KazLib.kz
Слайдтар тізімі

Қышқылдардың химиялық қасиеттері слайд

805 рет қаралды

Бұл слайд тақырыбынан білетініміз: қышқылдарды бейтараптау реакциясы, соынмен қатар қышқылдардың химиялық қасиеттері және сұйытылған қышқылдардың әртүрлі металдар және карбонаттармен әрекеттесуін зерттейміз.

Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Слайд мазмұны: Қышқылдарға сілтілермен, металдармен, карбонаттармен әрекеттесу тән. Қышқылдардың сілтілермен әрекеттесуі (бейтараптану реакциясы). Индикатор түсінің өзгеруі бойынша қышқыл мен сілті арасында реакцияның жүргенін байқауға болады. Химиялық стақанға сілті ерітіндісі -натрий гидроксидін құйып, оған бірнеше тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосамыз. Ерітінді таңқурай түске боялады. Ерітінді түссізденгенше бюреткадан тамшылатып, тұз қышқылының ерітіндісін қосамыз. Оның түссізденгені қышқыл мен сілті арасында реакция жүріп, ерітіндінің бейтараптанғандығын көрсетеді. Яғни, онда қышқыл да, сілті де жоқ.

Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі слайд. Қышқылдардың әртүрлі металдармен әрекеттесуін мына тәжірибе арқылы бақылауға болады: төрт сынауықтың біріншісіне магний, екіншісіне мырыш, үшіншісіне темір жаңқасын, төртіншісіне мыс сымының кесіндісін салып, әр сынауыққа 2 мл тұз немесе күкірт қышқылының ерітінділерін қосып, аздап қыздырамыз және әр сынауықта сутектің бөлінуін бақылаймыз. Слайд нәтижесінде қышқыл мен магний шабытты әрекеттеседі, мырыш одан баяу, ал темір мырыштан да баяуырақ әрекеттесетінін байқаймыз. Ал мыс қышқылмен мүлдем әрекеттеспейді, сынауықта сутек бөлінбейді. Демек, металдардың қышқылдарға қатысты белсенділігі әртүрлі.

Индикаторлармен әрекеттескенде

Кезінде орыс ғалымы Н.Н.Бекетов осыған ұқсас тәжірибелерді жасау нәтижесінде металдардың сутекті қышқыл құрамынан ығыстыру қатарын, яғни металдардың белсенділік қатарын құрастырған: К, Na, Mg, Al, Zn, Fe, Ni, Sn, Pb, (H), Cu, Hg, Ag, Pt, Au.

Белсенділік қатарында сутекке дейін орналасқан металдар сұйытылған қышқыл ерітінділерінен сутекті ығыстырады, ал сутектен кейін орналасқан металдар оны қышқыл құрамынан ығыстырмайды. Реакциялар нәтижесінде бөлінген сутекті сынауықтың аузын төмен қарата ұстаған күйде жинап, спиртшам жалынына жақындатады.

Слайдта көрсетілгендей қоспасыз сутек қалыпты жанады. Оның ауамен, оттекпен қоспасы қопарылыс бере жанады, әсіресе екі көлем сутек пен бір көлем оттектен тұратын қоспа өте қопарылғыш (күркіреуік газ деп аталады). Егер сутек таза болса, ол «п-пах» деген дыбыс шығарып жанады. Ауамен немесе оттекпен қоспасы қопарылыс беруі мүмкін. Қопарылыс шыны ыдыста жүрсе, оның сынықтары айналадағы адамдарды жарақаттауы мүмкін, сондықтан сутекпен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау керек.

Негіздермен әрекеттесуі

Негіздермен әрекеттесуі

   Скачать / жүктеу

Қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі. Сынауыққа аздаған бор ұнтағын немесе мәрмәрдің түйірін салып, үстінен тұз қышқылының ерітіндісін құямыз. «Быжылдап» түзілген газ көмірқышқыл газының түзілгенін көрсетеді. Осылайша карбонаттар қышқылдарды бейтараптайды. Топырақтың қышқылдылығын бейтараптау үшін мұндай реакциялардың ауыл шаруашылығындағы практикалық маңызы зор.