақ құр бай, таза деу мен ғана тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өршіп кете ала ма?»- деп 1915 жылы мәселе көтерген ол: «Бір жағы Бұхар, бір жағы Меке-медине, Стамболдарда оқып қайтқандарымыз да бар. Солардың бәрі ноғайшалап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр… Орысша оқығандарымыздың көбі екі сөздің көбі біріне орысша қатынастыруды үйреніс қылып алған. Осыдан топшылауға болады- таза деген қазақ тілі де күн бұрын сақталуына қам қылмасақ, бірте бірте бұзылып кететіні»,- деп осыдан жүз жылғы жуық бұрын қылған қаупі дәл бүгінге қарата айтылғандай әсерлі, өтімді. Немесе «Қазақ тілі мемлекет тілі болды, енді заң-зәкүн бұйрық – жарлықтың, кеңсе істерінің бәрін қазақшаға айналдырамыз деп талпынғанымызға да талай жыл қазақ тілін жүргізу үшін орталықта дербес комиссия да құрылды. Бірақ орталық комиссияның болсын, я жержердегі бөлімдері болсын қазақ тілі қалай жүріп жатқанын жеке тексеріп отырғандығына шегіміз бар», — деп 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне жазған ашыныс – өкініші де бүгінгі біздерге тым таныс жағдай емес пе?!

1923 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған «Баспасөз умесі» атты мықаласында: «Әр жұрттың, әр мемлекеттің мәдениет майданында ілгері — кейінгінің қатасыз өлшеуіші болады. Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті… Бұған көзі ашық, көңілі тетіктер көптен иман келтірген,- дей келе,- егер газет, журнал халықтың санына қарай шығатын болса, төңкерістің алдында біздің қазақтың 80- нен артық газет, журналы болуға керек еді. Бұл болды ма? Неге болсын! Сексен түгіл сегіз газетіміз болмаушылық біздің мәдениет сатысының ең төменгі сатысында тұрғандығымызды көрсетеді!»- деген күйінішін де жасырмайды. Қалың қазақтың намысына қозғау салып, баспасөз маңызын ашып көрсетеді. Оны дамытудың, өрге бастырудың оннан астам нақты іс- шараларын атап береді.

Жоғарыда да бірлі- жарымын атап өткеніміздей, Міржақып Дулатовтың «Тургайский», «М.Д», «Түрік балсы», «Азамат», «Мадияр», «Маяр», «Байқаушы», «Азамат лашұлы», «Алашбайұлы», «Таймінер», «Тайбағар», «Алакөз», «Қолғанат» деген сияқты көптеген бүркеншік аттар мен патша үкіметінің отаршылдық саясатын шенеп, әшкерелеп халықтың өз заманының өзекті мәселелерін көріп, түсіне білуге бірлікке шағырған өткір саяси мақалалары көп. 1907 жылы «Арғын» деген бүркеншік атпен жазылған «Біздің мақсатымыз» атты мақаласы үшін «Серке» газеті тәркіленді. Ол туралы полиция протоколында: «Барлық қазақ халқына арналан үндеу сияқты» делініп, Петербург баспасөз істері комитети «газеттің осы нөміріне қатысты барлығы да жауапқа тартылсын» деген шешім шығарды.

«Қазағым менің, елім менің!» деп басталатын бұл мақала одан әрі: «Ең алдымен, қазақ халқы — Россияға тәуелді халық… Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады… Чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып – соғып, мал- мүлкін тартып алып, ойына не келсе соны істейді. Енді чиновниктер біздің дінімізге,әдет – ғұрпымызға, біздің молдаларымызға ғана тиісті неке мәселесіне де араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды…» дейді. Ал «Жер мәселесі» деп аталатын (1911ж.) мақаласында «Ішкі Россиядан бұлттай қаптап көшіп келе жатқан мұжық алдағыға көз салуды үйреніс қалмаған қазақ халқын да ойға қалдырды,- дейді де, — мұның себебі не? Халықтың өсіп, жердің өспеуі, һәм тозуы- қазақ жері патша мүлкі саналып, сол себепті миллиондап жерсіз мұжықты үкіметтің қазақ жеріне қондыруы. Бұл «тілеусіз қонақтар» келе бастағаннан бері тарылып тарылып, атамекеннен ірге қозғалып, қазақтың шаруасының күйзелуі, 15-20 жылдан бері бұл көшпелі мұжықтардың келіп бітуінің, ұшы — қиыры көрінбей , бұлай болғанда, енді аз жылда қазақ халқы ең жаман жерге сорлап қалып, ақырында пақырлыққа жетуі ықтимал…» — деп, ел басына төніп келе жатқан үлекен апатты алдын — ала болжайды.

Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсыновтар мен бірігіп жазған «Алаштың азаматына» (1916 ж.), А. Байтұрсынов, М.Тұнғашин, С. Қыдырбаевтер мен бірігіп жазған «Торғай һәм Ырғыз уезінің халқына» (1916 ж.) деген мақалаларында бірінші жақан соғысының өртіне шалдыққан Россияның қол астындағы мұсылман халықтарынан, оның ішінде қазақтардан да майданның қара жұмысына адам алу туралы патша жарлығы мен байланысты бұқара халықтың арандап, қырғынға ұшырап қалмауын ойлап шырылдаған перзеттік үні сыбырға, төзімділікке шақырады. Алғашқысында бұл жарлыққа көнген — шаруаға кемшілік те келер, барған жігіт бейнетке де, қазаға да ұшырар, бірақ елдің іргесі бұзылмас. Ал көнбегенде көретін ауырлық-қазақ шын қарсылық қылатын болса, ел-елге отряд шығады. Елдің берекесі кетеді, басын малға әлегі бірдей кетеді, елдің іргесі бұзылады… Военное положение иғлан жетілген жерде түймедей, жазыққа түйедей жаза болады…» деп таразының екі басын салғастырып, түбін ойлап іс қылуды, ел іргесін бұзылмауын, үлкен іркіншілікке душар болмауды салиқалы салмақпен ескерсе, екіншісінде: «Біздің қазақ баласы, қанына тартады, жаны ашиды десеңдер, тіл алыңда: қан төкпеңдер, қарсылық қылмаңдар! Алынатын жастар басын қорғаймын деп, үйдегі кемпір- шал, қатынбаланың обалына қалмасын! Бізде орысша оқып, орыс арасында жүр, біздің пайдамызды айтпас деп ойлайтындарың бізді құдай мен аруаққа тапсырыңдар! Қазақ» газеті М. Дулатовтың қоғамдық — саяси есеюі мектебі болды десек қателеспейміз. Оның қазақ жұртшылығына әйгілі болған газетте жұмыс істеуі, қазақ халқының жоғын жоқтвп, мұның көтеріп жазған өткір саяси мақалалары оның есімін халық арасында одан әрі әйгілі етті. Ол 1914 жылдың 12- мамырынан бастап екінші редактор болды. Ал 1917 жылдың 8 – шідесінен бастап газеттің негізгі ұйымдастырушысы да осы М. Дулатов болған еді. «Ахаң һәм мен екеуміз де депутат бола қалсақ, газет иесіз қалар, халыққа қызмет етемін деген кісіге бәрібір депутат бол, газет шығар» — дейді ол, съезден кейінгі ашық хатында. Патша үкіметі тұсында басылуы бірнеше рет тоқтатылып, бірақ біржола жабылмаған «Қазақ» газетін толық жабу туралы бірінші нұсқауды демократия, көп пікірлік атаулыға жаны қас Кеңес үкіметі берді. Омбы атқару комитетінің 1918 жылы 4 – наурызда Орынбор Совдепіне берген жеделхатындай «Алаш» партиясының саяси ұйымы ретінде қазақ контрреволюциялық «Алаш – Орда» үкіметін құрды. Кеңес өкіметіне қарсы ашық күреске шығуда. Тез арада газетті жабуды талап етеміз», — делінген Бұйрық әріне, жедел жүзеге асырылып, 1918 жылдың күз айында 265 — санынан кейін «Қазақ шығару амалсыз тоқтатылды. Бұл М. Дулатов және басқа алашшыл қазақ зиялыларын, Кеңес өкіметі тарапынан жасалынған бірінші ашық соққы, рухани саяси қысым еді. Кейінірек А. Байтұрсыновтың елу жылдық мерейтойына арнап жазған мақаласында, М. Дулатов «Қазақ» жабылар кездегі мүмкіндігін былай деп атап көрсеткен еді: «Қазақ» 1918 жылдың қазан айына дейін жарық көрді. Патша әкімшілігінің қатал қыспағы мен ауыр жағдайында А. Байтұрсынов іскер ұйымдастырушылығымен, жанкешті еңбегінің арқасында газеттің жабылар алдында жеке баспаханасы, көп қағаз қоры, шағын кітапханасы болып, тиражы 8 мыңға көтерілді. Бұл дерек «Қазақ» газетінің ұлт мүддесіне қызмет ететін рухани және саяси орталыққа айналғандығын толық дәлелдейді. Өкінішке орай, бұл большевиктерге мүлде ұнамды. А. Байтұрсынов М. Дулатовтың қажырлы еңбектенулерінің жемісі, «Қазақ» газеті саяси – ұлттық жас қазақ баспасөзінің көшбасшысы дәрежесіне көтеріліп үлгерген еді. 1913 жылдан бастап 1918 жылға дейін А. Байтұрсыновпен бірге тізе қосып, «Қазақ» газетіне тең редактор болған жылдар М. Дулатовтың ең жемісі шығармашылық, саяси қоғамдық белсенділік танытқан жылдары болды. Осы жылдары газет бетінде көрнекті ағартушы М. Дулатовтың ұлт тағдырын ойлаған халықтың ең көкейкесті мәселелерін көтерген көптеген ойлы да зерделі мақалалары да жарияланды. Ол қазақ еліндегі барлық бақытсыздықтың түп – тамыры білімсіздікте деп түсініп, қазақ мәдениетінің өзге елдердің көлеңкесінде қалып қоймауы, ұлттың рухани және саяси тәуелсіздігі үшін күресіп, тынымсыз ізденісте өмір сүріп аянбай еңбек етті. Қазақтың әлемдік өркениет көшінен артта қалушылығын жою жолдарын терең ойластырды. Осынау қасиетті бағыттағы оның алғашқы және ең маңызды қадамдары «Қазақ» газетін ұйымдастырып, оның жұмысын жолға қоюда жарқын көрініс берді.

Халықтың үлкен қамқоршысы болан М. Дулатов қазақ әйелдерінің бұрынғы тұрмыс – күйін, мұң – шерін, олар жөніндегі ұлттық әдет — құрып, салт – сананы, көзқарасты жақсы білген. Әйелдер тағдыры оны көп толғандырған. Бұған «Бақытсыз Жамалдай» роман жазып, қазақ әйелінің тіршілігін көрсетуі – айқын дәлел.

«Бақытсыз Жамал» жазушы характер қалпын көрсетуде әлеуметтік өмірдің негізгі тартыстарын сюжет етіп алғандығы Жамал тағдырына қатысты тұрғыда анықталады. Әдеби дамуда өзіндік жаңалық болып қабылданған, үлкен жанрдың көп белгілерін өз бойына ықшамдап жинақтаған, халық тағдырының шынайы көрінісін адам тағдырлары арқылы бейнелеуге күш салған, сол дәуірдің моральдық — адамгершілігі принциптерін кеңінен таныстыратын дәстүр мен этнографиялық көріністермен тығыз байланыстығы, трагедиялық шешімі арқылы қоғамды өзгертуге деген толғанысты білдірген, сонымен қоса ең негізгі жаңалық болып енуімен қатар әдеби үлгіге айналған, өзінен кейінгі қазақ жазба романдар шоғырының бой көтеруіне негіз болған бұл туындыны сол ғасыр басындағы ие болған статусынан, тарихи орнынан ажырату қиын. Сол себепті ХХ ғасыр басындағы қоғам құрылысындағы ерекшеліктерді, баспасөз қызметін, қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктерін, оманның әдеби дәстүрге әсерін ескере келіп, «Бақытсыз Жамалды» роман ретінде қарастырамыз. Сонан кейін қазақ жазба әдебиетінің нәр алған бастаулары ретінде қазақ халық ауыз әдебиетін, төл прозаның шағын үлгілерін, шығыстың классикалық әдебиеті мен орыс пен батыс әдебиетін аударма нұсқаларын айта келіп, ХХ ғасыр басындағы қазақ жазба прозасының қалыптасу жолдарын көрсетуде А. А. Жандыбаевтың «Жас өмірім яки жастық өкініші» (1907) кітапшасы мен Ғ. Қараштың «Томан байдың баласы әділ мырза, я болмаса Байғозы байдың қызы ару Шандоз» (1909) әңгімесінің әңгімелеу стильдері мен салыстырып, «Бақытсыз Жамалды» кәсіби көркем проза тілінің тәуір үлгісі екендігін, кейіпкер мінезін тілдік оралымдар арқылы беруге ойысқандығын дәлелдеуге тырысады.

Қоғамдағы әлеуметтік — экономикалық жағдайларға байланысты прозаның табиғатына өзгерістер еніп отырса, қазақ ғалымдары да салт ертегілерін, батырлар жырын, лиро — эпостарды романның алғашқы нұсқалары, «халықтық романдар» деп біледі. Мұнда лириканың да, прозаның да, драманың да ерекшеліктері түйіскен. «Бақытсыз Жамал» романында жазушы тармхи шындық көлемінде басты кейіпкердің іс- әрекетін көрсетумен қатар оның характерінің қалыптасу тарихын, тұлғаға айналу процесін белгілі бір дәрежеде көрсетуге күш салған. Халық дәстүрі мен рәсімдерінің ауыз әдебиетіндегі көріністері ұшан- теңіз болса, ол жазба әдебиеті де өзіндік ерекшеліктері мен байытып, ұлттық сипат дарытып отырған. «Қазақ жырлары мен аңыздарының бір қатары халықтық романдар тәрізді. Олар әлеуметтік, таптық сипат, адамдар ісіне дәл, нақты мінездеме жиі ұшырайды» /3/.

Міржақып 1902- 1909 жылдар аралығында мұғалімдік қызметі нәтижесінде балаларға сауат аштыру мақсатымен жазған «Қирағат» кітабында түрлі оқу құралдарына сүйенгендігі байқалады әрі аударма ретінде және тікелей авторларын көрсете отырып, Абайдың, Ахметтің, Мағжанның, Ғұмар мен Бейімбеттің және өзінің балалар ұғымына лайықталған шығармаларын, халық ауыз әдебиеті туындыларынан: ертегі, аңыз дастандарын үзінділер, күлдіргі әңгімелер, бесік жыры, мақал — мәтел, жұмбақтар мен ойындарды мазмұнына қарай араластыра үйлестік пен орналастырып, кітаптың идеалық — көркемдік қызметін арттыра түскен, сондықтан кітап тек балаларға ғана емес, үлкендерге де көмекшілік қызмет атқарғандай деңгейде көтерілген. Оқулық құрамына енген әңгімелердің кейбірінің авторына сілтеме екендігін анықтай түсуді талап етеді. Мысалы: «Бүкір мен бала» (8- бет) , «Қонақ кәде» (51-бет), «Екі саудагер» (36- бет), әңгімелерінің шығарушылары белгісіз, ал 1991 және 1996 жылғы жарияланған Міржақыптікі еместігі айқын. «Таза бұлақ» романсы сияқты сюжеті өзгенікі, идеясы ортақ. Бұрыннан бар сөзге жаңаша мазмұн беру, жаңғырта қайта қолдану, нақылды әңгімеге айналдыру дәстүрлі жол болып табылады. Мәселен, Міржақыптың «Күлмеңіздер кәріге» әңгімесінде үлкенді сыйлау, құрметтеу керектігі туралы айтқан насихаты ХІ дүниеге келген. «Қабуснаманың» тоғызыншы тарауындағы қарттық және жігіттік туралы айтқан өнегелі сөздермен сарындас. Міржақып насихаты сегіз жасар баланың түсіндегі лайықталса, Кейқауыс патша өсиеті жас жігітке арналғандығымен ерекшілігімен. Тәрбие бағыты бір болғанмен, қабылдаушы сана деңгейі түрліше екендігі мықтап ескерілген. Оның жыл мезгілдері туралы жазған шағын әңгімелерін Абай мен Ыбырайдың табиғат тақырыбына арналған өлеңдерінің іздері айқын сезіледі. Міржақыптың аң – құс туралы жазған туындылары С. Шормановтың «Аушы» кітабінің (1907) мазмұнының көздеген мақсатына қарай ерекшелінеді. Шормановтың «Аушысы» ертеде адамдардың тіршілік көзіне айналған аңшылық көзіне айналған аңшылық кәсібінің қазақ-қырғыз халқында тұрмыс салтына байланысты әлі де жалғасын тауып келе жатқанын айтып, осы кәсіп туралы өзгелерге біраз мағлұмат беруге арналған болса, Міржақыптікі балаларға арналған шолу барысындағы танымдық әңгімелері. «Қирағатты» (1924) материалдардың 25 процентке жуығы ғана Міржақыптың төл шығармалары, қалғанының, авторлары бірде нақты, бірде белгісіз болып келетініне қамастан кітап мазмұны сауат ашу мен оқуға жаттықтыруға, адамгершілік негіздеріне тәрбиелеуге, еңбекке, кәсіпке баулу мақсатына, адамгершілік негіздеріне тәрбиелеуге, еңбекке, кәсіпке баулу мақсатына бағындырылып, сол кезде қазақ тілінде жарық көрген оқу құралдарының ішінен құрметті орын алуға лайықты оқулық болып шықты.

М. Дулатовтың қазақтың үніне айналған «Қазақ» газетінде жарияланған әңгімелерінің сатиралық сипаиы басым, қоғамдағы жағымсыз құлық ,,сана иелерінің іс – әрекеттерін күлкімен, ащы мысқылмен сынай отырып, қоғамды жегі құрттай сорып жатқан олардың шығу төркінін, күш алу себептерін, зардаптарын көрсетіп, арылту жолын іздейді әрі өзгелерді жемқолық, пайдакүнемдік, мансапқорлық, шала білгіштік сияқты жазылуы қиын дерттерден сақтандырады. Міржақыптың сатиралық юморлық шығармаларында мысқыл мен күлкіні қатар жұмсайтын сыншылдығының мәні сол қоғамдағы келеңсіз құбылыстарға наразылық, қарсылық білдіріп, ымырасыз күрес ашуында жатыр. Күлкі мен мысқыл – ертеден – ақ халықтың сыншылдығын, наразылығын білдіретін күрестің құдіретті қаруы. Мысқыл мен күлкінің әңгімелерде мансап пен билік және байлық иелеріне қарсы бағытталғанын сол қоғам заңдылықтарын енгізін әрі сақтап отыратын жоғарғы топқа, солардың әрекеттеріне, олардан туатын кемшіліктерге жаны төзбеушіліктен, сын тезіне салып, тізеуге тырысушылықтан, бедел мен байлықтың адамдыққа өлшем еместігін айтып, солардан сақтандыруға ұмтылушылықтан деп білеміз. Мысқыл мен күлкі мұнда мансапқорлар мен елді жаушілерді тізеге салушы, халық алдында айыптаушы, үкім шығарушы дәрежесіне қөтерілген. Әр әңгіме лайықты сюжеттер тапқырлықпен таңдалып алынып, автордың ойын, көзқарасын жеткізінде жетекші орынға ие болып тұр. Міржақып «Читаю писаю» әңгімесінде елдегі болыстық сайлауға талас сипатын сатиралық түрде береді, елге қалай билік жүргізуді кісі емес, «читаю» , «писаю» сияқты екі ауыз орыс сөзін зорға үйренген жаңа байыған Жарылғас ептілігінің арқасында болыстыққа өтеді. Елдегі ұсақ әкімшілік жұмыстарының тілі болу дәрежесінен де айырыла бастаған қазақ тілінің мүшкіл жайы да оқырман назарынан тыс қалмайды. Дала өлкесіндегі қағаз арқылы жүргізілетін істердің бәрі, тіпті, болыстың кеңсесіндегі іс- қағаздары орыс тілінде жүргізілетіні туралы, ал болыстың өзі шала сауатты іс жүргізуші хатшының айтқанына жүретіні жайлы Ә. Бөкейхан да өз еңбектерінде ескертіп отырған. Ғасыр басындағы қазақ тілінің осындай дәрежесінен қазіргі күйіне жетуі үшін қаншама өзгерістер қажет болды…

Орысша оңдырып тіл білмейтін Жарылғастың болыстық билігі тілмашының қолында болады. Тілмашы жалған бұйрықтар жазып, байғұс істі болады, орнынан түсіп, сотқа тартылу қаупі төнеді. Сонда дүмбілез болыс істі болады, орнынан түсіп, сотқа тартылу қаупі төнеді. Сонда дүмбілез болысқа әкесінің айтқаны: «Тілімді алсаң, балам, шитай- шитаеден де без. Болыстықтан без! Қалған малыңнан тағы айырылсаң да, қара басыңды қорғап қал! Бұрынғылар айтқан, балам: «Басқа келген пәліден бастан құлақ садаға…» жазушы үкімі әке аузымен айтылып, қолдан келмес іске ұмтылған, не өзіне, не елге пайда тигізбей, мазаққа айналып, азапқа қалға Жарылғастың мансапқорлық іс – әрекетін әшкерлей отырып, оқырманды осындай жағымсыз қылықтардан сақтандырады. Сынай отырып жөнге салмақ болады, күлге отырып жөнге салмақ болмақ болады, күле отырып тәрбиелейді. Автодың тапқырлығына осы сөздерді әке аузына салуы да жетеді. Міржақыптың «Қуанышты күн» атты әңгімесінің не жайында екендігінен эпиграф етіп алынған хабар береді. Қоғамдық құрылыста орын алып отырған жолсыздықтарды кейіпкерлердің сөзі, іс – әрекеттері арқылы білдірген бұл әңгімелер сатиралық сипаты басым, қалайда болсын халықтан бар ниеті пайда түсіруге ауған, бірді жеп, бірінен жеңілген, бірде үстем түссе бірде «бағынан» айырыла жаздаған шен иелерінің психологиясын ашып, жағымсыз қылықтарын сыныған әңгіменің мақсаты — парақорлықты әшкерлеу әрі халықты мұндай қылықтарды болдырмаудың жолдарын іздестіруге ұмтылдыру болып, табылады. Бүкіл қоғам құрылысы өзі әлсіздерді күштілердің жем етуіне негізделіп отырғанда, мұндай ұнамсыз қылықтардың өршімесе, өшпейтіні мәлім. Сондықтан жазушы асқынған дерттің бетін қайтарар емін жұртшылыққа ашық түрде ұсына алмаса да, олардың арамза қуанышын әскерлеп, бет перделерін көпшілікке ашып көрсетеді, Жармұхамедтің өз сырын білдіретін сөздері әйгілі Абай сомдаған болыс — билердің бейнесін еске түсірді. Осындай азған оқығандары бар елдің ертеңі қандай, соларға тобымен келіп, топырлап тұзаққа түсіп жатқан заңбілмейтін қазақтардың үміті неде екендігіне ой салады. Міржақып әңгімелерін көркемдік – идеялық талдаудан өткізеді әрі оның «Жәкеңе қиын болды» («Еңбекші қазақ», 1925, №290) атты әңгіме жанрының барлық ерекшеліктерін, сақтай жазылған шартты түрде екі бөлімнен тұратын туындысын қазақ әңгіме жанрының алтын қорына қосылған үздік әңгімелердің бірі. Бұл әңгімеде бір қиялға еліккен адамның, тіпті, сол қиял артына салынып, әпенделік қылық көрсетіп, сиықсыз жағдайларға тап болғандығы шебер суреттелген. Сондықтан осы әңгімесі арқылы Міржақып қазақ прозасындағы жаңа адамның — жартылай қиял дүниесіне еліккен, мақтап сүйгіш, ел көзіне түсіп, аузындағы өзі болып жүруге құмартатын атқамінер тобының әпенделу бір өкілін әдебиетке алып келді десек те болады. Кейіпкер өз сөзі арқылы өзінің бар ойын, арман – қиялын, ішкі жан аңсарын, мінез – құлық ерекшеліктерін көрсетеді. Оның ауылнай күшін елге әңгімелеген кезінде пәлен жылы пәленмен түскен жылы деп, жыл атауларын өзінің билік үшін таласқа түскен қарсыласының атымен атауы әрі өзінің ашуы қатты үйез келерде знагін жоғалтып, қатты сасқаны, ақ әскеріне лау тауып беруде көмектескені үшін сыйға алған қылышты үйінде кеңес үкіметі күшейген тұста да тәбәріктей көріп қастерлеп ұстауы, одан туған оқиға — екі айдай абақтыға жабылуы, Хасен, Қасқырбай сияқты дәрежесіне бұрын қолы жетпеген азулы болыстардың атына өз есімен үшінші қылып тіркемелеуі — осының бәрі де Жарқынбай мінез- құлығын аша түсетін сәтті штрихтар. Ал, оның Хасен Қасқырбайларды сайлау кезінде бұрынғыдай ел арасына жік түсірмеуі үшін қалаға апарып жабатыны туралы өсек шығып, олар шынымен жабылғанын кейінгі сезім шарпылысы, өзіне жоқ қиыншықты тілеп, күйзелуі кісі күлерлік ерсі қылық екенімен қатар кісі жиренерлік бейшаралық та болып табылады. Әрі аяу, әрі жиіркену сезімін тудыратын кейіпкерлер көркем әдебиетте сирек болса да ұшырасады. Мақтан дертімен ауыратын кісінің осындай мінез ерекшеліктерін көрсете келіп, автор әңгіменің бірінші бөлімін «Жәкеңе қиын болды» деген мүсіркеу сөзімен аяқтайды. Мұндағы есіркеушілік ауыспалы мәнде, өз басына өзі жау болып жүрген мақтан құлының жөйсіз күйзелісін тәлкек еткендей. Жарқынбай бейнесін кісілігі мол кемел ой иелеріне, жан құмары мен тән құмарын тең ұстаған адамдар бейнесіне қарсы алынған пенде деп білу керек. Үлкен мақсат өнегелі тіршілікте онда жоқ. Оның бойынан биік адамдық мұраттарды іздесеңіз де күмәнді. Қанша дегенмен бұрын елді алдап, қорқытып үйреніп қалған ол Айнакөз деген жесір әйелді әмеңгерлік жолымен өзіне алдап та, арбап та, күш көрсетіп те некелеп алады. Мұнда оның қара басының қамы үшін тек қиялдай бермей өзіне пайда әкелер әрекеттерге белсеніп, кірісіп, жеңіп шығатыны да айқындалған. Жарқынбайдың әмеңгер болуында туысының балаларын қаңғыртпай, әке орнына әке болайын деген сезімнен өзге ойы басым шыққан сияқты. Әңгіме соңында әмеңгер болып, төсек жаңғыртқан заман өзгерісіне икемделе алмай, өзін өзі құрдымға құлатқан Жарқынбай үш жыл абақтыға кесіледі. Ұзақ армандатқан «бақ» — атының ел аузына ілінуі оны абақтыда сүйемесі анық. Сондықтан, автормен бірге оқырман «Жәкеңе қиын болды» демеске шарасы жоқ. Жарқынбай бойындағы мақтанның құлы болу сияқты мінез ерекшелігінің аздаған ұшқындарын Ж. Аймауытовпен «Ақбілегіндегі» «Саулы бозінгеннен»- Мұсабайдың қатынынан, С.Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы Шоқай болыстан көруге болады. Қазіргі кезде де Жарқынбайлардың өздері болмаса да сарқыншақтары жоқ емес. Адам бойындағы кемшін мінездердің бірі – мақтаншақ, көзге түсуге тырысушылық, даңғойлық. «Аһ, шіркін, Жәкең!» дегізбектіңтің жеткізер жері жұмақ еместігін М. Дулатов бұл әңгімесінде өте шебер жеткізген.

Ақынның революциядан 8 — жыл бұрын шыққан алғашқы жинағының жалпы идеясы мен онда топталған өлеңдерінің негізгі мазмұны «Оян қазақ» деген атынан — ақ көрініп тұр. Автордың алдына қойған мақсаты мен айтайын деген ойы төрт жолдық беташарға түгел сыйғызылға:

Көзіңді аш оян қазақ көтер басты
Өткізбей қараңғыда бекер жасты,
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым енді жату жарамас-ты!
Патшаның отарлау саясаты, халықтың өнер — білімнен мақұрым қалуы, тұрмыс күйінің күйзелісі, тағы- тағы неше түрлі қасірет атаулы осы төрт жолға толық сыйызылған.

Жинақтың қара сөзбен жазылған шағын кіріспесінен кейінгі «Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халы» деген өлеңінде халықтың басындағы ауыр жағдайды айта келіп, оның тағдырын ойлап толғану, анық еңбек, елдің мүддесіне қызмет ету – әр бір саналы азаматтың ең бірінші борышы екенін ақын былай деп түйіндейді:

Адасып қараңғыда сорлы қазақ,
Ай тумай, күні һәм шықпай, тұр таң атпай?
Сөндірмей жанған өртті көрген адал
Қалайша тұру мүмкін жанға батпай?!
Содан кейінгі «Қазақ халқының бұрынғы мағшиаты», «Қазақ жерлер» сияқты өлеңдерінде ақын халқымыздың әрегіректе өз бетімен емін — еркін көшіп – қонып жүрген заманын еске алады, оның елдік салтын, жақсы дәстүрлерін жырға қосады.

«Өнермен хасіл болған нәрселер» деген өлеңінде ол прогресс, цивилизация жолымен ілгеріленіп кеткен елдердің мәнді де сәнді өмірді қызықтыра еліктіре баяндап, соған соған жетуге шақырады. «Өнерін халық пайдасына жұмсап жүрген оқырмандарымызға», «Жігіттер» тәрізді шығармаларындағы ағартушылық идеяларын М. Дулатов «Шәкірттерге», «Мешіт медресе хақында», «Тәртіпті медресе жоқ бұл қазақта», «Қазақ халқына діни бір уағыз» деген өлеңдерінде өзіндік бір жаңаша педагогикалық принциппен ұштастырады. Медреселер мен ауыл мектептерінде діни оқумен бірге ғылыми пәндері, орыс тілін қатар оқытатын тәртіп енгізілсін деген пікірді ұсынады.

«Сайлау жақында», «Жесір даулары жақында аты өлеңдерде патшаның отарлау саясаты шенелді, әйел теңдігінің ұраны тағы да көтерілді. Үлкен проза саласындағы туға әдебиетіміздің тырнақалдысы «Бақытсыз Жамалды» автордың роман деп атауы әбден орынды. Бұл тарам желілері бар, оқиғалы сюжетіне құрылған, жанр талаптарына әбден сай келген күрделі шығарма. Негізгі идеяси – әйел теңді; қазақ болмысындағы қалалық мал, әмеңерлік сияқты кеселдерге үзілді – кеселді қарсы бағыттаған. Онда малға сатылып, зорлықпен теңсіз некеге көндірілген Жамал атты жас қыздың сүйген жігітіне қосыла алмай зар шегіп, көп азап көріп, ақырында жаусыз қаскөйлер зауалынан қайғылы қазаға ұшырау тарихы баяндалады. Бұл шығарма қазақ әдебиетіне осы тақырыпта өзінен кейін пайда болған «Қалың мал», «Шұғаның белгісі», «Қамар сұлу» сияқты бірталай сүйікті шығармаларға ізашар болып, жол салғандығымен бағалы екенін айрықша атап өткен жөн.

«Азамат» атты екінші өлең жинағы көлем жағынан шағындау болғаны мен, автордың ақындық өнерге бұрынғыдан төселе түскенін аңғарады. «Оян қазақ» тағы ашық күшті нақап — насихат, тәптіштеп ұғындыру сарыны енді саршыл сезімге, терең ойға қарай көбірек ойысып, шынайы поэзиялық өрісіне қарай бет алғалы байқалады.

«Таза бұлақ», «Шағым», «Мұң арманым», «Сырым», «Қажаған көңіл», «Қиял», «Таң» сияқты өлеңдері тақырыбының өзі – ақ нәзік лирикаға сұранып тұрған әркімге де аян болса керек. Осы тақырыптың көркемдік шешімі де көңілге қанымды автордың ақындық мәдениеті әжептеуір жоғарылай түскен.

Бірақ ақын өзінің өмірлік мұратына әрдәйім адал. Қай өлеңде де ол жай ғана жеке бастың мүддесін күйттеп сезім жетегіне ілесіп кете бермейді. Азаматтық ар үні, әлеуметтік әуен басым түсіп жатады. Соған мысал ретінде «Мұң» деген өлеңді алайық. Алғаш қарағанда жеке бастың жабырқаңқы кезі суреттелер деп ойларсың. Ал шындығында өрісі әріге мегзейді.

Сенімсіз басым, падасыз жасым арманда,
Жетермісің тілегіңе жалғанда?
Қан тамшылап тұрса да, көзден жас ағып,
«Сенікі жөн» деп құлаққа ілген жан бар ма?!
Елең етер намысқа, қызып жігіт аз,
Бұл не ғажап жұрт керең болып қалған ба?
Мен не болсам — болайын, саған садақа
Сүйікті жұртым қақпанға түсіп алдан ба!
Жоқ тіпті де жеке бастың мұңы емес!
Қайта, керісінше ел мұңын халық мүддесін өз басының жеке қасіретіндей жүрекке тым жақын қабылдағандықтан, қатты қиналған азамат жанының халық қамқорындай күрескер адамның қиналған азамат жанының халық қамқорындай күрескер адамның қиналған тәрбиесі естіледі.

Қорыта келсек, Міржақып Дулатұлы халқының келешегі үшін, ұрпақ тәрбиесінің болашағы үшін жан аямай күрескен ақын, жазушы, педагог және публицист. Міржақып Дулатов талантының нағыз шырқару сәті езілген қазақ халқының тарих сахнасына щыққан ревалюциялық күрестер мен шайқастар дәуіріне дәлме – дәл келді. Болашаққа деген нық сеніммен жігерленген оның твочествосы қазақ халқының бостандығы мен теңдігі жолындағы күресі мен тығыз байланысты, ол халықты оянуға, білімге, оқу ағарту, күреске үндеді. Дулатұлының тағдыры – патша үкіметінің қуғын — сүргіні мен сталиндік репрессияның зардабынан тар жолтайғақ кешуді басынан өткізіп, қатары сирек тартса да әділет пен жолында халқының мұң — мұқтажын жоқтаған қазақ зиялыларына тән тағдыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *