Механикалық энергия туралы слайд

Жалпы энергия ұғымы қозғалыс, жұмыс деген сөз тіркестерімен тығыз байланысты. Ал бұл слайд осы энергияның бір бөлімі механикалық энергиямен таныстырады. Механикалық энергия дегеніміз — денелердің қозғалыстары мен өзара әрекеттесулерін сипаттайтын физикалық шаманы айтады.

Өмірде органикалық отын (таскөмір, мұнай, газ, шымтезек, ағаш, т.с.с.) энергиялары туралы мәселелер жиі көтеріледі. Жер қойнауынан өндірілетін органикалық отын қорларының (сурет 5.2) өте жылдам азаюы адамзатты қатты алаңдатып отыр. Өйткені жер бетіндегі тіршіліктің көзі — энергия. Барлық өндірілетін энергияның 80 пайызы органикалық отын есебінен алынады. Бір өкініштісі, Жер қойнауындағы қазба отындардың қоры күрт азайып барады. Төмендегі гистограммада (сурет 5.2, ә) қазба отындардың барланған қорларының қанша жылға жететіні көрсетілген. Отын таусылса, бірде-бір техника энергиясыз қозғалысқа келіп, жұмыс істей алмайды. Сондықтан ғалымдар күн, жел, су, атом энергияларын ұтымды пайдалану жолдарын үнемі іздестіріп келеді. Астанада ұйымдастырылған дүниежүзілік «Экспо-2017» көрмесі де энергияның балама көздерін тауып, тиімді пайдалану мәселелеріне арналған.

Скачать / Жүктеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *