Мемлекеттік тіл университет кітапханасынан түлейді

Мемлекеттік тіл мәселесі — өте маңызды, мемлекеттік мэні бар мәселе. Әрбір жеке адам, эрбір үжым, эрбір үжымның басшысы осы іске тікелей ықпал жасап, оның шешілу жолдарын жан-жақты қарастырып, ізденсе көп нәрсенің шешуін табыға болар еді. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын одан эрі кеңейту жэне мәртебесін көтеру мэселесін барлық жерде кеңінен қолға алып, тікелей үйымдастыру ісшараларын жүргізу қажеттігін түракты күн тэртібіне қою керек. Өйткені мемлекеттік тіл қоғам өмірінде оның қолдану аясын одан эрі кеңейту, мемлекеттік тіл деңгейіне көтеру қажет. Биылғы Жолдауда да Президент мемлекеттік тілдің топтастырушылық жэне біріктірушілік әлеуетін пайдалануға ерекше назар аударды. Мемлекеттік тіл мэселесін нақты шешуді тапсырды. «…Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек түрғындардың үлесі басым көпшілікті қүрайды. Бүл — Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі. Біздің міндетіміз — 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды қүрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін біз бэрін де жасап жатьфмыз», — деді Елбасы Жолдауында.

Елбасымыз атап көрсеткендей, «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде». Олай болса, еңсесі биік елдер қатарына қосылуды мүрат түтқан біздер үшін Ананың тілі — жүректің үні, үлттың рухы, абыройы, болмысбітімі. Туған тіліміздің өсіп-өніп, өркендей беруі, тамырын терең жайып, мэңгі қүламайтын бәйтерекке айналуы, шын мәнінде, өз түғырына көтеріліп, қоғамымыздан лайықты орнын алуы үшін күресуден асқан міндет жоқ. Сондықтанда мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі болып табылатын- мемлекеттік тілді қолдану мен қамқорлыққа алу жүмыстары уақыт талабына сай жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар қазіргі танда қызметтің қай саласы болмасын мемлекеттік тілді кеңінен енгізуге үлгі қағаздарының ықпалы зор. Ісқағаздарын тек үлгі үшін ғана емес, күнделікті жүмыс барысында үтымды эрі кеңінен қолданылу қажет.

М.Өтемісов атындағы батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Ғылыми кітапханасында қазақ тілінде іс жүргізу 1998 жылдардан бастау алады. Кіріс қүжаттарына қазақ тілінде жауап беріледі, баспалармен қоянқолтық байланыс қазақ тілінде орнап, жүмыстың жоспары мен есебі қазақ жэне орыс тілінде жазылады. Жас үрпақтың тілі ана тілінде шығып, өз тілінде білім алуына қазір толық мүмкіндік бар. Тіл саясаты Елбасының үдайы назарында түрған ең басты мәселе екені анық. Елімізде білім мен тәрбие беру деңгейі айтарлықтай жоғары қазақ мектептерінің саны, университеттерде қазақ топтарының саны артып келеді. Қазіргі заман талабына сай білімгерлердің сапалы білім алуына үлкен жағдай жасайтын, университеттен алатын мамандықтарына сәйкес дүрыс үйымдастырылған кітап қорының маңызы зор. Оқу жүйесіне сәйкес келетін оқулықтар қорын уақытылы жэне тез толтырып түру кітапхана қызметінің ең маңызды бөлігі. Сондықтан ғылыми кітапханада кітап қорының осы жағдайларды негізге ала отырып сапалы жэне қазақ тілінде толықтырылуына аса зор көңіл бөлінуде. Қажет оқулықтарды алу үшін, кафедра оқытушыларымен бірге прайс-парақтарынан оқу пәндеріне сай, оқырманның сүранымын ескере отырып оқулықтарға тапсырыс беріледі. Прайс-парақтары беттерінде қазақ тіліндегі басылымдар 30-35% -ды қүрайды, оның ішінде ғылыми, оқу әдебиеттер саны көбейіп келеді.

Дей тұрғанмен, 2007-2008 оқу жылында 15 841 кітап алынса, оның 8575-і, 2008-2009 оқу жылында 9363 дана оқулық алынса, оның 2771 данасы төл тіліміздегі оқулықтар. 2010 жылы қазақ тілінде 1545 дана кітап алынды, атап өтер болсақ Бауыржан Момышұлының көптомдық шығармалар жинағының 30 томы, «Қазақ халқының философиялық мұрасы» 20 томдығы, «Психология: адамзат ақыл-ойының қазынасы» 10 томдығы, «Сөздік-Словарь» баспасынан жарық көрген түрлі саладағы сөздіктерді атап өтуге болады. 2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мүра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойғаннан бері қазақстандық ақпараттық кеңістіктегі басты тақырыптардың бірі осы — мәдени мұраға қайта оралу, оны бұқараға жеткізу мен әлемге таныту саналды Бағдарлама жүзеге асырылған 2004 жылдан бері біздің университетімізде мемлекеттік тілде гуманитарлық білімге арналған толыққанды кітап қоры жинақталуда. Бүл әлемдік мәдениеттің, ғылымның, философияның, әдебиеттің, бүкіл рухани дүниенің ең үздік үлгілерінің тұңғыш рет қазақ тілінде сөйлеуі. «Мәдени мүра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптардың университет кітапханасына көптеп келуімен байланысты жоғары оқу орны кітапханасында тәрбиелік мэні бар жұмыстар жаңғыра түсті. «Арыс», Өнер», «Атамүра», «Фолиант», «Жазушы», «Қазақстан» жэне т.б. баспаханалардан «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптар біздің кітапханаға 2007 жылы — 4451 дана, оның ішінде қазақ тілінде 3740 дана, 2008 жылы — қазақ тіліндегі 1130 дана кітап сыйға тартылды.

Олар: «Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті Нүрсүлтан Назарбаев», «Қазақстан табиғаты», «Қазақстан» атты энциклопедиялық анықтамалықтар, көптомдық «Қазақстан тарихы эникалық зерттеулерде», «Қазақ үлтазаттық қозғалысына қатысты қүжатар мен материалдар жинағы 18-20 ғасырдағы», «Мүсылман өміріндегі міндеттер мен ұстанымдар — мінез-қүлық үлгілері», 100 томдық қазақ халық ауыз әдебиетінің шығармалар жинағы «Бабалар сөзі», «Қазақстан»:¥лттық энциклопедия анықтамалығы «Қазақстан тарихы моңғол, түрік, парсы, орыс деректемелерінде» сериялы кітаптар томдары жэне т.б. қазақ тілінде келіп түскен басылымдар оқьфман қауымын қуантуда. Биыл 2011 жылдың өзінде 2024 дана қазақ тілінде оқулық алынды. Оның іпгінде А.Байтүрсыновтың 5 томдық шығармалар жинағы жэне т.б. қазақ тіліндегі қүнды еңбектер. Бүгінде ҚР Білім жэне ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов қазақ тіліндегі оқулық мәселесін мықтап қолға алды. Бірінші рет бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, мемлекеттік тілдегі оқулықтар санын үлғайтуды алға шығарды.

ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің қолдауымен республикамыздың Жоғары оқу орындарындағы (ЖОО) қазақ тіліндегі оқулықтардың санын артгыру, сапасын жақсарту мәселесі қолға алынды. Бұл істе бастамашы Жоғары оқу орындары қауымдастығы болып табылады. Қауымдастықтан осы жылдың ішінде 430 данадай қазақ тіліндегі оқу құралдары Ғылыми кітапхана қорына келіп түсті. Жыл сайын 440 аса атаулы газет-журналдар келіп түседі, оның ішінде ЖОО мамандықтарына сәйкес қоғамдық-саяси, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, экономика, заң ғылымдары т.б. ғылым саласын қүрайтын 200 ге жуық атауы қазақ тілінде. Қазақ тілінде жыл сайын баспасөз басылымдар саны көбейіп келеді. Университетте халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциялар қатары өткізіледі, барлық іс-шараларға кітапхана тақырыптық кеңейтілген көрмелер ұйымдастырады. Жылына 70 тен аса ақпаратгық көрмелер жасалып, олардың барлығы дерлік қазақ тілінде үйымдастырылады.

«Мәдени мүра» бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптарды насихатгау үшін үйымдастарылған кітап көрмелері, «Мемлекеттік тіл — ұлт тірегі», «Ец цымбатты цазына — тіл» «Тіл — халықтың жаны» атты 22 қьфкүйек — Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған кітап көрмелері бір төбе. «Тілім барда айтылар сөз ойдағы», «Тіл — татулық тірегі», «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» т.б. түрлі тақьфыптық кештер үйымдастырылып, қазақ тіліндегі кітаптарды насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді. Ғылыми кітапханада электронды оқу залы ашылып, жаңа техникалық құралдармен жабдықталды. Оқымандар компьютер, видеопроектор, теледидар көмегімен электронды оқулықтарды, видео фильмдерді пайдалана алады. Университет ғалымдарының электронды оқулықтары жарық коре бастады. Осы күнге дейін 149 электронды оқулық жарық көрген, оның 52 қазақ тілінде. Электронды оқу залында университет оқытушылары А.С.Ниетова, Н.К.Ахатова, А.С.Жүбанышева, Г.Ә.Еркеғалиева, Н.Е.Дүйсенғалиева, Н.А.Алмағамбетовалардың «Орыс аудиториясына арналған қазақ тілі», Жазба жэне археологиялық деректемелер бойынша жасалған қазақ тілінің тарихи-мәдени қорының мультимедиялық танымдық кешені «Түрік-бітік», А.С. Ниетова жэне т.б. «Іскери қазақ тілі», «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминдер сөздігі», т.б. электронды оқулықтары компьютерлерге орнатылып, оқытудың интерактивті эдістері арқылы практикалық сабақтар жүргізіледі.

Ұлттық жаңарту жэне халқымызды бәсекеге қабілеттілігі аясындағы мэселелер бойынша БАҚ өкілдерімен кездесуде Елбасымыз Н.Э.Назарбаев: «Мемлекеттік тіл мэселесіне байланысты мемлекет тарапынан жасалуға тиісті нэрсенің бэрін жасап жатыр, бүгінгі күні қазақ тілінің тиісті мемлекеттік мэртебесі бар. Тиісті заң бар. Ол заң іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндік береді. Ол заң кез келген жерде мемлекеттік тілде сөйлеуге, кез келген қағазды мемлекеттік тілде жазуға, қажет жерінде сол тілде жауап алуға жағдай жасайды. Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бүл тілді шындап қүрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз. Миллиондаған кітап қоры, 80 жылға тарта тарихы бар ғылыми кітапхана қазақ тілін мемлекеттік тілді билікке де, бірлікке де белсене араластырып, беделін көтеріп, өрісін кеңейтуге ат салысып келеді. Болашақта қазақ тілі тіршілігіміздің барлық саласында кеңінен қолданылатын болады деген ойдамыз. Біздің мақсатымыз оны насихаттай білуіміз керек, оқыта білуіміз керек. Ана тілін білмеу қазақ азаматы үшін ұят саналуға тиіс. Тіл- жай қатынас құралы ғана емес, тіл-билік, үлттық-рух. Ендеше эрқайсысымыз төл қазақ тілімізді, мемлекеттік тілімізді дамытуға бір кісідей атсалысайық.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *