Малды жалпы зерттеу

Жалпы зерртеуге малдың габитусын, кілегей қабықтарын, сыртқы лимфа бездерін, жүні мен терісін және дене қызуын өлшеу әдістері жатады.

Габитус туралы түсінік. Габитус дегеніміз – малдың сыртқы түрі. Габитусқа мына сыртқы белгілері жатады: кеңістікте өзін-өзі ұстау қабілеті, дене құрылымы, қоңдылығы, дене бітімі (конституция), темпераменті (сыртқы әсерлерді сезгіштік).

Малдың кеңістікте өзін-өзі ұстау қабілеті табиғи және амалсыздан немесе еріксіз болып бөлінеді. Мысалы, сау жылқы негізінен үш аяқтап тұрады, ал төртінші артқы аяғын алма-кезек алмастырып тұрады. Сау сиыр барлық уақытта төрт аяқтап тұрады, ал күйіс қайтарғанда бір жамбастап жатады. Түйе тұрғанда төрт аяқтап, ал күйіс қайтарып, демалған кезде шөгіп жатады. Ауру малда амалсыз жату немесе тұрып тұру белгілері кездеседі. Еріксіз тұрып тұру негізінен өкпе қабынғанда, жүрек қабы жарақаттанғанда, сіреспе ауруымен ауырғанда, еріксіз жатып қалу малдың аяқтары, омыртқа жұлыны зақымданып жарақаттанғанда білінеді. Еріксіз қозғалыстар малдың ми, мишық және есту мүшелері зақымданғанда болады.

Дене құрылымы сүйек пен еттің жетілу дәрежесіне қарай анықталады. Малдың дене құрылымы күшті, орташа және әлжуаз болып бөлінеді.

Малдың қоңдылығы жоғары, орта, ортадан төмен және арық болып бөлінеді. Арықтаудың ең ақырғы шегі кохексия деп аталады.

Дене бітімі төрт түрге бөлінеді: сөлекет, нәзік, тығыз және борпас немесе болбыр. Сөлекет дене бітімді мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді, ауруға көп шалдықпайды. Нәзік дене бітімді мал өнімтал, жүйрік, сүтті және етті-жүнді болады. Болбыр бітімді мал мінезі жуас, тез семіреді, зат алмасу құбылыстары баяу жүреді. Тығыз дене бітімді мал әрі өнімді, әрі төзімді болып келеді. Тәжірибеде дене бітімді мықты мал, ауруға да берік, қажырлы, өнімді және терісі мен түгі тез жетіледі.

Темперамент дегеніміз – малдың әр түрлі сыртқы әсерлерді сезгіштігінің тездігі мен реакция дәрежесі. Малда оны өткір(қызу) және флегматикалық(жасық) түрлері кездеседі.

Тері мен тері асты қабаттарын тексеру. Тері мен тері асты қабаттарын зерттеген кезде қарау пальпация, перкуссия және сыналы тесуді жасау қолданылады, терінің жұқпалы аурулары болған жағдайда микроскопия пайдаланылады.

Теріні тексеріп зерттегенде, ең алдымен терінің түгі мен түсін, ылғалдылығын, иісін, қызуын және серпімділігін анықтайды. Содане сол патологиялық өзгерістеріне көңіл аударады, яғни тері көлемінің үлкеюі (ісуі, сары су жиналуы, желденуі, қыртыстануы), бөртуі мен бүтіндігінің бұзылуы.

Тері бүтіндігінің бұзылуына тырналу, сыдырылу, жырылу, тесілу, ойылуы және тыртықтанып бітуі жатады.

Малға жақындау мен оны ұстау ережелері. Ауру малды жайлап сипап, ұрмай, соқпай, үркітпей және айқай-шусыз жақындар ұстау керек. Малға жақындау үшін әр малдың ерекщеліктерін білу қажет. Жылқыға алдыңғы жағынан таяп келіп, жүгеннің алқымынан ұстайды. Егер жылқы тыныш тұрмаса, онда жоғарға ерніне немесе құлақтың түбіне бұрау немесе қамшының бауын салып бұрайды, сондай-ақ аттың басын және алдыңғы бір аяғын жоғары көтеріп тұрады. Ірі қара малға мойынның жанына келіп екі қолмен мүйізден ұстайды , егер мал тынышсызданса, онда мұрын қуысының шеміршегін қолмен немесе мұрынға арналған қысқышпен қысады. Түйеге алдыңғы аяғының тұсынан өте сақтықпен таяп келіп ноқтадан ұстау қажет. Түйені шөгеріп, алдыңғы және артқы аяқтарын жіппен буып тасау керек. Тынышсыз түйелерге мұрындық кигізеді. Қой мен ешкілерді артқы аяғынан немесе мойнынан ұстайды. Тексеру кезінде мал иесі мойыннан немесе мүйізден ұстап тұрады. Итті тексерген кезде қандай жуас ит болсын, оған тұмылдырық кигізу қажет, егер тұмылдырық жоқ болса, онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйіндінің бір ұшын желкенің шоқтығынан байлау керек. Үй құстарын тексеру үшін бір қолмен қанатынан, ал екінші қолмен аяғынан немесе мойнынан ұстау қажет.

Малдың кілегей қабықтарын зерттеу. Жалпы зерттеуде малдың конъюктивасын (көздің дəнекер қабығы), мұрын, ауыз жəне қынап кілеоей қабықтарын қарай арқылы тексереді.

Терең жатқан кілегей қабықтарды тексеру үшін арнайы аспаптар қолданады ( риноскоп, рефлектор, ларингоскоп, қынап айнасы). Малдың кілегей қабықтарын зерттеренде түсіне, ылғалдылығына, ісуіне, іріңдеуіне назар аударылады. Сау малдың кілегей қабықтары ашық қызыл түсті, сəл сұрланған, іріңсіз жəне ісіксіз болады. Мал ауырғанда кілегей қабықтың түсі өзгереді, яғни қызарады, сарғаяды, көкшіл жəне бозғылт тартады. Жылқының кеңсірігінің кіленей қабығы – ашық қызыл, сіл көкшіл тартып тұрады. Қынаптық кілегей қабығы ашық қызыл, сəл ғана сарғыш тартып тұрады. Ірі қара малды көздің дəнекер қабығы ашық қызыл күңгірт, қынап, ауыз, мұрын кілегей қабықтары сəл сарғыш тартып тұрады.

Кілегей қабықтың ісінуі мен қоймалжың іріңнің басып қалуы көбінесе ауыз, мұрын, көз кілегей қабықтары қабынғанда білінеді.

Көзден жас, мұрыннан су, ауыздан сілекей жəне қынаптан сұйық зат ағуы оларлың кілегей қабықтары қабынғанда, ауыз жəне басқа ауруларда байқалады. Кілегей қабықтан аққан сұйық зат (экссудат) аурудың түріне, жітілігіне қарай шырышты, ұйыма жəне іріңді болып бөлінеді.

Малдың лимфа бездерін зерттеу. Патологиялық процестің дамуында лимфа бездері көбінесе өзгерістерге ұшырайды, өйткені оларғы қабыну ошағынан инфекция қоздырушылар, токсиндер лимфа ағысымен келіп түседі. Кейбір жағдайларда лимфа бездерінің өзгеруі диагноз қойған кезде аурудың ең басты белгісі болып келеді ( сақау ауруында, лейкоз, жіті жұқпалы ауруларында).

Бездерді қарап, пальпациялау кезінде олардың көлеміне (үлкендігіне), пішініне, жұмсақ-қаттылығына, қозғалғыштығына жəнее сол безді жауып тұрған терінің қызуына көңіл бөледі. Жылқының жақ асты, щап бездерін, сиырдың, қойдың, ешкінің жақ асты, жауырын алдындағы, шап жəне желін бездерін, иттің шап безін тексеруге болады. Лейкоз, туберкулез ауруларында барлық бездердің көлемі үлкейеді. Сол кезде басқа бездерді сипап табуға болады( үш жұп мойын бездері, құлақ безі, аш бүйір безі,т.б.).

Лимфа бездерінің өзшерістерне жіті жəне созылмалы бөрту жəне олардың гиперплазиясы жатады.

Термометрия. Малды жалпы зерттеу кезіндегі дене қызуын өлшеу міндетті. Малда дене қызуын тік ішектен, ал құстарда клоакадан өлшейді. Дене температурасын малдəрігерлік термометр неммесе электртермометр арқылы зерттейді (тез жəне дəл тəсіл). Өлшейтін термометр залалсыздандыратын сұйық құйылған ыдысқа салулы тұруы керек. Дене қызуын өлшер алдында термометрді сілкіп, сынап бағанасын төмен түсіреді, содан соң майлап, тік ішекке енгізіп, онда 5-10 минутқа қалдырады. Термометр жерге түсіп сынбас үшін оны щұйрықтың түбіне жіппен байлап немесе Нагорький қысқышы арқылы бекітеді. Термометр көрсеткіштері жұмыс құжатына жазылады. Əрбір мал түрінде дене қызуы көрсеткіштерінің шеткі мəліметтері бар. Дене қызуының мөлшері:

Ірі қара малда – 37,5-39,5             шошқада – 38,0-40,0

Қойда – 38,5-40,0                           итте – 37,5-39,0

Ешкі – 38,5-40,5                              мысықта – 38,0-39,5

Түйе – 35,0-38,6                              тауықта –40,5-42,0

Жылқы – 37,5-38,0                          көгершінде –41,0-44,0

Гипертеомия дегеніміз – дене қызуының шектен тыс жоғарылауы, ал шипотермияның шектен тыс төмендеуі. Гипертермия қызбаның бір белгісі болып саналады.

 

Жүйелер бойынша зерттеу

 

Жүрек-қан тамырлар жүйесін зерттеу. Жүрек-қан тамырлар жүйесін зерттеу мынадай жоспар бойынша өткізіледі: жүрек тұсын қарау жəне пальпациялау, жүрек тұсын перкуссиялау, жүректі аускультациялау, қан тамырларын зерттеу.

Жүректі зерттеу алдында малдың жалпы жағдайына жəне мінез-құлқының өзгеруіне назар аудару қажет. Себебі, қан айналымының жеткіліксіздігін клиникалық белгілерге ентігу, кілегейлі қабықтардың көгеруі (цианоз), жүректің тез соғуы (тахикардия), жұмысқа қабілеттілігінің жойылуы, тершеңдік, жұрек тұсы сезімталдылығының жоғарылауы, алдыңғы аяқтарын жиі ауыстырып басу, ісінулер жатады. Мұндай өзшерістер пайда болса, жүрек-қан тамырлар жүйесін зерттеуді мұқият түрде жан-жақты өткізу керек.

Жүрек тұсын қарау, пальпациялау. Жүректі текчеру кезінде малдың сол аяғын барынша ілгері жылжытады. Қарау мен пальпациялау арқылы кеуденің төменгі үштен бір бөлігінде 4 жəне 6-қабырғаар аралығында кеуденің дүрсілін немесе жүректің соғуын байқайды. Пальпация арқылы жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілі сезіледі. Жүректің дүрсілі дегеніміз – жүрек етінің жиырылуымен сəйкестеніп келетін көкірек жақтауының сыртқы керілуі. Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ірі қара мен ұсақ малда – сол жақ шынтақтан 23 см жоғары 4-қабырға аралығында 57 см2 аумағында, жылқыда – сол жақ иық буыны мен жауырынның жалғасқан тұсының сызығынан жүргізілген түзудің бойынан 78 см төмен 5-қабырға аралығында 45 см 2 аумағында шошқаларды – сол жақ 4- қабырға аралығында 24 см2 аумағында.

Жүректің дүрсілін тексеру кезінде анықтайтынымыз:

  • Жүрек дүрсілі орнының ығысуы – перикардитте, плевритте, пневмотораксте, гидротораксте, байқалады;
  • Жүрек дүрсілінің əлсіреуі – өкпе ауруларында, эмфиземада, пневмонияда жəне плевритте, перикардитте кездеседі;
  • Жүрек дүрсілінің күшеюі –безгекте, жұқпалы ауруларда, перикардитте жəне уланғанда кездеседі;
  • Жүрек тұсының ауырсынуы –перикардитте, плевритте, жəне миозитте байқалады.

Жүрек тұсын перкуссиялау. Жүрек тұсын перкуссиялау арқылы шекарасын жəне сезімталдығын анықтайды.

Перкуссияны малдың алдыңғы сол аяғын барынша алға қарай жылжытып, ірі малда инструмент арқылы (плессиметр, перкуторлы балғашықпен), ұсақ малда –сасусақ арқылы (дигитальды перкуссия) жүргізеді. Перкуссия арқылы жүректің жоғарғы жəне артқы шекараларын табады. Перкуссияның үстінен төмен қарай қабырға аралығымен ( анконеус сызығы бойынша), сонан соң иық буынынан жоғары – артқа қарай ( 45°, сербекке қарай) жасайды. Ірі қара малда жоғары жүрек шекарасы иық буын деңгейінде, ал артқы жүрек шекарасы 5-қабырғаға дейін орналасады. Жылқыда жоғарғы шекарасы – иық буын сызығынан 2-3 см төмен, артқы шекарасы – 6-қабырғаға дейін.

Жүрек пен өкпе ауруларында бұл дыбыстардың естілу щекаралары өзгереді (плевритте, перикардитте, жүректің көлемі ұлғайғанда, көкірек ауамен немесе сұйықпен толып керілгенде).

Жүректі аускультациялау. Жүректің аускультациясын мал тік тұрған кезде алдыңғы сол аяғын алға қарай жылжытып немесе сəл бүгіп жүргізеді.

Жүректі тыңдау екі жолмен жүргізіледі: құлақпен тыңдау (тікелей), түтікшелер арқылы тыңдау (стетоскоп,фонендоскоп, стетофонендоскоп арқылы). Тыңдау кезінде фонендоскопты жүрек дүрсілінің үстіне басып, саздарды айырады.

Жүреккті тыңдаған кехде дыбыстардың ырғағы мен күшіне, тембріне жəне жүрек шуылының бар-жоғына көңіл бөледі.Жүректің қызметін тексеру жəне жүрек ақауларын тану кезінде сардарды қақпақтардың жəне олар жауып тұратын тесіктердің көкірек қуысына проекция жерінде тыңдаудың үлкен маңызы бар. Жүрек саздарының патологиялық өзгерістері: екеуі бірге немесе бір саздың күшейтілуі (акцент), əлсіреуі, ұзартылуы, жарылуы, қосарлануы(екіге бөлінуі) жəне эмбриокардия түрлерінде кездеседі.

Жүректің аускультациясын жасаған кезде жүрек шуылдарының бар-жоғына назар аударады.

Жүрек шуыллары жүрек қызметіне байланысты, бірақ олар əдеттегі саздардан өзгеше дыбысты құбылыстар. Шығатын орнына жəне жаратылысына байланысты жүрек шуылдары эндокардиалды(жүректің ішкі) жəне экстракардиалды ( жүректің сыртқы) деп бөлінеді. Эндокардиалды шуылдар органикалық жəне функционалдық болып екіге бөлінеді.

Органикалық ішкі шуылдар жүрек қақпашаларының құрылымы бұзылған кезже пайда болады. Олар жүрек ырғағының кезеңіне сəйкес фонетикалық быжылдау, сылдыр, ысқырық тəрізді дыбыстар. Функционалды ішкі шуылдар көбінесе тұрақсыз, қатты емес систола кезіндде байқалып, жүректің біршама жетімсіздігінен ұлғайғанда, анемияда жəне паппилярлы бұлшық етінің гипотониясында кездеседі.

Экстракардиалды шуылдар перикардиалды, плевроперикардиалды жəне кардипульмоналды шуылдар болып бөлінеді. Жүрек сыртқы шуылдары (шалпыл, үйкелу дыбфс тəрізді) жүрек кезеңдеріне сəйкес емес, жүрек қабының немесе плевраның қабынуларында пайда болады (жіті перикардитте, плевритте). Бұл шуылдар жүрек тұсының əрбір жерінде естіліп, көбінесе үздіксіз, тырмалау, ысылдау, сатыр-сұтыр тəрізді болады.

Артерия қан тамырын зерттеу. Тақ тұяқты малдың артерия қан тамырларын сыртқы жақ, көлденең бет, сыртқы самай жəне құйрықтың орта қан тамырларында, ірі қара малда бет тамырында, сафена жəне орталық құйрық тамырларында, түйенің тамырларының соғуын артқы сан жілік жəне орталық құйрық тамырларында, ал иттерде сан тамырларынан анықтайды.

Артериялық қан тамыр соғуының жиіленуі немесе тахикардия безгекте, уланғанда, жүрек ақауында, қан азайғанда кездеседі. Тамыр соғуының бəсеңдеуі немесе брадикардия уремия, холемия жəне уланғанда кездеседі.

Артериялық қан тамырының пальпациялау арқылы оның сапасын, қанмен толуын, соғу дүрсілін анықтайды. Тамырдың соғуының түрлері мынадай болады: толық, орташа, бос, алмасушылық, ақырын, үлкен, кіші, қылдай. Тамыр қабырғасының кернелуіне байланысты тамырдың соғуының түрлері мынадай:

  • Жұмсақ тамыр – жүректің ақауында, коллапста, естек толған кезде кездеседі;
  • Қатты тамыр – бүйрек ауруында, ішек түйілгенде, уланғанда кездеседі.

Сыртқы вена тамырларын зерттеу. Вена қан тамырлларын малдың бас жəне аяқтарының шеткі көк қан тамырларының күйін көру арқылы анықтайды. Веналардың шектен тыс толуы үш жармалы қақпақша ақауының салдарынан перикардитте, плевритте, лейкозда кездеседі. Веналық тамыр соғудың мынадай түрлері болады: теріс соғуы – вена қан тамырында уақытша қан тоқтауы салдарынан бірінші дүрсіл соққан кезде пайда болады (систола), оң соғуы қанның систола уақытында оң құлақшасына қайта қайтқан кезде болады. Вена қан тамырының оң соғуы жүректің оң жақ құлақшасының жетіспеушілігінен пайда болады. Күрме тамырдың ортасынан басқан кезде тамыр соғуы шеткі жағында үдейді де, екі жағы бірден қанға толады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *