Конституционалдық антропология — адам морфологиясы

Адам конституциясы (дене бітімі) ілімі көне ілімнің біріне жатады. Ежелгі грек медицинасының негізін қалаған Гиппократ (б.э.д. 460-377 ж) адам дене бітімінің: сымбатты, келпінсіз, мықты, əлсіз, босаңқы, шымыр, жұмсақ, қатты сияқты бірнеше типтерін атап кеткен жəне бұл мəліметтерді адамдарды емдеу барысында ескерген. Рим дəрігері жəне анатомы Гален (б.э.д. 131-211 ж) адамның сыртқы келбетінің ерекшеліктерін сипатауға мүмкіндік беретін негізгі белгілерді атап көрсетіп кеткен.

Ежелгi үндістер əдемiлiктiң: «ланьдар», «газельдер», «піл тектес сиырлар» аюрведикалық сияқты түрлерін бөлген. Олар қазіргі өздерінің сипаттамалары бойынша қазiргi экто- мезо- жəне эндо морфты дене бітімінің түрлерiне жақын болып келеді. XXI ғасырлардың соңында конституция ілімінің психосо матикалық бағыты дами бастады. Итальяндық дəрiгер Ламброзо (1836-1909 ж.) тұтқындарға антрометрикалық өлшеу жұмыстарын жүргізген.

Соңғы жүз жылдарға конституциялық антропологияның дамуы əр түрлі обьективті жəне субьективті себептердің əсерінен өрлеп немесе құлдырап отырды. Даму барысында көптеген қиыншылықтарды басынан өткізгенмен, конституциялық антропология өзінің негізгі мақсатына жетті, яғни организмінің морфологиялық жəне функционалдық жəне дене бітімімен оның қызметі арасындағы байланыстарды көрсете білді.

Адам өте құбылмалы əрі алуан түрлі болатындығы барлығымызға белгiлi. Кез келген адам популяциясының iшiнде биiк жəне аласа, жуан жəне жіңішке, толық жəне арық адамдарды кездестіруге болады. Бұл жерде индивидтің морфо – функционалдық ерекшеліктерімен сипаталынатын дене бітімі туралы айтылып отыр. Конституция түсінігін көбінесе дене бітімінің синонимі ретінде түсінеді. Бұлайда айтуға болады, бірақ антропология ғылымында адамның дене бітімін оның тек сыртқы морфологиялық сипатамасы ретінде қарастырады. Бұл мəселеге тереңірек тоқталсақ, адам конституциясы сыртқы белгілермен қоса индивидтің денсау лығын, оның сыртқы ор та факторларына бейім делушілігін қамтиды. Ол кей бiр психикалық ерек шелiктерге тəуелді болады. Адам өсіп даму барысында қоршаған орта жəне əлеуметтік факторларға əрқалай жауап береді. Бұл жауап қайтару екi қарама-қарсы: – факторларға қарсы тұру – организмнiң тө зiмдiлiгi; – факторларға бе йімделу əрекеті – орга низмнің жауап беру қа — бі леті сияқты құбылыстар дың өзара байланысынан тұрады.

Сыртқы жəне ішкі морфологиялық белгілердің өзгері сіне əкелетін қорша ған орта факторларына бейімделе отырып, адам ның конституциясы қалып тасады. Мамандардың арасында адам конституциясының типтері туралы бiртұтас пiкiрлердің жоқтығына бай ланысты бұл мəселенi бiрнеше əдістерді пайдалана отырып шартты түрде шешуге болады. Атақты совет антропологы В. В. Бунактың пiкiрiнше, конституцияның: «санитарлық» жəне «функционалдық» екі түрін ажыратуға болады.

Санитарлық антропология астарында, организмнің негізгі үш белгісін: дене ұзындығы (бойы), көкірек көлемі (құлаш) жəне дене салмағын бір-бірімен байланыстыратын құрылымдық ерекшелігіне аса көңіл бөлінеді. Функциональді конституция адамның дене бітімін оның биохимиялық ерекшеліктерімен яғни жалпы зат алмасу процес терімен байланыстырады. Функциональді конституцияда типі бойынша дене бітімінің қалыптасуына бұлшықеттердің жəне май қабатының түзілуі ерекше орын алады. Кейбiр мамандар жалпы конституция жəне жеке конституцияны бөліп қарастыруды ұсынады.

Жалпы конститутция дегеніміз – организмнің сыртқы орта факторларына жалпылама жауап қайтаруы. Жалпы конституция – бұл өзіне адамның барлық физикалық, физиологиялық жəне психикалық қызметтерін біріктіретін күрделі жүйе. Жалпы конституция сыртқы орта факторларының əсерінен өзгеріске ұшырайтын адамның физикалық, физиологиялық, морфоло гиялық жəне психикалық ерекшеліктерін зерттейді. «Жеке конституция» жеке индивидтің дене бітімін, гуморальды жүйесін, келбетін, соматикалық типін, зат алмасу ерекшелігін зерттейді. Көпшiлік мамандар морфологиялық критерилерге негізделген конституция сипаттамасы үшiн «соматотип» терминiн пайдалану орындырақ деп санайды.

Бұл екі берілген анықтамалар, жалпы жəне жеке конституция ғылымды толығымен ашып көрсете алмайды. Осыған байланысты тағы бiр тұжырымды қосуға болады. Конституция организмнің тұрақты əрі кешендi биологиялық сипатамасы жəне əрбір организм генотипінің сыртқы орта факторларына қайтаратын жауабының ерекшеліктерін зерттейді. Яғни сыртқы ортаның əсерінен генотиптің фенотипте көрінуін зерттейді. Кейбiр авторлар дене бітімінің жалпы өлшемдерiнiң даму дəрежесi бойынша конституцияларды: микро, мезо жəне макро — соматикалық деп бөлуді ұсынады, яғни макросомалық типке бұлшық еті жақсы дамыған ірі денелі индивидтер жатса, мезосоматикалық типке, орташа, ал микросоматикалық типке дене пішіні кіші адамдар жатады. Қазіргі кезде адам конститутциясының 60 астам жіктемесі белгілі.

Дүниелiк конституционология бойынша конституцияны келесі шартты анықтамаларға: дене бітімі, биохимиялық ерекшеліктер, психологиялық, жеке жүйелер, мүшелер жəне ұлпалардың конституциясы бойынша бөліп қарастыруға болады. Соматопсихологиялық бағытқа сəйкес, əрбiр нақты индивидтың конституциясы оның жалпы психофизикалық ерекшелігіне негізделген. Бір жағынан, қоршаған орта əсеріне генетикалық тұрғыда жауап қайтаруына тəуелді болса, екінші жағынан ішкі байланыстардың əсеріне тəуелді болады. Конституция астарында «бiздiң денеміздің жалпы сипатын» түсіну керек; дене бітімінің конституциясы дегеніміз – дене бітімінің қалыптасу жəне функционалды сипаты.

Физиологиялық бағытқа сəйкес конституция – қолайсыз сыртқы орта əсерлеріне қарсы тұра алатын организмнің тұрақты күйімен сипаталынады. Бұл бағытқа сəйкес «конституция» ұғымы бейiмделушіліктің жиынтығынан тұратын огранизмнің төзiмдiлiгiнен қалыптасады.

Генетикалық бағытқа сəйкес – конституция адамның дүниеге келмес бұрын анасының құрсағында анықталынып қойған соматиялық фатумды құрайды. Кречмер пікірінше, конституция дегеніміз – ата-анасынан берілетін белгілердің тіршілік ету барысында сыртқа көрінуі. Моритцу конституцияны генотиппен тығыз байланысқан құбылыс ретінде санаған.

Аралас, жалпы кешендi бағытқа сəйкес, конституция ауруға қарсы тұру, жұмысқа қабiлеттiлiк, дене бітімінің ерекшеліктері секілді индивидтің жеке қасиеттеріне негізделген. Сонымен қатар ол тұқым қуалайтын белгілерге де тəуелді болады.

Совет заманының ғалымдары П. Д. Горизонтов пен М. Я. Майзе листің пікірлері бойынша дене пішіндерінің ерекшеліктері мен морфологиялық белгілерін негізге ала отырып, конституциялар жəне конституционалдық типтерді анықтау ескі көзқарасқа жатады, себебі олар организмнің реактивтігіне көңіл аударылмаған деген. Сондықтан конституциялық типке мінездеме бергенде, міндетті түрде организмнің реактитілігіне назар аудару керек. Ал организмнің реактитілігі орталық нерв жүйесіне байланысты, ол өз кезегінде вегетативті жүйке жүйесі мен эндокриндік бездермен тығыз байланыса отырып əсер етеді. Бірқатар мамандар (Швидецкая, Гребе ж/е т.б.) конституцияларды фенотиптермен байланыстыру; ұлпалар немесе белгілердің жүйелермен дамуын қатаң қадағалау керектігін ұсынады.

Қалыпты конституциялардың (соматотиптер) схемалары. Бiз тек қана антропологиялық зерттеулерiнiң тəжiрибелерiнде қолданы латын жəне жеке соматотиптерді анықтайтын схемаларды ғана талқылаймыз.

Антропологияларда жеке морфологиялық конституциялар жақ — сы қарастырылғын. Соларға тоқталайық. Морфологиялық көзқарасқа байланысты əр түрлі ортада тіршілік етуіне қарай кез келген организмді дене мүшелерінің «жиынтығына» тəуелді деп қарауға болады. Конституционологияның мақсатына ыңғайлы соманы үш шартты: майлы, бұлшықеттi жəне сүйекті деп компоненттерге бөлу жеткiлiктi. Майлы компонент тiршiлiк əрекетiн энергетикалық қамтамасыз ету үшiн маңызды рөл атқарады. Тері астындағы май қабаты жылуды жақсы сақтайды, əрі энергия «аккумуляторы» болып табылады. «Табиғи» жағдайда май жиналуына байланысты, тек қана энергиялық мұқтаждықтарға ғана жұмсалады. Ал «комфорт» жағдайында (көбінесе қала тұрғындарында) май балансы бұзылады, бұл семіздікке немесе арықтыққа əкеледі. Сомалардың бұлшықетті компоненті де энергиялық негізде жұмыс істейді, яғни қозғалыс кезінде энергия бөледі. Бұлшықет салмағы адамның белсенді қимыл-қозғалысының көрсеткіші, яғни табиғи ортада тіршілік үшін күресте жəне күш-қуат беруде үлкен рөл атқарады. Қазіргі дамыған цивилизация кезінде бұлшықеттің бостығы мен күштілігіне қарай адамдардың қоршаған ортасында өзін бағалауға, əрі олардың арасында беделге ие болуда өзіндік психологиялық рөл атқарады.

Сүйекті компонент – тірек-қимыл аппаратының дамуының негізгі көрсеткіші. Оның дамуы индивидтің физикалық жүктемені күнделікті қолдануындағы көлемі, ұзақтығына байланысты болады. Адамның қаңқа сүйегінің салмағы оның денінің саулығы мен күштілігін көрсетеді. Конституционологияда сүйек компоненті көбінесе қосымша критерий ретінде қолданылады: сүйек ұлпасы бұлшықетті жəне майлы компоненттерге қарағанда инертті болып келеді жəне адамның денсаулығына онша əсер етпейді. Дене құрылымын əр түрлі əдістер арқылы анықтайды. Ең қарапайым тəсіл-классикалық анатомиялық анықтау – өлген адамның денесімен жұмыс істеу. Бұл зерттеу морфологиялық тұрғыдан дене мүшелерінің компоненттерінің орташа қатынасын анықтауда маңызды. Бірақ дененің құрамын тірідей анықтаған маңызды екені белгілі. Сондықтан денеге қол тигізбей анықтайтын көптеген ренген, ультрадыбыс, радиоактивті элементтер, дем алатын ауаның биохимиялық құрамы жəне т.б əдістер қарастырылды.

Еркектердің жалпы дене салмағының құрамында 15% май болған жағдайда меншікті салмағының орта статистикалық көрсеткіштері 1,064-1,067 г/см-ге тең. Еркектердің ішкі майы жалпы майдың – 50% құраса, əйелдерде орташа – 70% құрайды. Ал қыз балалардың денесінiң меншікті салмағы ұлдармен салыстырғанда аз болады, бірақ 13-14 жаста шамалы ғана салмақ қосады. Жасқа байланысты ерлерде де, əйелдердеде денесінің меншікті салмағы азаяды. Жек ұлпалардың компонентерінің қатынасын білу үлкен қызығушылық тудыруда, себебі адам денесінің құрамы физикалық жүктемеде, тамақ рационының өзгеруінде, ауруға шалдыққан кезде өзгерістерге ұшырайды. Дененің жалпы салмағының өзгеруі дененің негізгі компоненттерінің өзгеруіне алып келеді, бірақ дене салмағының азаюына май, су, арықтау немесе бұлшықеттің босаңсуы – зорығу реакциясын қайсысы бұрын сезетіндігі əлі де белгісіз. Тіршілік ету кезеңдеріне байланысты əр түрлі жыныстың, əр түрлі нəсілдердің жəне кəсiби топқа байланысты физиологиялық жəне биохимиялық көрсеткiштердiң компоненттердің вариациясына байланыстылығы жəне олардың құбылмалығының қалыпты шекарасын білу маңызды болып табылады.

Бұл əдістер ақпаратты қолайлы болып келеді. Сонымен қатар майқатпарларының деңгейі мен бұлшықеттерінің дамуында дискретті сипаттау шкаласы қолданылады, ол өзіне үш градацияны біріктіреді: дамуына байланысты нашар (1), орташа (2), жəне мықты (3). Кез келген индивид осы үш санның көмегімен оңай сипатталады. Əрине, бағалануды анықтау тек топтың ішінде ғана емес, əлемдік масштабтық өзгергіштікте жүргізілетінін есте сақтағанымыз жөн. Əйтпесе əр түрлі зерттеу жұмыстарына нəтиже қою мүмкін емес. Мысалы, жүгіруден жүйрік-стайерлердің масштабтағы топтардан алынған майқатпарларының жоғары деңгейі кіші градияциядағы күресушілер-сумолардың санының нəтижесіне сəйкес келмейді. Егерде арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілмесе (осындай топтардың ішінде), оларды əлемдік бірлік шкалада бағалау керек. Сонда ғана барлық «стайерлердің» майқатпарларын бірінші балмен есептеуге болады, ал күресуші – сумоларды орынға қоюға болады. Бұл көрсеткіштер, сондай-ақ, бұлшықеттің дамуына да қатысты. Дискретті комбинацияның сапалылығы ерекше белгілердің өзгергіштігін жоймайды, қөптеген индивидтер орталық X – зонасында таралған.

Осыған байланысты дене құрамын өлшеу арқылы анықтайтын кесте құрылды (антропометрия) жəне ауызша сипаттама (антропоскопия). Корреляция белгілерінің заңдылығын біле отырып, адамдардың аз мөлшердегі көрсеткіштерін арнайы формуламен өлшеу арқылы барлық денеде кездесетін үш компонентті, əрі олардың өзара қатынасын тура анықтауға болады. 1921 жылы ең алғаш чештік антрополог Я. Матейк осы формуланы құрастырған.

Осындай сараптама бойынша дене компоненттерінің өзара байланысын ескере отырып, антропометриялық өлшеу арқылы жүзеге асыруға болады немесе рентгенограмм сараптамасының негіздемесі бойынша, мысалы 1992 ж. Дж. Тэннер 166 жас əйелдердің жəне 125 жас еркектердің иық, бөксе жəне тізесіне салыстырмалы рентгенограмма жасаған жұмыстары сияқты. Барлық үш ұлпаны өлшеу барысында (иық, бөксе жəне тізе) корреляциялары бір-бірімен жақсы корреляцияланған, бірақ олар басқа ұлпалармен нашар байланысады. Тері астындағы майқатпарының корреляциялануы тізеде, бөксе жəне иықта жоғары деңгейді көрсетсе (0,66 əйелдерде жəне 0,75 еркектерде), бірақ ол балтырдың бұлшықетті мен сүйек компонентінде немесе дененің басқа да бөліктерінде нашар байланысады ( корреляция коэфициенті 0,0 7 – ден 0,09 дейін).

Бұл нəтиже конституционологиялық мақсаттың негіздемесі ретінде денедегі үш компонентті ажыратуға мүмкіндік туғызады. Компоненттердің топографиялық таралуы екінші реттік векторлы өзгергіштік болып табылады. Қандай да бір компоненттің нашар дамуын біркелкі дамымайтындығын ескергеніміз жөн. Бұл конституционалдық белгілер үшін толықтай əділетті жəне де маңызды. Сонымен, зерттеу жұмыстарының көрсеткіштері бойынша, бұлшықет компоненттерінің бірқалыпты дамуына байланысты кейбір адамдар статистикалық физикалық жүктемеге, жоғары температураға жəне ылғалдылыққа, құрғақшылыққа төзімді келеді. Бұл ерекшелік адамдардағы үлкен немесе кіші бұлшықет дамуындағы массаларын қалыпты ұстап тұру үшін энергия жұмсалумен түсіндіріледі. Əсіресе, бұлшықет массасы аса қуатты, яғни басқалармен салыстырғанда бұл ұлпаның үлкен оттегілік қоректенуде маңызды рөл атқарады. Əр түрлі жағдайларға байланысты дене компоненттерінің ара-қатынастық нұсқалары да əр түрлі. Сонымен, егер экваторлы жағдайда май мөлшерінің жəне бұлшықет компонентінің даму қарқындылығы жоғары болса, ол аса «зиянды», ал Арктикада бұл жағдай тіршілік етуіне мүмкіншілік туғызады.

Дене компоненттері арақатынасының өзгергіштігі көптеген факторларға байланысты. Ең үлкен айқын белгілердің ерекшеліктері жастық процестің заңдылығына жəне жыныстық деморфизмге тікелей байланысты болып келеді.

Балалардағы сүйек жəне бұлшықет компоненттерінің дамуы, əдетте, май қатпарларына жол береді. Май қатпарларының өзі балада бір жас ішінде жылдам ұлғаяды, кейінірек майқатпарларының бел — гілі бір қисық «шың» (пиков) жəне (провалов) «құлау» өсу заңдылығына байланысты төмендейді. Европеоидтық ер баланың иық бел деуіндегі минималды майқатпары 8 жасқа келгенде байқалады, одан кейін қисық өсім 12-12,5 жасында, ал одан кейін оның төмендеуі бай қалады. Қыз балаларда майқатпарларының өсуі 7 жасында төменгі көөрсеткіште болса, одан кейін қисық өсу 17 жасына дейін жал ғасады. Жалпы ер балаларда май құрамының мөлшері 8-ден 16 жасқа дейін ұлғаяды, яғни 3,8-ден 8,9 кг дейін, ал қыз балаларда барлық жастық топтарында сəйкесінше майқатпарлары жиналады.

Жастық кезеңдерге байланысты дене компоненттері де өзгеріп отырады. Əдетте 20-30 (онтогенездің тұрақты кезеңіне байланысты) жасқа дейін адамдарда бұлшықет жүйесі жақсы дамиды. Кейінірек бұлшықет компоненті салыстырмалы түрде төмендей бастайды, осыған байланысты екі негізгі өзгергіштік нұсқасын ұсынуға болады: бірінші жағдайда май компоненттерінің ұлғаюына байланысты төмендесе, ал екінші жағдайда сүйектің ұлғаюына байланысты төмендейді. Адамдардың жастық құрамына байланысты сүйек ұлпалары да кішірейеді екен. Əсіресе, бұл өзгеріс май компоненттерінің төмендеуінің əсерінен 50-60 жасында байқалады.

Жасына байланысты соматикалық компоненттердің сандық арақатынасы ғана емес, сонымен қатар, олардың денесінде таралуы да өзгеріске ұшырайды. Мысалы, балаларда майқатпарлары бетінде, қолында, аяғында жəне дене бітімінде біркелкі дамиды. Қартайған шақта май ұлпалары бет жүзінің төменгі бөліміне түседі, сондайақ тері асты майлары сандық мөлшері төмендейді, жəне құрсақ қуысының ішінде май көлемі ұлғаяды. Орта жастық кезеңде майқатпарларының таралуы əр түрлі құбылысқа ұшырайды, бұл құбылыс заңдылығы əйелдер мен еркектер үшін біркелкі процесс болып есептеледі. Жыныстық ерекшелік барлық үш компонентке де қатысты. Олардың жалпы типтері андроморфия жəне гинекоморфия арқылы сипатталады. Еркектердің салыстырмалы түрде сүйектері мен бұлшықет ұлпалары, ал əйелдерде – майқатпарлары жақсы дамиды.

Майдың дене бойына таралуы бойынша ажыратады: – Əйелдерде бұл гиноидты тип бойынша жүреді – əдетте май іштің төменгі бөлімінде, жамбастың қырларында, бөксенің алдыңғы жағында жиналады. – Ер адамдарда андроидты тип бойынша сипатталады, яғни майқатпарлары иығында, қолында, денесінің жоғарғы бөлімінде жинақталады. Жалпы екі типте бірдей қарапайым сипаттамаға ие, бірақ майқатпарлары əйелдер мен еркектердің дене бөлімінде əрқалай орналасқан. Əйелдердің максималды майқатпарын жинауы жыныс гормонының секрециясына тікелей байланысты. Əйелдерде андроидты тип зат алмасудың бұзылуына байланысты, яғни өзіндік тəуекел фактор болып табылады.

Майқатпарларының топографиясы бойынша еркектерге қарағанда əйелдердің майқатпарлары күрделілеу болып келеді. Əйелдердегі майқатпарларының ерекше конституционалды типологиясын Б. Шкерли құрастырды. Ол үш топтық типті бөлді, яғни қатарлардың немесе векторлардың өзгергіштігі бойынша. Бірінші типтің құрамына майқатпарларының біркелкі орналасуына байланысты: нашар (L – лептосомды ювенилді нұсқа), орташа (N – қалыпты тип) жəне артық (R – рубенсовский типі). Екінші жəне үшінші векторлардың əртүрлі нұсқаларының ерекшеліктері біркелкі емес болып орнығады. S – майқатпарлары денесінің жоғарғы бөлімінде (кеуде типі), I – дененің төменгі бөлімінде, Tr – денесінде, Ex – денесінің соңғы бөлімінде, яғни субтрохантерлі тип – май жамбас пен бөкседе, рейтузды – май бөксенің төменгі бөлімінде жəне тізеде жинақталады, жамбас – бөксе аралығында май бел бөлімінен тізе бөліміне дейін жиналады. Майдың дамуы жəне дене бойына таралуына байланысты бірден үшіншіге дейінгі негіздеменің сипаттамасы К. Шкерли схемасына сəйкес келеді.

Жыныстық ерекшеліктеріне байланысты сүйек компоненттерінің таралуынында да өзгеше болып келеді. Ер адамдардың иық белдеуінің кеңдігі жамбас бөлімінің кеңдігінен басым болып келеді, ал əйелдердің жамбас бөлімінде майдың көп мөлшерде жиналуына байланысты, иық белдеуіне қарағанда жамбас бөлімі кең көрінетін сияқты. Еркектермен салыстырғанда, əйелдердің дене ұзындығына байланысты қолдары жəне аяқтары қысқа келеді. Əйелдердің құрсақ бөлімі ұзынырақ, ал кеуде клеткалары қысқалау болады. Сонымен қатар əйелдердің бел омыртқалары анық көрінеді жəне сүйек қаңқаларының қабырғалары жіңішке болып келеді.

Конституционалды диагностика саласында май қатпарларының деңгейін жəне бұлшықеттің дамуын, сонымен қатар кеуде клеткаларының формаларын, құрсақ бөлімін жəне арқасын үнемі қарастырып отыру керек. Бет жүзінің жəне бас белгілерінің құрлысы сызбаға енбеген, бірақ бұл нəсілдер қатарындағы конституционалды белгілерге жатпайды (В. В. Бунак). Отандық антропологияда еркектердің конституциясының сипаттамасында В. В. Бунак схемасы кеңінен қолданылады. Бар болғаны 3 негізгі типті бөліп қарастырады: кеуделі, бұлшықетті, құрсақты жəне 4 типасты аралығы: кеудебұлшықетті, бұлшықеттікеуде, бұлшықеттіқұрсақ, құрсақбұлшықетті болып. Жалпы сипаттаманы В. В. Бунактың модифицирлі (3-і схема атауы бойынша) схемасы сипаттама береді, яғни май мен бұлшықеттің даму деңгейінің ескеру негіздемесі ретінде. Антропология ғылымын зерттеу барысында əрдайым (30% дейін) анықталмаған тип бөлініп отырады.

Морфофункционалды қатынастар

Адамның биологиялық статусының морфологиялық жəне функциональдық аспектілерінің қатынасы – конституционологияның негізгі сұрақтарының бірі. Адам конституциясына комплексті əрекет етудің қажеттілігі жəне мүмкіншілігі организмнің даму толықтығына, ересек жəне қартайған организмді анықтайтын жалпы факторларға негізделеді. Осыған дейін, жақсы тұрақты морфофункциялық байланыстарды көрсететін, əртүрлі популяцияларға қатысты біршама материалдар жиналған.

Осылайша, көптеген функционалдық жəне биохимиялық белгілер-макромикросоманың координатасы бойынша, яғни дене көлемінің өзгеруіне байланысты анықталады. Бұлар: альбуминдер, калий, кальций, холестерин, қан глюкозасы, азот, зəр креатинині, мочевина, гемоглобин, эритроциттер саны, нейтрофилдер, эозинофилдер, АҚ, ӨТС, бүйрекүсті андрогендері, соматотропин, инсулин жəне т.б. Əдетте, бұл көрсеткіштердің дене көлемімен корреляциясы жоғары емес (0,1-0,6), сонымен қатар бұл корреляциялар дене ұзындығына қарағанда, дене салмағында басымырақ.

Кейбір физиометриялық белгілер дененің жеке компоненттерімен, мысалы, бұлшық етпен (негізгі алмасу, креатинин, креатинфосфокиназа, адрогендер, гемоглобин, АҚ, эритроциттер саны) немесе майлылығымен (холестерин, триглицеридтер, қан қанты) жақсы байланысқан. Мысалы, дене салмағы мен дененің калий аралығындағы корреляция – 0,7-0,8; иығының бұлшық етті салмағы мен креатининнің аралығы 0,86 дейін (Delwalde, Crenier, 1973; Trowbridge et al., 1982). Бұл көрсеткіштер дене құрылымы координатасы бойынша анық таралған, соған қатысты сома компонентінің даму вариациясын: астеномезоморфты (экто-мезоморфты) жəне астено-пикноморфты (экто-эндоморфты) болып анықталады.

Соматикалық дамуы бойынша орталыққа жақын жасөспірімдік торакалды типтерінде биохимиялық жəне морфологиялық көрсеткіштердің параллельді өзгергіштігі, гормоналды статустың тек соңында ғана пайда болмайды, бұл жағдайда орталықтандырылған жəне жеке эндокринді формулалары болады. Сонымен қатар гормоналды жəне биохимиялық көрсеткіштерге жауап бермейді.

Морфофункционалды корреляцияның маңызды бөлімі дəл анықталған заңды сипатының болмауында, ал кейбір корреляциялар тек стресс жағдайында ғана көрініс бере бастайды. Осылайша, реактивті көрсеткіштер (АҚ, қан оксигенациясы, негізгі зат алмасу) жас ер адамдарда тек стрестік жағдайда лепто-эурисома координатасы бойынша таралады (Акинщикова, 1977).

Конституцияның психофизиологиялық жəне психологиялық аспектілері

Конституциондық типтердің психофизиологиялық жəне психоло гиялық параметрлерін зерттеуде, негізінен орталық жүйке жүйесі типологиясы көрсеткіштеріне жəне темперамент белгілеріне назар аударады. Интеллект шеңберінде сөз аз қозғалады, дегенмен, метаболизм процесімен интеллектуалды əрекеттің қарқынды байланысы жөнінде деректер бар.

Біріншіден, қызығушылық конституционалдық аспект тұрғысында фенотиптік мінез-құлық реакцияларын зерттеу болып табылады. Новосибир жұмысшыларын, БАМ құрылысшылары жəне Заполярияның тұрғылықты емес тұрғындарын зерттеу мəліметтері бойынша, əрекет ету сипаты негізінде, үш конституционалдық вариант (екеуі қарама-қарсы жəне біреуі аралық), биохимиялық, иммундық статусы аурушаңдығы бойынша бөлініп қарастырылды. Жақсы төзімділікті туындататын «спринтер» деп аталатын күшті қысқа мерзімді қоздырушылар «стейермен» салыстырғанда, əлсіз жəне орташа күштің қарқындылығымен, жоғары тұрақтылыққа бейім болып келеді. Жоғары липидтің деңгейіне жəне физикалық күштен кейінгі қанның құрамындағы глюкоза концентрациясының біршама бөлігі, «стейер» сияқты шамалы ғана өзгереді. Адаптивті əрекеттің типтері басқа көрсеткіштер бойынша, мысалы, жүрек-қан тамыр жүйесі жəне гемодинамика жағдайы бойынша ажыратылған.

Жүйке жүйесінің рөлі, əсіресе, ОЖЖ, ағзадағы биохимиялық процестердің реттелуіне күмəн келтірмейді: адамның жоғары жүйке əрекетінің типтері жəне психикалық даралығы, оның биохимиялық өзіндігімен, тіпті, ОЖЖ қалыпты жəне патология жағдайына қайтымды биохимиялық процестердің əсерімен байланысты болады. Жоғарыда көрсетілгендей, интеллектуалды əрекеттің қарқындылығы, шамасы, метаболизм процесімен байланысты: жүйке жүйесінің синтетикалық сипаттамасы секілді, белсенділігі, бір жағынан алып қарағанда, ағзаның энергетикалық алмасу деңгейін, екінші жағынан, кейбір жекелік жəне интеллектуалдық көрсеткіштерімен ойша байланыстырады (Одерышев, 1975; Акинщикова, 1977). Алайда, адам жүйке жүйесінің қасиеті мен мінезқұлық ерекшелігінің өзара қатынасы өте күрделі.

Жеке психикалық сипатымен эндокринді конституция ерекшеліктерінің қауымдастығы шеңберінде, əсіресе, патологияны зерттеуде үлкен қызығушылықты туындатады. Жануарлардың мінез-құлқы біршама деңгейде эндокринді статусқа байланысты болып келетіні белгілі. Сонымен, павиандар, гамадрилдер тобында гормондардың деңгейі, жануарлардың иерархиялық жағдайына байланысты болады: мысалы, бүйрекүсті гормондарының дəрежесі (кортизол), бағынышты əлсіз дараларға қарағанда, мықты доминантты дараларда төмен болған. Жануарлар мінез-құлқынан сау адам мінез-құлқының айырмашылығы қоғамдық ретінде анықталмайды жəне эндокринді əсер етудің қызметіне бағынбайды; соңғыларының маңызы негізінен ерте онтогенез кезеңдері жүйке жүйесінің дамуы əсерінен (гипоталамустың жыныстық дифференцировкасы, синап тогенез жəне басқалары), сондай-ақ кейбір ми құрылымының уақытша белсенділігінің өзгеруінен құралады. Адам миы – бұл тек гормоналды əрекет үшін нысаналы мүше ғана емес, сондайақ нейрогормондардың продуценті, мысалы, рилизинг факторлар есте сақтау жадына жəне эмоцияға əсер етеді. Десе де, бұдан нейроэндокринді статус біздің мінез-құлқымыздың мəнеріне əсер етеді деп қорытынды шығара алмаймыз.

Тек, эндокринді статустың жеке айырмашылығы мен темперамент қасиетіне (реактивтілігі, сезімталдығы, эмоционалдығы) байланысты кейбір мəліметтер бар. Мысалы, «тыныш» немесе ерлердің агрессивті мінез-құлығымен салыстырғанда, «ашушаң типті» əйелдерде тестостеронның нақты жоғарылағаны жайында айтылады (Ehlers et al., 1981; Шульга, 1988). Шамасы, адамның кейбір психологиялық сипаттамаларында (əйелдердің үлкен эмоционалдығы, ерлердің логикалық жəне астракты ойлауға бейімділігі) жыныстық деморфизм, жартылай жанама түрде жыныс гормондармен келтірілген, дегенмен, тұлғааралық қатынас пен қоғамдық əрекеттің рөлімен олардың əсер етуі əртүрлі.

Жыныс стероидтары негізінен мидың таламикалық жəне гипоталамикалық бөлімдеріне өзгерістер алып келеді, сондай-ақ нейрорегуляторлық болып табылатын, экстрапирамидті, септальды жəне лимбикалық бөлімдерінің белсенділігін бақылайды (Steiner, 1987). Адамның мінез-құлығына басқа гормондар: катехоломиндер (əсірес адреналин жəне норадреналин қатынасына), кининдер, пептидтер, биогенді аминдер, эндорфиндер жəне энкефалиндер əсер етеді. Адамның гормоналды статусының əрекеті қауырттық жағдайда, оның жеке-типологиялық жəне жеке-психологиялық ерек шеліктеріне тікелей байланысты болып келеді (Делеу, 1988). Патология кезінде нейроэндокринді статустың рөлі мінез-құлықтың мəнерінде біршама айқын болады. Сонымен, А. И. Белкиннің (1981) сипаттамаларында, жыныстық өзгерістерді бірегей клиникалық бақылауда, жыныс гормондарының басым рөлі, тіпті, үрей сезімі, қайғыру сияқты, психика ерекшеліктерін анықтауымен, тез əсерленіп қабылдануымен, стрестің əртүрлі түрлеріне тұрақтылығымен түсіндіріледі. Конституциялық психологиялық зерттеулердің біршама ерте жəне дəстүрлі аспектісі, конституцияның морфологиялық жəне психологиялық ерекшеліктерін салыстыру болып табылады. Əдетте, жүйке жүйесі мен темпераменттің жеке-типологиялық сипаттамалары қолданылады. Өзгеше қиыншылықтар толықтай бірдей əдістердің жоқтығынан жəне тестерді анықтауға арналған жұмыстар, сондай-ақ шартты-рефлекторлы əрекеттің ерекшеліктерінсіз жүйке процестерінің ширақтылығы, тіпті, қызуқандылығы сияқты, өзіндік ерекшеліктерді қолданғанда, айтарлықтай дəрежеде іштей емес, сырттай туа бітетін белгілерден көрінеді. Сонымен қатар қызу қандылық мүлде тұлғалықтың мағыналы тұстарын – пікір, сенім, дүниеге көзқарасын сипаттамайды.

Дене бітімі мен қызуқандылықты есепке ала отырып, кешенді негізде құрылған конституционалдық сызбанұсқалардың қатарында, айтарлықтай танымалдылықты Э. Кречмер жəне У. Шелдон алды. Кречмердің концепциясына сəйкес, шизотомия (тұйықтық, ұстам дылық, қатынаспаушылық, интроверсия жəне т.т.) астеноморфиямен, ал циклотомия (көпшілдік, қатынастық, экстроверсия жəне т.б.) – пикномерфиямен орайластырылады. Кречмерге сəйкес атлетизммен, кейбір салқынқандылықтың келбетін еске түсіретін, «иксотимия» (грекше «ixos» – созылмалы) байланысты болады. Қызу қандылықтың типтері гуморалды статуспен анықталады, яғни дене құрылымы мен өзара байланыстылығына себепші болады. Бұл байланыс, соған қарағанда, клиникада жақсы байқалады. Алайда əдеби деректерде «таза» патология шегінде анықталған айырмашылықтар бар. Жалпы айтқанда, дене бітімнің конституционалдық ерекшеліктері, өзінің ассоциативтілігін, психопатияның тек белгілі бір формасының қатынасы бойынша көрсетеді (Лыткин, Нечипоренко, 1987). Зерттеулердің ауқымды бөлігін шизофрения жəне циркулярлы психоз ауруларының арасында, ұзартылған дене бітімнің басым болуымен расталады. Кейбір нəтижелердің қарама-қайшылықтары, əртүрлі зерттелген топтардың жас аралық құрамы вариациясымен жартылай анықталады, шизофрения да салыстырмалы түрде ерте көрінеді, эндоморфияның компоненті жасына байланысты күшейеді.

Шелдон сызбанұсқасында қызу қандылықтың үш вариантқа біріктірілген, 60-тай көрсеткіші белгіленген: олардың арасында висцертония мен церебротония азды-көпті Кречмер сызбанұсқасының цикло- жəне шизотомиясына сəйкес келеді; үшінші вариант – самототония – қайраттылық, қауіп-қатерге бейім, батылдық, сымбатына сенімді жəне т.б. сияқты келбеттерді қосады. Шелдон дене бітімі жəне қызу қандылық компоненттерін балл аралық (+0,8 реттік) бағамен, өте жоғары корреляциясын анықтады: висцертония – эндоморфия, соматотония – мезоморфия жəне церебротония – эктоморфия. Алайда осы байланыстарды басқа зерттеулермен тексергенде, біркелкі нəтижеге алып келмеді.

Генетикалық теорияның типтерін жасаушы К. Конрад биполярлық принциптерінің барлық құбылыстарына сүйенді: оның екі негізгі морфологиялық типтерінің сызбанұсқасына (лепто-пикнеморф), яғни жеке дамумен жеткен пропорция, деңгей сияқтымен анықталатын, дене пропорциясы бойынша «пропульсивті» жəне «консервативті», «ересек» (шизотомия) жəне «бала» (циклотомия) психикалық сипаттамаларына сəйкес бағаланады.

Осы жəне басқа да кейбір психофизикалық сызбанұсқалардың кемшіліктері, статикалық жəне белгілі «соматикалық фатализм» болып табылады, сондықтан да, онтогенезде жүйеаралық қауымдастықтардың дамуы кезінде, психиканың қалыптасуында қоғамдық жағдайлар мен қоршаған ортаның жағдайы бағаланбайды немесе мəн берілмейді. Сонда да, көптеген авторлар қызуқандылық қасиетінен жеке ерекшелік жəне морфотип белгісінен қызуқандылық ерекшелігі жанама «көп-көп мəнді тəуелділік» болады деп қорытындылайды (Белоус, 1984).

Кейбір психофизиологиялық қасиеттері (қатынастық, бел сенділік, эмоционалдылық жəне т.т.) қауымдастықтарынан алынған дене бітімдер психиканың тек динамикалық жағынан қарастырылып расталса, ең əуелі; генетикалық себепші болды, сонда да оның мазмұнды жағы қоғамдық бағдарламасымен анықталды. Абсолютты сезімталдылық (көру, есту, терісімен сезінудің басты сипаттамалары) майлы координатамен жəне азды-көпті сүйек-бұлшықетпен қайшы келетіні байқалған (Русалов, 1967). Ер балалардың жынысын зерттегенде, конституцияның əртүрлі типтері өкілдерінің басты сезімталдылығы айырмашылығын көрсетті. Мысалы, астеноидпен жоғары дəм сезу сезімталдығының қауымдастығы, ал төменгіде – бұлшықет типімен (Клиорин, 1979). Қызықты нəтижелер əртүрлі морфотиптердің өкілдеріне сөз дыбысына қабылдау жүргізгенде алынған. Дене келбеті қандай да бір шамада дыбыстың қабылдауымен жəне дыбыс-түсті қауымдастықтың білу сипатына байланысты болған (Воронов 1987).

Конституцияның генетикалық негіздері

Конституцияның негізі, ең əуелі тұқымқуалау факторларында жатыр, соған қарағанда, өзі «қалыпты реакция» генотип пен анықталады. Тұқымқуалаушылықтың ерекше рөлінің кейінгі көзқарастары, ағзаның (Тандлер) «соматикалық фатумы» сияқты конс — титуциясы, конституцияны генотипке теңестіру формула сынан көрінеді. Алайда əр адамның бірегей генетикалық қабілеті, тек қоршаған сыртқы орта əрекетін жүзеге асырумен даму мүм кін — дігін ғана құрайды. Жеке фенотип жəне конституцияны анықтауда, гетерохромотиннің сандық өзгерісінің рөлі жайында (Е.Ф. Давиденков жəне басқалары) жорамалдар айтылған болатын; Q-гетерохроматиннің сандық мөлшері конституционалдық белгі ретінде қарастырылды (Ибраимов, 1988).

Жоғары даралық жəне тіпті, нитрон деп аталатын, адам ДНҚ-ның кейбір учаскаларында нуклеотидтердің орналасу бірегейлігін сипаттайтын мəліметтер бар. Сонымен, минисателлитті ДНҚ жайында сөз қозғалды, яғни əртүрлі адамдарда əр тұлға үшін бірегей («гендік диктилоскопия») болып келеді. Генеалогиялық əдістің негізінде, басты компоненттер (эндо-мезо-эктоморфия) О, 40-0, 50 реті үшін, генетикалық эффектінің жалпы мəні алынды. Тұқымқуалаушылық факторларының рөлі дискретті самототиптердің дерматоглификалық белгілерінің реті бойынша, нақты айырмашылықтардың болуын жанама түрде растайды. Сүтқоректілердің таза линиясын бақылап қарағанда, оларда пропорция мен дене компоненттерінің дамуында айқын айырмашылықтар белгіленді. Алайда конституционалдық белгілердің тұқымқуалаушылық түп негізі əлі де болса толық зерттелмеген; көптеген сандық көрсеткіштер полигенді жəне мультифакториялды негізде (дене ұзындығы мен салмағы, дене бітім жəне басқалары) болса, ал басқа жағынан алып қарағанда, ген плейотроптылықтың күшімен көптеген белгілерге əсер етуі мүмкін.

Конституция функционалдылығының көрсеткіштері, əдетте, тұқымқуалаушылықтың: жалпылай метаболизм ерекшеліктерін, ферменттер қатарының белсенділігін, протеин-грамм, əсіресе, альбумин мен соглобулиндер, иммуноглобулиндердің кейбір кластары, көптеген гормондардың сандық секрециясы (жыныс стероидтары, глюкокортикоидтар, тироксин жəне т.т.), холестерин, АД, ЭЭГ кейбір параметрлері, жүйке жүйесі типологиясы ретінің ерекшеліктері (күш, тұрақсыздық жəне т.б.) сияқты ауқымды дəрежесін айқындайды. Жүйке жүйесінің кейінгі қалыптасуларының филогенетикалық функциясы, бұрынғы құрылыммен салыстырғанда, үлкен паратипикалық компонентке ие болады. ЭЭГ параметрлерінің кейбір детерминациясында, генотиптік факторлардың маңызы жоғары, бірақ олардың арасында, адам қалыптасуларының арнайы функцияларымен байланыстылары паратиптік факторлар ретінде үлкен рөлді атқарады. Шамасы, ЭЭГ сол жақ самай бөлімін, оң жақпен салыстырғанда, сөйлеу қызметтерінің жүзеге асуына тікелей байланысты болады (Мешкова, 1978).

Адам конституциясының медициналық жəне экологиялық аспектілері

Белгілі бір ауруларға конституция типтері бейімділігінің өзара қатынастары тек адамның морфофункциональды ұйымдасуы ерек шеліктері мен реактивтілігінің арасындағы жалпы проблемалардың жартылай өзара байланыстылығы болып табылады, сонымен қатар стресс факторларына ағзаның резистенттілігі, яғни ағзаны «қалыпты реакция» жөнінде зерттеу жатады. Белгілі бір мөлшерде қалыптының əртүрлі варианттары, бейімдеушіліктің əртүрлі типтерін, жеке жəне популяция деңгейінде көрсетеді. Шамасы, популяцияның конституциялық гетерогенділігі, сыртқы ортада қысымның дəрежесін белгілеп, қарастыруы мүмкін (Казначеев, 1985). Сондықтан, адам конституциясын қарастыруда жалпы медициналық жəне экологиялық аспектінің шеңберінде қарастыру мақсаты алға қойылған.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *