Манометрлер туралы слайд, презентация

Бұл слайд бөлімдерінде манометрлер туралы жалпы мәлімет беріп қоймай, бірнеше мысалдармен манометрлердің құрылысы мен атқаратын қызметі туралы толық ақпарат аласыздар. Табиғат пен техникада қысымы атмосфералық қысымнан жоғары немесе төмен болатын құбыластар жиі байқалады. Көп жағдайда құбылмалы қысымды арнайы аспаптармен бақылап отыру қажет. Қысымды өлшеуге арналған арнайы аспаптарды манометрлер деп атайды. Грекше манос — сирек, тығыз емес, ал metreoөлшеймін деген мағына береді.

Бірінші слайд бойынша қарапайым манометр ішіне сұйық құйылған латынның U әрпі пішіндес шыны түтіктен (қатынас ыдыстарынан) тұрады (сурет 4.34, а). Сұйық ретінде көбіне су, спирт, май қолданылады. Түтіктің бір тармағы резеңке түтікшемен жалғасады. Егер түтіктің екі ұшы да ашық болса, онда құйылған сұйық оның екі тармағында да бір деңгейде болады (сурет 4.34, а), өйткені ыдыс тармақтарындағы сұйық бетіне тек сыртқы атмосфералық қысым ғана әсер етеді. Енді мензурканың резеңке түтікше кигізілген ұшын «груша» — «алмұрт» пішінді резеңке доппен жалғастырып қосайық (сурет 4.34, ә). Допты жайлап қысатын болсақ, манометрдің бір тармағындағы сұйықтың деңгейі төмен түседі де, екінші тармағындағы сұйықтың деңгейі жоғары көтеріле бастайды. Допты неғұрлым күштірек қыссақ, соғұрлым манометр тармақтарындағы сұйық деңгейлерінің айырымы үлкен болады. Себебі резеңке допты қысқан кезімізде оның көлемі кішірейеді де, ауаның қысымы артады. Паскаль заңы бойынша бұл қысым манометрдегі сұйыққа да беріледі. Сығылған ауаның артық қысымы манометрдің екінші тармағындағы сұйық бағанының түсіретін қысымымен теңгеріледі.

Скачать / Жүктеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *