Мемлекеттік ұйымдағы менеджмент

Мемлекеттік ұйымдардағы менеджменттің бизнес-менеджменттен біршама айырмашылығы бар. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дж.Форд іскерлік аясындағы өкілдердің мемлекеттік қызметтегі қиындықтардың себептерін былай түсіндереді: «Көптеген кәсіпкерлер үкіметтегі министрдің қызметіне келген соң көңілдері толмай қалады. Шаруашылық әрекетте олар биліктің көп бөлігіне үйреніп қалады да, ал жұмыс істеуге басқа жағдайда тура келеді. Олар үкіметте қатаң талаптар мен тәртіптерді сақтаулары керек. Бірақ, бұған үйрену қиын.» Расында да, жеке мекеменің жетекшісі жоғарғы үкіметтегі қызметке тағайындалған соң, үкімет пен елдің саяси өміріне үлкен өзгерістер енгізуге тырысады. Алайда, қызметтен кетерде көңілдері толмай кетеді. Сондай себептердің бірімемлекеттік қызметтегі міндетті бюрократизм. Соған бола, кәсіпкерлік саламен салыстырғанда, кез келген өзгеріс баяу өрбиді. Өйткені, мемлекеттік қызмет жүйесіне сәйкес, жоғарғы қызметтегі тұлға бюрократиялық билікке ие, сондықтан мұнда бастаманы әрқашан жоғарыдан күтеді.

Сонымен қатар, мұнда шешім қабылдауға қатысатын әкімшілік бірліктің көптігін есепке алу керек. Тиімді емес шешімдер, яғни шабуылдаушы пікір де басым мәнге ие. Үкіметтік қаулылардың жобаларын талқылау барысында көптеген шиеліністік жағдайлар туындауы мүмкін. Сол қиындықтарды менеджердің жеңуі тиіс. Ақыры, менеджер қатысушының әрқайсысы пайдалы компромисс іздейтін әкімшілік ойынға кірігіп кетеді. Соңында жеңгендер де, жеңілгендер де болмай, менеджменттің нақты міндеттері екінші орынға ығыстырылады.

Мемлекеттік ұйымдардағы менеджментті жүзеге асыру үшін көптеген саяси шектеулер де болады. Мемлекеттк органның кез келген шешімі мүндетті түрде саясаткерлердің мүдделерімен тоғысып отырады, сондықтан әр түрлі саяси лоббилардың өкілдері мемлекеттік менеджментке әсер етуге тырысады. Сиракуз университетінің (АҚШ) профессоры Джеффри Страуссмен менеджменттің саяси орта шектеулеріне бейімделуге қарай стратегиялық мемлекеттік менеджментті жасаудың 3 кезеңін көрсетеді: Жағдайды бағалау. Саяси билік- көп аспектілі феномен. Ол конституция, парламент, атқарушы билік, құқықтық жүйе, орталық және жергілікті әкімшілік арасындағы қарымқатынастан тұратын мемлекеттік басқарудың «ресми» бөлігін қамтиди. Саяси билікке азамат пен мемлекет арасындағы формальды және формальды емес байланыстар жатады.

Осы айтылған саяси биліктің параметрлері динамизммен ерекшеленеді. Үкімет ауысып, жаңа заңдар қабылданды, ал мемлекеттік саясат көп жағдайда қайта қарастырылады. Билік институттары шенеуніктің қызметіне шектеу қоятын ортаны қалыптастырады. Осы шектеулер кәсіпкерліктегі сәтті тәжірибе саясатқа еш қиындықсыз көшірілуі мүмкін деп есептейтін мемлекеттік қызметке тағайындалған компания жетекшңлерінің көңілін қалдырады.

Бүгінгі демократиялық мемлекеттегі биліктің легитимділігін халықтың қолдауымен қамтамасыз етіледі. Оны жүзеге асырушы құрал-билік органдарындағы өкілдік. Бірақ, егер парламент секілді өкілдік институт демоукратияның «бірінші принципін» іске асырса, бұл министрліктегі менеджер үшін шұғыл басшылық бола алмайды. Ол парламент қабылдаған заңдарға сәйкес саяси бастаманы ңске асыру керек.

Дж. Страуссмен мысал ретінде түрме бастығының жағдайын келтіреді: Түрменің қылмыскерлерге толуына қарамастан, қылмыстың өсуінен оған түсушілердің саны артуда. Сонда бастықтың не істеуі керек? Ол не жаңа қылмыскерлерді қабылдай алмайды, не түрмені кеңейте алмайды, не жазаланушыларды мерзімінен бұрын босата алмайды. Бір ғана шешім- қылмыскерлерді қабылдауды жалғастыра беру. Осыцдан өз жұмысына деген көңіл толмаушылық көрініс табады. Бірақ тиімді мемлекеттік менеджер осы мысалдан-ақ саяси биліктің басқа да институттармен бөлінгенін аңғаруы керек. Түрме бастығы оның шешіміне әсер ететін бірқатар шектеулерді назарға алуы керек- түрме қызметкерлерінің кәсіби одағы, қылмыскерлердің құқықтарын қорғаушы топтар, БАҚ.

Саяси билік шектеулерін теңестіру. Тиімді мемлекеттік менеджер саяси билік шектеулерімен тіл табысып, тәртіптің озіндік стратегиясын жасау керек. Сондай шектеулердің мысалы- сайлау циклі түріндегі уақыт. Уақыт факторы үкіметтің қаржылық циклінде бар. Мемлекеттік бюджетті қабылдау мемлекеттік менеджерлердің жұмысына қиындық туғызады. Тиімді менеджер қаржы ресурстарынсыз кез келген жоспар сәтсіз аяқталуы мүмкін екендігін сезінуі керек.

Адамдар да мемлекеттік қызмет жүйесінде саяси билікті жүзеге асырудың тежеуші факторы болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарына келген шаруашылық жетекшілер ескірген, тиімсіз және иррационалды тәртіптерге таңқалады. Бірақ, мемлекеттік қызмет жүйесіне жаңадан келген қызметкер қаншалыұты сынаса да, карьера жасағысы келген адамға қайтсе де сол қызметте жұмыс істеуңне тура келеді.

Саяси ойындағы менеджердің рөлін айқындау. Жағдайды дұрыс сараптайтын мемлекеттік менеджерлер олардың шешімдерін саяси биліктің жүйелейтінін түсінеді. Осындай құрылым үшін «ойын» ұғымы қолданылады, ал әр ойынның өзінің тәртібі болады. Үлкен ойынның тәртібі бойынша, сәтсіздік жағдайында саясаткерлер мен үкімет қызметтен кетулеріне тура келеді.

Қарапайым мемлекеттік менеджер үлкен ойын деңгейінде шешім қабылдауға қатыспай, тек сарапшы ретінде бағалайды. Кейбір саяси бағдары бар менеджерлер саясаткерлерге медициналық көмек көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламары секілді бастамаларда әсер ете алады. Саясат деңгейінде қабылданған шешімдерді енгізуді ұйымдастыру менеджерлерге жүктеледі. Мынадай мысал келтіруге болады. АҚШ-та физиологиялық кемшіліктері бар адамдар бірқатар құқықтарға ие. Осыны іске асыратын федералды агенттік кейбір жергілікті билік органдарына егер олар мүгедектерге қоғамдық көлікті қолдануға мүмкіндік бермесе, онда федералды фондтан қаржыландырылмайтындықтарын ескерткен болатын. Жергілікті үкіметтің қаржы ведомствосының қызметкері мемлекеттік менеджерге автобустағы мүгедектердің арбалары үшін көтергіштердің қымбат тұратындығын айтса, келесісі мұндай көтергіштер төтенше жағдайларға байланысты заңдылық жауапкершілікті күшейтетінін айтады. Мүгедектердің құқықтарын қорғаушы топтар жергілікті үкіметке қысым көрсетеді. Бұл жағдайда көптеген саяси күштер қатысады, ал оны шұғыл жүзеге асыру – жергілікті үкіметтің менеджерлерінің мойнында.

Шұғыл шешімдер саяси ойынның орта деңгейінде қабылданады. Егер әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі менеджер өзінің ведомствосының қызмет көрсетуге жарамайтынын көрсе, мысалы, жұмыссыздарды еңбекпен қамту туралы консультация, ауруларды үйде күтумен қамтамасыз ету, балаларды қабылдау жұмыстары, онда ол жеке компаниялар немесе жергілікті үкіметтің басқа да мекемелеріне жүгіне алады.

Саяси шектеулер шешімді таңдауға қалай әсер етеді? Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік ведомстволардың сыртқы қызметке жүгінулеріне қарсы болады, өйткені бұл оларды жұмыстарынан айыруы мүмкін. Сервисті компаниялар тапсырысты алу мақсатында жергілікті билікке қысым көрсетеді. Бұл шектеулер менеджердің шешім қабылдауына көмектеспейді, тек оны жүйелейді. Негізінен мемлекеттік басқару органдарының жұмысы ұйымдастырушылық және саяси өмірді қамтитын төменгі деңгейде жүзеге асырылады.

Жоғарғы және орта деңгейдегі ешқандай саяси ойын төмендегі деңгейсіз іске асырылмайды. Бұл жағдай мынадай туындайтын сұрақтармен нақтыланады: шешімнің мүмкін болатын нұсқасын жүзеге асырудың құралдары бар ма; міндетті жүзеге асыруда ұжымның квалификациясы жеткілікті ме; ұсынылып отырған альтернатива заңға қайшы келмей ме және т.б. Төменгі деңгейдегі ойынның ерекшеліктері қажет болғанмен, мемлекеттік стратегиялық менеджменттің қажетті дәрежедегі тиімді компоненті емес.

Сонымен, Батыста стратегиялық мемлекеттік менеджмент 3 міндетті шешу керек: бірнеше жылға мақсаттарды айқындау, оларға жету жолдарын іздеу және соған сәйкес ұйымдастырушылық ресурстарды іздестіру. Басқаша айтсақ, мемлекеттік менеджменттің мақсаты – мемлекеттік әкімшіліктегі әдістер мен ресурстардың сәйкестігін табу, сонымен қатар, мүмкіндіктер мен тәуекелділіктерді де іздестіру. Сарапшылардың ойынша, стратегиялық менеджмент: мақсаттарды нақты анықтау керек; мемлекеттік басқару ұйымдарының негізгі проблемаларын қамту керек; жоспарлау мен ағымдағы шешім қабылдаудың шеңберін құру керек; мемлекеттік әкімшілікке ішкі бірегейлікті қамтамасыз ету; белсенді жұмыс үшін жоғарғы жетекшілікті мемлекеттік құрылымға жұмылдыруға міндеттеу керек; Стратегиялық мақсаттар – ұзақ уақыт аралығындағы (5- 10 жыл) мемлекеттік менеджменттің жетуге тырысатын нәтижелері. Сарапшылардың ойынша, мақсаттардың нормативті көлемі 4-6 аралығында ауытқуы мүмкін. Мақсаттар жалпы сипатқа ие. Олар басқарудың көмекші құралы. Мысалы, көптеген мемлекеттік ұйымдардың стратегиялық мақсаты – халық топтарының жоғарғы дәрежедегі көлеміне жету. Менеджмент бойынша фин мамандарының кітабында бұл мақсат былай нақтыланады: «Соңғы үш жылда қамту пайызы 60-70- ке көтеру жоспарланып отыр». Бұл санды жылдарға бөліп қарастыру болады (4.1-кестелеріндей). Нәтижеге жету үшін жаңа формаларды дамытып, жұмыстың сапасының жақсаруымен үнемі жұмыс істеу керек, ақпараттық қызметтің тиімділігін көтеріп, жаңа мүшелерді қабылдау жөнін компаниялар жүргізу. Мақсатқа жету үнемі бақылауда болып, жұмыстың нәтижелері жылына бір рет қорытындылануы қажет.

Мақсаттың өлшеулігі тұрғысынан келесі сұрақтарға ойлану керек: не өлшенеді (ақша, материал, адам)? Қалай өлшенеді (капиталды басқару, материалды қолдану, адам мен машина жұмыстары)? өлшеу тәсілдері қандай (фундаментальді, тенденцияларды өлшеу)? өлшеу функциялары қандай (орынды нақтылық)? өлшеудің тежеуіштері қандай (уақыт, еңбек, ақша)? әдістемелік базасы қандай (әдебиеттер)? көрсеткіштерді таңдаудың соңғы шарттары қандай (тежеуіш, уақыт, қолжетімділік, потенциалды бағасы, құзіреттілік)? Демек, мемлекеттік стратегиялық менеджменттің мақсаты мен бағдары тұрақты емес, олар үнемі қарастырылып отырады.

Авторлық сілтеме:
Дюсембекова М.К. Мемлекеттік-әкімшілік басқару жүйесі «Саясаттану» мамандығы студенттері үшін оқу-әдістемелік құрал/ Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2013, — 176 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *