Люксембург: тарихи шолу

Люксембург 1950 жылдан Еуропалық Одақ ұйымының мүшесі. 1990 жылы Шенген келісіміне қол қойды. 1992 жылы ақпан айында Маастрих келісіміне қатысты.

Экономикалық дамуы. Люксембург — жоғарғы деңгейдегі өндірісті ел. Ішкі ұлттық өнім — 56,950 млрд. доллар, жан басына шаққанда — 11,723 доллар. Жылдық ішкі өнім өсімі — 5,5%. Экономиканың басты салалары: химия, машина, пластмасса, шыны, фарфор, мата, ұлттық ішкі өнімде басты үлес қаржы және халыққа көмек көрсету (сервис) болып келеді. Өнеркәсіп орындары АҚШ фирмалары инвестициясы арқылы жұмыс істейді. Люксембург қаласында 200 шет банктері орналасқан. 2008 жылы Люксембург халқының тұрмыс жағдайы бойынша әлемде бірінші орынға шықты.

Қазақстан — Люксембург арасындағы ынтымақтастық. Ұлы Люксембург Герцогы. 1992 жылы 1 маусымда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындап, 2003 жылы 9 желтоқсанда екі елдер арасында елшілік байланыстар орнады. Екі елдер арасындағы саяси ынтымақтастық 2006 жылы 4-6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Бельгияға сапарында Люксембург премьер- министрі Ж-К Юнкермен кездесіп, екі жақты сауда-экономикалық инвестициялық мәселелерді талқылады. 2007 жылы 28-30 қазанда Люксембургке Қазақстан Ассамблеясының делегациясы ресми сапармен барды. Люксембург парламентінің төрағасы Б. Файото, Ж. Шоерлер мен келіссөздер жүргізілді.

2010 жылы Астана қаласына Люксембург премьер-министрі Ж- К Юнкер ресми сапарымен келді. Кездесу барысында премьер- министрі Ж-К Юнкер Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевқа Люксембург мемлекетінің жоғарғы наградасы «Орден Дубовой Короны» марапаттады. Н. Ә. Назарбаевқа өз жағынан Ж-К Юнкерді «Достык І-дәрежелі» орденімен марапаттады. Сонымен қатар екі жақты сауда — экономикалық байланыстарына қатысты келіссөздерге қол қойылды.

2008 жылы екі елдер арасындағы сауда айналымы 3,7 млн. доллар құрады. Люксембургтен Қазақстанға электротехникалық құралдар, пластмасса, каучук, тоқыма материалдары әкелінеді. 2007 жылдың қорытындысы бойынша Люксембург инвестициясының мөлшері 103 млн. доллар. Астанада «VOLTAIRE Investment Prives SA» инвестициялық компаниясы жұмыс істейді.

Люксембургтың «Гардиан Стекло» компаниясы Қызылорда облысында 200 млн. доллар тұратын шыны заводын салуда. «Гардиан» компаниясы әлемде 21 елде жұмыс істейді. «Арселор Миттал» металлургия концерні Теміртауда жұмыс атқарады.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар. 2007 жылы наурыз айында Люксембург қаласында Қазақстан суретшілері Ж. Тлегенов және О. Молжігітовтардың көрмесі өтті. 2007 жылы мамырда «Ұлы жібек жолы» бойымен 13 күндік туристік жорық ұйымдастырылды. Бұл шараға қатысқандар Қазақстан, Өзбекстанда болып, Алматы қаласындағы Медеу шатқалында, Шымбұлақ және Алматы облысындағы Шарын, Таңбалы-Тас асуларында болды.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *